Азақ әдебиеттануындағы Е.Ысмайыловтың еңбегі

Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің, ұлт­тық интеллигенцияның иммунитетіне ай­налған ұлы тұлғалардың әр біреуі та­мы­рын тереңге тартқан алып бәйтерек, сар­қылмас құнды қазына. Табиғатынан қа­ра­­пайым, танымы те­рең, талғамы жо­ға­ры, ұлт үшін құрбан болған сол тұлға­лар­дың жаратылысы да, жүріс-тұ­рысы да бөлек еді. Көкірегі алтын сандық, кемел ойы жүрегіңді тербететін сол ұлылардың бірі қазақтың аса көрнекті фольк­лор­та­ну­шы­сы, әдебиет зерттеуші ғалым Есма­ғамбет Самұратұлы Ысмайылов болатын. Көкше өңірінде, қазіргі Еңбекшілдер ауда­нының Шоқытас ауылында, әйгілі Біржан сал туған киелі топырақта 1911 жылы қазан айының 15 күні дүние есігін ашқан Есағаң әуелі әдебиет әлеміне ақын болып енді. Ақ­ындық қасиет те кез келген топырақта, кез келген адамға қона бе­­­рмейтіні анық. Ол үшін ата-тегі аруақ­ты, туған топырағы қасиетті болуы шарт. Қазақтың қай топырағы да қасиетті ғой. Дегенмен, Тәңірінің назары түскен өлке­лердің бірі – Көкшетау өңірі екені белгілі. Кешегі Абылай хан да қазақтың үш жүзінің басын осы Көкше өңірінде, Бу­­ра­байдың қойнауында қос­ты. Ұшса қыран­ның қанаты талған ұлан-ғайыр қазақ да­ла­сынан хан ордасы маңайына сұң­ғыла би­­­­лер мен жалаңтөс батырларды, қара қыл­ды қақ жарған шешендерді топтас­тыр­ды. Сол кезеңде бүгінгі Еңбекшілдер ауданы­ның Шоқытас ауылына Кіші жүз­дің Ал­шын-Жаппас, Алшын-Жағалбайлы рула­­рынан құ­рал­­­ған екі ауыл қоныс тепкен екен. Ес­ма­ғам­бет ағамыздың шежіресі сол Алшын-Жаппас руынан таратылады. Қара өлеңнің қасиетін ерте сезіп, ауыз әдебиетінің уызын мейірлене қанып ішкен хас таланттың қаламынан «Тұлпар жыры» (1933), «Жігер» (1934), «Жаз еркесі» (1936) секілді жыр жинақтары туа­ды. 1926-1930 жылдары Көкшетау мен Қы­зылжардағы (Петропавл) балалар үй­ін­­де оқып, тәрбиеленген Есмағамбет 1930-1934 жылдары Қазақ мемлекеттік педагогика институтында (қазіргі Абай атындағы педагогикалық университет) тә­лім алып, тіл-әдебиет факультетін ой­да­ғыдай бітіріп шыға­ды. Еңбек жолын ғы­лыми-зерттеу институ­тын­да, журналистика саласындағы қызметтер­ден бастай­ды. 1939 жылдан бастап өмірінің соңы­на дейін ғылыми-педагогтік қызметті ұш­тас­­тырып, абыройлы еңбек етті. Ақ сөй­леп, адал жүрді. КСРО Ғылым акаде­мия­сы Қазақ филиа­лындағы Жамбыл атын­дағы әдебиет және халық шығарма­шы­лығы секторының аға ғы­лы­ми қызмет­кері, сектор меңгерушісі болды. 1943 жылы «XX ғасырдың басындағы қазақтың демократиялық әдебиеті» деген тақырыпта филология ғылымдарының канди­даты дәрежесін алу үшін диссертация қор­ғайды. 1946 жылы Қазақстанда Ғылым ака­демиясы құрылып, оның Тіл және әдебиет институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директор қызметтерін атқарды. 1957 жылы «Қа­зіргі ақындардың шығарма­шы­лығын­да­ғы ұлттық дәстүр» деген тақырыпта («Ақындар» монографиясының негізінде) док­торлық диссертация қорғады. Есмағамбет Ысмайылов – ұлы Мұх­тар Әуе­зовтің ең жақын шәкірттерінің бірі, әрі сыр­ла­сы, әрі мұңдасы болған адам. Есағаңның әдебиетті шын сүйген ең­бекқорлығына, білімдарлығына сүйсініп, қат­­ты риза болған Мұхтар Әуезов өзінің Есағаңа жазған хатында: «Мен сені қазақ әдебиеті ғылымының айнымас, қажымас, жылдар жүр­се арымас жегіндісі – еңбек торысы деймін. Сол үшін сүйемін де бек бағалаймын» дейді. Ұлы Мұхтар Әуе­зов­тің өзі осылай бағалаған Есағаң шын мәнінде әдебиетіміздің бағына туған ғалым болатын. Иә, Есағаң қайсар қайраткерлігімен, табиғи талантымен, ұлтқа деген ұлы махаббатымен туған халқының әдебие­ті­не өлшеусіз еңбек етті. Кеңес өкіметінің солақай саясатының тырнағына да ілікті. А. Фадеевтің 1947 жылы маусым айында КСРО Жазушылар одағының IX плену­мында жасаған баяндамасының «Сын­­ның ұлт мәселесі төңірегіндегі қателік­тері» деген бөлімінде Есмағамбет Ыс­майы­ловтың «Қазақ совет әдебиеті» атты оқулығы қатты сынға алынды, ауыр сөз­дер айтылды. Кейін осы ұшқары шешім­нің салдарынан ғалым ағамыз 25 жылға лагерьге айдалып, тек Сталин өлгеннен кейін ғана ақталып шықты. 1961 жылы Тіл және әдебиет институтынан М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инс­­титуты бөлініп, өз алдына шаңырақ көтер­генде Е.Ысмайылов оның қалыпта­­­сып, өркен­деуіне елеулі үлес қосқан аға буын ғалым­дар­­дың алдыңғы сапында болды, әдебиет тарихы, фольклор бөлім­­­дерін басқарды. 1958 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының кор­­рес­пон­дент-мүшесі болып сайланды. 1961 жылы «Қ­а­зақ КСР-інің ғылымға еңбек сіңірген қай­­рат­­­кері» құрметті атағы берілді. 1934 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі болды. «Құрмет белгісі» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталды. Е.Ысмайылов – қазақ әдебиетінің та­­­рихы, сыны, теориясы саласында ұзақ жылдар талмай еңбектеніп, артына мол мұра қалдырған ғалым. Оның әдеби-ғылыми мұрасы сан тақырыпты қамти­тын бай қазына. Ол зерттеп, пікір айт­паған қазақ әдебиетінің бірде-бір жанры, проблемасы, көкейкесті мәсе­ле­сі жоқ. Төл әдебиетіміздің зерттелуіне, өсіп-өркен­­­деуіне өле-өлгенше өлшеусіз еңбек етті. Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов­тың қазақ фольклоры туралы алғашқы зерттеулері 1935 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жариялана бастайды. Олардың алғашқысы – «Қа­­­зақтың ел әдебиеті, оған Фирдаусидің әсері» және «Шора батыр туралы» деген мақалалар. Бірінші мақаласында парсының ұлы шайыры Әбілқасым Фирдаусидің әйгілі «Шахна­масынан» алынған «Рүстем дастан» жы­рының қазақша нұсқасын тілге тиек етіп, кең талдап, жалпы шығыс сюжетіне құ­­­рылған, қазақ орта­сына кең тараған қисса-дастандар жайында сөз қозғай­­­ды. Олар­­­дың батырлар жырына, халық дастан­­­да­­рына әсерін әңгімелейді. Екінші мақалада «Шора батыр» дастанының сюжеттік, ком­позициялық құрылымын зерттейді. Ғалым 1938 жылы «Қазақ ертегі­­­ле­­­рінің» алғашқы томын баспаға әзір­­лей­ді. Бұл жинаққа 95 ертегіні іріктеп алады да, оларды 7 бөлімге топтастырады. Автор осы еңбек­ке жазған алғысөзінде былай деп көрсетеді: «Бұл бірінші томдағы ертегілердің жіктелуі (ілгері-соңды берілуі, бөлімдерге бөлі­н­уі) алдымен та­­­қырыптық жағына негізделді». Өкініші, бағалы ең­бек кезінде жарық көрмей, қол­жазба күйінде қалып қойған. Қазақ ертегілерін топтастыру жай­­­ын­дағы пікірін ғалым өзінің кейінгі ма­қалаларында да дамы­та түсті. Ертегілерді жүйелеп жа­­риялау ниеті көп жыл өт­кен­нен кейін ғана жүзеге асты. «Қа­зақ ертегілерінің» үш томдығы жалпы көле­­мі 150 баспа табақ көлемінде 1957-1964 жылдары жарияланды. Оның жалпы ре­дакциясын профессор Ысмайы­лов бас­қарып, ертегілерді сұ­рып­тау, жүйелеу жұмыстарын қайтадан жүргізді, ғылыми тү­сініктемелер мен көрсеткіштер берілді. Осы ғылыми басылымға академик М.О. Әуезовпен бірігіп көлемді кіріспе мақала жазды. «Қазақ ертегілерінің» үш томды­­ғын құрастыруды аяқтаған жылдарда Еса­ғаңның мәскеулік профессор Сидельниковпен өз үйінде ұзақ әңгімелесіп отырғанын бірнеше рет көрген едім. Халық ертегілерінің таби­ғатын жақсы білетін Сидельников ертегілер туралы, олар­дың халық тарихындағы орны тура­лы кең толғанушы еді. Е.Ысмайылов табан аудармай, тыңғы­лықты зерттеген жанрдың бірі – қазақ­тың батырлық жыр­лары мен тарихы жырлары. Жоғарыда ай­тылған «Шора батыр туралы» мақаласынан кейін, 1939 жылы «Батырлар жыры туралы» деген іргелі зерттеуін жазды. Баспа мүмкін­ді­­­гінің жетіспеушілігінен бұл еңбек те жарық көрмей, қол­­­жазба күйінде қалды. Бұл еңбе­гін­де ғалым қа­­­зақтың батырлар жырын мынадай топқа бөледі:

1. « xiv ғасырға дейінгі қаңлы-қып­­шақ за­ма­нының батырлар жыры»: «Ер Төстік», «Құ­лам­ерген», «Аралхан», «Кө­­­р­­­ұғлы», «Боз­ұғ­лан», «Алпамыс», т.б.

2. xiv-xvi ғасырлардағы ноғайлы за­­­ма­­­ны­­­ның батырлар жыры: «Едіге», «Қо­­­бы­ланды», «Орақ – Мамай», «Шора», «Ер Тар­ғын», «Ер Көкше», «Бөген б­а­­тыр», «Ер Сай­ын», т.б.

3. xvii-xviii ғасырлардағы қазақ-қал­­­мақ арасының қарым-қатынасына бай­­­­ланысты ту­ған батырлар жыры: «Ес­­­­ім­­­хан», «Бөгенбай», «Қабанбай», «Олжабай», «Арқалық», «Алатай», «Қаратай», т.б.

4. xix ғасырдағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына байланысты батыр­­­лар жыры: «Сырым», «Кенесары – Нау­­­рызбай», «Исатай – Махамбет», «Бекет», «Жанқожа», «Ағы­бай», «Сұраншы», «Сыпатай», т.б.

Эпикалық жырларды зерттегенде Е.Ыс­майылов, әсіресе, тарихи жырларға көп көңіл бөледі. Ол Жамбыл жырлаған «Сұраншы ба­тыр» туралы мақаласын 1938 жылы жазып, жариялайды.Қазақ халқының эпостарын, тарихи жыр­ларын зерттеуге арналған моно­­­гра­­­фиясын аяқ­тау кезеңінде академик В.Жирмунскиймен ой бөлісіп отырғанын талай көрген едім. Е.Ысмайылов xviii-xix ғасырлар­да­ғы жау­гершілік заманда туған, қазақ хал­қының сырт­қы жауларға қарсы күресін бейнелейтін халық поэзиясын да ұзақ жылдар зерттеп, «Тарихи жырлар» атты монографиялық зерттеу жазды. Автор мұнда тарихи жырлардың жанр­лық ерекшелігін анықтайды. Оның басқа ба­тыр­­­лар жырынан айырмашылығы – тарихи оқиғаны немесе кейіпкерді нақты фактілер негізінде суреттейтіндігін атап көр­­се­теді. Алайда, мұндай жырлардың нақ­ты деректерден, оқи­ғалардан алшақтап кететін тұстары да бо­лады. Бұл ақынның шығармашылық қиялына, көздеген идея­лық мақсатына байланысты дейді ғалым. Е.Ысмайылов тарихи жырларды төрт ке­зең­ге бөліп зерттеуді қажет деп таба­­ды. Бірінші – орта ғасырлар, екінші – xviii ғасыр, үшінші – xix ғасыр, төр­тінші – XX ғасыр көлемінде туған шы­ғармалар. Ол өзінің 1939 жылы жазған «Батырлар жыры туралы» деген мақаласында эпикалық дастандарды әзір­леу мәселесіне тоқ­та­лып, осыған ұқ­­­сас пікір ұсын­­­ғанын жоғарыда айт­қанбыз. Сөз бо­лып отырған соң­ғы зерттеуінде әр дәуірдің тарихи жырларына тоқталып, оған ғылыми сипаттама береді. xviii ғасырдан бергі жыл­дардың кей­біреулерінің ав­тор­лары да ұмы­тылмай, ел ау­зын­­­да сақталған. Олар­дың нұсқа­ла­ры көп емес. xix ғасыр­­­да туған тарихи жырлардың көп­­­шілігі патша өкі­метінің отар­шыл­дық саясатына қарсы халық кө­терілісінің сырын шертеді. Кейбір жыр­ларда қазақ әйелдерінің де әлеуметтік іске, ерлік оқиғаларға араласа бастағаны көрініс береді. Ғалым xix ғасырдың ақыры мен XX ғасырдың басындағы тарихи жырларға ерекше мән берген. Бұл қазақ даласында Ресей импе­риясының отаршылдық, қа­нау­шылдық саяса­тын күшейте түскен, аштық, жұт апаттары арқаға аяздай бат­қан, оның үстіне 1905 жылғы төңке­рістің, орыс-жапон соғысының, бірінші империалистік соғыстың зардабы елді күй­зелт­кен қауырт кезең еді. Бұған 1916 жылғы оқиға келіп ұласты. Қазақстан Орталық комитеті 1947 жы­лы 21 қаңтарда «Қазақ КСР Ғылым ака­­­де­мия­сының Тіл және әдебиет инс­­ти­туты жұмы­сындағы өрескел саяси қа­теліктер туралы» қаулы қа­былдап, онда Кенесары бастаған көтерілісті дәріптеген жырларға қарсы пікірлер айтыл­ғаны белгілі. Осыған байланысты Есағаңның бас­паға дайын­даған «Қазақ әде­биеті тари­хының» фоль­­­к­­­лорға арналған алғашқы томы­ның қол­жазбасына едәуір тү­зе­тулер енгізіледі. Авторлар ұжымы жазған бұл қолжазба келесі жылы кітап болып басылып шықты. «Та­рих­тағы Кенесары – Наурызбай тура­лы тарихи жыр-әңгі­ме­лер» жөніндегі та­раудың авторы Е.Ыс­майылов жоғарыда аталған қатал қау­лы­ға қарамастан, көте­рілісті және ол тура­лы тарихи жырларды әділетті бағалауға тырысты. Сол еңбегінде Е.Ысмайылов: « xix ғасыр­дың алғашқы жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық жолындағы кү­рес­терінің ең бір іргелісі Кенесары Қа­сымұлы бастаған халық көтерілісі еді. Он жылға созылған (1837-1847) бұл кө­те­ріліс қазақтың әлеуметтік тарихынан қандай зор орын алатын болса, ауыз әдебиеті тарихынан да ерекше орын алады» деп жазады. Әрине, мұндай батыл тұжырым жасау идео­логиялық жағдай ушығып тұрған ондай уа­­­қытта үлкен ғылыми ерлік еді. Ғалымның қазақ фольклоры мен әдебие­ті тарихындағы осындай әділ де батыл пікірлері кейін оны «ұлтшыл» деп ай­ыптап, қамауға алуға себеп болды. Қазақ фольклортану ғылымында ертегілер мен батырлар жырын едәуір зерттеген ғалым ХХ ғасырдағы Жамбыл бас­таған халық ақындары шығармашы­лы­ғы­­на да айрықша көңіл бөлді. Әсіресе, жыр алыбы – Жам­былдың ақындық өне­рін зор сүйіспеншілікпен зерттеді. Өмірінің ақырына дейін одан қол үзген жоқ. Е.Ысмайылов Жәкең туралы былай дейді: «Жамбыл поэзиясы – халықтың бұрын-соңды ауыз әдебиетінің жаңа с­а­­па­лы жиынтығы. Олай болса, Жам­­­был­ды, Жамбыл сияқты таланты қайта оя­нып, шығармашылығы гүл­ден­ген халық ақындарының бұрынғы фольк­лорлық, ақындық дәстүрлермен байланысын да ашу қажет болады». Сонымен бірге, ғалым Жамбылдың үзең­гілес шәкірттерінің бірі – жыр дүл­дүлі Нұр­пейіс Байғаниннің шығарма­шы­­лығына да көп көңіл бөлді. 1940 жылы оның тұңғыш жи­нағына алғысөз ретінде «Нұрпейіс ақын» деген мақаласын жа­зып, жариялады. Е.С.Ысмайылов 1948 жылы шық­қан «Қа­зақ әдебиеті тарихында» (1-том, «Фольклор») «Қазақ фольклоры» атты көлемді зерттеуін жариялады. Е.Ысмайыловтың «Ақындар» моно­гра­фиясының құндылығы Жамбыл, Нұрпейіс, Иса сияқты ірі өнер тұлғаларының шы­ғар­машылығын жан-жақты зерттеуге ғана емес, жалпы суырып салма ақындық өнер туралы бұрын-соңды айтылып жүрген пікірлерді саралап, бір жүйеге келтіруде және өзінің тың тұжырымдарын жасауда, сөйтіп бұл жайындағы ғылыми-теориялық пікірлерді жинақтап, түйіндеуде екені дау­сыз. Жалпы, Е. Ысмайы­ловтың «Ақындар» атты кітабы қазақ кеңес фольклоры туралы кең тынысты, көлемді де ғылыми парасатты үлкен еңбек болып қалды. Ол кісінің «Ақындар» деп аталатын монографиясы – Одақ көлемінде жоғары бағалан­ған мұра. Көрнекті ақын, белгілі ғалым Әбділда Тәжібаев өз зерттеулерінде: «Халық ақындарының өнер­­леріне қарай жіктеп бөлуде Әуезовпен қатар Есмағамбет Ыс­майыловтың да көрсеткен тап­­қырлығы аз емес. Солардың бір тобын әнші ақындар деп атап және олар­дың талант табиғатын түсіндірудегі Есмағам­бет еңбегі ерекше қымбат» деп жазды. Осы орайда Е.С.Ысмайыловтың әнші ақындардың ерекшелігін, өзіндік сипатын ғы­лыми жағынан саралап қана қоймай, олардың ірі өкілдері туралы зерттеулер жазғанын да айту керек. Мысалы, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Ақан сері туралы, олардың ақындық, сазгерлік, әншілік өнері жайында толымды, тол­ғамды еңбек жазды. Біржанға қатысты зерттеуінде Сарамен айтысына тоқталып, даулы пікірлерді талдап айтумен қатар, өзінің ғылыми болжамын ұсынады. Айтыстың ақиқат бол­ғандығын, бірақ көп уақытқа дейін хатқа түспей, ел аузында жатқа айтылып келгендіктен, кәдімгі фольклор шығармалары сияқты бастапқы нұсқасынан өңделіп, өзгерістерге ұшырағанын қисынды дәлелдейді. Есмағамбет Ысмайлов – тек әдебиетте ғана емес, біздің ұлттық академиямыздың қалып­тасуына, қоғамдық ғылымдардың дамуына, фольклортану саласында кадр дайындауда ерекше еңбек сіңірген қайраткер. Сол алпы­сыншы жылдары игілікті істің басы-қасында жарғақ құлағы жастыққа тимей, күндіз-түні тыным таппай, жан-тәнімен беріліп жұмыс істеп Есағаң жүретін. Ол кезде жұрттың айтуға батылы жетпей жүрген шақта қазақ әдебиетінің ерте дәуірі туралы Бейсембай Кенжебаевтың батыл тұжырымын ең алғаш қолдаған ғалым осы Есмағамбет Ысмайылов болатын. Есағаң әдебиет сынына да өте белсенді араласты. Әдебиеттің прозасына, поэзиясына, драматургиясына жөн сілтеп, бағыт-бағдар беріп отырды. Әуезов бастаған, Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, Мұхамеджан Қаратаев қостаған әдебиет тарихын зерттеу­шілерінің еңбегі әлі толық бағаланған жоқ. Бұл да бір кезек күттірмейтін іс.

Наши рекомендации