Азақ тілі мен әдебиетінен эссе тақырыптары
(Қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Эссе тақырыптары мектеп бағдарламасы бойынша 10,11-сыныптардағы қазақ әдебиеті пәнінің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттарына арналған оқулық пен хрестоматияда екі бағытқа да ортақ енгізілген авторлар мен олардың шығармалары бойынша дайындалды.
№ | Тақырыптар |
1. | Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз өз тарапыңыздан қандай міндеттерді жүктер едіңіз? |
2. | Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанында Еспенбеттің нағашысынан қалауы Ақбөрте болуының себебін дәлелдеп жазыңыз. |
3. | «Сүйінбай мен Қатаған айтысында»Сүйінбайдың: ...Іздегенім осы еді, Өз-өзінен қағынып, Қатаған сөзден жаңылды. Қызып тұрған темірге Өзі келіп қарылды,- деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дәлелдеп жазыңыз. |
4. | Қашаған Күржіманұлының «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңіндегі байлықтар таласын өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз. |
5. | Мұрат Мөңкеұлының«Қыз»өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз. |
6. | Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз. |
7. | «...дәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» дегенЫ. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі Атымтай сөзі қорқуға тұрарлық па? |
8. | Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қарасөзіндегі» «қандай» мен «қалайға» жауап беріп, өз көзқарасыңызды талдап жазыңыз. |
9. | Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында Аристотель сөзі арқылы берілген негізгі ойға қатысты сыни көзқарасыңызды дәлелдеңіз. |
10. | Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы кейіпкер Ескендір мен тарихи тұлға Ескендірді салыстыра талдап жазыңыз. |
11. | Шәкәрім Құдайбердиевтің «Жастарға» өлеңінде Абайды үлгі етудің себебін талдап жазыңыз. |
12. | Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы ғашықтар тағдырын автордың қайғымен аяқтау себебін талдап жазыңыз |
13. | Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз. |
14. | Сал-серілердің жеке тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелер ме, әлде ғашықтық па? |
15. | Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы күрестің айбынды ұранына айналған «Ақ сиса» өлеңі – Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз. Пікіріңізді дәйектерге сүйеніп, дәлелдеп жазыңыз. |
16. | Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімі қалай жеткізілген? |
17. | Үкілі Ыбырай өлеңінің «Қалдырған» аталуына себепкер болған ойларды талдап жазыңыз. |
18. | Балуан Шолақ «Ғалия» өлеңінде ғашықтық сезімін қалай жеткізген? |
19. | Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірін болжай отырып, талдап жазыңыз. |
20. | Біржан салдың «Теміртас» өлеңінің туу себебін ақынның өмірлік деректері арқылы талдап жазыңыз. |
21. | Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі тұлпары Құлагердің ақын өміріндегі орнын талдап жазыңыз. |
22. | Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырлардағы жігіттердің сүйгені үшін күресін талдап жазыңыз. |
23. | М.Дулатов«Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерінің мақсатын қаншалықты сенімді суреттей алды? |
24. | Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының өсу жолының ұлы намыс жолы екендігін дәлелдеп жазыңыз. |
25. | М.Жұмабаевтың «Толқын»өлеңінде толқын біресе бала болса, біресе ғашықтарға айналады, ең соңында өледі. Ақынның өлең жолдарында қандай қозғалыс, қандай әрекет жатыр? |
26. | М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастаны аңызға, тарихи белгілі оқиғаларға құрылғандығын талдап жазыңыз. |
27. | С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңіндегі достықта кездесетін сатқындыққа сенерлік дос таңдай білмеген адам кінәлі ме, әлде адал досқа сатқындық жасаған адам кінәлі ме? |
28. | І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па? |
29. | І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәлелдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз. |
30. | М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асын Абайға жүктеу себебін талдап жазыңыз. |
31. | М. Әуезовтің «Абай жолы»роман-эпопеясындағы Абайдың Бөжей асындағы азаматтығы елге танылу ма, елді таныту ма, жоқ әлде есейгендік пе? |
32. | М.Әуезовтің«Еңлік-Кебек» драмасында Кебектің: «Бағың ашылатын күн болар ма, әлде сорға туған сорлымысың, бейшара?!» деуі шарасыздық па, әлде әлсіздік пе? Өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз. |
33. | М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасын Абыз сөзімен бастап, Абыз сөзімен аяқтауында қандай сыр жатыр? |
34. | С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаштың «Сүйіктің еркін басын ноқтаға ілді» сөзіне өз көзқарасыңызды танытып, талдап жазыңыз. |
35. | С.Мәуленов неге «Түбірлер» өлеңіне дәл осы атты қойды? |
36. | Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында ұлттық құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз. |
37. | Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы өмір үшін күрестегі кейіпкер психологиясын талдап жазыңыз. |
38. | Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»роман-диалогіндегі ерекше стилі арқылы батыр бейнесін аша алды ма? |
39. | М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы «Дариға-жүрек шөлдеді» қайталауының туындыға қосқан үлесін талдап жазыңыз. |
40. | М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіне Естай мен Қорлан оқиғасын кірістіруіндегі мақсатын талдап жазыңыз. |
41. | С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі қарт Томар-Омардың Балзия мен Аманайдың елге жетуіне күмән тудыруының себептерін талдап жазыңыз. |
42. | Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі жұмбақтарға шешіміңді ұсынып, көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз. |
43. | Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романының кейіпкері Демежан авторға не үшін қажет? |
44. | Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі байлар мен қазіргі меценаттар бейнесін салыстырыңыз. |
45. | ХІХ ғ. ІІ жартысында өмір сүрген сал-серілер мен бүгінгі таңдағы әншілердің арасында байланыс бар ма? |
46. | Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз. |
47. | Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз. |
48. | Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз. |
49. | Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат»өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз. |
50. | Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз. |
51. | Өз өміріңіздегі әжелерді М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз. |