Йымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы. Білім беру саласы: «Әлеумет»

Тобы :

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Әлеумет»

ҰОҚ: Қоршаған орта

Тақырыбы: Адам – тіршілік иесі

Мақсаты:Өзінің адам әлемінің өкілі ретінде алғашқы түсініктерін қалыптастыра отырып,адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажырата білуге үйрету.Барлық адамдардың ішкі құрылыстары ( жүрек,асұазан,өкпе)бірдей екендігін ,адамның өсуі және дамуы үшін қажетті шарттар( су,жарық,ауа ,тамақ,жылу,қозғалыспен демалыс,күтім керек)туралы түсінік беру.Ортақ тақырыптан тыс сұрақтарға жауап берудағдыларын дамыту.Балалардың таным белсенділігін дамыту. Адамдардың барлағына құрметпен ,сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:слайд,сырт келбеті ұқсамайтын екі баланың суреті.

Қажетті құрал- жабдықтар:жұмыс дәптері,түрлі түсті қарандаштар ,адамның бейнесі салынып ,аяқталмаған сурет( әр балаға).

Әдіс- тәсілдер:сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық.

Іс -әрекет кезеңдері Педагогтің іс -әрекеті Балалардың іс –әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Сары,ақпыз,қарамыз. Бәріміз де баламыз. Бір қалада тұрамыз, Бір бақшаға бармыз. Ақ ,қара деп бөлмейміз, Бір жыл туған төлдейміз. Туысқанбыз ,татумыз, Биіктерге өрлейміз. Тақпақ кімдер туралы айтылған? Адамдар қандай болады екен? Балалар сұрақтарға жауап айтады
Ұйымдастырушылық Ізденістік   Педагог балаларға әлемдегі адамдар туралы слайд көрсете отырып,олардың өмір сүру,еңбек ету ерекшелігіне тоқталады.Адамдардың ұлтына,жас шамасына қарай бөлінетінін айта отырып,адамдардың сәбилік шағынан бастап қартайғанға дейінгі кезеңдерді слайдтан көрсетеді.Слайд еөосету арқылы адамдардың асы өскен сайын бет әлпетінің ,дауысы мен жүріс -тұрысының да өзгеретінін түсіндіреді.Сонымен қатар адамдардың сырт келбеті мен әдеттеріне тоқталып ,олардың ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажыратуға болатындығын айтады.Соңынан екі баланың суретін көрсетіп,ұқсастығы мен айырмашылығын айтып беруді тапсырады. -Кәне,балалар оң қолдарың мен сол жақ кеуделеріңді ұстап көріңдерші.Не байқадыңдар? -Балалар ,ол соғып тұрған сендердің жүректерің,барлық адамдарда жүрек болады.Және адамдардың барлығында өкпе,бүйрек,бауыр сиақты ішкі құрылыстары болады.Оларды күтіп ұстау үшін сендер спортпен шұғылданып,дұрыс тамақтанып және таза ауада көп серіуеңдеулерін керек. -Гүлдер өсіп жетілуі үшін не керек деп ойлайсыңдар ? -Ал адамдардың да өсіп жетілуі үшін не керек? -Дұрыс айтасыңдар,сонымен қатар күтім әрі демалыс керек екен.Ал егер адам кешке дейін немесе бірнеше күндер,айлар бойы демалыссыз жұмыс істеп,уақытында тамақтанып,таза ауада серуендемей,күтінбей жүре берсе не болар еді? -Ондай адамдар аурушаң әрі тез ашулаңғыш,үнемі көңіл күйі болмай жүретін еді.Сол себептен кез келген адам өзін -өзі күту керек екен. - Кешкісін сендер ата-аналарыңды көргенде қандай сезімде боласыңдар? - Ата- аналарыңда сендерді көргенде қуанады.Себебі: олар сендерді сағынады,жақсы көреді.Сол себапті сендерді көргенше асығады. - Ал сендер ата -аналарыңды қалай қуантар едіңдер? -Міне,көрдіңдерме балалар,ата-аналарың сендерді тәтті қылықтарың мен жетістіктеріңе қатты қуанады екен.Тек сендердің ата -аналарың ғана емес,барлық адамдар да қуанышты хабар естісе қуанады. Педагог осылайша адамдардың бірдей сезімді сезінетіндігін( қуаныш,ауру,өкініш)түсіндіреді.Жіне балаларға ақ параққа салған адамның бейнесін аяқтауды ұсынады. Сергіту сәтін өткізеді. Қолдарымды созамын, Суға сүңгіп аламын. Суда жүріп жүземін, Оң қолымды бір сілтеп, Сол қолымды бір сермеп, Шынықтырып денмді Спортсмен боламын. Д /о: «Айырмашылығын тап» дәптердегі ойын   Балалар суретке қарап,екі баланың құсастығы мен айырмашылығын айтып беру керек     Балалардың жауаптары   Балалар дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.    
Рефлексиялық түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін ,көңіл күйлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды. Сабақтағы көңіл күйлерін дәптер дегі таңбаларға белілейді. Бүгінгі жиыннан алған әсерлері,көңіл күйлері ,немен айналысқандары жайлы айтып береді.

Күтілетін нәтиже:

жасайды:өзінің адам әлемінің өкілі екендігін; адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажыратуды;барлық адамдарлың ішкі құрылыстары ( жүрек,асқазан,өкпе)бірдей екендігін,адамның өсуі және дамуы үшін су,жарық,ауа,тамақ,жылу,қозғалыс және демалыс,күтім керек екенін.

түсінеді:адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығын ажырата алады,адамдардың ішкі құрылыстары бірдей екендігін біледі,адамдардың өсуі мен дамуы үшін не қажет екенін түсінеді.

Қолданады :сыртқы белгілеріне қарап ажыратуды.Өзінің өсуі,дамуы үшін қажетті заттарды пайдалана алады.

Наши рекомендации