Гистологияның зерттеу пәні және бөлімдері

Жоспары

Кіріспе: Гистология курсына кіріспе.

Негізгі бөлім:

1. Гистологияның зерттеу пәні және бөлімдері

2. Цитология – жасушалар туралы ілім

3. Эмбриология – ұрықтың тіндері мен мүшелерінің даму көзі

4. Гистологияның даму тарихы

5. Гистологияның міндеттері

Қорытынды бөлім:

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Гистология жануарлар организмдері ұлпаларының (тканьдарының) құрылысын, қызметін және дамуын зерттейтін ғылым ретінде биологиялық білім беру жүйесінде ерекше орын алады. Ұлпалардың құрылысын, қызметін және дамуын білу барлық органдардың, органдар жүйесінің, тұтас организмнің тіршілік әрекетін дұрыс түсіну үшін қажет.

Биология ғылымы организмдер кұрылысын зерттейтін морфологияға және организмдердің қызмет ерекшелігін зерттейтін физиологияға бөлі-неді. Гистология мен цитология және эмбриология биологиялық ғылымдар саласы — морфологияға жатады.

Электрондық микроскопты және сонымен бірге гистохимиялық, радиоавтографиялық әдістерді, экспериментті және басқа да зерттеу әдістерін қолдану клеткалар мен клеткааралық заттардын нәзік қүрылысын анықтауға және пішін мен құрылыстың бір-бірімен байланысты екенін микроскопиялық және ультрамикроскопиялық деңгейде терең ажыратуға мүмкіншілік берді.

Жаңа зерттеу әдістерін гистологияда қолдану қазіргі гистологияда гистохимия және гистофизиология бағыттарының пайда болуына әкелді. Гистохимия клеткалар мен олардың қүрылысында химиялық заттардың таралуын, ал гистофизиология үлпалардың және олардын компонент-терінің тіршілік әрекеттерінің механизмдері мен биохимиялық және физиологиялық функцияларын зерттейді. Гистология анатомиямен, цитология, эмбриология, физиология, генетика, биохимия, молекулалық биологиямен тығыз байланысты.

Гистология теориялық пән болғанмен, оның практикалық маңызы да ерекше. Гистологияның мәліметтері организмдегі түрлі патологиялық процестерді білу үшін қажет. Мысалы,органдардың дағдылы жағдайдағы құрылысы мен қызмет ерекшеліктерін білместен олардағы патологиялық өзгерістерді көріп түсінуге болмайды.Сонымен, гистология органдардың, үлпалардың және оларды түзуші клеткалық және клеткалық құрылысы жоқ элементтердің құрылысы мен дамуын дұрыс түсінуге жалпы биологиялық және тарихи негіз болып саналады.

Гистологияның зерттеу пәні және бөлімдері

Адам органиізмі тірі материяны калыптастыратын иерархиялық (бір-біріне бағынышты) структура-функциялық (құрылым-қызметтік) деңгейлердің. жүйесі болып табылады: жасушалар -> тіндер -> органдардың бірліктері—> органдар (мүшелер) —> органдар жүйесі -> организм. Олардын әрбірі езіне тән, баска денгейлерден айырып түратын, морфофункциялык ерекшеліктер мен заңдылықтарға ие. Сондықтан,бұл деңгейлердің әрқайсысы нақтылы медицина-биологиялық ғылымдардың зерттеу нысанасы (объектісі) болып табылады. Мысалы, организм, органдар жүйесі және органдарды (мүшелерді) қалыпты анатомия мен физиологияал, жасушаларды – цитология зеттейді.

Адам гистологиясы – адам ағзасын қалыптастыратын тіндердің микроскопиялық құрылысы мен тіршілік әрекеттерін, яғни тіршілік қалыптасуының тіндік деңгейін зерттейтін медицина-биологиялық ғылым.

Жалпы гистология - негізгі тіндер топтарының (нерв, бұлшықет, эпителий, дәнекер тіндердің) фундаменталъді қасиеттерін зерттейді.

Адам денесінің күрылымдык калыптасу деңгей-лерінің иерархиясы ( өзара бағыныштылығы )

Ғылым болімі Бірігу деңгейі Құрамы
Анатомиялық Организм (ағза) Органдар,тіндер,дене бөліктері,сұйықтықтар
Орган (мүше), органдар жүйесі Тіндер, жасушалар, жасушалық емес құрылымдар
Гистологиялық Тін Жасуша, жасушалык және жасушалық емес қүрылымдар
Жасуша Мембраналар, органоидтар, ядро
Органоидтар Митохондриялар, пластинкалык Гольджи комплексі, эндоплазмалық тор, ядрошық
Молекулалар үсті құрылымдар Мембраналар, рибосома, хроматин, . микротүтікшелер
Биохимиялық, молекулалы-биологиялық Макромолекула лық Бедоктар (акуыздар), ДНҚ,РНҚ,полисахаридтер
Құрылыстық блоктар (бірліктер) аминкышқылдар, глюкоза, аденин, т.б. азоттыкқ негіздер

Эмбриология - ұрықтың тіндері мен мүшелерінің даму коздері, механизмдері (гистогенез және органогенез) туралы ілім.

Цитология- жасушалар құрылысы мен қызметтерінің жалпы принциптері (ұстанымдары) туралы ілім.

Әртүрлі тіндср эмбриондық даму кезінде бірігіп, күрделі жүйелерді – органдарды қалыптастырады.

Адамның жеке гистологиясы - нақтылы орган құрамындағы әртүрлі тіндедің құрылым- функциялық қалыптасу және өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Гистологияның бұл болімі органдар мсн организмнің микроскоптық құрылысын зерделейді, яғни микроскоптық анатомияның негізі деп есептеледі. Сонымен, адамнын жалпы және жеке гистологиясының басты зерттеу объектісі (нысанасы) оның тіндері болып табылады.

Гистология мен цитология - казіргі кезде медициналық білім беру саласының маңызды пәндердің бірі. Гистология, біріншіден, тірі материяның құрыылмы туралы гылыми, материалистік көзқарас қалыптастырады. Екіншіден, гистология мен цитология зерттейтін күрылымдар - тіндер және жасушалар - адам организмі тіршілігінің барлық көріністерінің (қимыл, тыныс алу, зат алмасу, т.б.) морфологиялық негізі болып табылады. Үшіншіден, қазіргі медицинада қанды талдау кезде, сүйектің кызыл кемігі, тамақ, бауыр. т.б. органдардан биопсия ( жасағанда, ауру диагнозын (ауру аныктамасы) негіздеу үшін цитологиялық және гіп гистологиялық талдау әдістері кең колданылады.

Тіндер мен жасушалардың құрылымы және қызметтері туралы білімдер басқа да фундаментальді медицина-биологиялық ғылымдорды оқып білудің негізін құрайды. Мысалы, анатомияда қарастырылатын барлық құрылымдар гистологияда да микроскоптық деңгейде оқытылады. Егерде бауырдың құрылысы анатомияда жай көзбен зерттелетін болса, гистологияда бұл мүшенің арнайы өңделген түйіршіктерінен кесінділер жасалынып,боялынып, жарық микроскобы арұылы зерттелінеді.Анатомия курсындағы органдардың дамуы мен құрылысын оқып білу гистологиялық талдаудың мәліметтеріне негізделеді. Тіннің нәзік (жарық және электрондық микроскопиялық) құрылысын білу, оның өз қызметтерін кандай құрылымдық механизмдер арқылы атқаратынын анықтауға қажет. Сонымен, жеке қызметтердің құрылымдық негіздерін анықтайтын ғылым - гистология, организмнін тіршілік әрекеттерін зерттейтін ғылым - физиологиямен өте тығыз байланысып, ұштасқан.

Қазіргі кездегі жасушалық және тіндік құрылымдарды субжасушалық (жасушалық деңгейден терең) және молекулалық деңгейлерде зерттеулер тектес ғылымдардың (биохимия. генетика. иммунология) одістерін қолданумен өтеді. Бұл бірте-бірте ғылымдар арасындағы жіктердің жойылуына. олардың бірін-бірі толықтырып, жан-жақты және жүйелі түрде дамуына әкеледі

Наши рекомендации