Иммуноглобулин негізгі класстары

Иммуноглобулин М - барлық иммуноглобулиндердің 5-10%-ы. Эволюциялық дамуда ең көне иммуноглобулин. Молекулалық салмағы 900.000 Дальтон. Жартылай ыдырау уақыты 5 тәулік, иммуноглобулин М В-жасушаларға антигенді танытатын рецептор. Иммуноглобулин М аутоиммунды ауруларды қолдайды.

Иммуноглобулин М организмге инфекция түскенде, вакцинацияда бірі нші синтезделеді, авидтігі жоғары, организмді бактериялардан, вирустардан қорғайды, комплементті классикалық жолмен белсендіреді, фагоцитозды күшейтеді. Организмге түскен антигенде әуелі иммуноглобулин М түзіледі. Аптаның аяғында ғана иммунгоглобулин G-дің синтезіне көшеді (7-сурет).

Иммуноглобулин М қан сарысуында-0,4-2,2 г/л. Иммуноглобулин М молекуласы ірі, бес мономерден құрылған, 10 белсенді орталығы бар, бірден бес антигенді байланыстырып организмнен шығарып жібереді. IgМ организмге антиген түспесе де болатын табиғи антиденелерге жатады. Плацентадан өте алмайды. Нәрестелерде тек жұқпаға қарсы пайда болады. IgМ антигенге қарсы фагоциттерді белсендіреді.

Иммуноглобулин G - класы қан сарысуында барлық иммуногло­булин­дердің Иммуноглобулин негізгі класстары - student2.ru , молекулалық салмағы 150 мың Дальтон, ол плацентаға кіре алады. Иммуноглобулин G 23 тәулік бойы, ұзақ өмір сүреді. Адамдарда иммуноглобуллин G-дің 4 түрі бар: Иммуноглобулин негізгі класстары - student2.ru (ауыр тізбектің айырмашы­лы­ғымен).

IgG қан сарысуында 7-18 г/л. Екіншілік иммунитет жауабында тек IgG анықталады. Негізгі функциясы: комплементті белсендіреді (G1, G2, G3 ); фагоцитозды күшейтеді: бактериялардың полисахаридтік антигеніне қарсы кеш өнетін антиденелер (G1, G2); токсиндерді бейтараптайды, фагоциттерді опсонизация арқылы белсендіреді. Комплементпен тек G4 байланыспайды. Иммуноглобулин G тимустәуелді болғандықтан Т-лимфоциттердің қатысуымен ғана синтезделеді. Сондықтан сәулелену және иммунды депрессанттар олардың синтезін басады.

Иммуноглобулин G-ның максималды өнімі антигенді арасы 30 күн өткенде қайтадан еккенде ғана дамып, иммундық толық жауап және иммунологиялық естелік пайда болады.

Иммуноглобулин А–ның сарысулық және секреторлық түрлері бар. Сарысудағы деңгейі 0,8-3,7 г/л. Қан айналымындағы микробтарды және токсиндерді бейтараптайды. Сарысу IgA – комплементті альтернативтік жолмен белсендіре алады. Кейбір микробтар өндіретін протеаза ферменті IgA-нын белсенділігін жояды (мыс. гонококктер).

Секреторлық IgA шырышты қабықтың эпителиальдық жасушаларының синтезінен шығады, оның қосымша (S) компоненті бар. Осы компонент IgA эпителий жасушаларынан өткенде қосылады да, IgA-ның протеолиздік ферменттерге тұрақтылығын береді. Секреторлық IgA шырышты қабықта сақталып, бактериалық токсиндерді бейтараптайды, вирустарды шектейді, фагоцитозды белсендіреді. Сөйтіп, жұқпаға жергілікті қорғанысты қамтамасыз етеді.

Секреторлық IgA түкірікте, көз жасында, азқазан-ішек секретінде, өтте, қынап секретінде, амниондық сұйықта, өкпе, бронх, зәр-жыныс жолдарында бар. Нәресте IgA-ны ана сүтінен, уыз сүтінен алады. Ана сүтімен түскен IgA ішекті грамтеріс микробтардың (ішек таяқшаларының) орналасуынан қорғайды. Ішекті грамон, микробтары орналасды да, ішек жұқпаларына антагонистік рөл атқарады. IgA микроорганизмдермен байланысып, оларды шырышты қабыққа тұрақтатып орналастырмайды.

IgA тимустәуелді иммуноглобулин, сондықтан нәрестенің өмірінің бастапқы кезінде өз бетімен пайда болмайды.

Иммуноглобулин Е–нің молекуласы 200 000 Дальтон, тінде, шы­рышты қабықтарда, теріде жиналады да, мес, базофил, эозино­фил­дер жасушаларымен бірігіп аллергиялық қабыну береді. Осы жасушаларда дегрануляция жүрiп, антигендердi денеден шығарып жібереді. Иммуноглобулин Е-нің деңгейі қан сарысуында 0,25 мг/л, ал атопиялық ауруларда 10-100 есе көбейеді. Жартылай ыдырауы 2-3 күн.

Иммуноглобулин Е-нің өнімінің тұқым қуалаушылыққа байланысы бар. Аллергиялық ауруларға бейімділігі бар кісілерде IgЕ-нің деңгейі жоғары. Нәрестелерде IgЕ орта жастағы кісілердің көрсеткіштерінің 10 пайызындай ғана. Иммуноглобулин Е комплементпен байланыспайды, плацента арқылы өтпейді, ұлпа базофилдерімен және басқа «қабыну дамытатын» жасушалардың Ғс-рецепторларымен өте тез және берік байланысады. IgЕ мен қосылған антиген базофиль жасушаларының үстіне орналасып, олардың дегрануяциясын дамытып, биологиялық белсенді заттар жасушааралық кеңістікке төгіліп, аллергиялық қабыну пайда болады. Иммуноглобулин Е шырышты қабықтағы антигендерді байланыстыруға қатысады.

Иммуноглобулин Е-ні көк бауырдың, бадамша бездің, тыныс алу және асқорыту жолдарының плазмалық жасушалары өндіреді. Ұрық IgЕ–ні ерте шығарады. Иммуноглобулин Е гельминттерден қорғануға қатысады.

Шырышты қабықтағы IgА-ның қорғанысын бұзған патогендерді ұлпа базофильдерінің үстіндегі арнайы IgЕ байланыстырып, биологиялық белсенді заттарын шығарып, қабыну кезінде хемотаксиспен сол жерге басқа қорғаныс факторларын (жасушалық, гуморальдық, IgG, комплемент, нейтрофильдер, эозинофилдер, т.б.) жинауы, келесі қорғаныс кезеңі болып саналады.

Иммуноглобулин Д молекуласы 180000 Дальтон, жартылай ыдырауы 3 тәулік, жақсы тексерілмеген, тек қана В жасушалардың антиген танитын рецепторы ретінде жүруі белгілі.

Наши рекомендации