Лекция. Перцептивті бейнелердің конфигурациялы

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Лекция сабақтары

Модуль. Таным субъектісі: түйсіну және қабылдау психологиясы.

Апталар (18 –сағат).

1-лекция. Түйсіну психологиясының жалпы сұрақтары. 1- апта (2- сағат.)

Түйсінудің психологиялық ерекшеліктері

Түйсіну бейнелерінің ерекшеліктері. Түйсіну және рецепторлар. Психофизиканың элементтері. Психофизиологиялық заңдылықтар. Түйсіну мен қабылдау психикалық процестер жүйесінің бірінші деңгейі ретінде. Түйсінулердің классификациясы. Түйсінулердің психологиялық айшықты ерекшеліктері. Сенсорлық жүйелер және сенсорлық белсенділік.

2-лекция. Сезімдік бейнелеу механизмі. Түйсінудің өмірлік трансформациялары. 2-апта (2- сағат )

Түйсінудің рецепторлық және рефлекторлық теориялары. Л.М. Веккердің түйсінуді классификациялауы. Түйсінудің функционалды дамуы. И.М. Сеченовтың гносеологиялық көзқарастары. Түйсінудің функциялары. Сөздік кинестезияө «сөздің базалды комоненті» (И.П. Павлов). Дүние бейнесі (А.Н. Леонтьев). Когнитивті схемалар (У. Найссер). Сенсорлық эффект. Сенсорлық белсенділік. Түйсінулердің индивидуалды дамуы.

Лекция. Түйсінудің негізгі түрлерінің жалпы сипаттамасы. 3-апта- (2 сағат).

Есту түйсінулері. Дыбыстарды локализациялау. Есту теориялары. Сөз бен музыканы қабылдау. Есту түйсінулерінің іс әрекетпен, қарым қатынаспен байланысы. Көру түйсінулері. Бинокулярлық көру. Инвентирлі көру. Түстердің араласуы. Көру түйсінуіндегі психофизиологиялық заңдылықтар. Түстер теориясы. Түстердің психофизикалық әрекеті. Түстерді қабылдау. Жарықты түйсіну: жрқырау, контраст және түс, қанығу, жарық стимулдары. Негізгі және қосымша түстер. Жарық сезгіштігі.

Лекция. Қабылдау психологиясының жалпы сұрақтары.

Абылдаудың психологиялық табиғаты. 4-апта (2 сағат).

Қабылдаудың психологиялық табиғаты. Қабылдаудың константтылығы, ұғынымдылығы. Бейнелердің заттық мазмұны. Перцептивті бейнелердің өзінідк ерекшеліктері. Қабылдаудың қасиеттері және феномендері. Заттық бейненің пайда болуының сенсомоторлық теориясы. Адаптация динамикасы мен феноменологиясы. Қабылдаудың психологиялық анықтамасы. Перцепцияның негізгі көздері. Қабыладушы белсенділік.

Лекция. Кеңістікті қабылдау.

Озғалыс пен уақытты қабылдау. 5-апта- (2 сағат).

Перцептивті ішкі дайындық. Қабылдаудағы ішкі дайындық. Кеңістікті қабылдау. «Лупа» эффектісі. Тереңдікті және алыстауды түйсінулер. Шамаларды, формаларды қабылдау. Формалардың константтылығы. Қозғалысты қабылдау. Уақытты қабылдау.. Қабылдау және уақытты бағалау. Бірізділікті қабылдау. Ұзақтықты қабылдау.

Лекция. Қабылдау теориялары мен негізгі ықпалдар.

Қабылдау және іс- әрекет. 6 апта (2- сағат )

Қабылдаудың гештальттеориялары. Объективті, субъективті бағдарлаушы ықпалдар (Э. Титченердің структуралистік теориясы, Г. Гельмголцтың санасыз ой қорытындысы теориясы, Дж. Брунердің перцептивті цикл теориясы). Перцептивті теңесу теориясы. Өабылдау теориялары (Г. Гельмгольц, И.М. Сеечнов, Н.Н. Ланге). Қабылдауды психофизикалық теориялары (Дж. Гибсон, Э. Гибсон, К. Грехем, Х. Хелсон). Перцептивті іс әрекет. Кеңес психологиясындағы қабылдауға деген іс әрекеттік ықпал. Қабылдау деңгейлері.

Лекция. Сенсорлық процестердің психофизикасы

мен психофизиоло гиялық заңдылықтары. 7-апта (2- сағат )

Түйсіну табалдырықтары. Табалдырық пен сезгіштікті өлшеу. Субсенсорлы диапазон. Сигналдарды табу теориясы. П сихофизиканың Фехнерден Дж. Гибсонға дейін дамуы. Түйсінулерді өлшеу, шкалалау. Көру қабылдауындағы Фурье анализ. Табалдырықты өлшеу әдістері. Фехнер постулаты. Сенсорлық сапаларды зерттеу. Стивенстің психофизикасы.

лекция. Перцептивті бейнелердің конфигурациялы

аспектілерін зерттеу. 8-апта (2- сағат )

Перцептивті ұйымдасу заңдары. Фигура және фон. Стереокөру механизмдері: көз торының корреспондентті және диспаратты нүктелері, гороптер, стереопсис зоналары. Алыстау мен тереңдік белгілері: бинокулярлық, таңдамалы, трансформациялық, окуломоторлық. Стереоскоптың құрылысы. Кеңістікті, формаларды, қозғалысты қабылдаудағы Дж. Гибсон зерттеулері. Қабылдау феномендері, алты класы. Оптикалық бұрмалану. Адаптация динамикасы. «Тері көру» феноменологиясы.

9-лекция. Қабылдаудың дамуын психологиялық зерттеу. 9-апта (2- сағат )

Қабылдау психологиясындағы эксперименттік зерттеулер. Сенсорлық сапаларды эксперименттік зерттеулер. Табалдырықты өлшеу әдістерін талдау. Қабылдаудың дамуындағы қозғалыстың рөлі. А.Н. Леонтьев және А.В. Запорожецтің қабылдау психологиясы бойынша эксперименттік зерттеулері. Қабылдаудың дамуына деген екі ықпал: ұлғайту және дифференциация теориялары. Перцептиті үйрену. Қабылдау және үйрену.

2 Модуль. Зейін психологиясы 10-14 апталар-(8 –сағат)

10-лекция. Зейін психологиясының жалпы сұрақтары. 10-апта (2- сағат )

Зейіннің психологиялық табиғаты. Зейін анықтамасының көпжақтылығы. Зейіннің түрлері мен қасиеттері. Еріксіз зейін процесі ( рефлексивті, инстинкті, алғашқы) және оны шарттандыратын факторлар. Еріксіз зейін. Сыртқы және ішкі зейіндер.

12-лекция. Зейін және таным. Зейін және іс-әрекет. 12-апта (2- сағат )

Таным мазмұнының нақтылығы мен анықтылығы зейіннің негізгі феноменді сипаттамасы. Перцептивті селекция механизмдері. Зейін ақпаратты қабылдаудың фильтрі ретінде. Зейін перцептивті бейне мен шынайы бейненің бірігуі нәтижесі ретінде. Зейіннің психофизиологиялық индикаторы және механизмдері.

13-лекция. Зейіннің классикалық және қазіргі теориялары. 13-апта (2- сағат )

Зейіннің іс-әрекетті реттеу механизмдерімен байланысы (А.Н. Леонтьев). Зейінді қабылдау (Н. Бобрынин). Зейіннің моторлық теориясы. Зейін жайлы К.А. Бернштейн зерттеулері. Зейінді эксперименттік зерттеулер (Л.С. Вывготский, П.Я. Гальперин). Зейінді когнитивті психологияда зерттеу. Черри және Бродбенттің эксперименттік зерттеулері. Найсердің зерттеулері. Селективті зейінді зерттеу. Трейсман моделі. Гештальтпсихологияда зейінді зерттеу. Зейін және сана. Зейін және іс әрекет. Зейін күй және процесс ретінде.

Модуль

Елестердің психологиялық сипаттамасы 14-15 апталар (4- сағат)

14-лекция. Елестердің жалпы сипаттамалары және бейнелі сфера. 14-апта (2- сағат )

Қабылдаудың сезімдік бейнелері елестер туралы сипаттама. Елестер және ес процесі. Елестердің ассоциациялары. Сана құрылымындағы елестер. Психологиядағы елестер мәселесі. Елестер және бейнелі елестер. Елестердің түйсінумен, қабылдаумен байланысы. Елестерді ойлаумен байланысы. Елестердің қасиеттері. Уақыт және елестету.

Наши рекомендации