Азақстан кроссбред қой тұқымдары

Барлық басқа елдердегідей кроссбред қой тұқымдарын Қазақстанда да биязы жүнді қой тұқымдарын ағылшын биязылау жүнді қой тұқымдарының (линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер) қошқарларымен будандастыру арқылы шығарылды.

Қазақстанда кроссбред қой тұқымдарын әдейі интенсивті ауыл шаруашылығының, астықты көп өндірудің арқасында жем-шөп қорының жақсаруына байланысты жүзеге асырылды. Кроссбред қойларды өсірудің басты міндеті аса бағалы трикотаж, камвольдық мата сұранысын қанағаттандыру үшін қажетті кроссбред және кроссбред типтес жүн өндіру болып саналады. Сонымен бірге жоғары сапалы қой етін өндіруді қамтамасыз етеді. Қозылары тез өсіп жетіліп, туған жылы етке тапсыруға пайдалы болады. Кроссбред қойлары жақсы азықтандыруды талап етеді.

Қазақстанда кроссбред қойлардың жаңа тұқымдары Республиканың әр аймағында шығарылды. Ол іске Қазақтың мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, ғылым академиясының эксперименттік биология институты, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан ғылыми орталықтары мен жоғарғы оқу орындарының ғалымдары қатынасты.

Қазақтың биязылау кроссбред жүнді қой тұқымы. 1994 жылы жаңа тұқым болып бекітілген, қой тұқымының оңтүстік-шығыс және шығыс Қазақстандық типтері бар. Авторлары Ф.М. Мұхамедғалиев бастаған бір топ ғалым-селекционерлер.

Оңтүстік-Шығыс типі.Алматы облысының шаруашылықтарында қазақтың биязы жүнді қойларын ағылшын линкольн, ромни-марш, бордер-лейстер тұқымдарымен күрделі өсіре будандастыру әдісімен шығарылған.

Шығыс Қазақстандық типі. Алтай қой тұқымының саулықтарын линкольн, ромни-марш және тянь-шань қой тұқымдарының қошқарларымен күрделі өсіре будандастыру әдісімен шығарылған. Нәтижесінде ірі, ет өнімділігі жоғары жақсы кроссбредті жүн беретін тұқым өсіріліп шығарылды.

Қошқарлары 95-105 кг, саулықтары 56-62 кг тартады. Қошқарлары 7,5-8,0 кг, саулықтары 4,0-4,5 кг жүн береді. Таза талшық шығымы 60-63%, жүн ұзындығы 12-14,7 см. Қозылары 3,4-4,5 кг болып туады. Тез өсіп, 4 айлығында 30 кг, 7 айлығында 38-41 кг-ға жетеді.

Ақжайық етті-жүнді кроссбред қой тұқымы – 1991 жылы жаңа қой тұқымы ретінде бекітілді. Авторлары К.У. Медеубеков, В.В. Терентьев бастаған бір топ ғалымдар мен селекционерлер. Биязылау қой тұқымын шығару жұмысы Батыс Қазақстанның шаруашылығында 1943 жылы цигай қошқарларымен жергілікті қойларды будандастырудан бастаған еді. Бірақ сылбыр жүргізіліп кейін нашарлап, тоқтап қалған еді. Қайтадан қолға 1967 жылы алынды. Қазақ қой шаруашылығы институты әдейі тапсырма алып, жаңа жоспармен бұрынғы жұмыстарды жалғастырды.

Жергілікті будан қойларды биязылау кроссбред жүн беретін етті-жүнді қойға айналдыру үшін 1968-1971 жылдары қой шаруашылығы институтының Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығынан 136 линкольн, ромни-марш жарты қанды қошқарларын алып барып будандастыру, іріктеу, сұрыптау және өзара өсіру жұмыстарын ғылыми түрде жүргізді.

Нәтижесінде жоғары өнімді кроссбред жүнін беретін, жақсы еттілік қасиеті бар қой тұқымы өсіріліп шығарылды. Қошқарлары 95-100 кг, саулықтар 57-60 кг салмақ тартады. Қошқарлары 7,5-8,2 кг, саулықтары 4,0-4,5 кг жүн береді, таза талшық шығымдылығы 57-61%, жүнінің ұзындығы 12-13 см болды.

Қойлардың дене бітімі мықты, сүйектері жақсы, еттік формалары жақсы айқындалған. 4-5 айлық қозыларынан енесінен айырғанда 14-15 кг таза ет алуға болады. 7-7,5 айлығында сойғанда 21-22 кг жақсы ет алынады.

Қазір Батыс Қазақстан облысында бұл тұқым кеңінен тарап, жақсы дамып келеді. Бұл қойды өсіру өте тиімді.

Солтүстік Қазақстан етті-жүнді кроссбред қойлары. 1962 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстарында да етті-жүнді биязылау жүн беретін қойлар өсіру қолға алынған. Онымен әрбір облыста нақты ғалым-селекционерлер жұмыс істеп жатыр. Қол жеткен нақты табыстары да бар.

Осы аймақтарда өсірілетін кроссбред қойларының қошқарлары 85-90 кг, саулықтары 50-55 кг салмақ тартады, қошқарлары 6,5 кг, саулықтары 4,0 кг жүн береді, жүн ұзындығы 12-14 см, жүні 40-58 сапада, жүннің таза шығымдылығы 58-62%-ға дейін жетеді.

Азақстан кроссбред қой тұқымдары - student2.ru

24-Сурет. Дегерес қой тұқымының қошқары № 3259, т.с. 104 кг, ж.ш. 5,1 кг

Азақстан кроссбред қой тұқымдары - student2.ru

25-Сурет. Дегерес қой тұқымының саулығы № 5038, т.с. 68 кг, ж.ш. 3,1 кг

Азақстан кроссбред қой тұқымдары - student2.ru

26-Сурет. Биязылау қой тұқымының гемпшир типінің қошқары № 18430

Азақстан кроссбред қой тұқымдары - student2.ru

Азақстан кроссбред қой тұқымдары - student2.ru 27-Сурет. Биязылау қой тұқымының гемпшир типінің саулығы № 28051, т.с. 75 кг, ж.ш. 3,9 кг

28-Сурет. Цигай тұқымы

Азақстан кроссбред қой тұқымдары - student2.ru

29-Сурет. Кроссбред қой тұқымының қошқары № 0098, т.с. 100 кг, ж.ш. 6,9 кг

Азақстан кроссбред қой тұқымдары - student2.ru 30-Сурет. Етті-жүнді Ақжайық тұқымының қошқары № 4873 т.с. 127 кг, ж.ш. 9,6 кг

Азақстан кроссбред қой тұқымдары - student2.ru

31-Сурет. Етті-жүнді Ақжайық тұқымының саулығы № 3902, т.с. 67,5 кг,ж.ш. 5,1 кг

Азақстан кроссбред қой тұқымдары - student2.ru 32-Сурет. Ақсеңгір типінің қошқары № 2127, т.с. 105 кг, ж.ш. 10,1 кг

Азақстан кроссбред қой тұқымдары - student2.ru

33-Сурет. Ақсеңгір типінің саулығы т.с. 66 кг, ж.ш. 5,2 кг

Наши рекомендации