Xxiv т а р а у. Қосымша

§ 80, Егіннің дәнсіз бөлігін жинауға арналған СК-5 комбайнына

асып орнатылатын универсалды ПУН-5 тетігі

Жалпы мәліметтер. ПУН-5-ті (ПУН-6 сияқты) шаруашылықтың қажеттігіне карай егіннің дәнсіз бөлігін жинауда тұрліше вариантта пайдалануға болады. Бұл варианттар (схемалар) 170-суретте көрсетілген.

ПУН-5-тің кұрамына мынандай негізгі бөлшектер кіреді: ұйақтағыш барабан (170-сурет), қырқуға қарсы құрылғы, консольді шнек 1, желдеткіш, “масса” трубопроводы 4. Тетікті әр түрлі вариантқа лайықтап баптауға арналған десте салғыш, ұсақталған дестені барабан мен желдеткішке лақтырғыштар, топанды десте салғышқа жіберетін келте түтік және тіркеу рамкасы бар.

ПУН-5 молотилканың шыға беріс жағын жауып тұрады. Сабан сіліккішті реттеу үшін ашпалы қақпақ пайдаланылады, ал тазалакыштың реттеу операцияларын жүзеге асыру үшін төсем тақтай 2 (170-сурет) жоғары көтеріліп қойылады. Тетік капотының үстінде және шнектің сақтандыррыш муфтасының жанында тиісінше екі сигнализатор орнатылған. Олардың біріншісі сабан сіліккіш немесе ұсақтарыш косар (барабан-қырқуға қарсы құрылғы) толран кезде іске қосылады. Екіншісі шнек немесе желдеткіш толған кезде белгі береді.

Ұсақтағыш қосар. Ұсақтағыш барабанның жұмысшы органдары пышақтар (болаттан жасалран 3)болып табылады. Олар болттармен барабан дискісіне бекітілген. Пышақтық екі жүзіндегі жиегі де қорытпамен көмкерілген. Егер пышақтың бір жиегіндегі жүзі тозса, онда оны аударып, қарама-қарсы жиегіндегі жүзін пайдалануға болады.

Барабан шкив арқылы қозғалысқа түседі. Шкивте үлкен диаметрлі екі жырашық және кіші диаметрлі екі жырашық бар. Жетек белдіктерді барабанның бірінші жырашықтарына кигізген кезде 1665 айналыс/минут аңналыс жиілігін береді. Егер шкивті 180 градусқа бұрып, белдікті кіші диаметрлі жырашыққа кигізсе, онда айналыс жиілігі 2360 айналыс/минутқа тең болады

Барабанның кіші айналыс жиілігі кебу немесе сабаны аз астықты жинау кезінде № 1, 2 және 5 схема (§ 30) бойынша жұмыс істеген кезде қажет. Барабанның жоғары айналыс жиілігі ұзын сабақты немесе ылғал астықты жинаған кезде, ұсақтағыш аппарат немесе желдеткіштің кіріс терезесі бітеліп қалғанда,


Xxiv т а р а у. Қосымша - student2.ru

170-сурет. ПУН-5 және ПУН-6 тетіктері жұмысының технологиялық схемасыз

а — № 1 схема (топан аралас сабанды ауыстырылмалы арбашыққа жинау) жэне № 2 схема (топан аралас сабанды тұрақты тіркелген арбашыққа жинау) ә - № 3 схема (топанды арбашыққа және сабанды дестеге салу); б-№4 схема (топанды арбашыққа жинау және ұсақталған сабанды аңызға шашу); в-№5 схема (топан аралас сабанды дестге салу) г-№6 схема (топан аралас сабанды аңызға шашу) д - қосымша схема (топанды ұсақталған сабан бөлігінен арбашыққа жинау және ұсақталран сабанды аңызға шашу);1-шнек,: 2-төсем тақтай, 3-ұсақтауыш барабан; 4-масса трубопроводы; 5-тіркеу рамкасы,6-десте салғыш ,7-сабанды ұсақтауыш барабанға лақтырғыш; 8-топаи келте түтігі; 9 — желдеткіштщ лақтырғышы; 10 — қалқанша.

171-сурет. Комбайн автотіркемесіз

1 — өкшелік; 2 — винт; 3 және 6 — серіппелер; 4—тірек; 5 — бағыттауыштар; 7 — қармарыш; 8 — қос иінді рычаг; 9 — тығын; 10 — бекіткіш тіс; 11 —тұтқыш; 12 — шаппа тіс; 13 —таяныш.

Xxiv т а р а у. Қосымша - student2.ru

сабанның ұсатылу сааасын жақсарту үшін № 4 схема бойынша жұмыс істегенде қолданылады.

Қырқуға қарсы кұрылғы астау тәрізді арқалыққа ұқсас, оған сегменттері бар қырқуға қарсы блоктар бекітілген. Сабаннық ұсақталу дәрежесі осы ,блоктардың саны арқылы реттеледі.

Шнек.Шнектің сақтандырғыш муфтасы б кгс. м (60 Н. М) айналыс моментіне реттелген.

Желдеткіш. Желдеткіш тетік қарсы жетек білігінен. қозғалыс алады. Желдеткіш пен қарсы жетек білігі шкивтерінің орындарын алмастыруға болады. Қарсы жетек білігіне диаметрі 375 ммшкив орнатылғанда желдеткіш айналыс жиілігі 1320 . айнатылса /минутқа тең болады. Егер қарсы жетек білігіне диаметрі 375 мм шкив орнатылса (бұл жардайда желдеткіш білігіне диаметрі 375 мм іикив орнатылады), онда желдеукіштің айналыс жиілігі 930 айналыс/минутқа тең болады. Жоғары айналыс жиілігі (1320 айналыс/минут) № 1, 2 және 6- схемалар бойынша жұмыс істегенде қолданылады. Желдеткіштің төменгі айналыс жйілігі № 3, 4 және 5 схемалар бойьшша жұмыс істегенде қолданылады. № 6 схема бойынша жұмыс- істеуге арналған желдеткіш құндағын көлденең калыпта да орнатуға болады.

Ауыстыру құрылғылары. № 3 схема бойынша жұмыс істеген кезде тіркеме рамкасы 5 мен десте салғыш 6 (170-сурет) қолданылады. Егер аңызға уатылмаған сабан дестесі салынса, онда ұсақтағыш барабан алынып тасталынады. № 4 схема бойыніпа жұмыс істеу үшін ұсақтарыш барабанға шашқыш 7 орнатылады, ал № 6 схема бойынша астық жинаған кезде шашқыш 9 желдеткішке пайдаланылады. Келте түтік 8 № 5схемамен жұмыс істегенде қолданылады.

Комбайнның автотіркемесі. Автотіркеме (171-сурет) тіректен 13,тұтқышы 11бар қармғыштан 7 және басқару механизмінен тұрады. Тірек комбайн рамкасына бекітілген, ал оған топса арқылы қармағыш жалғанған. Қармағыш 7171-суретте көрсетілгендегідей жағдайда шаппа тіс 12пен астыңғы бағыттауыш 5 саңылауының көмегімен екі бағыттауышқа 5 (үстіңгі және астыңғы) бекітілген. Егер шаппа тісті 12 астыңғы бағыттауыш 5 саңылауынан шығарса, онда серіппе 3 қармағышты солға қарай шегіне жеткенше жылжытады (172-суретте көрсетілгендей). Қармағышта плунжерлі (яғни біржақты қозғалатын) гидроцилиндр бар. Оның корпусы қармарышпен топса арқылы жалғасқан, ал штогы шаппа тіспен 12 қосылған (171-сурет). Толтырылған арбашықты комбайннан арытып тастау үшін жүргізуші гидробөлгіштің сәйкес тұтқасының орнын ауыстырады. Бұл кезде гидроцилиндрдің штогы шаппа тісті басады және оны астыңғы бағыттауыштың саңылауынан шығарады. Серіппе 3 қармағышты солға қарай жыл-жытып әкетеді. Гидроцилиндр штогын бастапқы қалпына қайта келтіруді (ги-дробөлгіш тұтқасының орнын ауыстырған соң) серіппе 6 жүзеге асырады, Ар-

башықты тіркеу кезінде оның қосымша тіркемесімен жалғасатын тұтқыштың 11бекіткіш тісі 10 мен қос иінді рычагы 8 болады. Бұл рычаг сым арқанша арқылы шаппа тіспен 12байланысты болады. Гидроцилиндр шаппа тіске 12әсер еткенде бұл әсер сым арқанша арқылы тісті 10төмен батыратын рычагқа 8. беріледі. Осының нәтижесінде арбашықтың қосымша тертесі тұтқыштан сырғып шырады, бұдан соң арбашық арытылады.

Арбашықтық автотіркемесі. Автотіркеме негізгі тертеден 13 (172-сурет) және қосымша тертеден 5 құралады. Негізгі тертеге тұтқыш 14 орнатылған. Ол арбашықты тракторра автоматты түрде тіркеу үшін және одан арыту үшін қызмет етеді. Қосымша терте комбайнның автотіркемесіне жалғасатын ашамен жабдықталған.

172-суретте арбашық комбайнға тіркелмей тұрған кезде автотіркеуіштің қалпы көрсетілген. Арбашық тіркеген трактор комбайнға оның жылдамдығынан артық жылдамдықпен жүріп отырып және қосымша тертенің, ашасы тұтқышқа 3 дәл түсетіндей есеппен жақындайды. Соққы (удар) жүзеге асады, соның арқасында екі қармарыштың — трактор мен комбайн қармарыштарының — құлыпты механизмдері бір мезгілде іске қосылады. Серіппе 7 жиырылады, ал қосымша терте жылжи отырып тартпа 18 және қос иінді рычагтың 17көмегімен арбашықты трактордан арытады (қармағыштың тісі 16 трактор сырғасының 15 ілійісінен ажырайды: рычаг 17тартпа 12арқылы шаппа тісті 11 негізгі саңылаудан ажыратады). Қосымша терте ашасьшың осі тісті 4 итереді де тұтқыштың ұясына түседі. Комбайнның тарту күйіінің әсерінен қармарыш 2 пен терте 5 осьтері комбайн мен арбашықтың бойлық осьтерімен қиюласады, бұл кезде екі шаппа тіс те жабылып бекітіледі.

Xxiv т а р а у. Қосымша - student2.ru

172-сурет.Автоматты тіркеуіш схемасы.

1— бастырма; 2 - қармағыш; 3 және 14 — тұтқыштар; 4 — тіс; 5 — қосымша терте; 6 — кергіш; 7 — серіппе; 8 — саусақ; 9 — тіркеу алаңшасы; 10 — рычаг;11— шаппа тіс; 12 және 18 — тартпалар; 13 — негізгі терте; 15 - сырға 16 — қармағыш тісі; 17 — үш иінді ры-чаг.

Астыңгы бағыттауыштың 5(171-сурет) қосьшша саңылауы болады. Тегіс алқапта жұмыс істеген кезде ол бастырмамен жабылады (172-сурет). Еңіс жерлерде жұмыс істеуге тура келген жағдайда комбайн молотилкасы мен арбашықтың бойлық осьтері дәл түйісе бермеуі, ал шаппа тістің. 12 (171-сурет) негізгі саңылауға түспей қалуы мүмкін. Мұның өзі апатқа әкеп соғуы ықтимал. Өйткені бұл жағдайда арбашық молотилкаға келіп соғады. Мұны болдырмау үшін бастырманы 1 (172-сурет) алып тастап, шаппа тісті қосымша саңылауға бекітіп қою керек.

Наши рекомендации