Табиғи ресурстардың адам өміріндегі маңызы

Табиғат дегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста өзгеруде, дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние. Бұл адамзат қоғамының өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық – энеогетикалық, информациялық және әртүрлі табиғи құбылыстардың жиынтығы.

Адам шаруашылық қарекетінде табиғатпен байланысты, оған тікелей немесе аралық әсерін тигізеді.

Адам күрделі “табиғат-қоғам” жүйесінің бір бөлігіне жатады. Қоғамның материалдық, мәдени, тағы басқа да мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның құрауыштары мен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар депаталады. Оларға атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтары, күн радиациясы, ауа райы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы, т.б. жатады.

Табиғи ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі: қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды), пайда болуына (табиғи, антропогенді), химиялық табиғатына (органикалық, минералдық), көздері мен орналасуына (жер, су, кен, өсімдіктер, орман), қолдану міндетіне (өнеркәсіптік, ғылыми, эстетикалық, рекреациялық), пайдалану өрісіне (энергетикалық, шикізат, тамақ) байланысты. Ресурстар сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын) және қосымша материалдық (әртүрлі өндіріс салаларын утилдеуге жататын қосалқы өнімдері) болып та бөлінеді. Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатынжәне сарқылмайтынболып бөлінеді.

2 ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

2.1 Жер қойнауы және оны қорғау

Жер қойнауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды үш топқа бөледі:

• жанатын отын-энергия қоры – көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек;

• рудалы, пайдалы қазбалар – қара және түсті металдар, қымбат бағалы, сирек кездесетін, т.б. металдар кендері;

• бейруда пайдалы қазбалар – химия шикізат (минералдық тұздар, гипс, күкірт, апатит, фосфорит, т.б.), отқа төзімді матеиалдар, құрылыс материалдар шикізаты, әсемдік тастар, т.б.

Жер қойнауын қорғау , минералдық шикізатты тиімді пайдалану, сол арқылы табиғи ортаны қорғау шаралары мынадай бағыттарда жүргізіледі: Минералдық шикізат қорын кешенді барлау, зерттеу, зерделеу.

Кешенді барлау деп – минералды шикізаттың қорын ашу, зерттеу кезінде оның құрамын, құрылымын, орналасу жағдайын, ондағы зиянды қоспаларды мейлінше толық анықтау деп түсінеміз. Барлау қазба байлықтың бір түріне ғана емес кешенді жүргізілуі тиіс. Ашылған шикізат қорын мейлінше толық өндіру, ысыраптың мөлшерін азайту, қазба жұмыстарының табиғатқа зиянды әсерін болдырмау азайту, қазба байлықтың сапасын жоғалтпау, аралас қоспаны азайту, өнімнің ластанбауы, т.с.с. Өндірілген минералдық шикізатты кешенді пайдалану, өңдеуші өндірістерді дамыту, өндіріс қалдықтарын пайдалану.

Табиғат ресурстарын экономикалық бағалауда айқындауды қажет ететін мәселелердің бірі – уақыт факторын есептеу.

Өйткені табиғат ресурстарын игеруге едәуір бір мерзімдік күрделі қаржы жұмсалады, ал нәтижесі ұзақ мерзімде біртіндеп алынады.

Уақыт факторын есептеудің ең белгілі жалпы қабылданған тәсілі шығындарды бір жылға келтіру. Ол бойынша әр жылда жұмсалатын күрделі қаржы сомасы B=(1+E) коэффициентіне көбейтіледі не бөлінеді.

Мұнда Е-әр жылға тиімдерді шығындарды бір жылға келтіру нормалы коэффициенті (күрделі есептеулермен анықталады),tшығын жұмсалған жыл мен келтірілген жылдың айырмашылығын көрсететін жылдар көрсеткіші. Әдетте, барлық жылдағы шамалар шығындар тиімдер өндіріс жұмыс істей бастаған жылға келтіріледі.

Алғашқы жылдардың шығындары соңғы жылға келтірілгенде олар В - коэффициентіне көбейтіледі, ал соңғы жылдардікі алғашқы жылға келтірілгенде коэффициентіне бөлінеді.

Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271,7 млн. га, оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері 222,3 млн. га. Жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналасқан жерлер, өндіріс, қатынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, курорттар, қорықтар, тарихи және мәдени маңызы бар жерлер, орман қорының жерлері, су қорының жерлері, мемлекеттік қордағы жерлер болып бөлінеді.

Жер қорын қорғауды және пайдалануды экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, оның құндылығын, пайдалану ұтымдылығын арттыру арқылы одан алынатын өнімдерді қазіргіден едәуір көбейтуге болатынына көз жеткіземіз. Оның басты бағыттары: топырақтың құнарлығын арттыру, жерді суландыру батпақ жерлерді құрғату, сортаң жерлердің тұздылығын азайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, т.б. агрономиялық шаралар және жерді пайдалану құрылымын жақсарту.

Жерді бағалау туралы екі бағыт айқындалды: топырақтың сапасын бағалау және жер қорын экономикалық бағалау.

Топырақ сапасын бағалау экономикалық бағалаудың негізгі және алғышарты болып табылады. Жердің сапасын бағалау үшін оның әр түрлі табиғи қасиеттері өнімділігі тұрғысынан және әр түрлі климаттық жағдайдың топырақ түрінің әсері айқындалады.

Қазіргі кезде топырақ бонитетін бағалаудың бірнеше варианттары белгілі. Оларды негізгі екі түрге бөлуге болады: біріншісі – топырақтың қасиетіне байланысты өнімділігін ескеріп, бонитетін бағалау; екіншісі – жерді өнімділігіне байланысты, табиғи қасиетін ескеріп бағалау.

Топырақтың бонитет балдары оның сапалық қасиеттерінің сандық көрсеткіші болып табылады, аймақта өсірілетін басты дақылдың көпжылдық орташа түсіміне сәйкес болады. Бонитет балдары ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қолайлылығын анықтауға, оларды тиімді пайдалануды жоспарлауға мүмкіндік береді.

Жер – тұтыну құндылығы, оның құны жоқ, тек тұтыну құндылығын, материалдық өнімдерді өндіруге қажетті жағдай. Жердің бағасы оған табиғи тән нәрсе емес, ол тек қана қоғамдық өндіріс және тұтыну қатынастарында пайда болады. Сондықтан жердің бағасы тауар өндіруге қажетті жеке жер бөлімшелерінің тұтыну құндылығының көрінісі. Жеке жер бөлімшелерінің сапасының әр түрлілігіне байланысты ол жерлерде өндірілген өнімдердің құны да әр түрлі болады.

Сапалы жерлерден нашар жерге қарағанда әлдеқайда көп тұтыну құны өндіріледі.

Бірақ сапалы жерлер көп емес, әдетте шектеулі. Иелену түріне қарамастан, жерге шаруашылық нысаны ретінде әрқашан монополия болады. Былайша айтқанда жерге монополия болуына байланысты дифференциалды рента туындайтын алғышарт бар.

Дифференциалды рентаның алғышарттары – бір жағынан монополия болса, екінші жағынан жердің сапалық өзгешеліктері, сондай-ақ тауарлы өндірістік қоғамдық қарым – қатынастар.

Су қорын тиімді пайдалану үшін су шаруашылық кешендерін ұдайы үздіксіз жетілдіріп отыру керек. Су шаруашылық комплексіне: сумен жабдықтау, суды бөлу, гидроэнергетика, су транспорты, суландыру, құрғату, балық шаруашылығы, ағаш тасымалдау, денсаулық сақтау, туризм және т.б. жатады. Су қорын қорғау және тиімді пайдалану шаралары масштабы және техникалық шешімдері бойынша әр түрлі, оның барлығы кешенді шараларды жүзеге асыруды талап етеді. Суды қорғау жөнінде 4 кешенді шараларды атауға болады:

1. Озық технологиялар қолдану арқылы су тұтынуды шұғыл азайтатын, лас суларды төгуді қысқартатын айналмалы және тұйық су жүйелерін пайдалану.

2. Ластанған ақаба суларды тазарту шаралары оларды ауыл шаруашылық, және техникалық мақсаттарда пайдалану, арнаулы қоймалар, тазартқыштар салу және т.б.

3. Су көздерінің санитарлық тазалығын қорғау, арттыру, арнаулы биологиялық өңдеулерден өткізу.

4. Суға зиянды әсерлерді азайту, шектеу шаралары. Су жағасына орналасқан өндірістерді азайту, оларды тәртіпке келтіру.

Су ресурстарын экономикалық бағалау: су тұтынушы өндіріс күштерін тиімді орналастыру; суды қорғауға, үнемдеп тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру және оны ұлттық байлық құрамында есептеу үшін болады.

Су ресурстарын экономикалық бағалау үшін шеткі шығын шамасы қолданылады. Су ресурстары көпшілік жағдайда жеке-дара орналасады. Осыған байланысты жағдайда су тапшылығы немесе жеткілікті болуы оның территориялық орналасуына байланысты.Сондықтан шеткі шығын шамасын ауданның, аймақтың су бассейндері бойынша белгілеу керек.

Суға шеткі шығын шамасын оптималдық су шаруашылық баланстар негізінде анықтайды. Барлық экстенсивтік және интенсивтік шараларды ескере отырып, су пайдаланудың барлық балама мүмкіншіліктері қарастырылады. Экстенсивтік шаралар пайдаланылатын су көлемін арттырумен, баланстық кіріс жағын көбейтумен байланысты.

Табиғат ресурстарын рентамен бағалаудың басқа әдістерге қарағанда артықшылығы бары даусыз. Ренталық қағидаға сәйкес тиімнің екі категориясы ажыратылады: дифференциалдық тиім және ренталық тиім. Дифференциалдық тиім халық шаруашылығының кез келген саласында пайда болуы мүмкін. Ол ғылыми-техникалық жетістікті қолдану жәнееңбекті жақсы ұйымдастыру нәтижесінде еңбек тиімділігін артыру арқылы дербес шығынды қоғамдық қажетті шығыннан азайтқандағы үнемді көрсетеді.

Рентаны есептеу өте маңызды теориялық және әдістемелік мәселе болып табылады. Бірнеше экономистер рентаны есептеу үшін нақты қалыптасқан табиғат ресурстарын пайдалану шығындарын қолдануды ұсынады. Бірақ, ол салыстырмалы ресурстардың әділ бағасы бола алмайды. Рентаны анықтаудың басты принципі нақты ресурсы пайдаланғанда алуға болатын халық шаруашылығына ең жоғары тиімді анықтағыш болуға тиіс. Осыған байланысты су пайдаланудың рационалды режимін қамтамасыз ететін, су тұтынуды азайтатын, табиғат ресурстарын ең тиімді пайдалану бағыттары қарастырылуы керек. Бұл мәселе тек табиғат пайдалану саласымен ғана шектеліп қалмайды. Ол салааралық сипатта және барлық салаларда үйлесімді іс-әрекеттерді талап етеді.

Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитеті (1999-2001) ҚР Үкіметінің 1999 ж. 31 наурыздағы қаулысымен құрылды. ҚР Үкіметінің 2001ж. 25 қаңтардағы қаулысымен комитет ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын барлау комитеті болып қайта құрылды.

2.2 Жер қойнауын оңтайлы пайдалану.

ҚР жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға-бөлінеді:

1. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;

2. елді мекендердің ( қалалардың, ауылдың елді мекендердің) жері;

3. өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;

4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру

5. мақсатындағы және тарихи мәдени мақсаттағы жер;

6. орман қорының жері;

7. су қорының жері;

8. босалқы жер.

Наши рекомендации