Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде

Жоспары:

Саясаттанудың мәні, мағынасы.

Саясаттану пәні ұғымдары, әдіс- тәсілдері.

Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдармен байланысы.

Саясаттану сөзі - политологиягректің политика және логос деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағына береді. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі адамзат қоғамында саясат негізгі роль атқарады. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын ерте заманнан бері түсініп-біліп келеді. Ерте заманда саясат болмаған. Мысалы Мысырда, Вавилонда, Үндістанда сол кездегі мифтарға сүйенсек басқарушының билік көзі тек құдай болған, яғни жер бетіндегі істердің барлығын құдай тындырып отырған. Кейінірек адамзаттың іс- тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері пайда болды. Бұдан келіп саясат теориялары пайда болды. Саясаттанудың негізін салушы деп Аристотельді айтады. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытқан. Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында жеке пән ретінде дамыды. XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор роль атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазірде жемісті еңбек етуде. Бүгінгі таңда саясаттану пәні АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғарғы оқу орындарына жеке пән ретінде оқытылады.

Саясаттану дегеніміз - саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатнастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуымен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалану түрлері, әдіс-тәсілдерін зерттейді. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтікжәне т б әдістер жатады.

Салыстырмалы әдіс -әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.

Жүйелеу әдісі -саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.

Социологиялық әдіс -саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, мәдениет және т. б. жағдайларына қарай анықтайды.

Тарихи тәсіл -саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады.

Бихевиористік әдіс - жеке адамдар мен топтардың іс- әрекетін, белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін - өздері қалай ұстауын талдауға негізделеді.

Нормативтік әдіс - қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндік жасайтын саяси құрылыстың түрі.

Ғылымның басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіндік ұғымдары бар. Мысалы: саясат, саяси билік, саяси жүйе, саяси мәдениет, саяси өмір, саяси тәртіп, саяси қатынастар, саяси партия және т.б. көптеген қызметтер атқарады. Мысалы: танымдық (гносеологиялық), бағалау (аксеологиялық), реттеушілік және т б. Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін атқарады. Саясаттану көптеген ғылымдармен байланысты. Фәлсафамен (философиямен), экономикалық теориямен, құқықтық ғылыммен, әлеуметтану (социология), тарих, адамгершілік ғылымдарымен байланысты.

Қазір еліміз тәуелсіздігін алып, шын мәнінде, демократиялық жолға түсіп жатқан кезде азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет орнату үшін саясаттану пәнін оқып-үйрену мамандарға ауадай қажет. Қазіргі демократиялық мемлекеттерде саяси оқу институттарының қызметі негізгі адамгершілік құндылықтары, әсіресе әрбір тұлғаның еркіндігі мен абыройы оның табиғи ажырамас құқықтарын мойындап қадірлеуге негізделеді. Саяси білім адамзатқа өте қажет. Біздің заманымызда қандай кәсіппен айналысқанына қарамастан, саяси білім мен мәдениет әр адамға ауадай қажет. Азаматтардың көпшілік саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет.

Наши рекомендации