Монологтық сөйлеу.

Диалогтық сөйлеу – екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.

Монологтық сөйлеу – бір адамның сөйлеуі, әңгіме, баяндама, лекция және басқа да түрлері кездеседі. Мұнда сөйлеуші бір адам, тыңдаушы – көп халық. Осылайша сыртқы сөйлесу: ауызша диалогтық сөйлеу, ауызша монологтық сөйлеу, жазбаша сөйлеу болып бөлінеді. Адамның айтқан қандай сөзі де белгілі бір мазмұнды білдіреді және сөйлеушінің, жазушының осы мазмұнға қатынасын көрсетеді. Мұнан туатын қорытынды: сөйлеу ойды білдіріп, іштегі сезімді сыртқа шығарады. Сөйлеудің бұл сипаты – оның мәнерлілігі. Сөйлеу мәдениеті — кез келген мамандық иелерінің, әсіресе кәсіпкерлердің, заңгерлердің, дикторлардың, журналистердің, саясатшылардың кәсіби деңгейінің ең маңызды көрсеткіші. Сөз мәдениеті, сөйлеу шеберлігі тілдік, сөйлеу қатынастары процесінде маңызды рөл атқарады, сондықтан да ол өз мамандықтарына сай адамдармен жұмыс жасап, олардың қызметтерін ұйымдастыратын және басқаратын, іскерлік келіссөздер жүргізетін, тәрбиелеу, оқыту, емдеу, т.б. түрлі тұрмыстық қызмет корсететін адамдарға ауадай қажет. Адамның қалай сөйлегеніне қарап, оның рухани және парасаттылық өрісін, ішкі мәдениетінің дәрежесін анықтауға болады. Сөйлеу мәдениеті — ауызша және жазба әдеби тілдің қалыптарын (сөздерді дыбыстап айту, екпін, сөз қолдану, грамматика, стилистика ережелерін) меңгеру және тілдің мәнерлеу құралдарын қатынастың әр түрлі жағдайларында олардың мақсаттары мен жағдаяттарына сөйкес қолдану біліктілігі. Сөз сөйлеу мәдениеті деп біз сөздерді сөйлеудің дұрыстығын, қатынастық лайықтылығын, дөлдігін, ойға қонымдылығын, анықтығы мен түсініктілігін, тазалығын, мөнерлілігін, әр түрлілігін, естілуге жағымдылығы мен орындылығын айтамыз

54,Трансактылы талдау концепциясы. Трансакт анализ – негізін салушы американ психиатры Берн. Оның концепциясы бойынша адам «алдын ала шешімдермен» бағдарламаланған. Ол өз өмірін «сценарий» бойынша сүреді, оның жақындары, ата-аналарымен жазылған. Негізгі мақсат - өмірлік позицияларын қайта қарау.

55,Тілдік қарым-қатынастың әлеуметтік – психологиялық заңдылықтары Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Тіл – қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Сондықтан қоғамды дамытудың басты ұстанымы – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту. Адам ойының жемісі, тіршілігінің көзі болып табылар бұл ерекшелік бүгінгі тіл білімінің де, әдістеме ілімінің де басты мәселелелерін құрайды. Осыған орай тілді тек құрылымдық негізде ғана емес, әлеуметтік, қоғамдық тұрғыдан талдап түсіндіру қажет. Тілді әлеуметтік проблемалар қатарында әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру, оның қоғамдағы орны мен қызметін анықтау бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі болып саналады. Оған тілдің әлеуметтік сипатын саралау, әдеби тіл мен диалектілердің арақатынасын қарастыру, тілдік форма мәселелеріне көңіл бөлу, т.б. жатқызылатындықтан, қазақ тілін оқыту негіздерін де бұл проблемалардан сырт қалдыруға болмайды.

56,Ұжымдық қарым-қатынас . Әлеуметтік қатынас психологиясы Кеңес ғалымы Р.С. Немовтың еңбектерінде ұжым кең мағынада- идеялары, қызығушылықтары мен қажеттіліктері біріккен адамдар ретінде тұжырымдалады [9]. Ұжым жоғары дамыған шағын топтан тұрады. Дамыған ұжым психологиясы сол топтың мүшелері үшін ғана емес басқа да тұлғаларға жағымды әсер етуі тиіс. Ұжымда тұлғааралық қарым-қатынас адамдардың өзара түсінісуіне, ашықтығына, шынайылығына, әдептілігіне, өзара сыйластығына негізделеді. Қандай да бір топты ұжым деп атау үшін мынадай жоғары талаптарға сәйкес келуі керек: алға қойылған міндеттерді табысты орындау; жоғары мораль; жақсы адами қатынас; топ мүшелеріне тұлға ретінде қалыптасуға мүмкіндік беру; шығармашылыққа қабілеттілік және т.б.Ұжым ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ықыластары екінші біреулердің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарам-қайшылықты қатынастар бой көрсете бастайды. Адамдардың бір-біріне деген өшпенділігі болған жерде шиеленісті, жанжалды қатынастар өрбиді. Бұл жағдайлар ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынасқа кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, бұл қатынастардың барлығы өмірде адамдардың бір-біріне беретін бағалары мен мінездемелерінде, әр адамның басқаға бағытталған іс-әрекет, қылығында өзара байланысқан ойы мен сезімінде көрініс береді.
Ұжымдық қарым-қатынас анықталатын түсініктер сипаттамасы
Түсініктер мен сипаттамасы
Руханилық
Ұжым ішіндегі және ұжымнан тыс қарым-қатынас жалпы адамзаттық моральдің нормалары мен құндылықтарынан құрылуы тиіс.
Жауапкершілік
Қоғам алдында әрбір азаматтың тағдыры үшін моральдік және басқа да міндеттемелерді ерікті түрде қабылдау. Жауапкершілік ұжым мүшелері өзіне және өзгелерге талап қоя білуінде, өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін шынайы бағалағанда, бастаған істі соңына жеткізуде, тәртіпке саналы бағынуда, өзгелердің қызығушылығын өзінікінен төмен қоймауында және т.б. көрінеді.

Ашықтық
Ұжымдық қарым-қатынасқа дайын болу және әрбір мүшесімен байланыс орнату қабілетінде көрініс береді.
Ұжымшылдық
Ұжымның табыстылығы үшін қамқорлық жасау. Жақсы дәстүрлердің қалыптасуы мен ұжым мүшелерінің бір-біріне сенімі.
Байланыс
Тұлғалық, эмоциялық жағымды достық қатынас, жақсы ниеттілік және ұжым мүшелерінің бір-біріне сыйластық пен сенімді жолдастық өзара әрекеттестігі.
Ұйымшылдық
Ұжым мүшелерінің өзара әрекеттестікке ептіліктері, шиеленіссіз міндеттемелерді бөліп алу.Ұйымшылдық- кемшіліктерді анықтау және жөндеу, туындайтын мәселелерді алдын ала болжау және оны тез арада шешу.
Қарқындылық
Ұжым алдында тұрған барлық міндеттерді шешудегі табыстылық.
Хабардарлық
Ұжым алдындағы міндеттерді, жұмыс мазмұны мен қорытындыны білу, мінез-құлық нормалары мен ережелердің жағымды және жағымсыз тұстарын түсіну.
Қарым-қатынасты меңгерту ұзақ уақытты қажет ететін күрделі үдеріс. Оның мазмұнын жобалап, алдын-ала анықтап, бағыттары мен талаптарын таңдауда саналы түрде бақылау мен адамдық қабілеттерді дамытудың негізін салу психология ғылымының өзекті мәселесі. Себебі, қоғам өмірі өзгерсе де, сол қоғам өкілдеріне білімді игерту, оны дамыту жолдарын іздестіру, қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерінің мазмұнын ашуға мүмкін болатын жақтарын іздеу өзгермейді. Ал қарым-қатынастың өте құнды нәтижесін алу үшін, оның негізін қалаудан басталады. Сол негізде тұлғаның ұжымдағы қарым-қатынас ерекшеліктері айқындала түседі. Қорыта келе, әлеуметтік институттардағы тұлғаның өмір ағымында маңызды рөл атқаратын ұжымдық қарым-қатынасты жаңа сипатта зерттеу өзінің өзектілігімен және құндылығымен алға шығады.

57,Ұнамды қарым –қатынас жасай білу ерекшеліктеріЖасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым- қатынас жасау
мәселесі- психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі
күрделі мәселелердің қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра
зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері
жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-
қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер
бар екендігін көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі-мұғалім
мен шәкірттер арасындағы карым-қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың
үнемі кездесіп отыратындығы.Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен
ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса; ал
ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл- қозғалысына, іс- әрекеті мен сөйлеген
сөзіне, оның ақыл кеңесіне, өзге адамдармен қарым- катынасына, шәкірттерге
қоятын түрлі талаптарына өздеріңше іштей сын көзімен қарайды. Осы мәселені
анықтау бағытында арнайы жүргізілгең психологиялық және педагогикалық
зерттеулер төменгі сынып окушыларынан гөрі ересек оқушылар арасында
үлкендердің айтқан сездеріне құлақ аспау және айтқанынан қайтпайтын мінез
көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын анықтады.
Әриие, мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек
зерттеу-тәлім-тәрбие ісінде маңызды мәселе больш саналады.Бізде, атап айтқанда, Қазақстанда, әсіресе қазақ мектептері мен арнаулы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарында ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас орнатуға, олардың арасыңда кездесіп қалатьш қиыншылықгар психологиялық тұрғыдан әлі де қызу қолға альшып, тиянақты іздестірілмеген мәселелердің қатарына жатады. Ал, мұғалім мен шәкірттер арасындағы қатынасты іздестірудегі ғылыми-педагогикалық бірең- сараң әдебиет пен мақалаларда тек ұстазға қажетті сапаларды сөз етумен шектеледі. Осы кезде тәлім- тәрбие ісіндегі жасөспірімдермен қарым- қатынас жасауда мұғалімнің өзіндіқ сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен, әсіресе шәкірттердің, даралық ерекшеліктерімен санасын отыру қажеттігіне баса мән беріледі. Осыңдай талапты анықтап оны жүзеге асыру жолында мұғалімнің бойында өзіндік саңа, ұстаздық қасиет және арнайы білімі болу керек деген міндет қойылады.

58,Э.Эриксон (1902-1994) тұлға дамуының психоәлеуметтік кезеңдеріТұлғаның даму кезеңдері
Тұлға дегеніміз-тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйесінде алынған нақты адам.
Тұлға дамуы-оның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесін әр өмір кезеңдеріне орай қалыптасып баруы, адамға қоғамдық жатсынуға итермелейтін жағдайлардың күшін жоюды талап етеді.
Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңға бағынатыны жөнінде көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоға мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері,тұлға дамуының дағдарыстары, даму процесін тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі. Кең тараған тұлға теорияларының әр қайсысында тұлға дамуы өздігінщше қарастырылады. Мыс, психоаналитикалық теория дамуы деп-адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механимзмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де үйренеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалді. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенмен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді. Э.Эриксон тұлға дамуының кезеңдерін 8 топқа бөліп қарастырған: 1) ерте нәрестелік шақ(туылғаннан 1 жасқа дейін); 2) кейінгі нәрестелік шақ(1-3 жас); 3) ерте балалық шақ(3-5 шамасында) ; 4) орта балалық шақ(5-11 жас аралығы); 5) жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық(11-20 жас аралығы); 6) ерте ересек шақ(20-45 жас арасы); 7) орта ересек шақ(40-45 және 60 жас арасы); 8) кеш ересек шақ( 60-тан жоғары). Эриксон тұлғаның дамуының кезеңдерін бөле отырып, дамудың қалыпты желісі мен дамудың аномалді желісінің әр кезеңдегі ерекшеліктерін көрсеткен.

Наши рекомендации