Электронды басылымдар мен интернет-сайттар

СИЛЛАБУС

ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті (ІІ жартысы) пәні бойынша

Мамандығы:Қазақ тілі мен әдебиеті - 5B011700

2 курс, қазақ бөлімі, көктемгі семестр, 3 кредит

Мамандығы:Филология - 5B020500

3 курс, қазақ бөлімі, көктемгі семестр, 3 кредит

Дәріс және семинар берушінің аты-жөні:ф. ғ. к., доцент Асқарова Алтынай Шәуәлиқызы

Телефон:3 77 33 33 (13 30)

е-mail:[email protected]

Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы, 325 кабинет

Пререквизиттері - 1.Фольклор және ежелгі дәуір әдебиеті.,

2.Орта ғасыр әдебиеті ,

3.ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ әдебиеті,

4.ХҮІІІ ғ. әдебиеті,

5.ХІХ ғ. әдебиеті,

6.ХХ. ғасыр қазақ әдебиетінің бірінші жартысы (1900-1940),

7.ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің ортасы (1940-60жж.),

Постреквизиттіне жататын пән: Қазіргі қазақ әдебиеті (1990-2010 жылдар әдебиеті).

Пәннің негізгі мақсаты:

Заман мен қоғам өзгерістеріне сай бұл курстың да зерттелу аясы кеңіп, үлкен өзгерістерге түсіп жатқандығы баршаға аян. Сондықтан да, бұрынғы бағдарламаларды негізге ала отырып әдебиетіміздің қырық жылға жуық үлкен бір кезеңін барынша ықшамдап, талғап, студент жастарға жүйелі жеткізуді мақсат еттік. Бұған қоса айтарымыз, мақсат жас ұрпақ бойына ұлт әдебиеті құндылықтарын, ақын-жазушылар мұраларын етене таныстыру. Ізденіс, көркемдік қырларын салыстыру, зерделеу арқылы жеткізу.

Пәнге қатысты меңгеруге тиіс:

  • Қазақ әдебиетінің /1960-90 жж./, негізгі шығармалардың мазмұны мен ерекшеліктерімен жақсы таныс болуы керек.
  • Жекелеген жазушылардың шығармашылық мұрасын біліп қана қоймай, олардың жанрлық, стильдік ерекшеліктерін және дамуының бағыт-бағдарын өздігінен салыстырып талдауға үйренуі тиіс.
  • Көркем шығарма табиғатына ену.
  • Әдеби шығарманың әлемдік әдеби процеспен салыстыра қарастырып, оған қазіргі әдеби дамудың заңдылықтар тұрғысынан баға бере алатын дәрежеде болуы керек.

Пәнге қатысты білуге тиіс:

  • Қазіргі әдеби процеспен көркем шығарманы бірлікте қарастыра алатындай зерттеу әдістері мен тәсілдерін жете білуге тиіс.
  • Әдебиеттер тізімінде көрсетілген ғылыми және көркем әдебиеттерді түгелдей оқып, біліктілігін танытуы тиіс.
  • 1960-1990 жылдардағы қазақ әдебиетін жан-жақты оқып-танысу үшін сол кезеңнің қоғамдық ахуалын, саяси жағдаяттарын, рухани кемелдену сипаттарын білу борыш.

ПӘННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫ

Апта Тақырыптың аталуы Сағат саны Бағасы
1 Модуль ХХ ғасыр ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті
  1-дәріс. Кіріспе. 1960-2000-шы жылдардағы қазақ әдебиеті, оның даму ерекшелігі
1-семинар. 1960-2000 жж. қазақ әдебиеті, оның даму ерекшеліктері
1-СОӨЖ.С.Мұратбеков әңгімелеріндегі лиризм    
2-дәріс. 1960-2000-шы жылдар әдебиетіндегі проза дамуының бағыттары
2-семинар. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрының көркемдік қырлары
2-СОӨЖ. Д.Исабеков әңгімелеріндегі адам психологиясы.  
3-дәріс. Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы шығармалар
3-семинар. Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығы
3-СОӨЖ. Т.Әбдіковтің прозасы.  
Модуль ІІ: ХХ ғасыр ІІ жартысындағы Қазақ романдарының өзіндік ерекшелігі
 
  4-дәріс. ХХ ғасыр ІІ жартысындағы қазақ романдарының тақырыптық ерекшелігі
4-семинар. 1960-2000-шы жылдар әдебиетіндегі тарихи тақырыптың игерілуі. Тарихи проза
4-СОӨЖ. Т.Нұрмағамбетов әңгімелеріндегі ұлттық мінез көрінісі.  
5-дәріс. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы
5-семинар. «Көшпенділер» трилогиясындағы тарихи дерек.
5-СОӨЖ. Қ.Жұмаділов шығармашылығы және «Дарабоз» романы.  
6-дәріс. Ә.Нұрпейісов шығармашылығы. «Қан мен тер» романы.
6-семинар. Қазақ романдарындағы дәстүр мен сабақтастық . Д.Исабековтың «Қарғын» романы.
6-СОӨЖ. С.Елубай «Ақ боз үй» романы
  7-дәріс. Ә.Кекілбаев шығармашылығы.
7-семинар. Көркем шығармалардағы ауыз әдебиет үлгілері. Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» - тарихи-философиялық романы
7-СОӨЖ. Қазақ романдарындағы тарихи тұлғалар сомдалуы .А. Нұрмановтың "Құланның ажалы" романы.
№ 1Аралық бақылау  
  мидтерм  
8-дәріс. Оралхан Бөкей шығармашылығы  
8-семинар. Қазіргі прозадағы психологиялық талдау формалары
8-СОӨЖ. Қазақ романы және оның этнографиялық негіздері. О.Бөкейдің «Атау-кере» шығармасы    
Модуль ІІІ: 1960-2000-шы жылдардағы қазақ әдебиетіндегі поэзия жанр
9-дәріс. Қазақ әдебиетіндегі балаларға арн. шығармалар  
9-семинар. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі балалар прозасының көркемдік қырлары
9-СОӨЖ. Қазіргі қазақ сатирасы  
10-дәріс. 1960-2000-шы жылдардағы қазақ әдебиетіндегі поэзия жанры  
10-семинар. 1960-2000 ж.ж. поэзиясындағы тақырып, проблематика, жанр мәселелері
10-СОӨЖ. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы тарихи және көркемдік шындық  
       
11-дәріс. М.Мақатаев поэзиясындағы шеберлік үрдістері  
11-семинар. М.Мақатаев және Ж. Нәжміденов ақындығы
11-СОӨЖ. «Махаббат, қызық мол жылдар» өмір шындығы және көркемдік шешім  
12-дәріс. 1960-2000 ж. ж. қазақ поэмасы  
12-семинар. Қазақ поэмаларының идеялық – тақырыптық бағыты
12-СОӨЖ.. Ж. Шәкенұлының «Қаралы көш» тарихи романы  
  13-дәріс. Ф.Оңғарсынова шығармашылығы    
    13-семинар. К.Ахметова поэзиясындағы табиғат сыры. М.Айтхожина өлеңдеріндегі бейнелілік.  
13-СОӨЖ. Д.Досжановтың «Алаң» және Т.Сәукетайдың «Айқараңғысы» романдары  
  Модуль ІҮ:Қазіргі кезеңдегі әдебиеттану мәселесі    
14-дәріс. 1960-2000-шы ж.ж. қазақ әдебиетіндегі драматургия жанры  
14-семинар. Қ.Мұхаммеджанов – драматург
14-СОӨЖ. М.Шаханов поэмалары    
15-дәріс. Қазіргі қазақ әдеби сыны және әдебиеттану  
15-семинар.Әдебиет және эстетика
15-СОӨЖ. Қазіргі қазақ әд. әлем халықтарымен байланысы    
2 Аралық бақылау  
Емтихан  
  Барлығы  
       

Студенттердің өздік жұмыстарына арналған әдебиет тізімі

1 Негізігі әдебиеттер

1.Ысмайылов Е. Әдебиет теориясының мәселелері. А:Қазақ университеті, 2011.

2. Қаратаев М. Казахская литературная критика на современном этапе. Алматы, 2003.

3. Кәкішұлы Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Астана, Фолиант, 2013.

4.Пірәлиева Г.Ж. Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелері. –2004.

5.Қазақ әдебиетінің тарихы. 10 томдық. 10 том. – Алматы, 2005.

6.Қазақ әдебиетінің тарихы. 12 т. Алматы, ҚАЗақпарат, 2004.

7.Әдеби өмір шежіресі. Алматы, Ана тілі, 2005.

2.Қосымша әдебиетер:

1. Әуезов М. Шығармалар жинағы (20 томдық).-А, 1979-85

2. Әдеби мұра және оны зерттеу.-Алматы: Ғылым.-1961

3. Қабдолов 3. Сөз өнері.-Алматы: Санат.-1992

4. Қазақ әдебиетінің тарихы (3 том).-Алматы: Ғылым.-1967

5. 40-50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті.-А: Ғылым.-1998.

6. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті.А: Білім.-1998

7. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті.-А: Қазақ универиситеті. 2002

8. Советтік Қазақстан жазушылары.-А: Жазушы.-1987

9.Кенжебаев Б.Әдебиет белестері.-Алматы: Жазушы.-1986

10.Қазақ әдебиетінің тарихы.- Алматы:ҚАЗақпарат.- 2005

1.Атымо]]в М. Қазақ романдарының поэтикасы. -Алматы: Ғылым, 1995.

2. Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. -Алматы: Мектеп, 1973.

3. Ахтанов Т. Керуен. -Алматы: Жазушы, 1969.

4.Әуезов М. Әр жылдар ойлары. -Алматы: Ғылым, 1959.

5.Әуезов М. Уақыт және әдебиет. -Алматы: Жазушы, 1962

6.Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. -Алматы: Жазушы, 1993

7.Серікқалиев З. Ақ жол. -Алматы: Жазушы, 1990

Электронды басылымдар мен интернет-сайттар

http: //lib.kaznu. kz/ default.asp

http://www.infoliolib.l/info/

http://www.openj-gate.org /

http:/www.rubricon.comРУБРИКОН

1. 894.342(с)

Ә 82

Әуезов, М.О. Шығармаларының елу томдық толық жинағы/ Мұхтар Омарханұлы Әуезов; ҚР білім және ғылым м-гі, М. О. Әуезов атын. әдеб. және өнер ин-ты, "Әуезов үйі" ғылыми-мәдени орталығы.- Алматы: Жібек жолы, 2008.

2. 894.342.09

Қ17

Қазақ әдебиетінің тарихы: 10 томдық / ҚР білім және ғылым м-гі, ҚР мәдениет және ақпарат м-гі, М. О. Әуезов атын. әдеб. және өнер ин-ты; жауапты ред. А. Егеубаев, Ж. Ысмағұлов.- Алматы: ҚАЗақпарат, 2005.- (Мәдени мұра).

3. 894.342(с)

М83

Мұқаи, Б. Таңдамалы шығармалар/ Баққожа Мұқаи.- Алматы: Ана тілі, 2008.

4. 894.342(с)-3

М84

Мұртаза, Ш. Бір кем дүние: ойтолғау / Шерхан Мұртаза.- Алматы: Жазушы, 2008.- 174, [2] б.

5. 894.342.09

Н36

Негимов, С. Әдебиет әлемі/ Серік Негимов.- Алматы: Ана тілі, 2008.

ПӘННІҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ

Жұмыстардың барлық түрін көрсетілген мерзімде жасап тапсыру керек. Кезекті тапсырманы орындамаған, немесе 50% - дан кем балл алған студенттер бұл тапсырманы қосымша кесте бойынша қайта жасап, тапсыруына болады.

Орынды себептермен зертханалық сабақтарға қатыспаған студенттер оқытушының рұқсатынан кейін лаборанттың қатысуымен қосымша уақытта зертханалық жұмыстарды орындауға болады. Тапсырмалардың барлық түрін өткізбеген студенттер емтиханға жіберілмейді

Бағалау кезінде студенттердің сабақтағы белсенділігі мен сабаққа қатысуы ескеріледі.

Толерантты болыңыз, яғни өзгенің пікірін сыйлаңыз. Қарсылығыңызды әдепті күйде білдіріңіз. Плагиат және басқа да әділсіздіктерге тыйым салынады. СӨЖ, аралық бақылау және қорытынды емтихан тапсыру кезінде көшіру мен сыбырлауға, өзге біреу шығарған есептерді көшіруге, басқа студент үшін емтихан тапсыруға тыйым салынады. Курстың кез келген мәліметін бұрмалау, Интранетке рұқсатсыз кіру және шпаргалка қолдану үшін студент «F» қорытынды бағасын алады.

Өзіндік жұмысын (СӨЖ) орындау барысында, оның тапсыруы мен қорғауына қатысты, сонымен өткен тақырыптар бойынша қосымша мәлімет алу үшін және курс бойынша басқа да мәселелерді шешу үшін оқытушыны оның келесі офис-сағаттарында таба аласыз:

Әріптік жүйе бойынша бағалау Балдардың сандық эквиваленті % мәні Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D- 1,0 50-54
F 0-49 Қанақаттанарлықсыз
I (Incomplete) - - Пән аяқталмаған (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
P (Pass) - -   «Есептелінді» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
NP (No Рass) - -   « Есептелінбейді» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
W (Withdrawal) - - «Пәннен бас тарту» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
AW (Academic Withdrawal)     Пәннен академиялық себеп бойынша алып тастау (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
AU (Audit) - - « Пән тыңдалды» (GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
Атт-ған   30-60 50-100 Аттестатталған  
Атт-маған   0-29 0-49 Аттестатталмаған  
R (Retake) - - Пәнді қайта оқу

Кафедра мәжілісінде қаралды

2015 жылғы « » № хаттама

● Кафедра меңгерушісі А.Темірболат

● Дәріскер А. Асқарова

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

Қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасы

Келісілді Факультет деканы _________________Ө.Әбдиманұлы Хаттама № «__»____2015 ж.   Университет Ғылыми-әдістемелік Кеңесінің мәжілісінде бекітілді Хаттама №__ «___»______2015 ж. Оқу жұмысы жөніндегі проректор ____________________Д.Ж. Ахмед-Заки

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті (ІІ жартысы)» пәні бойынша

Мамандығы: 5В011700 – қазақ тілі мен әдебиеті

2 курс, көктемгі семестр, 3 кредит

Мамандығы: 5В020500 - филология

3 курс, көктемгі семестр, 3 кредит

Алматы, 2015 ж.

Жұмыс бағдарламасын құрастырған А.Ш. Аскарова ф.ғ.к., доцент.

ПОӘК «5В020500 – филология» мамандықтың негізгі оқу жоспары, пәннің негізгі оқу бағдарламасы және пәндер каталогы негізінде әзірленді

Пәннің оқу-әдістемелік кешені қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасының мәжілісінде « » 2015 жылы қаралды және

ұсынылды № хаттама.

Кафедра меңгерушісі ________________ профессор А.Б.Темірболат

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің әдістемелік бюросымен ұсынылған.

« » 2015 ж. № хаттама.

Әдістемелік бюро төрағасы ______________ А.М. Досанова

Ұсынылып отырған пән 4 модульдан тұрады.

1. ХХ ғасыр ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті

2. ХХ ғасыр ІІ жартысындағы Қазақ романдарының өзіндік ерекшелігі

3. 1960-2000-шы жылдардағы қазақ әдебиетіндегі поэзия жанр

4. Қазіргі кезеңдегі әдебиеттану мәселесі

№1 дәріс, 1 апта, 1 сағат

№1 дәріс, 1 апта, 1 сағат

1. Кіріспе. 1960-2000-шы жылдардағы қазақ әдебиеті,

оның даму ерекшелігі

Қазіргі қазақ әдебиетін замана өзгерістеріне сәйкес дәуірлеу принциптері. Көзқарас. Зерттеулер.

1960-90 жылдардағы тарихи-әлеуметтік жағдайлардың әдебиетке әсер-ықпалы. Қазақ әдебиетіндегі тақырып, жанр мәселесінің даму ерекшеліктері. Шығармашылық ізденістер сипаты. Орыс және әлемдік әдебиетпен байланысы. Қазақ әдебиетіндегі ұлттық характер сомдау проблемасы, әлемдік өркениет және қазақ әдебиеті. Қазіргі әдебиеттегі адам және табиғат мәселесі.

Бұл дәуірдің бірталай тәуір шығармалары қазақ халқы бастан кешкен тарихи кезеңдердің шындығын ондағы тарихи қайраткерлердің тұлғасын танытуға арналды. Халықтың азаттық жолындағы күресі, жаңа өмір үшін талас бұл шығармалардың негізгі өзегі болып табылады. Бұл салада Ғ.Мұстафиннің, С.Мұқановтың, Х. Есенжановтың, Ә.Нүрпейісовтің, Ш:Мұртазаның, І.Есенберлиннің, Ә.Кекілбаевтың, М.Мағауиннің, Қ.Жұмаділовтің т.б. жазушылардың шығармаларының атап айтарлық маңызы зор.

Ұлт әдебиетінің даму арналары. Көркемдік-стильдік ерекшеліктері.

Көзқарастар. Зерттеулер.

Кеңес әдебиетінің сөз ететін тақырыптары, бейнелейтін кейіпкерлері, творчестволық әдіс-тәсілі мүлде жаңа, кеңес әдебиеті озық идеялы, түрі - ұлттық, мазмұны - социалистік айбынды әдебиет.

Кеңес әдебиеті социалистік болмысты суреттейді; кеңес халқының жаңа, коммунистік қоғам орнату жолындағы қажырлы күресін жырлайды; кеңес әдебиеті Отанымыздың, кеңес халқының бұрынғы, бүгінгі, болашақтағы тұрмыс-тіршілігін, қаьармандық іс-әрекетін, ізгі тілек-арманын бейнелейді.

Кеңес әдебиеті еліміздің қарапайым еңбек адамдары арқылы, солардың тұрмысын, ісін, күресін, ой-сезімін көрсету арқылы бейнелейді.

Кеңес әдебиетінің жаңа сипаттары оның тәсілінен, болмысты бейнелеу, көрсету, әдісінен айқын аңғарылады. Кеңес әдебиеті мен кеңес көркем өнерінің негізгі әдісі - социалистік реализм.

Бұл кезеңдегі әдеби бағыттар, реализм үлгілері - сөз өнерінің барлық жанрларынан көрініс тапты.

Зерттеулер, көзқарастар.

Тәуелсіздік жылдардағы қазақ прозасында бүгінгі өмірдің тыныс-тіршілігін, қазіргі заманның қаһармандарын, олардың есте қаларлықтай бейнесін, тіршілік-тағдырын сол кезеңдердегі әлеуметтік ортамен, қоғамдық-саяси шындықпен астастыра, сабақтастыра бейнелеген көркем шығармалар аз жазылмапты. Сол арқылы қазақ әдебиеті де өз кезегінде көркемдік дамудың жаңа белесіне қол артып отырған.

Осы топтағы туындыларды атағанда алдымен бүгінгі өмір тақырыбына қалам тербеген бір топ қазақ қаламгерлерінің есімін атауға болады. Бұл қаламгерлер әсіресе қазақ прозасындағы өнер тақырыбын, яғни сол өнерді дүниеге әкелетін өнерпаз тағдырын сол кезеңдегі тарихи, әлеуметтік-қоғамдық шындықпен сабақтастыра бейнелеу мақсатындағы айтулы, салмақты көркем туындыларымен оқырман жүрегіне жол таба алды. Олар: қазақтың дарынды, суреткер қаламгерлері –Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов, С.Жүнісов, М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, С.Сматаев, Ә.Сарай, І.Жақанов, М.Ысқақбай т.б.

Соңғы жылдары әдебиетте ой еркіндігімен, талғам биіктігімен танылып үлгерген бір топ жас буын өкілдері бар. Сол топтан шыққан Асқар Алтай, Жүсіпбек Қорғасбек, Талаптан Ахметжан, Нұрғали Ораз, Жаңабек Шағатай, Роза Мұқанова т.б. сынды суреткерлердің соңғы жылдары жазған әңгімелері мен повестері нарықтық тарихымызға да, қоғам өміріне де ықпалы болғандықтан, бүгінгі қазақ прозасының мазмұнына айналды. Әр жазуның өзіндік ерекшелігі. Әдебиеттегі орны.

Қазіргі қазақ әдебиетінде жаңашыл ізденістер модернистік және постмодернистік сарындағы көркем шығармалар. Мұхтар Мағауин, Төлен Әбдіков, Асқар Алтай, Дидар Амантай, А. Кемелбаева т.б.

Қазақ әдебиетінің тарихында еліміздің тәуелсіздік арнасына түскеннен кейінгі кезеңі өзіндік даму бағытымен, көркемдік ізденістерімен ерекшеленеді. Тәуелсіздік әкелген өзгерістерді, рухани әлеміміздегі желісі үзілмеген тарихи сабақтастықты, азат сана тудырған айшықты оралымдарды осы кезеңдегі ақындар шығармашылығынан айқын аңғарамыз. Тың тыныс, соны серпінді байқаймыз. Әрине, ұзақ жылдарға созылған азаттық таңын аңсау мен оған жету жолындағы қоғамдық күрестердің һәм олар туындатқан тарихи оқиғалардың төл поэзиямызға тигізген әсері ерекше екендігі сөзсіз. Ұсынылып отырған зерттеу еңбекте тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының даму үрдістері, қазіргі поэзияның көркемдік тұтастығы мен бейнелеу құралдары, түрлік-пішіндік, идеялық-мазмұндық ізденістері жан-жақты талдау нысанына айналған.

- М.Шаханов, Н.Оразалин, С.Ақсұңқарұлы, Н.Айтов, Е.Раушанов, Иран-Ғайып, С.Нұржан, Н.Мәукенұлы, Т.Әбдікәкімов, Г.Салықбай, Ж. Әскербекқызы, М.Райымбекұлы, Ж.Сәрсек, Ә.Балқыбек, Ә.Ыбырайымұлы, Б.Бабажанұлы, Д.Берікқажыұлы және А.Темірбай т.б. қазақ әдебиетіндегі жаңашылдық рухтағы поэзия тудырған ақындар;

- тәуелсіздік жылдарындағы поэзиялық шығармаларда постмодернистік үрдіс белең алып келеді;

- көне түркі әдебиетінің қазіргі поэзиядағы көрінісі мен сарынының сөз түрінде берілуі – тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттің негізгі жетістіктерінің бірі;

Осы аты аталған қаламгерлердің туындыларының барлығына тән ортақ мақсат – қазақ елінің, қазақ ұлтының әр ғасырда, әр қилы тағдыр кешкен айтулы тұлғаларының ел тарихындағы орнына баға беру, олардың күрделі бейнесін көркемдік тұрғыдан жинақтау болды. Осы мақсат жолында әр қаламгер өзіндік суреткерлік ізденістері мен стильдік мәнер-машықтарын, жазушылық қолтаңбаларын танытты. Осы арқылы әрқайсысы өзінің көркемдік биігіне көтерілді.

№2 дәріс, 2 апта, 1 сағат

1-модуль бойынша.Тақырып: 1960-2000-шы жылдар әдебиетіндегі проза дамуының бағыттары

Алпысыншы жылдары прозаның роман, повесть, әңгіме жанрлары көркемсөз өнерінің өзге жанрларымен шығармалық бәсекеге түсіп, қоғам мен адам өмірінің қилы-қилы құбылыстарын әрі көкейкесті мәселелерін кең ауқымда қамтып, әдебиеттің жетекші саласына айналды. Прозаны алғы шепке шығарған Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы, Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі», «Сырдария», Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», «Оянған өлке», Ғабиден Мұстафиннің «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды» романдары еді. Елуінші-алпысыншы жылдары Хамза Есенжанов, Зейін Шашкин, Ғабдол Сланов, Тахауи Ахтанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, басқа да бір талай жазушылар үлкен прозаға өз үлестерін қосты.

Алпысыншы жылдары Мұхтар Әуезовтің «Өскен өркен» романы жарық көрді. Бірақ бұл түгел бітпеген роман еді, жазушы тек алғашқы бөлімі ғана жарияланды.

Проза жанрында еңбек етуші басқа қаламгерлер өз шама-шарқынша прозаның бұған дейін көтерілген биігін аласартпау, идеялық-көркемдік ізденістерін әлсіретпеу бағытында батыл әрекет етті, партия айтқандай, бүгінгі күн тақырыбың мол көтеруге ат салысты.

Тоталитарлық құрсау қос өкпелерінен қысып, емін-еркін дем ал-дырмай, шығарманы өнердің дәстүрлі үрдісі тұрғысында емес, тек социалистік реализмнің әбден саясаттандырылған, қатып қалған ережелеріне лайықтап жазу талабы әлі де болса үстемдік, өктемдік құрып тұрған. Дегенмен, сын көзімен қарап, ойлай білетін қаламгерлер қазақ дейтін байырғы елдің өткен тарихи көркем шежіресін жасауға ұмтылғанды.

Проза дамуының кейбір бағыттары. Әлеуметтік-философиялық, психологиялық, публицистикалық, лирикалық, хроникалық, биографиялық, документальды проза түрлері. Прозаны бұлайша топтастырудың шарттылығы.

Алпысыншы жылдар прозасының тақырыптық жанрлық сипатының даму, өркендеу ерекшелігі. Роман жанрының дамуы. Тарихи тақырыптың белең алу көріністері. Оған ықпал еткен саяси-әлеуметтік жағдайлар.

Қазақ повесі. Әңгіме жанрының даму ерекшеліктері. Прозадағы замана шындығын көрсету проблемасы. Замандас бейнесі мәселесі.

Прозадағы тақырыптық, идеялық, сюжеттік, композициялық жаңалықтар. Алпысыншы жылдардан кейінгі прозадағы ұлттық мінез сомдаудағы ерекшеліктер.

Күрделі жанр сипаты. Өмір-уақыт сырлары. Адам мен оның еңбегінің көрінуі. Образ жасау жолдары.

Адам мұраты мен тағдыры. Кезең көріністері. Руханият бедері.

Қазақ прозасының даму бағдары. Қазақ қаламгерлерінің ізденістері. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Нұрпейісов, Х.Есенжанов, І.Есенберлин, З.Шашкин, С.Жүнісов, Т.Ахтанов, Д.Әбілов, Б.Момышұлы, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Б.Соқпақбаев, С.Мұратбеков, С.Шаймерденов, Б.Нұржекеев, М.Мағауин, Қ.Жұмаділов, О.Бөкей, Д.Исабеков, Т.Нұртазин, Т.Нұрмағанбетов, Т.Әбдіков, т.б. басты еңбектері, көркемдік жүйесі. Ондағы адам әлемі, кейіпкер бейнесі, ар-ождан тазалығы.

Дәуір күресі мен тартысы, өмір ағымы. Уақыт бедері.

Қазақ қаламгерлері түрлі жанрда ізденістер жасап, көркемдік-идеялық мәселелерге бет бұрды. Жанрға жауапкершілік артты.

Ұлтымыздың ақын-жазушылары уақыт талап еткен тақырыптарды жан-жақты меңгерді.

Ақындардың өлең өнерінде - қоғам, адам, уақыт көріністері кең орын алды.

Жазушылар шығармашылығанда өмір шындықтары, адам әлемінің иірімдері кеңінен көрінді.

Негізінен, бұл кезеңдегі туындылардан - адам мен оның еңбегіне, іс-әрекеттеріне терең үңілу байқалды.

60-90 жылдардағы балалар әдебиеті.

Зерттеулер, көзқарастар.

№3 дәріс, 3 апта, 1 сағат

Тақырып: Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы шығармалар

1960-90 жылдар аралығында Ұлы Отын соғысы тақырыбында жазылған шығармаларда проза жанрын толықтыра түсті. Ө.Қанахиннің «Дәмелі»(1962), Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» (1967), Н.Ғабдуллиннің «Жігер» (1983), К.Қазыбаевтың «Ызғар» (1972), Қ,Қамбаровтың «Ашыну» (1987), С.Бақбергеновтің «Қарға тамған қан» және Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» (1976) романдары, Ә.Сәрсенбаевтың «Жауынгер монологі», Ә.Шәріповтің «Партизан қызы», «Тон», «Ормандағы от», «Қапастағы жұлдыздар», Ж.Тілековтың «Сақа солдат», Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала», С.Бақбергеновтың «Жанғожин», С.Мұратбековтің «Жабайы алма», О.Бөкейдің «Бәрі де майдан» повестері және Ш.Құмарованың «Шылым»( 1964), Ш.Мұртазаның «41-ші жылғы келіншек, «Бір нәзік сәуле», «Сол бір күз», «Жүз жылдық жара», С.Мұратбековтың «Жусан исі», «Ескек жел», «Жеңеше»(1972-75), Ә.Сараевтың «Ерекше поезд», «Соғыстан кейінгі жаз», «Қобызшы» (1971), С.Жүнісовтің «Мүгедек» (1979), Қ.Ысқақовтың «Дәнекер» (1979) әңгімелері қазақ халқының басынан өткерген ауыр кезеңнің бірі – Ұлы Отын соғысы тақырыбына арналған. Бұл шығармаларда соғыс тарихы суреттелмейді, олардың кейіпкерлері де саяси тұлға емес. Бірақ, оларда суреттелген тарихи шынlық, соғыстың адам тағдырына қалай әсер еткені, заман сырын көркемдік тәсілмен айшықтайды. Қан майдан ортасынан оралған жауынгерлердің туған жерге оралуы, тылдағы ата-ана, сүйген жардың майдангерге деген қимас көңілі, көз жасы мен арманы, халықтың қиын тағдыры ерекше реалистік тәсілмен жеткізілген.

Бауыржан Момышұлы (1910-1983). Шығармашылық өмірбаяны. Әңгімелері: «Бір түннің оқиғасы», «Жол үстінде», «Олар менің есімде», «Ана әмірі», «Адам қайраты», «Жон арқа», «Көк төмпеш», т.б. «Ұшқан ұя», «Бір түннің оқиғасы», «Артымызда – Москва»,шығармалары. Сюжет пен композиция. Тіл. Характер даралау. Прототип пен тип. Жазушының «Қанмен жазылған кітабы»» (1991) Соғыс психологиясы, майданнан жазылған хаттар, әңгімелер, мақал-мәтелдер. Бауыржан Момышұлының әдеби мұрасының қазақ әдебиетіндегі орны.

Т.Ахтановтың шығармашылығы. Әңгімелері мен повестері. "Махаббат мұңы" повесінің көркемдік-идеялық сипаты. "Боран" романы. Тақырыбы, идеясы.

Э.Хемунгейдің "Шал мен теңіз" шығармасымен үндестігі. Романдағы образдар жүйесі. Жазушының образ жасау шеберлігі. Пейзаж жасаудағы табыстары.

"Шырағың сөнбесін" романы. Қаламгердің ұлы Отан соғыс тақырыбына қайта оралу себептері. Романның көркемдік қуаты. Автордың идеялық мұраты. Көзқарастар.

Соғысқа қатысқан аға ұрпақ ақын-жазушылар шығармаларының бірден-бір тақырыбы — кешегі алапат соғыстың адамзатқа әкелген қасіреті мен соны жеңіп шығуға ұмтылған ұлы адамдық күш туралы болуы заңды құбылыс еді. Қан майданда опат болған қаруластары алдында борыштымын деп сезінген олар өздері көрген соғыс ауыртпалығын кейінгі ұрпаққа жеткізуді де мойнына міндеттеп алғандай болатын. Солардың бірегейі — ұлттың әдебиетімізде өзіндік орны бар көрнекті жазушы Тахауи АХТАНОВ.

Оның «Қаһарлы күндер» романы Отан шақыруымен қанды шайқасқа түскен бүтін бір ұрпақтың қаһармандық ерлігін, батырлықтың туу түп негізін, сол жолдағы адамның қалыптасу психологиясын суреттеуге бағытталса. «Шырағың сөнбесін» шығармасында жеке адамның басындағы шырғалаңды бейнелеу арқылы соғыстың адамзатқа түсірер ауыртпалығын көрсетеді. Жазушының «Боран» романының бас кейіпкері Қоспан да соғыстың зардабынан тыс қалмайды.

Әдебиетіміздің алып тұлғаларының бірі Ғ. Мүсірепов бір кездері: «Майданнан қайтқан Тахауи Ахтанов «Қаһарлы күндер» атты романымен Ұлы Отан соғысы тақырыбын бастады. Дәл осы тақырып - меніңше Ахтанов творчествосының негізгі тақырыбы ғой деп ойлаймын», - деп жазған еді. Осылайша басталған қарымды шығармашылық ұлы жазушы М. Әуезовтен бастап көптеген аға қаламгерлердің, қатарлас және кейінгі буын жазушылардың, әдебиеттанушы ғалымдар мен сыншылардың, қалың окырманның назарын аударды. Оның шығармашылығы туралы сыншы С. Жұмабектің «Тахауи Ахтанов. Талант тектоникасы (Ахтанов - Ахтанов көзімен)» роман-портретінің кітап болып шығуы да ахтановтанудың бүгінгі таңдағы тың өрісі дейміз Ахтанов шығармашылығының қазақ, әдебиетінің даму процесімен бірлікте алынып, жан-жақты зерттелуі бүгінгі әдебиеттану ғылымының алдында тұрған үлкен міндет болмақ.

"Қаһарлы күндер" романы. Сюжеттік желісі. Солдаттардың ел жұртпен қоштасуы. Жол әсерлері. Майдан шебіне кіруі.

Мәскеу түбіндегі ұрыстар. Кейіпкер бейнелері. Лирикалық шегіністер.

Отан, ел үшін болған шайқастар. Өмір, тұрмыс сырлары. Кейіпкер жүйесі.

Тіл, стиль сипаттары.

Зерттеу жүйесі. Көзқарастар.

Көркем прозадағы заман жаңалықтарын кең ашып, адамдардың өсу жолының күрделідігін көрсету, сол арқылы дәуір ерекшеліктерін диалектикалық тұрғыда танытудағы осы бастама Т.Ахтановтың «Боран» (1963) романында жақсы қолдау тапты.

Жазушы онда күресте шыныққан, бойында рухани қуаты мол, моральдық сапасы биік еңбек адамының жаңа бейнесін жасады.

Шығарманың сюжеттік желісінде ұзақ сонар баяндау жоқ. Онда шопан Қоспанның малымен ақ түтек боран астында қалып, бір отар қойды қалай аман алып қалды.

Т.Ахтанов шығармашылығынан өмір шындығы, уақыт тынысы, адамдар қатынасы терең көрінеді.

Жазушы еңбегінде ауыл адамдары кең орын алған.

Т.Ахтанов шығармашылығы көркемдігімен, оқиғаға құрылуымен маңызды.

Жазушы еңбегінен тіл, стиль бедері айқын көрінеді.

№4 дәріс, 4 апта, 1 сағат

Тақырып:1960-90-шы жылдар әдебиетіндегі тарихи

тақырыптың игерілуі .

XV ғасырда дербес хандық санатында шаңырақ көтерген жұртымыздың сырт жаудан, іштен шалған дұшпаннан көрген құқайы көп болған. «суға баты, отқа да жанды, бірақ тірі қалды, құрып кетпеді». Бір І.Есенберлин емес, С.Сматаевтың «Елім-ай (1978-1980), М.Мағауиннің «Аласапыран» (1981-1983), Ә.Әлімжановтың «Жазушы» (1974), Қ.Салғариннің «Алтын тамыр» (1986), Б.Алдамжаровтың «Ұлы сел» (1988), т.б. романдарында да сол ХV-ХІХ ғасырлар аралығындағы халық тарихының нәубеті мен аласапыраны алмасып келген, қанды топалаңдарға толы ащы, кермек көз жасымен шұбарланған беттері ашылады. Роман авторлары көзбен көріп, құлақпен естігендей, бірінің олқысын бірі толтырып, бірінде қамтылғанға екіншісі басқа қырынан қарап, халық тағдырының төрт ғасырлық ең ауыр, қасіреті қалың кезеңінің шиырлы, шынайы көркем тарихын жасайды. Бұлардың кейбірі әдеби сында орныққан екіұшты пікірдегідей, Қазақстанның Ресейге «өз еркімен қосылуының» 250 жылдығына арналып жазыла бермеген. Тоталитарлық жүйенің берген «тапсырысын» малданып, шабытына жол ашқанмен, шындығында жазушы көкейін жайлаған ой мен арман өз дегеніне бұрған. Жоғарыда аталған туындыларды байыппен зерделеп оқысаңыз, «намыстан жаралған қаһарман халықтың тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен өте» отырып, азаттықты, тәуелсіздікті еңсап, еркіндік үшін соңғы демі біткенше айқасудан жүрегі шайлықпаған қыран жұрт болғанын іс-әрекеттерімен дәлелдеп беруді перзенттік парызы санаған жауапкершілікті сезінеміз.

1. І.Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясының жазылуы. ұлт-азаттық идеясын көркем шығармадағы тарихи тақырып арқылы ояту мәселесі. "Алмас қылыш", "Жанталас", "Қаьар" романдарының қоғамдық-ұлттық маңызы.

2. С Сматаевтың "Елім-ай", Ә.Әлімжановтың "Жаушы", М.Мағауиннің "Аласапыран", Қ.Жұмаділовтің "Соңғы көш", "Дарабоз" романдарының тарихи-қоғамдық мәні мен маңызы. Көркемдік идеялық табыстары. Ә.Кекілбаев «Үркер», «Елең-алаң», Ә.Әлімжанов, С.Сматаевтардың романдарыда қазақ халқы бастан кешкен азап, заман ауыртпалығының ел тағдыры арқылы тарамлай қамтып, тарата бейнелеу орын алған. М.Мағауиннің романында қазақтың қазақ аталып, этникалық тұтастығын, экономикалық саяси тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күрескен Тәуекел ханның заманың суреттейді.

Ел мұратын, жер тағдырын, халық батырларын суреттеудегі ізденіс, көркемдік арналары.

Ш. Мұртазаның "Қызыл жебе" романындағы тарихи және көркемдік шешім.

Зерттеулер. Көзқарастар.

№5 дәріс, 5 апта, 1 сағат

Тақырып:І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы

Қазақ әдебиеті дамуының тарихында жазушы Ілияс Есенберлин орны. Қазақ әдебиетінің көркем қазынасын байытуға қомақты әр түрлі жанрларымен үлес қосты. Ілияс Есенберлин 1915 жылы 10 қаңтарда қазіргі Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келді. Өмір жолы, алғашқы сатылары. Әдебиетке алғаш поэзиямен ашуы. Алғашқы дастандары «Сұлтан», «Айша». «Адамгершілік жыры» атты жинағындағы жазушы стилі және идеясы. Алғашқы прозасы «Өзен жағасында», «Толқиды Есіл» повестері. Жазушының адамды тану, адамгершілік үшін тақырыбында жазылған «Айқас», «Ғашықтар» романдары. Махаббат тақырыбы және өмір мен өлім туралы ой қозғайтын «Алтын құс» романы. Жұмысшы, тыңгерлер, техникалық интеллигинция тақырыбында «Көлеңкемен қорғай жүр», «Аманат», «Маңғыстау майданы» романдары. Оларда көрініс тапқан өмір шындықтары. Образ жасау, сюжет дамыту ерекшеліктері. Жазушы жетістігі мен кемшілігі.

Жазушы І.Есенберлин тақырыбы – ұлттық тақырып. Алғашқы романдарын көксеген ұлттық тақырып, жазушының басты идеясына айналды. Ұлттық тақырыптың неге қозғалғанын енді бүгежектемей ашық айты аламыз. Ол тәуелсіздікті аңсаған қазақ ұлтының ежелгі арманынан туындаған тілектен болатын.

Атақты «Көшпенділер» трилогиясы – жазушының бас кітабы. «Алмас қылыш» 1971, «Жанталас» 1973. «Қаһар» 1969 романдарынан тұрады. Романдағы тарихи шынды, көркемдік шешім. Трилогияның тақырып сабақтастығы. Ортақ тақырып қазақ халқының ұлттық тағдыры болғанда, әр романның дәуірі, кейіпкерлері, сюжеті мен композициясы, ой қазығы - әртүрлі өз алдына дүние. Тарихи дерек және қазақ шежіресі. Тарихи тұлға жиынтығы.

«Алмас қылыш» - қазақтың бір кездегі Ақ ордасын қайта келтіріп, тәуелсіз ел туы астында үш жүз боп қосып, бірігу идеясы көтерілген. «Жанталас» концепциясы саны шағын ұлттың империялық жұтқыншағы зор ұлттар саясатына қарсы жан алып берген күресіне негізделген. «Қаһар» романы халықтың еркіндік сүйгіш рухының жойылмайтындығын паш ететін шығарма.

І.Есенберлиннің «Алтын Орда» романының «Көшпенділер» трилогиясы арасындағы байласын. «Алтын Орданың» танымдық, шежірелік сипаты. Шығармадағы тарихи, этнографиялық, фольклорлық, әдеби материалдар және олардың сюжет жасаудағы, адам характерін ашудағы қызметі.

Трилогия жанры. Жазушы роман-хроникасының сыры мен сымбаты. Шығарманың қазақ әдебиетіндегі орны. Әдебиетші-ғалымдар көзқарасы.

№6 дәріс, 6 апта, 1 сағат

Тақырып: Ә.Нұрпейісов шығармашылығы

Жазушының өсу жолдары. "Қан мен тер" трилогиясы. "Ымырт", "Сергелдең", "Күйреу" романдарының реалистік-көркемдік жүйесі.

Шығармадағы образдар жүйесі. Жазушының жинақтау мен даралау шеберлігі. Типтік образ жасау жолындағы ізденістері. Еламан, Ақбала, Тәңірберген образдарының жаңашылдық сипаты.

Романның сюжеттік желісі мен композициялық қүрылымы. Романдағы мезгіл және мекен. "Сең" романы және оның тақырыптық ерекшелігі. "Қан мен тер" трилогиясы мен "Сең" романы арасындағы ұқсастықтар мен байланыстар. Екі шығармаға қатысты уақыт пен кеңістік мәселесі.

Жазушы мұраты. Шығармашылық шеберхана сырлары. Ой-сөз жүйесі.

Зерттеулер. Көзқарастар.

«Қан мен тер» романында Ә.Нүрпейісов заман шындығын эпикалық кеңдікпен алып, тарихи оқиғалар сырына терең толғаныс жасайды.

Роман Арал балықшыларының бұрынғы өмірі мен теңдік жолындағы күресін суреттеуге арналады. Қазақ ауылынан күн көріс қамымен сырғып, теңіз бойын сағалаған балықшы шаруалар өмірі ауыр да ащы шындығымен көрінеді.

Оларды екі жақты қыспаққа алған теңіз байлығының иесі Федеров пен қазақ ауылының билеушілері Құдайменде, Тәңірбергендер тіршілігі роман оқиғаларының негізгі тартысын құрайды. Осы қыспақ өмірден құтылуға жол іздеп тырбанып, кейде ел билеушілермен қақтығысқа келіп қалып, романның басты қаьармандары біртіндеп күрес жолына шығады.

Романдағы балықшылар өмірі, олардың алдағы күндерден мол үміт күтуі - сенімді, нанымды беріледі.

Жазушы осы романында Арал тағдырын, оның күрделі мәселелерін оңды шешуді мақсат етеді.

Романның бірнеше нұсқалары туралы.

Көзқарастар, зерттелуі.

№7 дәріс, 7 апта, 1 сағат

Тақырып: Ә.Кекілбаев шығармашылығы

Ә.Кекілбаевтың жазушылық өсу жолдары. Алғашқы әңгімелері. Повестері. Жазушының таңдаған тақырып аясы. "Күйші", "Шыңырау" повестерінің идеялық-көркемдік мәні.

Қаламгердің мінез сомдау ерекшелігі. "Аңыздың ақыры" романындағы психологиялық толғаныстар. "Елең-алаң", "Үркер" романдарындағы тарихи шындық пен көркемдік шешім.

Қаламгердің көркемдік-бейнелеу қүралдарын қолдану әдістері.

Жазушы шығармашылығындағы аңыздың алатын орны. Суреткер туындыларындағы уақыт пен кеңістіктің арақатынасы. Тарихи тұлғалардың сомдалуындағы реалистік сын-сипат т.б.

Жазушы шеберлігі. Тарих пен таным арналары. Көркемдік құпиясы.

Ізденіс арналары. Зерттеулер.

Ә.Кекілбаевтың қазақ тарихына арналған кітаптары - бірнеше томды құрайды.

Оның «Үркер», «Елең-алаң» романдары Қазақстанның Ресей құрамына кіруі мен содан кейінгі алғашқы дәуірдің күрделі қарым-қатынасын суреттейді.

Бұл - Әбіштің тарихи тақырыпқа алғашқы қалам тартуы емес еді. «Аңыздың ақыры» (1974) атты тұңғыш романын ол халық жадында сақталған аңыз сюжетіне құрып, тарих туралы философиялық толғаныс жасаған.

Бас-аяғы екі-үш-ақ адамның (хан, кіші ханша, шебер) іс-әрекетіне негізделген роман кейіпкерлерінің ішкі сезім күйін, жан әлеміндегі толғанысын суреттеуге құрылады. Хан жорықта жүргенде, оны құрметпен күтіп алғысы келген кіші ханша мұнара салғызады.

Ә.Кекілбаевтың бірнеше кітаптан тұратын бұл романдарында қазақтың билері - Әйтеке, Төле, Қазыбек, хандары - Абылайхан, Әбілхайыр тағы басқалар кең орын алған.

Ә.Кекілбаевтың жазушылық шеберлігінен - ой тереңдігі, философиялық иірімдер молынан ұшырасады.

№8 дәріс, 8 апта, 1 сағат

Тақырып: Оралхан Бөкей шығармашылығы

Қазақтың көрнекті жазушысы Оралхан Бөкей әдебиетке өзіндік қолтаңбасымен, стиль, мінезімен келген қаламгер. Ол негізінен проза және драматургия жанрларында еңбектенді. Шығармашылық ізденістерінің басты арналары да осы төңіректен табылады.

Алтай өңірінің асыты ғана қазына емес, үсті де толған байлық. Осындай қасиетті өлкенің адамдары да сол табиғаттың төл мінезіне тартқан; сыртқы сұлулықтары мен ішкі әсемдіктіре үндесіп, табиғаттың мол сыйын көкірегіне көл қып толтыра білген. Әр саладағы кәсіп иелерін таратып айтпай-ақ, ақын-жазушыларға тоқталатын болсақ, бүгінде осы өңірдің перзенттері Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Қалихан Ысқақов, Шерияздан Елеукенов, Дидахмет Әшімханов, Ұлықбек Есдәулетов, Асқар Егеубаев, Гүлнар Салықбаева т.б.

Алтай тауы қойнауында жатқан шағын ғана Қатонқарағай ауданынан Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының қос лауреаты шығуы рухани өмірдегі үлкен құбылыс.Оңай олжа емес. Қалихан Ысқақов пен О.Бөкей әдебиеттегі үлкен еңбектерінің арқасында ғана мұңдай атаққа ие болып отырғаны шүбәсіз.

Оралхан Бөкей дарын жазушы ғана емес, қаламы ұшқыр, талантты журналист те болатын. Оның газет беттерінде жарияланған очерктері мен проблемалық мақалаларын оқырман қауым сүйсініп оқушы еді, - деп жазады қаламдастары. Жазушының мақалаларына назар аударсақ, жазушы – қоғам өмірінің, халық көңілінің айнасы сыңайлы. Қоғамдағы әлеуметтік тыныс-тіршіліктен, яғни саяси мәселелерге де, экономикасы да, ауыл халқының жағдай да, жастардың өсу жолдарынан да бей жай болмағаның байқадық.

О.Бөкей 1970 жылдары жарық көрген «Қамшыгер»(1971), «Үркер»(1973), «Қайдасың қасқа құлыным» жинақтарымен оқырманды елең еткізіп, әдеби сын назарын аударды. О.Бөкей шығармашылығы көркемдік (тілдік), идеялық ерекшеліктерімен үнемі әдеби сын назарында болды. Қаламгердің дара дүниетанымы мен эстетикалық обьектіге жаңа бейнелеу құралдарын енгізу, пішін таңдауы, тілдік, композициялық әдіс-тәсілдеріндегі батыл тосын қозғалыстары проза жанры үшін жаңалық болып табылады. Шығармалар өзегіндегі романтикалық дүниетаным, авторлық философия мен идеология кесек мінезді характерлердің тосын, тегеурінді батыл әрекеттері арқылы бейнеленеді. Жазушы кейіпкерлер психологиясына терең бойлайды. Талантты жазылған шығармалар қаламгер талабының биіктігінен хабар берсе, өнімді жазу (әр жыл сайын жаңа дүниелер жариялау) оның еңбекқорлығын көрсетеді. Алуан түрлі сыни пікірлерге, мақалаларға қарамай өз ізденістерін жалғастыру қайсарлығы мен табандылығын байқатса, шеберлігін үздіксіз ұштап жаңа биіктерге көтерілу таланттылығын көрсетеді.

О.Бөкей шығармашылығы туралы пікір айтушылар, арнайы еңбек жазушылар қатары шет елдердегі сыншылармен толығуда. Қаламгер шығармашылығындағы негізгі тақырып – табиғат, адам мен табиғат арасындағы жанды байланысты сезінуші – адам. Адам жаратылысы мен табиғатты аяусыз, ойсыз бүлдіріп жатқан ойсыздар мен қаныпезерлер тіршілігінің сұрқиялығын, сорлылығын О.Бөкейдің әр шығармасынан көруге болады. Қаламгер көбіне астарлай жазады., кейде оқырманмен сыр айтысып, ағынан жарылатын кездері де аз емес. «Мұз тау», «Ән салады шағылдар», «Өз отынды өшірме», «Үркер ауып барады», «Кербұғы», «Өліара», «Атау-кере» т.б. шығармаларында тұспалдай, жұмбақтай, астарлай жазудың, суреттеудің түрлі тәс

Наши рекомендации