І отбасы психологиясында Қарым-ҚатынастыҢ Қалыптасуын экспериментальді сынаҚтан Өткізу

Отбасында тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасуын

Анықтау

Тәжірибелік бөлімде эксперименталді алаң етіліп, Оңтүстік Қазақстан Облысының «Қазақтың Психологтар Қауымдастығы» ассоциациясында , 15 отбасы (бақылау тобы) мен 16 отбасы (тәжірибе тобы) балалары алынды Алдымен ата-аналар мен жеткіншек жасындағы балалармен әңгіме әдісін қолдана отырып, ара қатынасын байқауға сауалнама жүргізілді. Жеткіншектер мен ата –аналарға «Отбасылық қобалжуды анықтау»сауалнамасы қолданылды. Әдістеменің авторы Э.Г.Эйдемеллер және В.Юстицкис (2000) Әдістеменің мақсаты: Индивидтің жалпы қобалжуын зерттеу, оның отбасына деген көз-қарасы және отбасының оны қалай қабылдайтынын анықтау. «Отбасылық қобалжу» дегенде отбасының бір мүшесі үшін, қалған мүш есі бейсанада қобалжиды. Кесте -1

Нәтиже көрсеткіштері   Бақылау тобы Ата-ана бала Эксперимент тобы Ата-ана бала
Суб шкала В 8- 46% 7 -50% 5-30% 6-40 %
Суб шкала Т 5- 36% 5 -30% 6-40% 5-35 %
Суб шкала Н 2-18% 3- 20% 5-30% 4- 25 %

« Отбасылық қобалжуды анықтау» сауалнамасының нәтиже көрсеткішін 1-суреттен көруге болады.

і отбасы психологиясында Қарым-ҚатынастыҢ Қалыптасуын экспериментальді сынаҚтан Өткізу - student2.ru і отбасы психологиясында Қарым-ҚатынастыҢ Қалыптасуын экспериментальді сынаҚтан Өткізу - student2.ru

Отбасылық социограмма» телімелі тесті

Мақсаты : Жағдайды « қазір осы жерде» бірер минутта анықтауға болатын жедел диагностика. Субьекті отбасы коммуникациясына қалай түседі, тұлғааралық қатынастағы хал-ақуалы, оны тура және жанама түрінде анықтауға, мүмкіндік береді.Бұл әдіс түрі, суретті телімелі әдіске жатады Эдістеменің өтілуі: Зерттелушіге жауап беру іс-қағазы берілді, онда шеңбер сызылған диаметрі 110 мм тұрады. Нұсқауды түсіндіру. Қағазда бірнеше шеңбер сызылған. Сол шеңберге алдымен өзіңді « Мен» және отбасы мүшелерін дөңгелекпен белгілеңіз. Әр дөңгелекке аттарын жазып қойыңыз. Отбасы мүшелері бір-бірімен кеңеспей жеке дара толтыруды өтіну.

Бірінші белгі бойынша бағалау: отбасы мүшелерін қатар қойып шынайы өмірмен салыстыру. Отбасы мүшелерінің бірімен қақтығыста жүрсе ол шеңберге кірмей қалады немесе бір жануарға теңей салады.

Екінші белгі бойынша дөңгелектің көлеміне назар саламыз, егер үлкен шеңбер жаққа салынса ол адамның өзіндік бағалауы жоғары, ал дәл ортасына өзін немесе жақын адамын салса дарашыл тұлға бағытында. Ал төмен жағына салынса, өзіндік бағалауы төмен. Үшінші белгіде дөңгелектердің орналасу тәртібіне көңіл бөлеміз. Кім –кіммен жақын, маңызды орында деген сұрақтарға жауап аламыз. Шеңбердің ішінде орналасуы басқамен салыстыр ғанда үлкен шеңберде болса, зерттелуші көз-қарасында ол маңызды адам қатарына жатады. Төртінші белгіде бір бірінің үстіне салып, жаза берсе, отбасында дұрыс қатынастың болмауы туралы немесе өзара шекара жоқтығынан хабар береді. Отбасындағы өзара қатынас мұқият назар салып талдауды қажет етеді.

Кесте-2

Нәтиже көрсеткіштері   Бақылау тобы Ата-ана бала Эксперимент тобы Ата-ана бала
өзіндік бағалауы жоғары 5- 35% 4 -28% 6-42% 4-26 %
өзіндік бағалауы төмен 2- 12% 5 -32% 4-24% 5-30 %
Отбасында маңызды орын алады 5-35% 3- 20% 2 -16% 2-18 %
Отбасында бірге қатынас жоқ 3-18% 3-20% 3%-18 4-26%

Сурет-2

і отбасы психологиясында Қарым-ҚатынастыҢ Қалыптасуын экспериментальді сынаҚтан Өткізу - student2.ru і отбасы психологиясында Қарым-ҚатынастыҢ Қалыптасуын экспериментальді сынаҚтан Өткізу - student2.ru

4. «Отбасында эмоционалды қатынасты анықтау»Әдістеме авторы –Е.Бене және Д.Антони Е.Бене, (1999). Әдістеме отбасындағы баланың эмоционалды қатынасы мен көз-қарасын анықтауға арналады. Тест арқылы отбасы мүшелеріне деген баланың сезімін, қатынаста өзін қалай қабылдауын сандық және сапалық жағынан бағалауға мүмкіндік алады. Баланың қандай психологиялық қорғану типін қолданып жүргенін анықтауға болады.

Әдістеменің екі түрі бар:1) 4- 6 (8) жас кіші балалары үшін.2) 6- (8) 10 жас және жеткіншек тер үшін.Кішкентай балалар үшін қатынас келесі мазмұнды береді:-баладағы жақсы сезім өзгеден алынатын жағымды сезім ретінде. .

- балада жағымсыз сезімнің пайда болуы, өзгеден шығатын күйзелісті қайталау түрінде.

-өзгеге тәуелді.

Үлкен балаларға арналған варианты,қарым- қатынасты зерттеуге арналады:

-Екі түрлі жағымды қатынастан тұрады : әлсіз және күшті ; әлсіз сезім достықты мақұлдау және қабылдаумен байланысады , ал күшті сезім жыныстық күйзелістен,ол жекелік жыныстық байланыс және айла –амалдан тұрады;

-Екі түрлі жағымсыз қатынас; әлсіз және күшті:әлсіздігі достықты қабылдамау мен мақұлда маудан тұрады; күштілігі кектену мен қастасудан тұрады.

Ол 20 фигурадан тұрады.барлық жастағы адамдардың түрін,мөлшерін, көлемін бейнелейді, себебі отбасы мүшелерін арнайы жасауға көмектеседі. Әдістеменің әрбір сұрағы бөлек жеке жолаққа жазылған. Балаға осы сөздер кімге арналады соны байқап сол фигурамен бірге жәшікке салыңыз деп өтінеді. Әдістеме міндеті –баланы келесі субьектіні көру эмоционалды реттелу арқылы жүргізіледі. Бала ыңғайлы дене күйінде отбасы мүшелерін көрсететін фигураларға жақын жерде орналасады.Бала фигураларды таңдайды,ал зерттеуші одан отбасы мүшелерінің қайсысын көретін сұрайды.Ол

фигураларға қатынас жасағанда отбасы мүшелерімен жасағандай қарастырады.

Кесте-3

Сыналушы топтар Жағымды қатынас Жағымсыз қатынас Тәуелді қатынас
Бақылау тобы 5-35% 6-42% 4-23%
Тәжірибе тобы 7- 40% 4-25% 5- 35%

і отбасы психологиясында Қарым-ҚатынастыҢ Қалыптасуын экспериментальді сынаҚтан Өткізу - student2.ru і отбасы психологиясында Қарым-ҚатынастыҢ Қалыптасуын экспериментальді сынаҚтан Өткізу - student2.ru

Сурет-3

Ата-ана роліндігі баламен қатынасын да өзалдына бөлек қарастырдық:

«Отбасылық серия» телімелі әдісі үш вариантта «Менің идеалды отбасым», « Менің шынайы отбасым» және «Менің қажет ететін отбасым» сурет арқылы (арт терапия) деңгейінде анықтауды негізге алдық. Анықтауға ыңғайлы және артынша жұмыс жүргізуге мүмкіндігін тигізеді.

Қажеттілік базасын анықтауәдістемесінің масаты құрсақ дамуынан бастап, 3 жасқа дейінгі толық дамуда қажеттіліктің қалай қанағаттанғанын анықтауға мүмкіндік береді.

Сыналушыларға: 4 түрлі сурет салуды ұсындық: өсімдік, қару түрі, зергерлік бұйымдар, ыдыс аяқ .

Сурет мазмұнының психологиялық талдануы: Өсімдік- тірі болса, өмір сүруге құлшыныс; ал егер кесілген, томар түрінде болса, онда индивидтің ішкі жан- дүниесінде жойылу деген бағдарлама жұмыс жасауда, оны сұрақтар қою арқылы нақтылау қажет болады.

Қару жарақ –қорғану; егер ол басқаруға келетін болса (мылтық, пистолет, пышақ ) онда мінез-құлқын өзі реттей алады, ал егер садақ болса, жаны тез жараланатын, осы мінез-құлқымен елді өзінен алыстатады. Ал қылыш болса- тек жақындарына ғана әсер ете алады. Қару-жарақ дәу болса- агрессияның басымдығын білдіреді.

Зергерлік бұйымдар – денеге жақын орналасқан болса сүйкімді, сүйіктісі бар, ал егер сирек кездесетін немесе тағылатын әшекейлер болса, әлі сүйіктісін таппағанды білдіреді.

Ыдыс-аяқ - күнделікті қолданатын түрлерін салған болса, қарапайымдылық қажеттілігі қанағаттануда, ал хрусталь сирек кездесетін ыдыстар салынса, қажеттілігін басып жүзеге асырылмауда.

Бақылау тобы анықтау экспериментінің нәтиже көрсеткішін 1-кестеден көруге болады.

1-кесте.

Сыналушының реттік саны 1- субтест 2-субтест 3-субтест 4-субтест
+ + + +
+ + + +
- + - -
- - - +
+ + + +
+ + - +
+ + + -
+ - - -
- + - +
+ - - +
- + + +
- - - -
+ - - +
+ - + -

Тәжірибе тобы бойынша анықтау экспериментінің нәтиже көрсеткіші 2-кестеден көре аламыз:

1.1-кесте.

Сыналушының реттік саны 1- субтест 2-субтест 3-субтест 4-субтест
+ - - +
- + + -
+ + - -
+ - + -
- + + +
- + + +
- + - +
+ - + -
- - + +
- + - +
+ + - +
+ - - +
- - - -
- - - -

Осы әдістеме екі топта жүргізілуіне байланысты нәтиже көрсеткішіне тоқталсақ:

Бақылау тобында өмір сүруге деген құлшыныс төмендеуі толық отбасында 30% көрсетсе, ал жарты кеш отбасында 50%құрады. Жеткіншектердің мінез-құлқын қоршаған ортада реттеу деңгейі мен агрессияның төмен деңгейі толық отбасында 10%, ал жарты кеш отбасында 75 % көрсетті. Индивидтерде сүйіспеншілік сезімдерінің бастау алуы толық отбасында 50%, ал жарты кеш отбасында 75% көрсетті. Өмірлік қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі толық отбасында 30%, ал жарты кеш отбасында 50% екендігі анықталды. Ал , эксперименттік топтың нәтижелері өмір сүруге деген құлшыныс төмендеуі толық отбасында 60 % көрсетсе, ал жарты кеш отбасында 60%құрады. Жеткіншек жасындағы балалардың мінез-құлқын қоршаған ортада реттеу деңгейі мен агрессияның төмен деңгейі толық отбасында 30 %, ал жарты кеш отбасында 60% көрсетті. Индивидтерде сүйіспеншілік сезімдерінің бастау алуы толық отбасында 60%, ал жарты кеш отбасында 75% көрсетті. Өмірлік қажеттілігін қанағаттандыру деңгейі толық отбасында 40 %,ал жарты кеш отбасында 25% екендігі анықталды. Зерттеу нәтижелері 1 – суретте көрсетілген.

Наши рекомендации