Тұқымдық шөпті жинау

СК-4 комбаинына арналған 44-108 тетігі үккіш беттен 2 (168-сурет), науадан 9, екі қалқаншадан (жоғарғы 11және төменгі 12),елекке арналған бағыттауыштан, екі қосымша електен (2X2 мм және 2,8X2,8 мм), екі ауыстырылмалы жүлдызшадан (16 және 36 тісті) тұрады.

Үккіш беттің биіктігі 2,5 мм, тік бұрышты бұдырлары бар. Үккіш бетті барабан капоты соққылауышы мен бұдырлардың арасьшдағы саңылаулар — артқы жағында (кіре берісте) 7 мм, ал-


тұқымдық шөпті жинау - student2.ru

168-сурет. Тұқымдық шөпті үгуге арналған 44-108 тетігі:

1 — барабан; 2 — үйкеліс беті; 3 — алдыңғы аспа; 4 —серіппе 5 —қабылдауыш битер; б — артқы аспа; 7 және 8 — гайкалар; 9 —науа; 10 — құлақша; 11 — жоғарғы қалқанша; 12 — төменгі қалқанша; 13 — соққылауыш битер.


тұқымдық шөпті жинау - student2.ru

дыңғы жағында шыға берісте 2 мм болуға тиіс. Бұл беттің алдыңғы жағы серіппеленген. Қақпақтың саңылауды өлшеуге арналған екі люгі бар.

Тетікті былай орнатады. Соққылауыш битердің торлы білеуін алып тастайды. Оның орнына екі қалқанша мен науаны орнатады. Қалқаншаның 12 төменгі шеті мен соқылауыш битердің арасын-дағы саңылау 7 миллиметрден артпауға тиіс. Үккіш беті екі жұп топсалы аспаға (алдыңғы 3 және артқы 6) асылып орнатылған. М14Х2 реттеуіш гайкасының астындағы бұл аспалардың бұранда-ларының, яғни гайканың толық айналымы сәйкес аспаны 2 мил-лиметрге жылжытады.

Үккіш бет пен барабан шыбыртқыларынын, арасындағы саңы-лауды былай реттейді. Артқы екі аспаның да гайкаларын 7 кезек-кезек, әрбір жолы жарты айналымнан кейін қарай бұрайды, сонда үккіш бетінің әйтеуір бір жағы барабан шыбыртқысына тақалады. Бұл ретте барабанды ақырындап қолмен айналдырады. Үккіш бет барабан щыбыртқысына хщ жағымен тақалды дейік. Бұл жағдайда оның оң жағын барабаннан 2 мм қашықтату керек. Ол үшін гайканы бір рет толық бұрау керек. Содан кейін үккіш беті енді шыбыртқыға сол жағымен тақайды да барабаннан толык, өлшемдік саңылауға дейін, яғни сол жағынан 7 мм (гайканың 3,5 айналысы) және оң жағынан 5 мм (гайканың 2,5 айналысы, өйткені алғашқы жолы оң жақтан 2 мм қашықтатылған) саңылауға дейін қашықтатады. Аспаны орнатылған қалпында гайкамен 8 бекітеді. Алдыңғы аспаларды да артқы аспа сияқты реттейді.

Елекке арналған бағыттауыштар елек станы бүйірінің төменгі жағына екіиші тесікке бекітіледі, оларға қосымша тордың бірі ор-натылады. Осыған байланысты төменгі қабыршақты елек станы-ның жоғарғы тесіктеріне бекітіледі.

Ірі тұқымды шығымдылығы жоғары учаскелерді жинағанда 2,8X2,8 мм елек қойылады. Қалған жағдайларда 2X2 мм електер пайдаланылады. Үккіш беттің толық күшпен жұмыс істеуі үшін жоғарғы електің жапқышын ашып тастайды: осының арқасында масақ шнегіне үгілмеген дәндер көптен түседі. Төменгі електің жапқышын жартылай ашып тастайды. Желдеткіштің жапқышын да жартылай ашып қою керек.

Артқы қарсы жетек біліктің оң жақ ұшына 16 тісті (13 тістің орнына) жұлдызша, ал клавишалар білігінің оң жақ ұшына 36 тісті (30 тістің орнына.) жұлдызша орнату керек. Барабанның айналыс жиілігін 1100—1300 айналыс/минутқа қою керек.

Бұл тетікпен жабдықталған комбайн былай жұмыс істейді. Қо-сымша елек үгітілген тұқымды бөліп шығарады. Ол дән элеваторы арқылы шанаққа жеткізіледі. Үгітілмеген шөп тұқымы масақ шне-гіне келіп түседі, бұдан кейін шнектен масақ элеваторы арқылы үгітү ушін жоғары көтеріледі. Калканшалар мен науа барабан ту-

169-сурет. СК-5 комбайнынық тұқымдық шөп жинауға арналған -54-108А тетігі:

1 — үйкеліс беті; 2 — қырыққыш.

дырған ауа ағынын қайтарады. Осының арқасьшда масақ элева-торынан келген масса үйкейтін саңылауға қарай бағытталады.

54-108А тетігінің (СК-5 комбайны үшін) 44-108 тетігінен мынандай айырмашылыры бар (169-сурет):

1) сериялы бөлгіштің (отсекатель) 3 (2-сурет) орнына үш бұ-рышты түтік тәрізді білеуден жасалған бөлгіш орнатылады. Оның молотйлка панеліне бекітуге арналған бүйірлік қосынкалары бар. Оның қызметі — барабан тудыратын ауа ағынын алға қарай үй-келіс бетіне бағыттау. Мұның өзі массаның жоғарғы масақ шнеп-нен үккіш саңылауға неғұрлым молырақ түсуіне жағдай жасайды;

2) төменгі жапқышы бар електі алып, оның орнына арнаулы елекке арналған бағыттауыштарды қою керек. Бұл елек рамкадан, екі ауыстырылмалы сатылы кенептен құрылған (кенептің бірінің тесігі 2X2 мм, екіншісінщ тесігі 2,8X2,8 мм);

3) желдеткіштің кіру терезесін тесігінің диаметрі 300 мм жап-кышпен жабу керек.

54-108А комплектісінің үккіш құрылғысы да негізінен 44-108 те-тігінің үккіш құрылғысына ұқсайды.

Наши рекомендации