Тоңазытқыш камераларының сипаттамасы

Технологиялық есептеулерден кейін алынған тоңазытқыш камерасы аудандарының нәтижесі тағы да толықтыруды қажет етеді. Әрбір камераның сыртқы қоршауларының жылу оқшауландырғышының қалыңдығын есепке ала отырып,. олардың нақты өлшемдері камераларды жобалаудан кейін қойылады.

Тоңазытқыш камералары әдетте қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының 1 – ші қабатында, жертөледе немесе жартылай жертөле бөлмелерде орналасады, ереже бойынша оларды бір блокка біріктіреді.

Салқындатқыш блоктың кіре берісінде міндетті түрде жылытқыш шлюзі құрылғысының болуы қажет. Камераларды кіреберіс етіп істеуге болмайды. Тоңазытқыш камералар блогын бүкіл жобаланатын кәсіпорын жоспарына орналастыру, камераларға өнімдерді тиеу және камерадан өндірістік бөлмелерге беру ыңғайлы болуын қамтамасыз етуі қажет. Жеке орналастырылған камералардың температурасы +20ºС және одан да жоғары болса, оны тамбурсыз жасауға болады.

Қалдық камерасының тамбуры бар жеке кіретін жері және сонымен қатар жуу бөлмесінің қасында орналасуы қажет. Салқындатқыш блок 1 – ші қабатта болса, қалдық камерасын жалпы блокқа орналастыру керек, бірақ міндетті түрде аулаға шығатын есікпен немесе өнеркәсіптік дәлізге шыға берісі болуы қажет.

ҚНжЕ 3.18–87 -"Тоңазытқыштар. Жобалау нормасы" бойынша стационарлық тоңазытқыштардың жеке камераларының ауданы кем дегенде 5 – 7 м2 болуы керек. Камералардың минималды өлшемдері׃ ұзындығы – 2,4 м, ені 2,1 м, биіктігі – 2,5 – 3м. Дәліздің немесе тамбурдың ені кем дегенде, 16м болуы керек, ал камералардың есігі қайырылып ашылып жабылатын болған жағдайда– кем дегенде 2,2м.

Камераларды жылу және ылғал көп бөлетін бөлмелердің жанына немесе трапы бар едендерде (от жағатын, бойрейлер, санитарлы жер, ыстық және кондитерлі цех, жуу бөлмесі және т.б.) орналатылмауы қажет.

Қайта жобаланып отырылған кәсіпорындарда құрастырмалы – алынбалы камераларды өте ерекше жағдайларда ғана орнатуға кеңес беріледі. Бөлменің өлшемдері құрастырмалы – алынбалы камераның жан – жақтарының көлемдік өлшемдерінен 1,0 – 1,2м үлкейіп тұру керек. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында фреондық тоңазытқыш қондырғыларын қолдану қажет және де камералардың тікелей суу жүйесі ең қолайлы. Екі -төрт камерадан тұратын салқындатқыш блогына әдетте бір немесе екі тоңазытқыш машинасын қояды. Орташа суықөнімділігі бар, фреондық қондырғыларға арналған арнайы машиналық бөлім қарастырылып, және де ол камералардың салқындату блогына жақын орналасуы керек.

Суықөнімділігі аз фреондық қондырғыларды қызмет көрсетуге ыңғайлы және жүк операциясының жүргізілуіне бөгет болмайтын орындарға орналастыруға болады. Бұл жағдайда агрегаттарда темір торлы қоршау, биіктігі 1,5 м есігімен болуы керек. Тоңазытқыш агрегаттарды салқындатқыш камералардың тамбурында, басқыш және басқыш алаңдарында, вестибюльдерде және гардеробтарда орналастыруға тыйым салынады.

Тоңазытқыш камераларының ауданы 30 м2 және құрастыру кезінде мүмкіндік болса, тоңазытқыш агрегаттарына жеке бөлме бөлген дұрыс.

Тоңазытқыш агрегаттарының нақты ауданы мөлшерленгенннен 20% -ке дейін өсу жағына қарай ауытқуы мүмкін ( 72 кесте).

Кесте 72 – Агрегаттарға арналған бөлмелердің ауданы

Суыту камераларының ауданы, м2 Агрегаттарға арналған бөлмелердің ауданы, м2
10-ға дейін
10-20 3-4
20-30 5-6
30-40 7-8
40-50 9-10
60-70 14-15
70-80 15-19

Тоңазытқыштың желдеткіші

Салқындатқыш камераларды жеміс, көк, ашыған және тұздалған қырыққабатты сақтау камерасынан басқаларға, ағым – соратын желдеткішісіз жобалау керек.

Бұл бөлімде желдеткіштің түрлерінің қолданатынын белгілеу керек. Және қандай еселік ауыспалы ауа қолданады. Міндетті түрде ауа қандай биіктікте камераға келуі және шығын тұрғанын белгілеу керек.

Салқындатқыш камераларда қозғалмалы желдеткіштің жүйесімен жобалауына кепілдеме береді, ол тәуліктік ауаның төрт еселік ауысуына есептелген.

Тамақ сақтау камерасында қозғалмалы желдетпе қолданады, ауаның төрт есе ауысуына есептелген.

Салқындатқыш камералы желдеткіш, басқа желдеткіш жүйелерімен байланыспай.өз бетімен жүруі керек.

Наши рекомендации