Тақырып. Шет елдердің Конституциялары

1. Конституция - шет елдердің конституцилық құқығының негізгі қайнар көзі ретінде. Конституция түсінігі және мәні. Олардың түрлері: жазылған және жазылмаған, тұрақты және уақытша.

2. Шет елдердегі конституцияларды қабылдау тәртіптері.

3. Конституциялық қадағалау. Конституциялық қадағалау органдарының қалыптасу тәртібі. Конституциялық қадағалауды жүзеге асыру нысандары. Конституциялық қадағалау органдарынң шешімдерінің заңдық табиғаты.

Конституцияның түсiнiгi және қазiргi уақыттағы мемлекеттердiң конституциялық дамуының негiзгi этаптары. Конституцияның пайда болуының тарихи шарттары және түсiнiгi. Конституцияның заңды қасиетi. Конституцианализм. Шетелдердiң конституциясының дамуының негiзгi этаптары. Ескi конституция моделiнiң сипаттамасы. (АҚШ – 1787 ж., Норвегия – 1814 ж., Бельгия – 1831 ж., Люксембург – 1868 ж., Швейцария – 1864 ж., Австрия – 1920 ж., Ирландия – 1937 ж.) және (Екiншi ұрпақ) конституциялары. Франция 1946, 1958 ж., Италия және Жапония 1947 ж., ФРГ – 1949 ж., Португалия 1976 ж., Испания – 1978 ж., Түркия – 1932 ж. және т.б.).

Конституцияны қабылдау тәртiбi, толықтырулар мен өзгертулер енгiзу тәртiбi бойынша түрлерi. Конституцияның мазмұны.

Конституционализм концепциясы, билiктi бөлу және адамның табиғи құқықтары теориясымен сәйкес – конституцияны қабылдаудың мақсаты, мемлекеттiк билiктi жүзеге асыру шарттарын көрсету, билiк тармақтарының бiр-бiрiмен қатынас кезiнде және адам тұлғасына қатысты жүзеге асыру кезiнде шектен шықпауды бекiту болып саналады.

"Конституция" терминi - латын тiлiнен аударғанда (constitutio) бекiту деген мағынаны бiлдiредi.

Конституция – қоғамның нарықтық және рухани даму мәнiнiң саяси-құқықтық формасын көрсететiн, күрделi тарихи, әлеуметтiк және заңды құбылыс. Конституция – қоғамдық және мемлекеттiк құрылысты анықтайтын, билiк органдарының тәртiбi мен қағидаларын құрайтын, адам мен азаматтардың құқықтары мен мiндеттерiн, сайлау жүйесiн қалыптастыратын, өкiлеттiк органмен ерекше тәртiпте немесе референдумда халықпен қабылданатын, мемлекеттiң ең негiзгi нормативтiк құқықтық актiсi болып табылады.

Әлемдегi ең бiрiншi жазылған конституция – АҚШ-тың Конституциясы. Ол 1787 жылы қабылданған, әлi күнге дейiн әрекет етiп келедi.

Ғылыми еңбектер мен арнайы шығармаларда ғалымдар конституцияны ерекше түрдегi құқықтық құжат ретiнде қарастырады.

Конституцияның нормалары мемлекеттiк билiктi жүзеге асырумен байланысты маңызды қоғамдық қатынастарды реттейдi. Олар: тұлғаның құқықтық жағдайы, басқару нысаны, мемлекеттiк құрылыс, мемлекеттiк органдар жүйесi, қалыптасу тәртiбi және барлығының өзара қатынасы.

Конституция – ең жоғары заң күшiне ие болатын, барлық құқықтық актiлерден жоғары тұратын нормативтiк құқықтық акт. Оған барлық заңдар мен заңға бағынышты актiлер сәйкес келу қажет.

Марксизм негiзiн қалаушылардың еңбектерiнде конституция – таптық күрестiң саяси нысандарының нәтижесi, себебi ол күресте жеңiске жеткен таппен бекiтiледi және таптық күрестегi күштердiң өзара қатынасын бiлдiредi,- деп көрсетiлген.

Конституцияның мазмұны қоғам мен мемлекеттiң ұйымдастырылуы мен индивид анықталатын конституциялық нормалардың, институттардың, қағидалардың жиынтығы.

Конституциялардың модельдерi:

Либеральдық – конституцияны реттеу пәнiнiң шектелуi, табиғи құқықтар. Реттеу объектiсi – мемлекеттiк билiктi ұйымдастыру және тұлғаның мәртебесi;

Этатистикалық – қоғамдық қатынастарды, пәндердi кеңейту шараларымен сипатталады. Қоғамда реттелмей қалатын жеке сала болмайды;

либеральды-этатистикалық.

Конституциялардың топтастырылуы. әр елдiң конституциялары қабылдану нысаны, құрылымы, қабылдау тәртiбiне қарай ерекшеленедi. Қабылдау сипатына қарай: жазылған және жазылмаған. Жазылған – жоғары заңдық күшi бар, қабылдануы ерекше және күрделi. Жазылмаған – конституциялық сипаттағы нормативтiк актiлер, қабылдануы жай заңдарды қабылдау тәртiбiндей (Ұлыбритания, Жаңа Зеландия). Парламентпен қабылданатын конституциялық мазмұндағы актiлерi конституциялық келiсiмдермен, прецеденттермен толықтырылады. Ұлыбританияда конституциялық мазмұндағы бiрнеше билльдер, келiсiмдер, прецеденттер, доктриналар - конституциялық құықтық қайнар көздерi ретiнде қарастырылады.

Конституция құрылымы – бiрнеше бөлiмдерден, тараулардан, баптардан, жекелеген параграфтардан құралады (АҚШ Конституциясы 7 баптан (бөлiмнен), Индия Конституциясы 450 баптан, Мексика Конституциясы 100 шақты баптан және оның әр қайсысы 5-10 баптардан тұрады). Кей елдiң конституциясында преамбула конституцияның органикалық бөлiгi болып табылмайды, яғни заңдық күшке ие болмайды. Ал, кей мемлекеттердiң конституциясында ол заңдық күшке ие болады, яғни оған көптеген бағдарламалық ережелердi енгiзу конституциялық нормаларда орын алады (1958 ж. Франция Конституциясының 1-шi бабы). Конституцияның iшкi (мазмұндық құрылымы) және сыртқы (тiлi, стилi, ерекше аталуы) нысаны.

Конституцияларды қабылдау және өзгерту тәртiбi бойынша: қатаң және икемдi. Қатаң – қабылдау және өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi өте күрделi. (АҚШ-тың Конституциясына түзету енгiзу процедурасы. Конгресс – әр палатаның 2/3 даусымен қабылдайды. Одан кейiн штаттардың 3/4 кем болмайтын заң шығарушы жиналыстарымен ратификацияланады. Арнайы құрылған АҚШ-тың Конвентiмен және 3/4 штаттардың заң шығарушы жиналысымен немесе АҚШ-тың Конгресi және штаттардың конвентiмен немесе АҚШ Конвентi және штаттардың конвентiмен түзету енгiзу Конституцияда орын алған). Жазылмаған конституциялардың барлығы икемдi болып келедi.

Қоғамдық қатынастарға сәйкес деңгейi бойынша: фактiлiк және заңдылық; шынайы және фиктивтi; "тiрi" және "өлi".

Елдiң мемлекеттiк құрылым нысаны бойынша: федеративтiк және бiртұтас.

Конституцияның негiзгi қызметi - қоғам мен мемлекеттiң өмiрiне әсер етудiң негiзгi бағыттары.

Құрылтайшылық қызметi – нақты қоғамдық тәртiптi бекiтедi немесе жаңа қоғамдық қатынастардың дамуына жағдайлар жасайды, елдегi барлық билiктiң халыққа тиiстiлiгi.

Сыртқысаяси қызметi – сыртқы саяси бағыттарды қалыптастырады, әлемге қоғам және мемлекет туралы ақпараттың қайнар көзi ретiнде қызмет жасайды. Азаматтардың көпшiлiгiнiң немесе барлығының мүдделерi мен ерiктiлiгiн көрсетiп, қоғамдық құрылыстың негiзiн бекiтедi, мемлекеттiк билiк органдарының жүйесiн белгiлейдi, жеке тұлға мен мемлекет арасындағы өзара қатынастың мазмұнын анықтайды.

Идеологиялық қызметi – қоғамдық дамудың негiзiн қалыптастыратын сана-сезiмдiк фактор ретiнде көрсетедi. Яғни, халықтың саяси және құқықтық сезiмiн бекiтiп, қоғамдағы әр түрлi дүниетанымдық көзқарастарға шыдамдылықты орнықтырады.

Заңдылық қызметi – нарықтық, саяси және рухани өмiрдегi қағидалары анықталатын құқық нормаларын белгiлеу, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңды қорғауды ең жоғарғы деңгейде бекiту.

Басқарушылық қызметi – барлық басқармалық қатынастардың нормативтiк тұғырын құрайды. Яғни, мемлекеттiк органдар жүйесiн, олардың қызметiн бекiтедi.

Конституцияның заңдылық қасиеттерi:

ерекше заңдылыј күшi;

ерекше заңдылық мазмұны;

ерекше қабылдау және өзгерту тәртiбi.

Жалпы конституциялардың тарихын үш кезеңге бөлiп қарастырады:

1-шi кезең - 19 ғасыр;

2-шi кезең - 20 ғасырдың ортасына дейiн;

3-шi кезең - екiншi дүниежүзiлiк соғыстың аяқталуынан кейiн;

Конституцияның 1-шi кезеңiнiң сипаттамасы: 18-19 ғасырлардағы тәуелсiз мемлекеттердiң қабылдаған конституциялары. Оған жататын елдер – АҚШ –1787 ж., Польша - 1791 ж., Франция – 1791 ж., Бельгия – 1831 ж., Люксембург – 1868 ж., Швейцария – 1874 ж., Голландия 1887 ж., Жапония – 1889 ж., Германия – 1871 ж., Италия – 1848 ж., Португалия – 1911 ж.. Конституциялық актiлер феодалдық құқықтарды, крепостнойлық құқықтарды шеттетiп, барлық адамдардың теңдiгiн жария еттi. Онда митингiлер мен демонстрациялардың бостандықтары бекiтiлдi. Билiктiң бiрден-бiр қайнар көзi ұлт,- деп таниды. Конституция жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдардың жүйесiн анықтады. Мемлекеттiк билiк билiктi бөлу теориясы негiзiнде орын алды. Бiрiншi Француз конституциясы кәсiпкерлiк қызмет бостандығына мән бердi және азаматтардың жеке меншiгiне қол сұғылмайтын болып табылып, мемлекетпен қорғалды. Олардың ұқсастығы: қысқа, заңдылық жағынан техникасы төмен, негiзгi көңiл билiктi ұйымдастыруға бөлiндi. Негiзгi мақсаттары:

феодальдардан билiктi алып қойып, бiрте-бiрте буржуазияға беру;

абсолютизмдi шектеу;

адамның құқықтарын бекiту;

меншiктiң жаңа қатынастарын анықтап, оны капиталистiк даму жолына қою;

парламентаризмдi бекiту.

Наши рекомендации