Анатты сӨздердiҢ тӘрбиелiк мӘнi 4 страница

Осы жерден «Данай бөшкесi» деген ұғым қалыптасты, яғни бұл қанатты сөз «тұрақты, нәтижесiз еңбек» деген ұғымды бiлдiредi.

ДАНАЙЛЫҚТАР СЫЙЛЫҒЫ - ТРОЯ ЖЫЛҚЫСЫ – «құрбандық әкелетiн сыйлық» деген мағынада қолданылатын бейнелi сөз. Бұл Троя сұрапылы туралы аңыздан шықты. Трояны ала алмаған данайлықтар ағаштан жылқы жасап, өздерi Троя жағасынан кетпек болғанын бiлдiрiп, жылжи бастайды.

Бiр жауынгер бұл қулықты бiлiп қояды. Бiрақ троялықтар тыңдамай, жылқыны қала iшiне кiргiзiп алды. Жылқы iшiнде тығылған данайлықтар түнде қарауылдарды өлтiрiп, қақпаны ашты. Сөйтiп, Троя данайлықтарға берiлдi.

«Троя жылқысы» деген бейнелi сөз «құпия, арам пиғылдағы ой» деген мағынада қолданылады.

«ДАНАЛЫҚ КӨСЕМДЕРI» - ежелгi грек мифтерi негiзiнде трагедиялар жазылды. Осы салада көп еңбек еткен Софокл мен Эсхилға «даналық көсемдерi» деген атақ берiлдi.

«ДАНАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ» - YІІІ ғасырдағы Араб ғалымдары адам өмiрiнде бiлiмнiң мәнi зор екенiн түсiндi. Сөйтiп олар барлық ғылымды дамытып, жазылған қолжазбаларды «даналық қазынасы» деп атады.

ДАТ, ТАҚСЫР – хандардың, сұлтандардың алдына бас иіп барған қара бұқараның лауазымды сөзі.

ДВОРЯН ЕРКІНДІГIНДЕЙ - 1762 жылы 18 ақпанда ІІІ Петр дворян еркiндiгi туралы жарлық шығарды. Осыдан кейiн дворяндар қызметтi өз еркi бойынша қайда және қай жерде жасауға құқылы болды.

Қанатты сөз «жалпы мойындалған нәрсенi бұзуға құқы бар» деген мағынада қолданылады.

«ДЕГЕНМЕН ЖЕР АЙНАЛАДЫ» – бұл сөздi айтқан Галилео Галилей (1564-1642) болды. Ол өзiнiң ашқан жаңалықтарында Коперник пен Бруноның айтқан iлiмдерiн расқа шығарды.

Галилейдi дiн басылары жек көрдi, оны инквицизиция сотына тартып, пiкiрлерiнен бас тартуға итермеледi. Галилей күнахар адамның киiмiн киiп, сот айтқан «өкiнiш» сөздердi айтуға тиiс болды. Әйтсе де ол тiзерлеп отырған жерiнен, Жердiң айналып тұратындығына сенуден бас тарту жөнiнде айта келiп: «Дегенмен, Жер айналады!», - деп айқайлап жiберген екен.

«ДЕМОКРАТИЯ – БАСҚАЛАРЫН САНАМАҒАНДА БАСҚАРУДЫҢ ЕҢ БІР СҰМПАЙЫ ТҮРІ» –бұл сөзді 1947 жылы 11 қарашада ағылшын мемлекеттік қайраткері, премьер-министр (1940-1945, 1951-1955) Уинстон Леонард Спенсер Черчилль ағылшын парламентінің жалпы палатасында сөйлеген кезде айтқан.

Қоғамның демократиялық құрылысын сынаған кезде қолданылатын бейнелі сөз.

ДЕМОСФЕН –б.э.д.384-322 жылдарда өмір сүрген ежелгі грек шешені және афины демократиясының қорғаушысы.

Оның есімімен шешен адамды айтқан кезде теңестіреміз.

«ДЕНI САУДЫҢ - ЖАНЫ САУ» (mens sana in corpore sano) – Ювеналдың сатиралық шығармаларынан алынған қанатты сөз.

ДИАНА - рим мифологиясы бойынша аңшылықты демейтiн және әйел даналығын (тазалығын) көрсететiн Ай құдайы.

Ауыспалы мағынада: ай, ары таза, өз арын жоғары қоятын қыз.

ДИОГЕННIҢ БӨШКЕСI – Диоген (б.э.д. 404-323 жылдар шамасы) ежелгi грек философы. Ол туралы аңыздар көптеп саналады. Соның бiрi «ол үйдi қарапайым адамның қолы жете бермейтiн үлкен жетiстiк» деп, өзi бөшкеде тұрған. Мiне, осы жерден «Диогеннiң бөшкесi» деген ұғым пайда болды.

ДИОГЕННIҢ ШАМЫ - грек философы Диоген күндiз қолына май шам ұстап келе жатқанда, қарсы кездесiп: «Бұл - не?», - деп сұраған адамға: - Мен ақылды адамдарды iздеп жүрмiн, - деген екен.

«Диогеннiң шамы» деген бейнелi сөз «азған қоғам iшiнен нағыз адамды iздеу» деген мағынада қолданылады.

ДОМАЛАҚ АРЫЗ – біреудің үстінен жазылған қол қойылмаған арыз.

ДОН ЖУАН - ескi испан аңызының кейiпкерi, ол өзiнiң саналы өмiрiн әйелдерге деген жыныстық махаббатқа арнады.

Әйел қауымына шектен тыс құмар болған адамды «Дон Жуанға» теңестiремiз.

ДОНКИХОТШЫЛЫҚ - бұл бейнелi сөз «қолдан келмес iске ұмтылған, көзсiз даңғойлықты» танытады. Ол испан жазушысы М.Сервантестiң «Ламанчтық айлакер Идальго Дон Кихот» романындағы Дон Кихот атымен тығыз байланысты.

Дон Кихот – дәулетi қайтқан ақкөңiл серi, зомбылықсыз заман орнатуды арман етедi. Алайда өз дәуiрiндегi қоғамдық қатынастармен қақтығысқа түскенде, оның серiлiк арманы быт-шыт болып күлкiлi жағдайға ұшырайды.

Қазiргi жағдайда «донкихотшылық» деген қанатты сөз ерiгiп, босқа уақыт өткiзумен айналысатын адамдар турасында айтылады.

ДОЛЛАР ДИПЛОМАТИЯСЫ - В.Г.Тафт (1857-1930) – АҚШ президентiнiң (1909-1913) қаламынан туған бейнелi сөз. Ол «доллар дипломатиясы саясатта оқтың орнын басатынын» меңзеген болатын. Шын мәнiнде АҚШ мемлекетi сыртқы саясатта долларды да, оқты да пайдаланды.

Яғни, бұл кiшкене мемлекеттерге доллармен көмектесiп, олардың iшкi экономикалық өмiрiн шетелдiк iрi банктер мен компанияларға тәуелдi қылып қою саясаты болатын.

«ДОСТАР! МЕН БIР КҮНIМДI ЖОҒАЛТТЫМ» - өзiнiң және өзгенiң уақытын қадiрлейтiн адамдар қандай да болсын бiр күнi ешкiмге жақсылық жасай алмаса «мен бiр күнiмдi жоғалттым», - дейдi екен.

Бұл қанатты сөз алғаш рет Светонийдiң «Құдайшыл Тит» шығармасының кейiпкерi Титтiң аузынан шыққан.

ДӨҢГЕЛЕК СТОЛ - ерте ортағасырлық рыцарлық әдебиетте Артур король мен Дөңгелек стол рыцарлары туралы романдар көпшiлiк көңілiнен шықты.

Осы романдардың бiрiнде рыцарлық Дөңгелек стол орденiн құру туралы ұсыныс айтылды. Оның мәнiсi мынада: стол басына жиналған рыцарлар теңдiк жағдайды мақсат тұтып, столды дөңгелек қылып жасатқан. Сондықтан дөңгелек столдың қай жерiнде отырсаң да, өзара теңдік сезiмi қалыптасқандай әсер ететiн. Адамдар бiр-бiрiн тең дәрежеде сезiнетiн болған.

Қазiр халықаралық кеңестерде оған қатысушылар өздерiнiң өз ара тең екендiгiн мойындауы үшiн дөңгелек столға отырады.

ДРАКОНДЫҚ ЗАҢДАР - қатал, өктем заңдарды «дракондық заңдар» деп атайды. Оның мәнi: Афины республикасының (б.э.д. YІІ ғасырда) ең алғашқы заң шығарушысы Драконның есiмiмен тығыз байланысты. Өйткенi ол бақша өнiмдерiн ұрлаған адамды да өлiм жазасына кескен еді.

«ДҮНИЕНI ДҮР СIЛКIНДIРГЕН 10 КҮН» - американ жазушысы Джон Ридтiң 1919 жылы шыққан кiтабының аты.

Кей жағдайда тарихи оқиғаларды еске түсiрудi бейнелеу үшiн айтылады.

«ДIН – АПИЫН» - К.Маркс айтқан бейнелi сөз. «Діни бейшаралық дегенiмiз сонымен бiр мезгiлде шын бишаралықтың көрiнiсi және осы шын бишаралыққа қарсы наразылық болып табылады. Дiн - мейiрiмсiз тәртiптердiң рухы болғаны сияқты, езiлген мақұлақаттың көрiнiсi, қатыгез дүниенiң жүрегi. Дiн – халықтың басын айналдыратын апиын».

Е

ЕВА – Библиялық аңыздар бойынша құдайдың құдiретiмен алғаш дүниеге келген әйел. Әйелге тән көрсеқызарлығымен ол тыйым салынған жемiстi жеген соң, жұмақтан қуылды.

Ауыспалы мағынада: «көрсеқызар әйел» деген сөздiң синонимi.

«ЕВРОПА ЖАНДАРМЫ» - 1815 жылы Европа монархтары Қасиеттi Одақ құрды, бұл Одақ революциялық қозғалысқа қарсы күресуге Европа мемлекеттерiнiң өкiметтерiн бiрiктiрдi. Басты рольдi Австрия басшысы Меттерних пен орыс патшасы І Александр атқарды.

Ф.Энгельс орыс самодержавиесiн «Европа жандармы», яғни Европа халықтарының азаттық күресiн тұншықтырушы деп атады.

«ЕВРОПАНЫ ЕЛЕС КЕЗIП ЖҮР, БҰЛ - КОММУНИЗМ ЕЛЕСI» - К.Маркс (1818-1883) пен Ф.Энгельстің 1848 жылы жазған «Коммунистiк партияның манифесi» осы қанатты сөзбен басталады.

Орыс тілінде 1869 жылы Женевада басылды.

«ЕГЕР БЕЙБIТШIЛIКТI ҚАЛАСАҢ, ОНДА СОҒЫСҚА ДАЙЫНДАЛ» – бұл сөздi рим тарихшысы Корнелии Непот қолбасшы Эпиминонданың өмiрбаянын жазған кезде қолданды.

«ЕГЕР МЕН КИЕВТI АЛСАМ...» - 1812 жылы маусымда Наполеон әскерлерi соғыс жарияламастан, Ресей жерiне баса-көктеп кiрдi. Ол басты соққыны Мәскеуге бағыттады. «Егер мен Киевтi алсам - бұл менiң Ресейдi аяқтан шалғаным; егер мен Петербургтi алсам - бұл менiң Ресейдi жағадан алғаным; егер мен Мәскеудi алсам, мен оның жүрегiне қанжар салғаным», - деп жазды ол.

1941 жылы А.Гитлер де өз әскерлерiн осы үш бағытта соққы беруге дайындаған болатын.

ЕКІ ҰЛТ –Ұлыбританияның екі рет премьер-министрі болған (1868, 1874-1880) Бенджамин Дизраэли лорд Биконсфильдтің (1804-1881) сөзі. Ол өз еліндегі байлар мен кедейлер туралы: «Байлар мен Кедейлер ... Өз ара байланыстары да, сезімдері де жоқ; әр түрлі планетаның тұрғандары іспетті бір-бірінің әдеттерін, ойларын, сезімдерін білмейтін; балаларын әр түрлі тәрбиелеп, басқалай тамақтанып, әр түрлі тәрбиеге үйрететін, әр түрлі заңдармен өмір сүретін екі ұлт».

«ЕЛДЕСТIРМЕК - ЕЛШIДЕН, ЖАУЛАСТЫРМАҚ– ЖАУШЫДАН»- екi елдiң бiр-бiрiмен жауығып, жауласуы да, ортақ тiл тауып табысуы да елшiге байланысты.

«Елшi екi елдiң арасындағы дәнекер, байланысшы. «Елдестiрмек - елшiден, жауластырмақ – жаушыдан» деп дана халық бекер түймеген. Саясатқа жүйрiк ептiлiгiмен, сөзге шешен тiлмар тапқырлығымен, бiлiмi мен бiлiгi мол дана көсемдiгiмен өз елiн соғыс апатының өтiнен аман алып қалып, байлыққа батырып, бақытқа кенелткен елшiлер тарихта аз емес» (К.Салғарин, Көмбе (роман-эссе), 1989 ж. 28-бет, Алматы, «Жалын» баспасы).

ЕЛДI АЛА ТАЙДАЙ БҮЛДIРДIҢ - Жоңғар шабуылы кезiнде бiр күнi кешкiсiн байлаудан босанып кеткен ала тай ауылды айнала шабады. Үрейленiп отырған ауыл адамдары сырттағы дүбiрдi естiп, жау келiп қалды деп қаша жөнеледi. Байқаса, жау шаппаған екен. Елдi дүрлiктiрiп жүрген тек қана ала тай болып шығады. Содан былай қарай жұрт: елдi шетiнен үркiтiп, үрей тудыратын бiреулердi көрсе, оған: «Елдi ала тайдай бүлдiрдiң» - дейтiн болған (Ш.Уалиханов, Таңдамалы).

ЕЛИСЕЙ АЛАҢЫ - грек мифологисяы бойынша «Елисей алаңы» немесе Элизиум – «о дүниелiк өмiрдiң бiр бөлігі» деген мағына беретiн бейнелi сөз. Қазір Париж қаласының бір алаңы осылай аталады.

ЕЛУ ЖЫЛДА - ЕЛ ЖАҢА, ЖҮЗ ЖЫЛДА – ҚАЗАН! – «уақыт өткен сайын заман өзгереді» деген мағынада қолданылатын бейнелі сөз.

«ЕРЕУІЛ АТҚА ЕР САЛДЫ» – «жаугершілікте елін қорғауға аттанды, жортуылға шығуға сай тұрды» деген мағынада қолданылатын бейнелі сөз.

Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңқу-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала,

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай

Ерлердің ісі бітер ме?! (Махамбет).

ЕР КЕЗЕГІ ҮШКЕ ДЕЙІН – «өмірден қажымай, өз бақытыңды тағы да байқап көру қажет екенін» меңзейтін бейнелі сөз.

«Кенжеғарыны асықтырмай тұрғызып: Ер кезегі үшке дейін, қайта кел, - деді» (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке).

ЕРТЕ-ЕРТЕ ЕРТЕДЕ, ЕШКІ ҚҰЙРЫҒЫ КЕЛТЕДЕ –қазақ халқының ертегілері осы сөзден басталады.

«ЕСКЕНДIР ЗҰЛҚАРНАЙЫН» – Македонияның атышулы патшасы Александр Македонскийдi (б.э.д.356-323 жылдар) мадақтап, Шығыс елдерiнiң қиссаларында осылай атаған.

Осы жұрт Ескендiрдi бiле ме екен?

Македония шахары оған мекен.

Филипп патша баласы, ер көңiлдi,

Мақтан сүйгiш, қызғаншақ адам екен.

Филипп өлді. Ескендір патша болды,

Жасы әрең жиырма бірге толды,

Өз жұрты аз көрініп, көршілерге

Көз алартып қарады оңды-солды (Абай, Ел, Алматы, 1993).

ЕСКI ГВАРДИЯ – «белгiлi бiр iсте тәжiрибелi, сынақтан өткендiгiн бiлдiру үшiн» қолданылатын бейнелi сөз. Н.Бонапарт 1807 жылы француз гвардиясын «жас» және «ескi» деп екiге бөлген.

Ескi гвардия құрамына үздiк солдаттар мен офицерлер алынып, Бонапарттың жүргiзген соғыстарында шешушi жеңiстерде үлкен даңққа бөленген.

ЕСІК КӨРГЕН – «бұрын күйеуде болды» деген ұғымды білдіретін бейнелі сөз.

«Ақботада, қанша дегенмен, есік көрді ғой деп айтады деген күрсініс бар екен» (Ғ.Мүсірепов, Қазақ солдаты).

«ЕСIМ САЛҒАН ЕСКI ЖОЛ» («ЕСIМ ХАННЫҢ ЕСКI ЖОЛЫ») - Есiмхан (1598-1628) туралы Абылай хан осылай деген екен. Есiмхан Сығай ханның екiншi баласы, Тәуекелдiң iнiсi. Тозып бара жатқан хандықты күшейтiп, Үш жүздiң басын құрап, заң шығарып, қазақ тарихында өз есімін өшпестей қалдырды.

Есім ханның билігі тұсында күнделікті көшпелі тұрмыстьағы даулы мәселелерді шешуде, азаматтық, қылмыстық істерді қарауда, әскери-отбасылық қарым-қатынастарда «ата-баба жолы» басшылыққа алынды.

Дау шешіп, төрелік айту құзіретін иеленген би-қазылардың оны білуі міндетті саналған.

«ЕШ ЖЕРДЕ ЖОҚ ОРЫН» НЕМЕСЕ УТОПИЯ – ағылшынның ұлы жазушысы Томас Мор 1516 жылы «Мемлекеттi жақсы ұйымдастыру және жаңа Утопия аралы туралы алтын кiтап» деген шығармасын жазды.

Бұл кiтапта жазушы бiр аралдағы ғажап тәртiптер мен заңдары бар бақытты елдi сипаттап жазды. Утопия аралында адамды адам қанау жоқ, күнiне 6 сағат жұмыс iстеп, зәулiм сарайларда тұрады. Бос уақыттарында ғылым, өнер, спортпен айналысады.

Жазушы теңдiк орнаған заманды арман еттi. Утопия деген сөздiң мағынасы «еш жерде жоқ орын» деген ұғымға сиса, қазiргi уақытта «қияли ойды, орындалмайтын, орындалуға мүмкiндiгi жоқ iстердi» айтады.

«ЕШКIМ ДЕ, ЕШТЕҢЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ» – бұл сөз ең алғаш 1960 жылы Пискарев қабiрiндегi гранит тақтаға ойылып, жазылды. Бұл жерде 470 мыңдай тұрғындар мен блокада кезінде қайтыс болғандар жерленген. Қазiр сол кездегi Кеңес Одағының көптеген қалаларында «Мәңгiлiк от» басында, «Белгiсiз солдат» қабірiнде Ұлы Отан соғысы жауынгерлерiне арналған мемориалдық ескерткiштерде кездеседi.

Ал сөздiң авторы – Ольга Федоровна Берггольц (1910-1975) болатын.

...Их имен благородных мы здесь перечислить не сможем,

Так ихного под охраной гранита.

Но знай, внимающий этим камням,

Никто не забыт и ничто не забыто.

ЕШТЕН - КЕШ ЖАҚСЫ - Тит Ливийдiң «Рим халқының тарихынан» атты шығармасында алғаш кездескен бейнелi сөз.

Ж

ЖАЗМЫШТАН ОЗМЫШ ЖОҚ – тағдырдың дегені болады дегені мағына береді. «О баста Құдай әр пенденің не көрерін маңдайына жазып қояды» деген діни ұғымнан қалыптасқан.

ЖАЛАҢ ТӨС, ЖҮНДІ БАЛАҚ БАТЫР – ержүрек деген ұғымды білдіретін бейнелі сөз.

«Халыққа тек «тобыр» деп қарайтын Әбілқайыр, сонау жалаң төс, жүнді балақ батырлардың алдында рулары барын, ол ел деген мағына осы руларда бар екенін есепке алмайтын (І.Есенберлин, Алмас қылыш).

«ЖАЛЫҚПАЙ-АҚ ОҚЫР ЕДIМ, ОРЫС ТIЛIН - ТЕК ҚАНА ОСЫ ТIЛМЕН СӨЙЛЕП БIР КЕТКЕНI ҮШIН СӨЗIН ЛЕНИН» (Я русский бы выучил за то, что им разговаривал Ленин) - В.Маяковскийдiң «Бiздiң жастарға» өлеңiнен алынған қанатты сөз.

Болсам да кәрi негр қиырда мен,

Сонда да жалықпай-ақ оқыр едiм,

Орыс тiлiн - тек қана осы тiлмен

Сөйлеп бiр кеткенi үшiн сөзiн Ленин».

ЖАНҚОЖА БАТЫР – «айбынды батыр, әруақты әулие» дегенде ойымызға еріксіз Жанқожа Батыр келеді. Оның есімі батырлықпен қатар, киеліліктің белгісіндей қалыптасты. Ол 1774 жылы Қызылорда облысы, Әйтеке би ауданының Арықбалық деген жерінде дүниеге келген.

«Жанқожа ата, жар бол!» деп,

Басыңа халқын түнеді.

Ұлсыздарға ұл беріп,

Түсіне еніп ұйқыда,

Аян беріп жебеді (М.Назарханов, «Айбынды батыр, аруақты әулие», Алматы, 2007 жыл).

«ЖАҢА ДЕГЕНIМIЗ - ҰМЫТЫЛҒАН ЕСКI НӘРСЕ» - 1824 жылы Францияда Жан Пешенiң мемуары жарық көрдi. Сол кiтапта Мария Антуанеттаның жеке тiгiншiсi королеваның бiр көйлегiн жаңашалап, кайта тiгiп шыққаннан кейiн айтқан сөз еді.

ЖАҢАША ОЙЛАУ – ҚСРО Президенті М.С.Горбаечевтің «Қайта құру және біздің еліміз бен әлем үшін жаңаша ойлау» атты еңбегі жарық көргеннен кейін кеңінен қолданылған бейнелі сөз. Бұл ұғым алғаш рет 1955 жылы Рассел-Эйнштейннің «Манифестінде» қолданылды. Кейінірек тек қана Горбачевке қатысты тарихи кезеңге (оқиғаларға) сараптама жасаған кезде ғана қолданылатын болды.

ЖАРАМСАҚСЫЗ АДАЛДЫҚ - 1799 жылы I Павл А.А.Аракчеевке граф атағын берген кезде, оның мөрiне осы «жарамсақсыз адалдық» деген ұранды жазған.

Бұл ұранға алдыңғы қатарлы орыс дворяндары күлдi, өйткенi олар Аракчеевті жағымпаздығы үшiн жек көретiн. Қазiр бұл бейнелi сөз басшы адамдарға жарамсақтана жалбақтаған адамдар туралы айтқанда қолданылады.

ЖАС ГВАРДИЯ - 1922 жылы жазылған А.И.Безыменскийдiң өлеңiнiң аты. Ақын сол заман жастарының ерлiкке толы өмiрiн жазды.

Ұлы Отан соғысы кезiнде Краснодан қаласының комсомолдары фашист басқыншыларына қарсы астыртын күрес туралы жазушы А.Фадеев 1946 жылы «Жас гвардия» атты кiтап жазса, ал 1948 жылы С.А.Герасимов осы аттас фильм түсiрдi.

«ЖАТТЫҒУДА ҚИЫН БОЛСА, ҰРЫСТА ОҢАЙ БОЛАДЫ» – бұл қанатты сөз генералиссимус А.В.Суворовтың «Жеңiмпаздық iлiмi» атты кiтабынан алынған. Ол әскери өнерге көп үлес қосты, өзiнiң тәжiрибесiн қысқа нақылдар түрiнде қорытты. Онда: «Жаттығуда қиын болса, ұрыста оңай болады», «Терiңдi төксең, жаныңды сақтарсың», «Әрбiр жауынгер өз маневрiн түсiне бiлуi тиiс», «Оқ - есер, найза – ер» және т.б.

«ЖАУДЫ ҚАРА ШАҚЫРДЫ, БАТЫР АТАҚ БАРАҚТА ҚАЛДЫ» - қазақ халқының өткен тарихынан елес беретiн қанатты сөз.

«Жұмысты тыңдырған - көпшiлiк бұқара, ал атаққа, жеңiске ие болған соның iшiнде бiреуi» деген ойды бiлдiру үшiн қолданылады.

«ЖЕКЕМЕНШI ДЕГЕНIМIЗ – ҰРЛЫҚ»– бұл бейнелi сөз француз ұсақ буржуазиялық социологi П.Ж.Прудонның (1809-1865) «Жеке меншiк дегенiмiз не?» (1840) атты кiтабы жарыққа шыққан соң, кең тарады. Бұл сөз Прудонға дейiн де IV ғасырда грек шiркеуiнiң қайраткерi Ұлы Василий жазған монастр Жарғысында кездеседi.

ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ – қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары көз алдыңа елестейді.

Бұл оқиға 1986 жылдың 17-19 желтоқсаны аралығында Алматыда болып, тарихқа осындай атпен енген еді.

«ЖЕҢIМПАЗДЫ МIНЕМЕЙДI» - орыс патшасы ІІ Елизаветаның сөзi. Ол оны Суворов 1773 жылы Туртурай қамалын фельдмаршал Румянцевтiң рұқсатынсыз алғаннан кейiн және патшаның бұйрықтарын iшiнара орындамаса да, шайқастарда жеңiске жетiп отырғандығы үшiн айтқан едi.

Қазiргі кезде өзiне берiлген бұйрықты орындамаса да, алайда жеткен табысы сол қылығын кешiруге тұратындықтан айтылады.

«ЖЕРЕБЕ ТАСТАЛДЫ» – «соңғы шешiм қабылданды» деген мағынада қолданылатын бейнелi сөз.

Рим республикасына қастандық жасалған кезең болатын. Данышпан рим қолбасшысы Гай Юлий Цезарь Римдегі жоғары билікке ие болғысы келді. Алайда сенат оған Римнен аттап басуға тыйым салды. Оның алдында - не Римге толық билiк жүргiзу, не масқара өлiм жазасына кесiлу тұрды. «Цезарь арбаны тоқтатты да, өз мақсатын ұзақ уақыт ой елегiнен өткiздi, келешектi қасқайып тұрып қарсы алғысы келдi де: «Жеребе тасталды - Рубиконды кесiп өтемiз» - деп, өткелге қарай жүре бердi».

ЖЕРДІҢ ТҰЗЫ – Иисустың шәкірттеріне айтқан сөзі. «Халық ішіндегі алдыңғы қатарлы ойлы адамдар» деген мағына беретін бейнелі сөз.

ЖЕСІР ДАУЫ, ЖЕР ДАУЫ – қазақ дәстүрінде жесірге, жайлау-қыстауға байланысты туған талас тартыс.

«Шешендік дауларды мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал дауы және ар дауы деп беске бөледі» (Б.Адамбаев).

ЖЕТІ АТА – арғы ата, ата-баба. Қазақтың ескі рулық жігінде ата, аталастық негізгі орынға ие. Бір кісіден тараған аталас қауым жеті атасына жеткенде ақ түйе, боз қасқа сойып, үлкен жиын жасап, бұдан былайғы жерде қыз адып, қыз берісуге болады деп, баталасып отырған. Аталастық, туыстық жік осы жерден тоқтап, енді қыз алысуға көшкен қауым, жеке-жеке ру болып есептелген.

ЖЕТІ АТА ЖАУ – «ежелгі дұшпан» деген мағына беретін бейнелі сөз.

ЖЕТI АТА, ЖЕТПIС ПҰШТЫ – «жетi ата, жетпiс ұрпақ» деген мағынада қолданылатын сөз.

«Ар жағын айтпай-ақ қой, - дедi Жабай сөзiмдi бөлiп. – «Жетi атасын бiлген ұл, жетi жұрттың қамын жер» (С.Мұқанов, Таңдамалы).

ЖЕТІ ЖАРҒЫ – Тәуке ханның билігі кезінде құрастырылған заңдар тарихқа осылай енді.

ЖЕТI КЕМЕҢГЕР - Ежелгi Грецияда жетi адамды кемеңгер санап, олардың атын халық ұрпақтан - ұрпаққа таратып отырған. Олардың даңқы өздерi айтып кеткен бiр ғана даналық сөйлемдермен шыққан. Кемеңгерлер: Клеобул, Спартадан -Хилон, Коринфтан - Периандр, Питтак, Афиныдан - Солон, Бионтом, Фалес.

Наши рекомендации