Анатты сӨздердiҢ тӘрбиелiк мӘнi 5 страница

Олардың айтқан сөздерi б.э.д. VІ ғасырда Дельфыдағы Аполлон храмының маңдайшасына жазылып қойылған екен. Қанатты сөздер мыналар болатын:

«Бәрiнен де маңызды шара» - Клеобул;

«Өзiңдi өзiң - тани бiл» - Хилон;

«Қаһарыңды төкпе» - Периандр;

«Ешнәрсенi артық iстеме» - Питтак;

«Өмiрдiң ақырын аңда» - Солон;

«Естiден ессiз көп» - Бионтом;

«Ешкiм үшiн кепiлдiк берме» - Фалес.

«ЖИЫРМА БЕС ЖЫЛ БОЙЫ ҮЗДIКСIЗ ЖЕҢIСТЕР БОЛҒАН ЗАМАН» – Закавказьенiң өркендеген құл иеленушiлiк мемлекетi ІІ Тигран Великийдiң тұсында (б.э.д. 95-96 жылдар) Армения болды. Тигранның билiк еткен заманы сарай маңындағы айтылатын эпоста «25 жыл бойы үздiксiз жеңiстер болған заман» - деп дәрiптейтiн.

ЖИЫРМА ТIЛДЕ СӨЙЛЕЙТIН АРМИЯ - Наполеон Бонапарттың 1807-1812 жылғы армиясын тарихшылар осылай атаған.

ЖОҒАРЫДАҒЫ ОН МЫҢ – байлар мен қаржы аристократтары туралы айтқанда қолданылатын бейнелі сөз. Ағылшын ғалымы Н.Паркер Уиллистің сөзі. «Пруссияның жоғарғы жиырма бір мың байлары 13,5 миллиард марка тұратын байлықты иеленсе, қалған 1300000-ның барлығы жабылып не бәрі 3 миллиард маркаға тең байлыққа ие».

«ЖОҚ, БIЗ БҰНДАЙ ЖОЛМЕН ЖҮРМЕЙМIЗ» - В.И.Лениннiң айтқан сөзi.

Оның үлкен ағасы Александр халықшылдық қозғалысқа араласып, патша өмiрiне қастандық жасауды әзiрлеуге қатысқаны үшiн 1887 жылы сотқа тартылды. Ол кешiрiм жасау туралы өтiнiшке қол қоймай, өлiмге бас тiктi.

Ағасының өлiмi 17 жасар Владимирге қатты әсер еттi, сөйтiп ол өз өмiрiн револиюциялық қозғалысқа арнамақшы болды, сонымен қатар күрестiң басқа жолын табу оның ойын нығарлай түстi. Сол кезде ол: «Жоқ, бiз бұндай жолмен жүрмеймiз», - дедi.

ЖҰЛДЫЗДЫ САҒАТ – бұл сөз жазушы Стефан Цвейгтiң (1881-1941) қаламынан туған. Ол өзiнiң «Адамзаттың жұлдызды сағаты» атты тарихи новеллалар жинағының алғы сөзiнде келтiрдi. 1956 жылы орыс тiлiне аударылған соң, бейнелi сөз ретiнде қолданыла бастады. «Жұлдызды сағат» әдеби тiлде «шешушi, маңызды кезең» деген мағынада қолданылады. Кей жағдайда «жұлдызды минут» деп те қолданады.

ЖҰЛДЫЗДЫ СОҒЫС – американ режиссері Джордж Лукастың (1941 жылы туған) фантастикалық киноэпопеясының аты.

Президенттікке кандидат Эдвард Кеннеди «стратегиялық қорғаныс бастамасын» (старитегическая оборонная иниициатива - СОИ) бір сөзбен осылай атаған.

ЖҰМАҚ - АНАЛАРДЫҢ ТАБАНДАРЫ АСТЫНДА – ананың қадір-қасиеті жұмақтан артық, ананың табаны да жұмақ мекенінен артық деген мағынада.

«ЖҮЗ КҮН» - 1814 жылы одақтастар әскерi Франция жерiне кiрген кезде, Наполеон тақтан бас тартты. Содан оны Эльбаға жер аударды. Елде Бурбондар билiгi қайта орнады. Алайда ол билiктi қайтарып алып, тақта 100 күн отырды. Франция тарихындағы осы бiр кезең «жүз күн» деген атпен қалды.

Қазіргі кезде жаңа тағайындалған үкіметтің алғашқы 100 күні шешуші болып табылады.

«ЖЫЛЫМЫҚ ЖЫЛДАРЫ» - И.В.Сталин қайтыс болғаннан кейiнгi онжылдықты жазушы И.Эренбургтiң баға беруiмен қалыптасқан елiмiздiң саяси жағдайның келбетi осылай аталды.

З

«ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ АҚЫЛ-ОЙЫ, АБЫРОЙЫ МЕН АР-ОЖДАНЫ» - 1917 жылы жарияланған «Саяси шантаж» атты мақаласында В.И.Ленин өз партиясын осылай атаған болатын. Бұл партияның өмірі 74 жылға ғана созылды.

«ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРI ҚАРУМЕН, ҚАНМЕН ШЕШIЛЕДI» - 1862 жылы сайланған Германияның бiрiншi министрi Отто Бисмарк елдi бiрiктiру үшiн күштi армия қажетiгiн түсiндi. 1862 жылы 30 қыркүйекте халық өкiлдерi палатасында сөйлеген сөзiнде: «...Пруссияның шекараларының Вена тәртiбi бойынша жүргiзiлуi мемлекеттiк өмiрдiң қалыпты дамуына кедергi келтiредi, заманыныздың ұлы мәселелерi көп ретте – 1848-1949 жылдары қателiкке әкелiп соқтырғандай, сөйлеген сөздермен, қаулылармен шешiлмейдi - қарумен, қанмен шешiледi».

ЗАРЗАМАН– халыққа жайсыз дәуір деген мағына беретін бейнелі сөз.

Мына заман қай заман,

Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман,

Тарлығының белгісі,

Жақсы жаннан түңілген,

Жаман малдан түңілген,

Мұның өзі зарзаман (Шортанбай).

ЗӘМЗӘМ СУЫ – емдік қасиеті бар деген мағынада қолданылатын бейнелі сөз.

«Осы таулардың жықпылынан сылдырап сегіз бұлақ ағады: Айман, Қатпас, Шоқай, Мойылды, Қапар, Көшет, Малай, Кетен бұлақтарының суы зәмзәм суындай – мөп-мөлдір, көкпеңбек; ішсең сусыныңды қандырады, жусаң бетіңді жасартады» (З.Шашкин, Сенім).

ЗЕВС - грек мифологиясы бойынша құдайлардың әкесi және патшасы. Ауыспалы мағынада: «теңдесi жоқ адам» деген мағына бередi.

И

ИЛИАДА – Гомердiң «Илиада» атты шығармасының аты. Өз отанын жаудан ерлiкпен қорғаған халық туралы айтқанда қолданылатын бейнелі сөз.

«ИТ ЖЕККЕН» - ертеде қазақ патша әмiрiмен Сiбiрге жер аударылғандарды «ит жеккенге» айдалып кеттi дейтiн болған. «Ит жектi» деген сөздiң өзi қиыр Шығыстағы халықтардың қыс кезiндегi шанаға ит жегiп тiркейтiн кәсiбiне байланысты шыққан.

(Н.Төреқұлов, «Қанатты сөздер»).

ИТ ӨЛГЕН ЖЕР – «өте алыс жер» деген ұғымды беретін бейнелі сөз.

«Ақмола мен Қарталының арасы - ит өлген жер арасы» (Ғ.Мүсірепов, Белдерде).

ИТ ӨЛІМ – қадірсіз, жиренішті қаза, көмусіз қалу деген мағына береді.

ИТ ӨМІР – қорлықпен өткен өмір, итше ырылдасқан тірлік.

«Ит өмірдің осылай аяқталарын білді ме?» (Ә.Нұрпейісов).

«ИЮНЬ ЖАРЛЫҒЫ» – тылдағы құрылыс және қорғаныс жұмыстарына «бұратана» халықтардан адам алу туралы 1916 жылғы 25 шiлдедегi патша жарлығы шықты. Қазақстанда Дала өлкесiне қарайтын Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарының, Түркiстан өлкесiнiң және басқа жерлердiң өкiлдерi тыл жұмыстарына шақыртылды.

«Алам деп солдат қазақтан,

Алып та тұр тынышты,

Торғай уезд адамы,

Бермеске адам тырысты» (С.Есембетов, «Июнь жарлығы»).

ИУДА-САТҚЫН. ИУДАНЫҢ СҮЙУI – Иисустың 12 шәкiртiнiң бiрi - Иуда 30 күмiс ақша үшiн өз ұстазын сатқан. Жасауылды баққа апарып: «Мен қазiр кiмдi сүйсем, соны ұстаңдар», - деп келiседi де, Иисусты барып сүйедi.

Бұл бейнелi сөз «сатқындықтың» синонимi болды, дос бола жүрiп, екi жүздiлiк танытып, сатқындық жасаған адам туралы айтқанда қолданылады.

К

КАИН. КАИННЫҢ БЕЛГIСI - Адам мен Еваның тұңғыш ұлы, ол өз ағасын өлтiрiп адамзат тарихындағы тұнғыш ауыр қылмыс - адам өлтiрудi жүзеге асырды. Бұл бейнелi сөздi қолданғанда көз алдыңа ауыр қылмыскер елестейдi.

«Каинның белгiсi» дегенде қылмыскердiң арына түскен дақты меңзеп айтамыз.

«КАРФАГЕН ЖОЙЫЛУҒА ТИIСТI» - Катон Старший (б.э.д. 234-148) Сенаттағы әрбiр сөзiн «Карфаген жойылуға тиiстi» деп аяқтайды екен. Бұл туралы Плутархтың «Катонның өмiрi» деген кiтабында баяндалған.

КАССАНДРА - Троя патшасы Приамның қызы Кассандра көрегендiлiк қасиетке Аполлонның арқасында ие болды. Алайда оның махаббатын жауапсыз қалдырғандықтан, Аполлон троялықтарды «Кассандраның сәуегейлiгiнен сақтаныңдар», - деп жазғыра бастады. Дәл сол сәтте ол троялықтарды «ағаш аттан сақтану қажет, ол қалаға зиян әкелетiнiн» болжаған болатын.

Кассандраның есiмi «ешкiм сенбейтiн, бiрақ төнiп келе жатқан қауiптi меңзеген адам туралы» айтқанда қолданылады.

КАТОН - Рим ораторы, жазушы, мемлекеттiк қайраткер және қолбасшы Катон Марк Порций Старший өз өмiрiнде адалдығы мен сақтығының арқасында көп жауларын жеңген екен. Оны 34 рет сотқа тартқанда, фемида оны ақтап шыққан.

Катон есiмiмен «адал, таза адамды» айтамыз.

«КВАСТЫҚ ПАТРИОТИЗМ» - ХІХ ғасырда Ресейде тек өз халқының шоқтығын биiк санап, тек ұлттық тұрмыстың ерекшелiктерiне шын берiлген адам ғана сол ұлттың өкiлi саналады деп түйдi. Кiмде-кiм орыс көжесiн жеп, квасын iшiп, сақал қойса, ол нағыз патриот саналды.

Ақын П.Вяземский А.Пушкинге жазған хатында осындай ойға берiлген адамдарды – «квастық патриотизмге» берiлген адамдар деп атады.

КЕЙБIР ПАТШАЛЫҚТА, БIРАҚ БIЗДIҢ МЕМЛЕКЕТТЕ ЕМЕС - орыс халқының көптеген ертегiлерi осы сөйлеммен басталады.

«КЕЙДЕ ҰРЫС ДАЛАСЫНДА БIР АДАМ ДА КҮШ» (И один в поле воин) - 1886 жылы Г.А.Мачтеттiң осы аттас романы жарыққа шыққан соң бейнелi сөз болып қалыптасты.

«КЕЛ ДЕ, ЖИНАП АЛ» - б.э.д. 480 жылы Персияның қолбасшысы Ксеркс Грецияға тақап келдi де, гректерден қару тастауды талап етiп, елшiлер жiбердi. Сонда Спарта патшасы Леонид: «Кел де, жинап ал» - деп жауап қайырды.

«КЕЛДIМ, КӨРДIМ, ЖЕҢДIМ» (VENI,VIDI,VICI) - Ю.Цезарь Зеле түбiнде б.э.д. 47 жылы Фаркан әскерiн тез уақытта жеңген соң, Римдегi достарының бiрiне: «Келдiм, Көрдiм, Жеңдiм» деп хабар жiберген. Осы жеңiстен соң Ю.Цезарь Римге салтанатты шерумен кiргенде, хабар алған достары оның көшеге өзi айтқан сөздi жаздырып қойған.

Бұл бейнелi сөз бiр қиын мiндеттi тез арада шешкендi бiлдiру үшiн қолданылады.

«КЕМЕДЕН – БАЛҒА» (С корабля - на бал) - А.С.Пушкиннiң «Евгений Онегин» поэмасынан алынған қанатты сөз.

«Еш жерге соқпай келдi» деген ойды бiлдiру үшiн қолданылады.

«КЕРЕЙ, ҚАЙДА БАРАСЫҢ» – бiреудiң бiр жаққа бет алып немесе терiс бағыт алып бара жатқанын айтқанда қолданылатын қанатты сөз.

«Өзiнiң атақты «Керей, қайда барасын?» деген толғауында Бұқар жырау Абылайға наразы Керей руына күш көрсетiп былай дейдi:

Керей, қайда барасың,

Сырдың бойын көбелеп,

Сен қашсаң да, мен - қойман,

Арғымағым жебелеп».

КЕР ЗАМАН – «сұлықсық, тоқтап қалған кезең» деген ойды беретін қанатты сөз.

КИIЗ КIТАП – молдалардың дiни кiтаптарын осылай атаған. Оның себебi сол кiтаптарды молдалар киiзден тiгiлген қалтаға салып жүретiндiктен болса керек.

Кейде адамдар бiр - бiрiне «кәне, киiз кiтабыңды ашшы», «киiз кiтабың не дейдi» деседi.

Бұл қанатты сөз әзiл-қалжың, сықақ ретiнде қолданылады.

КИІЗ ТУЫРЛЫҚТЫ ҚАЗАҚ – «қараша үйде тұрып, көшуге дағдыланған қазақ» деген ойды білдіреді.

КӨК НАЙЗАНЫҢ ҰШЫМЕН, АҚ БIЛЕКТIҢ КҮШІМЕН – «күшпен бағындыру, жеңу» деген мағынада қолданылады.

«Одан да өз кегiңдi өзiң көк найзаның ұшымен, ақ бiлектiң

күшiмен тартып ал...». (I.Есенберлин, «Қаһар» романы).

«КОММУНИЗМ ДЕГЕНIМIЗ – КЕҢЕС ҮКIМЕТIН ЖӘНЕ БҮКIЛ ЕЛДI ЭЛЕКТРЛЕНДIРУ» – бұл қанатты сөздi В.И.Ленин 1920 жылы айтты. Өйткенi сол жылы Лениннiң тiкелей басшылығымен Ресейдi электрлендiрудiң мемлекеттiк жоспары жасалып, ол халық шаруашылығын өркендетудiң алғашқы бесжылдық жоспарының арқауы болды.

КОРОЛЬДIҢ СОҢҒЫ ДӘЛЕЛI - кардиналь Ришелье (1585-1642) өзi мемлекет билiгiне араласқан кездегi құйылған барлық зенбiрекке – «Корольдiң соңғы дәлелi» деп жазуға жарлық берген.

«КОРОЛЬДЫҚТЫҢ ӨТЕ-МӨТЕ БАҒАЛЫ ӨНIМІ» - қазiргi ағылшын парламентiнде король тағының алдында қой жүнi толтырылған қапшық тұр. Оған лордтар палатасының төрағасы отырады. Неге қой жүнi қадiрлi саналады?

Өйткенi қой шаруашылығы мен шұға өндiру ағылшын корольдігінің қазынасын толтыру үшiн пайда түсiрудiң маңызды көзi болды.

«КӨЗБЕН ШАМАЛАУ, ШАПШАНДЫҚ, ТЫҚСЫРА ШАБУЫЛДАУ» - ұлы орыс қолбасшысы А.В.Суворов өзiнiң 1796 жылы жазған кiтабында «Әскери өнердiң үш құрамдас бөлiгi деп КӨЗБЕН ШАМАЛАУ, ШАПШАНДЫҚ, ТЫҚСЫРА ШАБУЫЛДАУДЫ» атаған.

КӨК ИЕСІ ҚАМБАР – киеліге табыну ретінде айтылады.

Аллаға әуел қарағым,

Екінші пірге тапсырдым,

Көл иесі Қамбар-ай,

Жол иесі Қамбар-ай,

Қарағыма көз сал-ай («Қыз Жібек» дастаны).

КРЕЗ СЫНДЫ БАЙ - ерте заманда Кiшi Азияда қуатты Лидия патшалығын Крез басқарды. Ол өте бай болды.

Сондықтан бай адамдар туралы айтыла қалса, «Крез сияқты шiрiген бай» деп теңеген.

«Солон Крездiң астанасы Сарды қаласына келдi. Патшаның сарайы әсемдiк сән-салтанатымен көздiң жауын алып, ал сарай адамдарының киген киiмi дәулетi шалқыған адамның киiмiне пара-пар келетiн едi.

Сарайда серуен құрған кезде Солон үлде мен бүлдеге оранған қаптаған сарай адамдарын көрiп, олардың әрбiреуiн патшаның өзi екен деп қалады. Ақыр аяғында оны патшаға ертiп келедi. Крез қонағын қайран қалдырмақшы болады. Сөйтiп барлық қазыналарын ашып, сарайдың дүниесi көздiң жауын алған барлық бөлмелерiн көрсетуге әмiр бердi. Бiрақ Солон ешқандай таңданған кейiп бiлдiрмедi. Сонда Крез: «Ғұмырыңда менен бақытты жан көрдiң бе?» - деп сұрайды. Патша өзiн бақытты адамға санайтын шығар деп күтiп едi. Солон: «Мен жарық дүниедегi ең бақытты адам афинылық Телл деп есептеймiн: ол адал да асқан парасатты адам едi, өзiнiң балаларын инабатты, құрметтi азаматтар етiп тәрбиеледi. Телл отаны үшiн қаһармандықпен шайқасып, ерлiк өлiммен қаза тапты».

Крез қарапайым адамды айбынды патшадан қалай жоғары қоюға болатындығына түсiне алмады. Соған қарамастан: «Сенiң пiкiрiңше Теллден кейiнгi ең бақытты адам кiм?» - деп сұрады. Ол енді өзiн айтатын шығар деп үмiтттенген едi. Сонда Солон өз аналарына деген ыстық махаббатымен мәлiм болған екi жасөспiрiм туралы таңғажайып тарихты айтып бердi.

«Ал сен менi бақытты адамға санамайсың ба?» - деп тепсiндi сонда ызадан булыққан патша. Сонда Солон: «Құдайым бiзге болашақты болжап бiлетiн ақыл бермептi. Ғұмырының ақырына дейiн қайғы-қасiрет көрмей өмiр сүрген адамды ғана бақытты деп атауға болады. Көзi тірі адамды бақытты санау - шайқасты аяқтамаған жауынгердi жеңiскер деп жариялаумен пара-пар». Солон осы сөздi айтыпты да, шығып кетiптi.

Алдынан кездескен Эзоп - Солонға: «Патшалармен не мүлдем сөйлеспеу керек, не болмаса оларды мадақтауға тырысу керек, Солон» - дептi. «Дәлiрек айтқанда, олармен сөйлесуден жалтару керек немесе тек шындықты ғана айту қажет» - деп жауап берiптi оған Солон.

Бiраз уақыттан соң Крез парсы патшасы Кирмен соғыста жеңiлiп, тұтқынға түстi, оны отқа жағып өлтiру жазасына кеседi.

Крездi алаулаған отқа алып келе жатқан сәтте, үрейi ұшқан Крез «Солон, Солон» деп айқайлапты. Қайран қалған Кирр оған өлер алдында есiмiн аузына алған Солонның кiм екенiн айтуды талап етедi. Крез сонда: «Ол грек данышпаны, маған келген кезiнде: адам әзiрше тiрi тұрған кезiнде өзiн бақыттымын дей алмайды, өйткенi ертеңгi күнiнiң не боларын бiлмейдi», - деп сандырақтаған едi. Мен оның сөзiне құлақ аспадым, бақытым деп санаған өз байлығым туралы ғана ойладым. Маған байлығым мен бақытымның даңқы жер жақанға тарағаны ұнайтын едi».

Бұл сөзден кейiн Кир Крездi тiрi қалдырады. Сөйтiп Солон ақылсыз патшаның өмiрiн ажалдан алып қалған екен». (Әйгiлi гректер, Алматы, 1977, 49 бет).

«КРЕМЛЬ ҚИЯЛШЫСЫ» - Г.Уэльс «Ресей - түнекте» деген кiтабында: «Кремль қиялшысы Ленин шын марксист ретiнде «утопияның» қандайын болсын терiске шығарғанымен, түптеп келгенде өзi де электр утопиясына берiлiп кеттi», - деп жазды.

КРЕСТ ЖОРЫҒЫ– тарихи қанатты сөз. Біреуге немесе бірдеңеге қарсы саяси немесе әлеуметтік-экономимкалық шабуыл жасау деген мағына беретін сөз.

КӨЗІҢДІ ЖҰМ ДА, АНГЛИЯ ТУРАЛЫ ОЙЛАН – ағылшын королевасы Викторияның (1837-1901) қызы күйеуге шыққан кезде алғашқы неке түнін қалай өткізу қажетті туралы айтқан сөзі.

КҮЙ АТАСЫ - ҚОРҚЫТ - қазақ арасында күй өнерi жөнiнде әңгiме қозғағанда екiнiң бiрi «күй атасы – Қорқыт» дейдi.

«Өзi ойшыл Қорқыт кейiн толғану үстiнде жүрiп, өз алдына бiр өнер табады. Су үстiнде кiлем жайып, өзi дүниеде бiрiншi рет қобыз жасап, күй тартады» (М.Әуезов, «Әр жылдар ойлары», 249-бет).

КҮЛТӨБЕНIҢ БАСЫНДА КҮНДЕ ЖИЫН – күнде мәжiлiс құрып, жинала бергендi халық осы бейнелi сөзбен анықтайды.

«Бұдан бұрыңғы «Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын», әз Тәуке ханның Күлтөбенің басында басында күнде кеңес болғанда «жеті жарғысын» білмек керек» (Абай).

КҮЛІН КӨККЕ ҰШЫРУ – «жеңу» деген мағына беретін бейнелі сөз.

«Алпамыс Шұбарға міне салып, Тайшық ханның қалың әскерінің күлін көкке ұшырып, ханның басын кесіпті».

«КҮНДI ҚАЛҚАЛАМАЙ БЫЛАЙЫРАҚ КЕТСЕҢ ДЕЙМIН» - данышпан философтардың бiрi Диогеннiң сөзi.

«Өз үйшiгiнің жанында күнге қыздырынып жатқан Диогенге - патша: - Қандай тiлегiң бар, бәрiн де қазiр орындаймын, - дедi.

–Менiң бiр - ақ тiлегiм бар. Күндi қалқаламай былайырақ

кетсең деймiн», - дептi (Әйгiлi гректер, 231-бет).

«КҮН-КОРОЛЬ» - ХІV Людовик Францияны шексiз биледi. Ол өте көп ақшаға Версаль сарайын салдыртты. Корольдің жағымпаздары оны «Күн-король» деп атады.

«КҮШ АТАСЫ» - қазақ халқы «күш атасы» ретiнде Қажымұқанды қабылдаған. Оның есiмi мәңгi ұмытылмайтындықтан, ұрпақтан ұрпаққа тарайтын есiм, сондықтан да халық күштi адамды кездестiргенде Қажымұқанға теңейдi.

«КIМДЕ-КIМ ҚУЛЫҚ IСТЕЙ АЛМАСА, ОЛ ПАТША БОЛА АЛМАЙДЫ» - 1461-1483 жылдардағы Франция королi ХI Людовиктiң сөзi. Ол өзiнiң қауiптi жауларына қарсы күресте ешбiр амал-айладан жиренген жоқ.

КIМ ӨЗ ОЙЫН ЖАСЫРА АЛМАСА, ОЛ ХАЛЫҚ БАСҚАРА АЛМАЙДЫ - француз халқының мәтелi.

КІСІ ЕЛІНДЕ СҰЛТАН БОЛҒАНША, ӨЗ ЕЛІҢДЕ ҰЛТАН БОЛ – қазақ мақалы.

«... Орта жүздің жағасы Шәкен жығылса қазақта жығылмаған не калды? Пісіріп жесе де өз еліңнен кетпе, бауырым. «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», - дейді Әбен Шәкенге жылап отырып» (Ғ.Мұстафин).

Қ

ҚАЖЫМҰҚАН - дене бiтiмi палуан сияқты келген бiлектi, жау жүрек адамдарды көргенде жұрт «мынау өзi Қажымұқан сияқты» деп теңестiрген.

ҚАҒАЗ ҚЫЗАРМАЙДЫ. ҚАҒАЗ БӘРIН КӨТЕРЕДI - рим жазушысы және шешенi Цицеронның (б.э.д. 106-43) «Достарға» деген хатында келтiрген бейнелi сөзi. Мағынасы: «бетке айта алмайтын нәрсенi, қағазбен айтып жеткiзуге болады» деген мағынада қолданылатын бейнелi сөз.

ҚАЗАҚ ҚАЙЫҢДЫ САУДЫ, ҚЫРҒЫЗ ГИСАРҒА АУДЫ - ХVІІ-ХVІІІ ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезiнен қалған қанатты сөз. Онда елiнен, жерiнен ауып, қуғын көрген, ашығып азап шеккен қазақтардың қайын қабығын сорған, қырғыздардың тәжiк тауларын паналап ауған кездерi бейнеленген.

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАМАЛ ҚОРҒАНЫ – Бөгенбай батыр қайтыс болғанда Бұқар жырау Қалқаманұлы жоқтау жазыпты.

«Қазақтың ханы Абылай,

Абылай ханым бұл қалай?

Ақиықты аспанға,

Ұшпастай қылып торлады,

Құлағанға ұқсайды,

Қазақтың қамал қорғаны.

Қайғырмаңыз, ханзадам,

Айтпасыма болмады,

Батырың өттi Бөгенбай. («Қазақ әдебиетi» газеті, 1991жыл 14 маусым).

ҚАЗЫҚ ҚЫЛЫП ҚАҚҚАНДАЙ - 1649 жылы орыс патшасы Алексей Михайлович өзiнiң күйеуiн өлтiрген әйелдi «қазық қылып қағып қою қажеттiгi» туралы жарлық шығарды. Ауыспалы мағынада «қозғалмай қалу» деген ұғымды бiлдiредi.

ҚАЛЫПТАҒЫ АДАМ – А.П.Чеховтың «Человек в футляре» шығармасының тақырыбы. «Жаңалықтан қорқатын адам» деген мағына білдіру үшін айтылатын бейнелі сөз.

ҚАЙДА БАРСА ДА - ҚОРҚЫТТЫҢ КӨРI– «әр нәрседен бiр қорқып үрейлене беретiндердi» мысалдап бейнелейтiн қанатты сөз.

«Қайда барса да, алдынан Қорқыттың қазулы көрі шығады. Қазулы көрден, өзіне құрылған өлім торынан қайтсе құтылмақ?».

ҚАЙРАН МЕНІҢ ӨЗ ҮЙІМ, КЕҢ САРАЙДАЙ ӨЗ ҮЙІМ – Жиренше шененнен қалған ұлағатты сөз.

ҚАЙРАН, ЗАМАН! ҚАЙРАН, ӘДЕТТЕР! (лат. O,tempore, o, mores!) – бұл қанатты сөздi ең алғаш рет б.э.д. 70 жылы Цицерон Верреске қарсы өзiнiң 4-шi сөзiнде айтады.

Нағыз өмiрдегi азғындауды, одан бұрынғы кездi жақсы уақытпен салыстырған кезде қолданылатын бейнелi сөз.

Наши рекомендации