Тарау. Психотерапияда қиялды пайдаланудың жолдары

Иялдағы дара айырмашылықтар

Әр адамның қиялы әр түрлі болады, бірінің қиялы біріне ұқсамайды. Бір адамдардың қиялы бай, шындықпен орайласып жататын болса, екінші біреулердің қиялы жөнді жетілмеген, пәрменсіз, тар көлемді болады. Шындыққа сай, дәл, дүрыс образдар жасай алатын адамдардың қиялы мазмүнды келеді. Шындықка сай дүрыс қиялдай білетін адамдарда емірдің түрлі салаларынан алынған білім қоры, тәжірибесі, белгілі көзқарасы, соның негізінде қалыптасқан айқын сенімі болады. Американың аса көрнекті ғалымы Эдисон қиялы аса күшті дамыған адам болған. Бір машинаны үш түрлі жолмен ғана жасап шығаруға болады деген үйғарымға келіспей, Эдисон машинаны 48 түрлі етіп жасауды үсынған. Бүған керісінше жаңа, соны нәрселерді іздеу, белгісіз нәрсені ашу, үмтылу орнына шындықтағы нәрселердің өзінің өңін айналдырып, босқа лағып отыратын адамдар да болады. Осындай адамдардың бейнесін Н. В. Гоголь «Ескілікті помещиктер» дейтін повесінде өте жақсы көрсеткен. «Кейде егер күн ашық болып, бөлмелердің іші жылы болса, Афанасий Иванович көңілденіп, Пульхерия Ивановнаға әзілдеп, онымен басқа бір нәрсе турапы сөйлескенді тәуір көретін. Адамдар бір-бірінен қиялының пәрменділігімеи де ажыратылады. Мәселен, біреулер мәселені шешуге кіріскенде соның төңірегіне бар ақыл-ойын жүмылдырады, әр сөзін ой таразысына салып, терең ойға шомады. Ол адамдар мәселенің түп қазығын, тарихын іздестіреді, сол мәселе жөнінде басқалармен кеңеседі, тәжірибе жасайды, материал жинастырады, осындай адам бір шығарма жазатын болса, өз кейіпкерлерімен іштей араласып кете алады, олар қуанса куанады, қайғырса бірге қайғырады. П. И. Чайковский «қарғаның мәткесін» жазып болып, күнделігіне: «Герман жан тапсырарда солқылдап жылап жібердім деп жазған екен». Осы айтылғанға қарама-қарсы қиялы өте әлсіз адамдар да болады. Қиялы әлсіз адамның көркем әдебиет кітаптарын окуы да бір түрлі. Ол мүндағы әдеби теңеулерге, суретгемелерге мән бермейді, әдеби суретгемелерді тастап кетіп, кітаптың тек өр жерінен «қызық» іздеп, түтас оқып шығуға шыдамы жетпейді. Өйткені қиялы шабан адамға көркем суреттемелер әсер етпейді, оны тез жалықтырып жібереді.

Қиялдың маңыздылығы оның шындықпен байланыстылығында. Шын мәнісіндегі қиял ғана мазмүнды, пәрменді де болып, адамды іс-әрекетке жетектейді, оның рухани өсуі үшін ерекше маңызды болады.

Иялды дамыту жолдары

Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мүны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады.Себебі бала санасында кез-келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да, бұдан керемет қиял көріністері қүралады. Баланың өмір тәжірибесі өсе келе, қиялы да шындыққа біртабан жақындап отырады. Мәселен, бала шимайлап қағазға бір нәрсенің суретін салады, оны шындықта бар нәрсеге ұқсайды деп ойлайды (тіпті ол ұқсамайтын болса да).

Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қияжа дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Қиял табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі құнды рухани сапа. Оның адам өміріндегі ерекше мәнін ұлы адамдар да жоғары бағалаған. Француздың әйгілі ғалымы, әрі көрнекті жазушысы Дени Дидро: «Қиял! Бүл сапасыз ақын да, философ та, ақылды адам да, ойлайтын жан да, тіпті адам болу да мүмкін емес» деп тегін айтпаса керек.

Адам әдетте қол жеткеніне қанағаттана қоймайды. Ол өзінің қиялы арқылы ізденеді, дүниені өзгертуге, жаңғыртуға тырысады. Болашағын болжайды, келешекте атқарылатын әрекетінің нәтижесін күні бүрын санасында елестетеді. Қиялдың, әсіресе, шығармашылық еңбектегі рөлі аса зор.

Қиялдың өз алдына жеке психикалық процесс екенін мойындамайтындар да кездеседі. Олардың айтуынша, қиял ойлаудың бір бөлшегі сияқты. Рас, қиял мен ойлау бір-біріне өте үқсас. Себебі, екеуінің де физиологиялық негізі бар. Бірақ та олардың әрқайсының атқаратын қызметі әр басқа. Психология оқулықтарында берілген қиял анықтамалары да оның мәнін жете ашпайтын тәрізді. Ол бойынша қиял дегеннің не екенін бірден түсіну қиын. Кітап бойынша қиял елестерді.қайта қүру, жаңғырту, бейнелер жасау делінген де, қиялдағы үғымдар рөлі еске алынбаған. Біздіңше қиял, яғни фантазия дегеніміз өмірде бар, әзірше жеке тәжірибемізде кездеспеген, келешекте жүзеге асуға мүмкін болмасты күні бүрын санамызда елестету мен үғымдар негізінде өзгертіп, жаңғыртып, бейнелейтін психологиялық процесс.

Кейде қүр қиялдану, мүндануды да қиял деп түсінетіндер бар. Бүл — теріс пікір. Қиял — психикалық қүбылыс. Ал қиялдану мен мүндану — көңіл күйі. Көңіл күйін өзгертуде тек қана қиял ғана емес, басқа да психикалық қүбылыстар да қатысады.

Кейбіреулер екінші сигнал беру жүйесіне ешқандай қатысы жоқ түс көруді де қиял түріне жатқызады. Бүл да қиялдың мәнін бұрмалағандық. Түс көру — психикалық процесс емес. Ол үйқы кезінде мидың кейбір бөліктерінің қызметінен пайда болатын физиологиялық қүбылыс.

Қиялды дамыту дегенімізде ең алдымен әркім өзі қиялының аз немесе көп екенін, қай дәрежеде екенін білгені жөн. Мұны көптен бері шетелдерде жиі қолданылып келе жатқан «Сізде қиял бар ма?» деген тест арқылы анықтауға болады. Мына кестедегі сан рет тексерістен өткен сүрақтарға жауап беріп, ұпайлар жинау керек.

Қиялдың сиқыр күшінің өзі оның шындықпен, еңбекпен, мақсатпен тығыз ұштасуында. Оны тәрбиелеу де осыған бағытталған. Оны қиялдану немесе мұңданумен айырбастауға болмайды. Бүл ұғым өз мағынасында қалуға тиіс. Психология оқулықтарында қиялды дамытуға, тәрбиелеуге біраз көңіл бөлінсе де оны меңгеру жайында ештеңе айтылмаған. Мүндай маңызды мәселе арнайы зерттеуді керек етеді. Туысқан қырғыз халқының үлы жазушысы Шыңғыс Айтматов: «Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында үшатындығымен де адам биік, адам ұлы» деп терең философиялық ой қорытындылайды. Қиялы әлсіздің өзі де әлсіз. Ендеше бір мезгіл қиялдап, армандап, тұруды да үмытпайық.

Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын — бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде оның творчестволық талабына кең жол ашылады. Бала ылғи да бір нәрсені жасау, қүрастыруға әрекетжасайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жай.

Мектеп — бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мүндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін, немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы окушылардың қиялын оятады. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен «еститіндей» күйге түседі. Көркем әдебиет шығармаларын талдағанда, тарих сабақтарындағы әңгімелерде, оқушылардың түрлі ойындарында қиял процесі әр қырынан көрініп отырады. Төменгі сынып оқушыларында алғашқы кезде қиялдың дамуы айтарлықтай болмайды. Мәселен, бірінші сыныптағылар суретке не оқығанға қарап, өз бетімен жаңадан бейне жасай алмайды. Өйткені осы жастағыларда синтездеу қабілеті жөнді дамымаған. Олар оқығанын кездейсоқ, біріне-бірі байланыспаған ассоциациялар арқылы жаңғыртып отырады. Баланың қайта жасау қиялын дамыту үшін алдымен олардың тәжірибесін қорландыра түскен дүрыс. Осы салада мүғалім істейтін іс — ұшан-теңіз. Мәселен, мүғалім балаларды орманға экскурсияға апарған екен дейік. Онда оқушылар әрбір ағашты, өсімдік түрлерін көздерімен көріп, қолдарымен ұстайды, білмегендерін бірінен-бірі сұрап не мүғалімнен біліп алады. Ертеңіне мүғалім оқу сабағында балалардан көрмеген ормандарды (тайга, тундра, тропика т. б.) туралы айтып беріндер десе, бүл олардың қиялын тәрбиелеуге көп пайдасын тигізеді. Өмір тәжірибесінің артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын да дамыта түседі. Мәселен, үшінші сыныптағылар сурет сабағында алдында тұрған заттардың бейнесін айнытпай сала алады, оны осындай басқа затпен салыстырып көреді. Бүл балада қайта жасау қиялының қалыптасып келе жатқандығын байқатады.

Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен, сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды.

Төменгі сынып оқушыларының қиялын дамыту олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галереяларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тындау, бала қиялын жаңа мазмүнға толтыра түседі. Шәкірт қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мүғалім де, оқушының ата-анасы да бүл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу,табиғатқа өндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербез орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т.б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.

Лылардан — ұлағат

Қиял! Мүнсыз ақын да, философ та... тіпті адам болуы да мүмкін емес.

Д. Дидро

Армандай білуге бейімділікте де үлы даналық бар.

А. Франс

... арман деген көп белес. Біріне шықсаң бірі бар.

Ғ. Мустафин

Арманмен ойнау қауіпті, күйреген арман өмірді

бакытсыздыққа душар етуі де мүмкін.

Д. И. Писарев

... бүрын фантазия, қиял деп жүрген ойлар бүгін дағдылы іс екенін танып, қүтыла аламыз ба?

Ш. Қудаибердіұлы

Барлық елдердің фольклорынан мол орын алатын жанрлардың бір түрі — ертегілер. Ертегілер көбінесе қара сөз үлгісінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі дейміз. Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы ХІХғ. II жартысынан басталады. Ш.Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваевтан бастап бірнеше кезеңдердің ғалымдары еңбек сіңірген. Ертегі жанрының мақсаты — тыңдаушыға ғибрат беру ғана емес, сонымен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегі жанрының функциясы кең, ол әрі тәрбиелік әрі көркем-эстетикалық роль атқарады. Ертегілік прозаның басты мақсаты — сюжетті барынша ғажайыпты етіп, көркемдеп, әсірелеп баяндау. Демек, ертегі шындыққа бағытталмайды, қайта керісінше, әсірелеуді міндет тұтады. Жануарлар туралы ертегінің түп-төркіні адамзат тарихының ең арғы заманында, аңшылық өмір кезінде жатыр. Қиял-ғажайып ертегілер — қазақ ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі. Алғашқы қауымдық қоғамда дамыған. Сондықтан бұл ертегілерде адамзаттың ертедегі өмірінің көптеген белгілері сақталған. (Матриархат дәуірі, анимизм, тотемизм, магия сияқты діни наным–сенімдер). Қиял-ғажайып ертегілердің сюжеті мен поэтикасына, құрылымына батырлық жырлар үлкен әсер еткен.

Ертегінің негізгі бір саласы- қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. «Ұшқыш кілем», «Адам жеңбес Айыртөс батыр», «Аңщы бай», «Керқұла атты Кендебай» т.б. қиял-ғажайып ертегілерінің де өзінше мәні үлкен.

Қиял-ғажайып ертегілердің оқиғасы фантазияға құрылады. Қаһарман-

дарды «Күн астындағы Күнікей қыз», «Ай астындағы Айсұлуларды» іздеп, жеті қат көк, жеті қат жер астын шарлайды, жан баспаған қияға барады. Олардың алысатын жаулары- қиялдан туған жеті басты жалмауыз, жезтыр-нақ, мыстан кемпір, алып дәу. Оларға қарсы күресте адамға көмектесетін дос күштер де болады. Сондай-ақ ертегілерде кездесетін алып қара құс, самұрық, алты айшылықты алты аттар қанатты тұлпарлар. Бұлар-адамның өршіл қиялы туғызған бейнелер.Адам осындай ғажайып достарының көмегімен аса үрейлі күштерді жеңеді. Халық қиялы еңбек адамын ардақтайды, оның күшіне сол сенім білдіреді.

«Ер Төстік» ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда , мазмұны, сюжеті, құрылысы, тіл жағынан көне заманда шыққан ертегі екендігі аңғарылады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін және олардың дүниеге көзқарасын көреміз. Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттын асау күштерімен алсып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, еікінші жағынан, әр түрлі дию, перілермен күресі баян етіледі.

Ертегігінің алға қойған негізі тілек-мақсаты− табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Бекторы, Темір хан,Шойынқұлақ тәрізді адамға зиян ойлайтын жауыздық иелерінен үстем шығып оларды қалайда өздеріне бағындыру болғандықтан, Ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Ер Төстікке жер астында кездесетін: Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысарды алсақ, қайсысы болсын адам баласының өмір-тіршілігіне керекті жандар. Өзінің әлі жетпейтін табиғат күштерін адам баласы қия туғызған күшті адамдар арқылы бағындыруды мақсат етеді. әр түрлі жауыздықтардың ұясыболған, адам баласына қастық қана ойлайтын Бекторы, Шойынқұлақ, Темір хан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі.Ер Төстік қандай қиын-қыстауды басынан кешіріп, ақыры өз дегеніне жетеді. Халық оптимист, жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді. «Ер Төстік» ертегісі осыны көрсетеді.

Ертегідегі оқиғаның шарықтау шегі-Ер Төстіктің жер бетіне шығып, Шойынқұлақпен күресуі, ал оны жеңіп, үйіне келуі оқиғаның шешімі болып саналды.

Жеке адам — әлеуметтік қатынастармен санала іс — әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым – қатынас жасау үстінде, тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән – мағынаға ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен ( от басы, мектеп тағыда басқа ) тығыз байланыста. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алддымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай – ақ оның қандай көзқарасы, наным – сенімі, бағыт – бағдары, білімі мен іс – тәжірибесі, икем –биімділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет. Осы айтылғандар жөнінде мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы азды – көпті пікір білдіруге мүмкіндік аламыз. Ер жетіп, ес білетін кісінің өмір жолын, ұстаған бағытын білдіретін мотивтер ( түрткі, себеп ) көп.

Адамдарды зерттейтін ғылымдар ішінде психологияның алатын орны айрықша және ол – адам саны ғылымдары жүйесіндегі жетекші пән. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат етіп қояды.

Табиғаттағы ақыл – ой мен сана иесі – адамның өзіндік сипат – белгілері – оның еңбектену әрекеті нәтижесінде материалдық игіліктерді өндіретіндігі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы қарым – қатынас жасап, әлеуметтік ортада тіршілік ететіндігі. Осындай белгілермен байланысты адам хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп, эволюциялық дамудың ең жоғары сатысына көтеріледі. Өзін қаршаған ортаға белсенді түрде ықпал етіп, дүние сырын танып білу иесі (субектіге) айналады.

Адам бойындағы даралық қасиеттер оның өзгелерге қарым қатынасынан байқалады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа туған нәресте де, ересек адам да, ақыл – иесі ауысқан жынды да дара адам (индивид) болып саналады. Осындай ерекшеліктермен қатар қалыпты дамыған, өмір тәжірибесі мен өзіндік қасиеті, әлеуметтік ортада өз орны бар адам жеке адам деп аталады. Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым – қатынас жасайды. Осындай іс — әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір – қасиеттері қалыптасады.

Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс — әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл — әрекетіне оның мінез – құлқына, ниет – тілегі мен бағыт – бағдарынан айқын байқалады. Ниет – тілектердің мәні адамның тіршілігіне, іс — әрекет түрлерінен, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы, психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа байқалып тұрады.

Сыртқы нәрселер мен тіршілік ететін орта әлеуметтік жағдай мен ыңғайласып, адамға жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп те, өзгертіліп те отырады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктері мен оның психологиялық дара өзгешелігін білдіретін қасиеттер – темпераменті мен мінезі, психикалық процестерді басынан кешіруі, сезі күйлері мен іс – қимылы және қабілеті бірдей адамдар жоқ. Даралық сапалар тарихи қалыптасып, жеке адамның кісілік қасиеттерін құрайды. Әрбір адамның мінез құлық ерекшеліктері де әлеуметтік ортада дамып жетіледі. Сондықтан, біз жеке адамды қоғам мүшесі ретінде санап, оның әлеумет өміріне ықпал етіп, отыратын белсенділік әрекетін де ескереміз. Мінез бітімі, темперамент ерекшеліктері, ақыл – ой сапасы, қызығуының баста бағыты әрбір дара адамның өзіндік психологиялық тұрақты бейнесін жасайды. Әр түрлі құбылмалы жағдайларда адамның бір қалыпты бейнесін осындай тұлғалық қасиеттері көрсетеді. Сондай – ақ, мұндай, тұрақты қасиеттер жеке адамның жан дүниесі құрылымындағы даралық тұлғаны да бейнелейді. Адам бойындағы тұлғалық қасиеттер қоғамдық тәрбие нәтижесінде өзгеріп те, жаңа сапаларға ие болып та отырады.

Жеке адамның тұлғалық сипаттарында ерекше байқалатын екі түрлі ерекшелік бар. Оның бірі — әрбір адамның құрылымы мен жеке басындағы даралық сипаттар. Бұл – адамдардың типтік мақсаттарыен байланысты теориялық мәселе. Екіншісі – сол типтерден туындайтын және жеке басқа бағынышты азаматтық ерекшеліктер. Бұл мәселе осы заманғы психологияда айрықша маңызды деп саналатын биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделе отырып қарастырылады. Биологиялық фактор – адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиолигиялық қасиеттер, ал әлеуметтік фактор – адамның жетілуіне тіршілік ортасының, қоғамның, тәлім – тәрбие істерінің әсері. Осы екі фактор адамның психикалық дамуында бірін – бірі толықтырып отырады.

Адамның өзіндік психологиялық сипатын зерттеуде ерекше орын алатын іс-әрекет түрі – оның белсенділігі. Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар – мақсатымен, өмір – тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі – Австрия ғалымы З.Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстиктті әрекеттеріне, соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін — өзі сақтау инстиктіне байланысты дейді. Адам мұндай инстинкттерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, өзінің мінез құлқын саналы түрде басқарады. Алайда, З.Фрейд пен оны жақтаушы зерттеушілер адамның белсенділігі сол жыныстық еліктеудің шеңберінен шыға алмайды деп, «Эдип комплексі» дейтін мәселе көтеріп, ерте замандағы грек жазушысы Софоклдың «Эдип патша» атты шығармасының сырын уағыздайды.

Ғылыми зерттеулерінде кемшіліктер болғанымен де, З.Фрейдтің адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екендігін дәлелдеп беруінің өзі – айтарлықтай жаңалық. Дегенмен, оның белсенділік әрекеттің қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дамиды дейтін. Пікірін көптеген шетелдік психологтар орынсыз деп санады. Атап айтатын болсақ, А.Кординер, Е.Фромм, К.Хорни т.б. Фрейд көзқарасының кемшілігін ашып көрсете алмаса да, өздерінше «жаңа Фрейдизн» деген ағымды тудырды.

«Жаңа Фрейдизн» ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санады. «Жаңа Фрейдшілдердің» ойынша, тіршілік ортасына бейімделген адам әлеуметтен өзінің ғашығын іздейді, соған ұмтылады, билік үшін күресте беделге ие болады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады. К.Хорни адам қоғамынан аулақ болып, ғашығымен мұңдасып, оңаша сырласқысы келеді дейді. Сөйтіп, «жаңа фрейдшілдер» адамның белсенділігін асыра дәріптеп, оған мистикалық өң береді. Ал шын негізінде адамның белсенділік іс-әрекеттері ғылыми – материалистік тұрғыдан қарастырылуы тиіс болатын. Белсенділік әрекет адамның қажеттіліктерін қанағаттандырып, мұқтаждықтарын өтеу әрекеттерімен ұштасады.

«Қажеттілік» дегенді қалай түсінеміз? Қажеттілік – адам белсенділігінің негізгі себебі және іс — әрекетке итермелеуші күш. Қажеттілік қоғамдық тәлім – тәрбие ықпалымен қалыптасып, адамның материалдық, рухани, қоғамдық мұқтаждықтарын қанағаттандырады. Мұдай қанағаттандыру қоғамдық – даралық сипатта болып, қажеттілік тектік белгісіне орай табиғи және рухани – мәдени, ал сол заттарды ұстап – тұтыну сипатына қарай материалдық және рухани қажеттіліктер болып бөлінеді. Материалдық – заттық қажеттіліктерге тамақ, киім-кешек, тұрғын – үй, тұрмыс заттары жатады. Рухани қажеттілік адамның басқа адамдармен әңгімелесіп пікір алысу, білімін көтеріп, кітап, газет – журнал оқуы, өнер түрлерін үйренуі т.б. мұқтаждықтарын қанағаттандыру арқылы жүзеге асады. Қажеттіліктер тегі мен адам санасының тарих дамуына орай және оларды тұтыну обьектісіне сәйкес түрлі – түрлі болып бөлінеді.

Адамның бір мұқтаждығының қанағаттанып, оның орнына басқа мұқтаждық пайда болуы оның өмір сүруіне, әрекет етуіне өте керекті шарт болып табылады. Егер адам өзінің мұқтаждықтарын қанағаттандырумен ғана тынатын болса, онда өмір сүрудің, тіршілік етудің айрықша керегі де болмас еді. Адамның қоғамнан да мұқтаждығы болмаса, қоғамның алға дамып отыруы да болмас еді. Сол себептен мұқтаждық, я қажеттілік адамның болсын, қоғамның болсын прогрессивтік түрде өсіп, алға дамып кетуіне өте керекті күш болып табылады. Адам баласы түрлі қоғамдарда өзінің мұқтаждықтарын еш уақытта толық қанағаттандырған емес.

Қоғамның өндірістік қатынастар мен өндіруші күштері, олардың дәрежесі қоғамның түрлі мұқтаждықтарына пайда болуына себепші болып отырады. Бірақ олардың өздері адам қоғамына сүйеніп, солардан пайда болады. Адамның санасы да, тілі де мұқтаждықтан пайда болған. Бір – бірімен қатысып, байланысып отыру үшін тіл қажет. Егер адамдарда мұқтаждық болмаса, тіл де, сана да, болмас еді. Бірақ тіл мен сана өздерінің дамуында адамның қажеттіліктеріне әсер етіп және қажеттіліктер пайда болдыруға себепші болып отыруы мүмкін. Адамның рухани мұқтаждықтарының негізіне материалдық мұқтаждықтар жатады. Ең алдымен, адам өмірінің материалдық мұқтаждығын орындауға жұмыла кірісіп, әрекет етіп отырады да, сонымен бірге бара–бара ол мұқтаждықтар рухани, моральдық мұқтаждыққы айналып отырады. Мысалы, адамдарда киімге мұқтаждық пайда болған кезде адамдар өзінің денесін суықтан сақтауға әрекет етіп киім табатын болған, бірақ бұл бара – бара қоғамның дамуында бұрынғы материалдық мұқтаждықтан рухани мұқтаждыққа айналады. Адамдар бара – бара киімді өздерінің абыройын жабу үшін, кейін сән үшін де кие бастайды.

Рухани мұқтаждықтар материалдық мұқтаждықтарға негізделіп пайда болғанмен, рухани мұқтаждығына әсер етіп және материалдық мұқтаждықтардың дамуына себепші болып отырады. Мұқтаждық, яғни қажеттілік адамның барлық әрекеттерінің қылығының себепшісі болып, оларды дамытушы күш болып табылады. Адам дүние табуда да, техниканы, өнерді, мәдениетті дамытуда болсын өзінің, қоғамның мұқтаждығына сәйкес әрекет етіп отырады. Егер адамда мұқтаждық, яғни қажеттілік болмаса, алдына мақсат қойып, істейтін ешбір әрекеті де, қылығы да болмайды. Түбінде адамның мұқтаждығы өз қылығының, әрекеттерінің негізі болып, соларды басқарып, меңгеріп отырады. Адам тіршілік етіп, әрекет ету үшін өмір сүру керек. Бірақ адам өмір сүру үшін тамақ, баспана, киім, су сияқты нәрселер қажет. Бұл жөнінде Маркс пен Энгельс «Неміс идеологиясы» дейтін шығармасында: «Адам тіршілік ету үшін өмір сүруі қажет. Адам өмір сүріп, тарихта жасауы керек. Бірақ бұл үшін ең алдымен ас, су, үй, киім және осы сияқты нәрселер қажет» дегенді айтады. Егер адамдар осы айтылған нәрселерді пайда болдырмаса, оларды жасамаса, осы айтылған мұқтаждықтарын қанағаттандырып отырмаса, адам адам болып күн көре алмай, өмір де сүре алмас еді. Жоғарыда айтылған нәрселерсіз адам өмір сүре алмайтын, тіршілік ете алмайтын мұқтаждықтар болып табылады.

Адам өмір сүруіне керекті жағдайды және негізгі мұқтаждықтарды екіге бөлуге болады: 1) материалдық мұқтаждықтар, оларға айрықша баспана, киім – кешек тағыда басқа осы сияқты нәрселер еніп отырады; 2) рухани мұқтаждықтар: бұларға адамның басқа адамдармен қатынасын, қоғамда болуы, бостандықта болуы, өзін еркін сезінуі т.б. кіреді. Адам түрлі заң есесінде тіршілік ету үшін онда зат алмасуы қажет. Адамның ішкі дене мүшелері әрекет етіп отыруы тиіс. Егер адам тамақтанбаса, өзінен қашқан қуатты қайтарып, орнына келтіре алмайды, ішкі дене мүшелері әрекет ете алмас еді. Адам өмір сүріп, тіршілік те ете алмайды. Егер адамда баспана, үй болмаса, денесін жылыта да алмайды, суық тиіп, тоңып, өліп қалады. Сол себептен біз бұл қажеттерді өте керекті, негізгі мұқтаждықтар деп атаймыз.

Адам — қоғамның жемісі. Адамдар бір – бірімен қоғамдасып, еңбек ету арқылы ғана адам болған, қоғамсыз, еңбексіз адам күн көре алмайды. Әр уақытта адам басқа адамдармен қатынасып, солармен бірге байланыста болып, еңбек етіп отыруы керек. Егер адам жалғыз өзі болса, ол тіршілік етіп, адам қалпында қалуы екіталай, сол себептен адамдардың бірі мен бірі қатынасып, қоғамшыл болып отыру рухани мұқтаждықтарының ең керекті негізгі түрі болып табылады. Адамның көңілдегідей әрекет етіп тіршілік жасауы үшін бостандық қажет. Егер адамда бостандық болмаса, ол еркін өмір сүріп, еңбек етіп, тіршілік ете алмайды. Сол себептен адамдардың бостандығын жою, абақтыға қамау, жер аудару сияқты әрекеттер оларға берілетін жазаның ең бір қатаң түрлері болып табылады. Хайуанаттарда да мұқтаждық бар. Бірақ олардың мұқтаждықтары — биологиялық мұқтаждық. Хайуанаттардың қылығының барлығы биологиялық мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған, сол себептен адамдағы тән әлеуметтік мұқтаждықтар оларда болмайды.

Жаратынды, яғни табиғи мұқтаждықтар адамда болатын биологиялық өзгешеліктермен, ағымдармен байланысты. Бірақ түбінде ол биологиялық ағымдардың өзі хайуанаттардағы биологиялық ағымдардан өзгеше. Адамның денесінде болатын биологиялық процестер даму барысында өзгеріп, адамның әлеуметтік дамуының ықпалына түскен әрекеттер болып табылады.

Адамның мұқтаждықтары бір қалыпты тұрмайды. Қоғамның өзгеруімен бірге адамның қажеттіктері де өзгеріп, дамып отырады. Егер хайуанаттардың мұқтаждығын алсақ, олардың негізгі мұқтаждақтарының жүзеге асу формалары, түрлері өзгергенмен, негізгі мұқтаждықтары өзгермей, бір қалыпта болады. Мысалы, хайуанаттардың әрекеттерін алайық, оларда тамақтану, қорғану, нәсіл қалдыру сияқты соқыр сезімдері эволюциялық дамуда өсіп, көп миллион жылдар басынан өткізгенмен, бұл биологиялық мұқтаждықтар сол бойынша өзгермей қалған. Ал адам болса, әлеуметшілік, қоғамдық тұрмыста қоғамның өзгеруімен бірге адамның мұқтаждықтары да өзгеріп, ескі мұқтаждықтары жойылып, олардың орнына жаңа мұқтаждықтар пайда болып отырады. Мәселен, бұрынғы адамдар театр, кино, түрлі операцияларды көру мұқтаждықтары болмаған, осы кезде адамдардың ол мұқтаждықтарға қол жеткізіп, қоғамның өзгеруімен бірге мұқтаждықтарының да өзгеріп отырғанынбайқауға болады.

К.Маркс пен Ф.Энгельс «Неміс идеологиясында» адамның материалдық тұрмысы олардың дамып жетілген мұқтаждықтарымен байланысты дейді. Бұл – мұқтаждықтардың пайда болуы және оларды қанағаттандыру болады. Сондықтан мұндай мұқтаждықтарды олардың түрліше қанағаттандырып, отыруы хайуанаттарда болмайды, жалғыз ғана адамда болады деген пікірді айтады. Мұқтаждықтардың жүзеге асып отыру формалары оларды қанағаттандыру жолдарымен байланысты. Жоғарыда айтылған негізгі материалдық және рухани мұқтаждықтар адам қоғамының барлық сатысында орын алса да, оларды қанағаттандыру, жүзеге асу түрлері өзгеше болып келді. К.Маркс аштықты қанағаттандырудың түрлі – түрлі жолдары болатындығын көрсетеді. Мәселен, адам ашыққанда пісірген етті пышақпен және шанышқамен жеп қарнын тойғызуы бұрынғы анайы адамдардың шикі етті қолмен, тырнағымен, тісі арқылы жұлып жеуінен өзгеше дейді. Бұл мысалдан адамдардың мұқтаждықтары бір болғанымен, қоғамның түрлі сатыларында ол мұқтаждықтарды орындау, қанағаттандыру түрлері өзгеше болып отыратындығын көруге болады.

Адамның мұқтаждықтары адамның әрекетін меңгеріп, басқарып отырады. Егер адамда мұқтаждық болмаса, адам тіршілік те, әрекет те етпейді. Сондықтан адамның бір мұқтаждықтары қанағаттанатын болса, олардың орнына басқа мұқтаждықтар пайда болып отырады. Қанағаттандарылған мұқтаждықтар орнына басқа мұқтаждықтар пайда болуы адамның әрекеттерінің, қылығының прогрессивтік түрде ғылымды, өнерді, мәдениетті т.б. әрқашан да алға қарай дамытып отыратындығын көрсетеді. Егер адамдардың мұқтаждықтары бір қалыпты тұрып, өзгермесе, жаңа мұқтаждықтар пайда болмаса, адамның әрекеті де бір қалыпты тұрған болар еді. Олай болса, тарих та болмас еді. Сондықтан тарих пен қоғамның дамуы үшін, адамның мұқтаждық әрекеттері өсіп, дамып отыруы қажет.

Адам қажеттіліктерін бәріне жуығы еңбек арқылы қанағаттандырылады.Еңбек – адам тіршілігіндегі бірінші қажеттілік. Сондықтан қоғамдағы тілім — тәрбиенің өзекті мәселесі – адамды еңбек ету қажеттілігіне баулу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыдан даярлау – жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсаты. Еңбек – адамның іс — әрекетіне негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Іс — әрекеттің екінші түрі – оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын меңгеріп, өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. Ойын – адамның негізгі әрекеттерінің бірі. Ол бала мен жасөспірімнің денесін шынықтырып, әралуан қимыл – қозғалыстарын жетілдіреді. Мектеп жасына дейінгі балалардың басты іс — әрекеті – ойын. Ойынның түрлері мен мазмұны баланың ақыл – ойын дамытуға ықпал етіп, өзін қоршаған ортаның, заттар мен құбылыстардың мән – жайын түсіндіреді. Бір сөзбен айтқанда, еңбек, оқу, ойын – адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі іс — әрекет түрлері.

Балалар мен ересек адамдардың әр алуан іс – қимылы нәтижесінде олардың автоматталған әрекеті – дағдылар, іс — әрекет түрлерін орындауға бейімділігі мен ептілігі, тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның анатомиялық, физиологиялық және психикалық жағынан дамып жетілуіне әсер етеді. Оның рухани өмірінің мазмұнын байытады.

Дағдымен ептілік.Дағды – адамның белгілі іс — әрекетті сан рет қайталап отыруы нәтижесінде қалыптасып, автоматты түрде орындалатын ісі. Мәселен, балада оқу дағдысының қалыптасуы, қызметкердің міндетті ісін орындауы. Дағдының қалыптасуында мақсат қою негізгі рөл атқарады. Дағдының қалыптасуы қимыл – қозғалыстар мен әрекет жасауға орай бірнеше сатылардан тұрады.

Адам әрекетіндегі ептілік (бейімділік) – белгілі бір істі атқаруға бейім тұру, өзінің игерген білімін, дағдысын түрлі жағдайда қолдана білу. Ептілікті жеке қарастырсақ, ол адамның дағдыдан өзгешелеу ұқыптылық қасиетін көрсетеді. Ептіліктің тағы бір ерекшелігі адамның өз білімін қажет болған кез – келген жағдайда қолдана білу әрекетінен анық байқалады.

Әдет – адамның іс -әрекетіндегі мінез – құлыққа байланысты тұрақты қасиеті. Психологиялық тұрғыдан алғанда әдет адамның белгілі іс — әрекет түрін бұрынғы өмір тәжірибесінде қалыптасқан дағдылары мен біліміне сүйене отырып жүзеге асырады. Адамның тарихи дамуында ол көпшіліктің игілігіне, әдет – ғұрып, салт – дәстүрге айналып, халықтық сипат алуы мүмкін. Әдет – адамның қажеттілігін өтеуге сәйкес қайталанып отыратын әрекет. Ол адамның кез – келген іс — әрекетінің түрінде кездеседі. Еңбек сүйгіш, жақын адамдардың ісіне көмектесу, ұйықтау алдында серуендеп, жуынып – шайыну — әдеттің ұнамды әрі пайдалы түрлері. Ал ұстамсыздық біреудің сөзіне кесе көлденең кірісіп, оны бөлу — әдеттің ұнамсыз сипаттары. Жағымды әрекеттер адам мінезінің ұнамды жақтарын қалыптастыруға әсер етеді.

Ниет ( мотив) – адамның белгілі қажеттіліктерді қанағаттандырудағы іс — әрекетіне байланысты психологиялық көңіл – күйі. Қажеттілік – адамның белсенді әрекетін туындыратын қозғаушы күш делінсе, ал ниет – сол қажеттіліктің нақты көрінісі. Ниет адамды түрлі әрекеттерге ұмытылдырады. Олар мазмұнына, нақты мақсатына қарай айқын ниет және көмескі ниет болып бөлінеді. Ниеттердің бір – бірімен алмасуы адамның қоғамдық – тарихи жағдайына байланысты. Адамдардың ниеті бірнеше сатыдан құралады. Олар: әуестену, ықылас – ынта. Мүдде – адамның мақсаты тілекке жетуінің жоғары сатысы. Адам өз мүддесіне жету үшін еңбектенеді, оқып білім алумен шұғылданады, спортпен айналысып, өнер үйренеді. Мұның бәрі мүдденің мазмұнын білдіріп, адамға ақыл кірудің белгісі болып саналады.

Ынтығу (құмарту).

Ынтығу, яғни құмарту заттардың адамға тікелей адамға әсер етуінен адамда бір түрлі қозғаулар пайда болдырудың нәтижесінен шығады. Егер адам өзі жақсы көретін тамақты көрсе, онда сол асқа құмартып, жегісі келеді. Мұндай әрекетті ынтығу деп айтуға болады. Бірақ адамның ынтығулары хайуанаттардың тамақтану соқыр сезімдерінен, яғни олардың тамаққа ынтығуларынан айырмасы үлкен. Адам өзінің ынтығуларының құлы болмай, неге құмартса, соған ерік бере бермей өзінің құмартуларын басқарып, меңгеріп бір жобаға салып отырады. Егер дәмді асқа құмартып, жегісі келіп отырған адам дәрігердің «жеме» деген ескертуі бойынша, ол бұл асты қанша жегісі келіп, құмартып тұрса да оны жемеуі мүмкін. Ал егер жануарларды алсақ, ас көрсе, айналып кетпейді, оны міндетті түрде жейді. Бұл мысалдан адам баласы өзінің құмартуларын басқарып отырғандығын көруге болады. Құмарту адамның мұқтаждығынан пайда болады. Құмарту адамның мұқтаждығын қанағаттандырудың, мұқтаждықтың пайда болуындағы бір түрлі әсері деп айтуға да болады. Кейбір психологтар құмарту биологиялық әрекет, ол өзінен өзі пайда болады дейді. Оның мұқтаждыққа ешбір қатынасы, байланысы жоқ, олардан шықпайды, адам өздерінің құмартуларының құлы, құмартулар адамда қайта пайда болса, адам соның ықпалынан шықпайды деген қате тұжырымдарды айтады.

Құмарлық – адамның өте зор күшін талап ететін қажеттілігін орындаудағы ниеті, таным әрекетінде ол – ұнамды қасиет. Алайда, оның пайдалы және пайдасыз (жағымсыз) түрлері де бар. Білім алуға, мамандықты игеруге деген құмарлық – пайдалы. Ал карта ойынында ақша тігіп ойнау, ішімдікке салыну, қыдыруға құмарлық – ұмтылу әрекетіндегі жағымсыз қылықтар.

Адамның жеке бағыт – бағдары, арманы, құмарлығы, әр – түрлі мұраттарға жету жолындағы әрекеті – оның даралық қасиеттеріне тән психологиялық ерекшеліктер. Ондай ерекшеліктер мән – мазмұны мен мақсат мүддесіне қарай пайдалы және зиянды сипатта болулары мүмкін. Өйткені, адам – табиғаттағы ең жоғарғы сатыдағы ақыл иесі ретінде жан дүниесінің құрылымы мен психикасы аса күрделі субьекті.

Наши рекомендации