Зін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1.Білім мазмұнының мәні неде?

2.Білім мазмұнының тарихи сипаты неге байланысты?

3.Білім мазмүнын қалыптастырудың негізгі теориясына сипаттама беріңіз?

4.Білім мазмұнына қандай факторлар әсер етеді?

5.Жалпы білім беру мазмұнының принциптерін таңда, оған сипаттама бер.

Дебиеттер.

1.Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманитарного школьного образования. Алматы. 1998г.

2.Джадрина М.Ж. Дидактические аспекты /дифференциации содержания школьного образования. Алматы 2000г.

3.Дидактика средней школы. Под. Ред. М.Н. Скаткина М.1982г.

4.Жампеисова К.К. Формирования основ педагогической культуры старшеклассников. Дисс. доктора мсд. наук. Алматы. 1996г.

5.Леднев В.С. Содержание образования. М.1989 г.

6.Сериков В.В. Образования и личность. Теория и практика проектирования педагогическихсистем. М. 1999г

7.Скаткин М.Н. Проблемы современной дидактики. М. 1084г.

8.Теоретические основы содержания общего среднего образования. Под ред. В.В. Краевского, И.Я. Лернер. М.

Здігінен орындайтын жұмыстарға тапсырма

1. Қазіргі мектепте оқытылатын ғылымдардың өлшемінің кестесін жаса.

2.Жалпы орта білім беретін мемлекеттік стандартқа талдау жасаңыз?

3.Жалпы орта білім беретін мектептің базистік оқу жоспарының схемасын жаса.

4.Ғылыми оқу пәніне сипаттама кестесін жаса.

Реферат тақырыбы

1.Қазіргі жағдайда Қазақстан мектептеріндегі білім беру мазмұнының проблемалары.

2.Жалпы білім беру мазмұнының ұстанымдары мен өлшемдерін таңдау.

3.Мемлекеттік білім стандарты бойынша жалпы білім беру мазмұны.

4.Білім мазмұнын қалыптастырудың негізгі өлшемі.

Оқытуды ұйымдастырудың түрлері. Қазіргі сабақ.

Мақсаты: Оқытуды ұйымдастырудың түрлері сабақ туралы түсінік, негізгі міндеттері, талаптары және шарттары.

Міндеті:

а)Сабақтың даму тарихын педагогикалық ғылыми еңбектер арқылы ашу.

ә)Оқыту үрдісін ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік беру.

б)Әр түрлі типті сабаққа мінездеме бере отырып, оның негізгі кезеңдерінің маңызын ашу.

г)Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалімнің міндеттері.

Жоспар

1.Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік.

2.Сабақтардың жіктемесі.

3.Сабақта оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

4.Мұғалімнің дайындығы.

Негізгі ұғымдар: Оқытуды ұйымдастырудың түрі, оқытудың сынып-сабақ жүйесі, білім, қабілеті, дағды, тәрбие және дамыту, сабақтың жоспарын құру, бағалау және бақылау.

Пәнаралық байланыс: философия, тарих, әлеуметтану, психология, педагогика тарихы.

Оқытуды ұйымдастырудың түрлері жайлы түсінік.Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. "Түрлері" деген ұғым латын тілінен аударғанда "forma" сыртқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық - белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде "түрлері" ішкі мазмұнды

ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады. Яғни, "түрлері" ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі - оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады. Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің қарым-қатынасы (Чередов И.М.). Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы - мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оку іс-әрекетін басқару және оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оқу материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін қйымдастырудың сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.

Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әр түрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі: оқушының саны мен құрамы, жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы. Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:

-жеке (бір ғана окушымен жұмыс істейді);

-жеке-жұптық (оқушы-оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады);

-жеке - топтық: топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрлі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).

-Өзара бірлесіп оқыту (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, атауы-белланкастер жүйесі);

—Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі (мангейм жүйесі);

-Бригадалық оқыту, тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші - бригадир (оқытудың бұл түрі XX ғасырдың 20-жылдарына тән);

-Американдық "Винетка - жоспар", "Трампа -жоспар" және т.б.

-Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс және т.б.).

Оқыту түрлерінің сыныптық - сабақ жүйесі XVII ғасырда туысқан тәуелсіз мемлекеттердің Богемия, Украина, Белоруссия елдерінің мектептерінде ең көп тараған және үш жүз жылдық уақыт бойы әлі дамып келе жатыр. Сынып дегеніміз - жас ерекшелігіне қарай тұрақты, бірге оқитын оқушылардың құрамы, бұл жүйеде оқушылар мұғалімнің тапсырмасын сабақ барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды. Оқытудың бұл жүйесінің теориялық тағылымын XVII ғасырда— атақты чех педагогі Ян Амос Коменский жасаған. Басқа оқытудың түрлерімен салыстырғанда, сыныпты - сабақ жүйесінің көптеген ұтымды тұстарын атап өтуге болады: сабақ құрылымын тиімді етіп қүру, барлық оқу-тәрбие үрдісін тәртіптеуді қамтамасыз ету, оны қарапайым дәрежеде басқару, оқу мәселесін талқылағанда, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін пайдалану, белгілі міндеттерді шешу барысында ұжымдық ізденіс жасау, уақыт үнемдеу, сабақ үстінде әр оқушының рухани санасын арттыруға құлшынысының бәсекеге түсуі, жүйелілікті және кезеңдік реттілікті жүзеге асырып, оның одан әрі дамуына, білімсіздіктен білімділікке жетіліп отыруына ұмтылу. Бұл оқытудың түрінде де кемшіліктер кездеседі: сыныптық- сабақ жүйесі үлгерімі орташа деңгейдегі оқушыға бағытталған, сөйтіп, бір жағынан үлгерімі нашар деңгейдегі оқушының қабілеті жетпейтін күрделі тапсырмалар келсе, екінші жағынан өте талапты оқушылар үшін ыңғайланған оқу объектісі болмайды, әр оқушының жеке қабілеті ескерілмейді, нәтижесінде, мұғалім осы үш түрлі деңгейге жекелеген жұмысты ұйымдастыру амалын қарастыруы көзделеді және оқытудың әдістері мен қарқын мөлшерін дәл межелей алу шеберлігі болуы талап етіледі.

Бәрін есептей келгенде, әрине сыныптық-сабақ жүйесі тұрақталып, жаппай озық іс-тәжірибелер жинақталады

деуге дәлеліміз бар. Жастары бір шамадағы сынып оқушыларының бірге оқуының тағы бір жағымды тұсы-ол оқушылардың ұйымдасқан анықтықты және үзіліссіз оқу жұмысын, сонымен қатар міндетті оқу мен сабақтан тыс жұмысты қамтамасыз етеді.

Сыныптық-сабақ жүйесі өзіне көптеген оқу үрдісін ұйымдастырудың бірқатар кешендерін қосып алады. Оған жататындар: экскурсия, оқу шеберханасындағы сабақтар, тәжірибелер, еңбек және өндіріс түрлері, сыныптан тыс жұмыстардың түрлері (пән үйірмелері, студия, ғылыми қоғамы, олимпиада, байқаулар, конференциялар).

Оқытудың осы түрі ауқымында жұмыстың ұжымдық, топтық, жеке, даралап және саралап оқыту немесе қарапайым мазмұндағы түрлері ұйымдастырылады. Сыныптағы барлық оқушыларға бір тектес тапсырмалар берілгенде (жазбаша, зертханалық және тәжірибешілік немесе практикалық сабақтар), онда саралап оқыту жұмысы жүргізілмейді, ал сыныпта топтар әр түрлі тапсырмалар орындаса, бір мәселені шешсе, бірге отырып барлығы тақырыпты меңгереді, міне сол арқылы жұмыстың әрі ұжымдық, фронтальді, топтық түрлері іске асады.

Жоғарыда жіктелген оқытуды ұйымдастырудың түрлеріне жататын ерекшеліктің бірі — кез келген оқушыны оқу еңбегіне үйретеді: тыңдауға, ұжымдық іс-өрекетте берілген сұрақты талқылауға, өзінің жұмысын ұйымдастыруға, өзінің пікірін айтуға, басқаны тыңдауға, олардың жасаған ой-тұжырымы мен дәлелдемелерімен келісетінін, немесе оған өздерінің дәйектемелерін дәлелдеп қарсы тұжырым құруға, басқаның ой-түйінін толықтыруға, конспект жазуға, баяндама мәтіндерін жинақтауға, библиография құрастыруға, білім көздерімен жұмыс істеуге, өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға, берілген уақытта жұмысын аяқтай білуге және т.б. топтық жұмыста оқушылар көш басылық, қызметкерлік, бағынбаушылық іс-әрекетті ұйымдастыру элементтерін меңгереді, үлкендер ортасымен, жалпы өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастырады-табиғи іскерлікке, өндірістік және әлеуметтік қарым-қатынасқа, өмірге бейімделеді. Оқытуды ұйымдастырудың түрінде оқушылардың тәрбиесі үлкен рөл атқарады,

мұндай іс-әрекетте тұлғаның өз-өзін басқару жағы басымдылыққа ие болады.

Сыныптық-сабақ жүйесін оқытуды ұйымдастырудың ең қайнар көзі болып табылады. Оқытудың бұл түрі жас мөлшері біркелкі топтан құрылған және тұрақты құрамы бар, сабақ үнемі оқу кестесімен өтілетін және оқытудың бірдей бағдарламасы құрылған жағдайда іс-тәжірибеде қолданылады. Сондықтан ол оқу-тәрбие үрдісінің барлық компоненттерін қамтиды: мақсат, мазмұн құрал, әдістер, ұйымдастыру мен басқару қызметі, оның дидактикалық элементтері. Сабақтың маңызы мен берілу мәні сабақ үрдісінде біртұтастық динамикалық жүйеге саяды, сөйтіп, ұжымдықтан-жеке, яғни мұғалімнің оқушыға, нәтижесінде, оқушының білім меңгеруі оның икемі мен қабілетіне сәйкестеніп, өзіндік іс-әрекетінде тәжірибе сұрыпталып, бір жағынан қарым-қатынас мәдениеті дамыса; екінші жағынан, оқушылардың қабілеттілігі шыңдалады. Нәтижесінде, сабақ түрлері сапасында оқыту үрдісін алға жылжытады, ал екінші жағынан оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде рөл атқарады, мұғалімнің сабақгы ұйымдастырудың негізгі талаптарын айқдадайды, мұның бәрі дерлік оқытудың заңдары мен принциптерінен туындайды. Сабақ-педагогтік шығармашылықта құрылады және сондықтан да ол біртұтастық жүйемен оқшаулануға тиіс. Кіші бөліктердің өзара іштей байланысы бірігіп, оқушылар мен мұғалімнің іс-әрекеті дамуының бір тектес логикаға бейімделуіне бағыт жасайды.

Сабақтың талабын орындау мен оны түсінуге байланысты, мұның өзі әлеуметтік сұранымға қатысты анықталып, оқушылардың жеке басының қажетсінуіне орай құрылады, оқыту мақсаты, міндеттері,.заңңары мен принциптері басшылыққа алынып, жоғарыдағы іс-әрекеттің мазмұнын айқындайды. Жалпы талаптардың ішінде, бүгінгі сабаққа сәйкескелетін, бөліп қарауға болатын жіктеме төмендегідей:

-Ғылым жетістіктерінің жаңа түрін, озық іс-тәжірибені, оқу-тәрбие үрдісінің негізгі заңдарына құрылған сабақты;

-Сабақты өту үрдісінде барлық дидактикалық принциптер мен ережелер;

-Оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлік пәнаралық байланысты;

-Бұрынғы білімін байланыстыруға, оны меңгеруде икем-қабілетін және оқушылардың білім сапасын арттыру барысындағы тіректік ұғымдарға сілтеме жасау;

-Тұлғаны жан-жақты дамытудың белсенді және түрінің қажеттілігі;

-Педагог оқу-құралдарын ұтымды қолдануы;

-Алған білімін, өндірістік қызметпен, окушының жеке іс-тәжірибесімен байланысты жүзеге асыруы;

-Білімін, икемін, қабілетін тәжірибеде қалыптастыру, оны ойлау - амалы мен іс-әрекетке тиімді қолдануы;

-Сабақты диагностикалау, жоспарлау, жобалау және болжай алуы.

Әрбір сабақ тұтас педагогтік процестің функциясын жүзеге асыруға бағытталған: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде сабақ-көп жоспарлы, құрылымы әр түрлі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі барлық дидактикалық міндеттерді шешуге: білімді енгізу, жаңа материалды зерделеу, өткен материалды бекіту, бақылау, оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма берумен байланысты.

Көріп отырғанымыздай, сабақтың құрылымы кездейсоқ болмайды, ол оқыту үрдісінің заңдылықтарын жүзеге асырады, жаңа сабақты меңгерту логикасын ішкі психологиялық құбылыс ретінде, оқушының өздік ойлау іс-әрекетінің заңын, жеке таным қабілеті сапасында алып, мүғалім қызметінің түрін және оқушыны педагогтік үрдістің субъектісі ретінде алады. Сабақ элементтері, ішінара бөліктердің өзара біртұтастығында аталған заңдар жүзеге асады, өзектілігі анықталып, оқушылардың жаңа ұғымдық түсініктер қалыптасады, сөйтіп, іс-әрекет тәсілдерін меңгеріп оны тәжірибеде қолдануға төселеді. Педагогикалық жүйеде бұлар оқытудың кезендері сияқты, негізгісі, өзгертуге болмайтын, әр сабақта дидактикалық бірліктегі міндеттерді жинақтап, сабақтың дидактикалық құрылымының компоненті сапасында келеді. Міне, осы компоненттер сабаққа қажетті шарттар мен бағдарламалық материалдарды меңгеруге жеткілікті біліктілік пен икем, қабілеттерді және оқушылардың ойлау әрекетінің белсенділігін өздігінен қалыптастыру, олардың интеллектуалдық қабілетін дамыту - оқушыларды өмірге бейімделуге және еңбек етуге

жаттықтыруға тиісті қадам.

Сабақтардың жіктемесі. Сабақты жіктеудің бір-біріне ұқсамайтын бірнеше жолдары бар. Сабақты дидактикалық мақсатына қарай жіктеу (Огородников И. Т., Казанцев И.Н.), сабақ үрдісінің негізгі кезеңдеріне қарай (Иванов С.В.), дидактикалық міндеттеріне, оның сабақта шешілуіне орай, оқытудың әдістері мен оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру тәсілдеріне қатысты. М. И. Махмутов сабақты мақсатына қарай, детерменді жалпы-дидактикалық мақсатына катысты, меңгеруге тиісті материал мазмұнына байланысты және оқушының қабылдауына орай жіктейді. Ол сабақтың төмендегідей бес түріне тоқталады:

1)Жаңа оқу материалын өту сабағы.

2)Білім, дағды, қабілетті жетілдіру сабағы.

3)Жинақтау және жүйелеу сабағы.

4)Аралас сабақ.

5)Бақылау, білімге, дағды, қабілетке түзету енгізу сабағы.

Сабақ жіктемесінің әр түрлілігі: дидактика пайым мен тұжырымдардың болуы, тәжірибеде тұрақталған сабақ түрлерінің негізгі дидактикалық міндеттері мен оның кешендеріне байланысты.

Атап айтқанда:

1)Кіріспе сабақ;

2)Жаңа сабақты өту;

3)Білімді бекіту сабағы;

4)Жинақгау сабағы;

5)Есепті-бақылау, аралас сабақ.

6)Диспут, КВН сабақтары.

Кіріспе сабақ оқушыларды тақырып, тарауларды оқуға дайындау міндетін атқарады. Бұл сабақтың міндеті оқушылардың алдағы материалды меңгеруіне қажетті жағдай жасап, тақырып бойынша сұрақтарға жауап табуға және олардың танымдық қызметінің тәсілдеріне көңіл бөлу. Жаңа сабақты меңгерудің мақсаты оқушылардың жаңа материалды меңгеруі. Ол үшін оқушылар мынандай дидактикалық міндеттерді шешуге тиісті: жаңа ұғымдарды білу, әрекет тәсілін іріктеу, өздігінен ізденіс әрекетін табу, құндылықты жүйе ретінде қалыптастыру. Оқытудың мұндай түрлері әрқырлы болып келеді: дәріс, мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбат, ережелер,

эвристикалық әңгіме, оқулықпен өздік жұмыс, эксперимент және оны өткізу, тәжірибелер және т.б. Сол себепті сабақтың түрлері, осы бағыттың көлемінде әр қилы болып келеді: дәріс сабағы, семинар сабағы, кино сабағы, теориялық және тәжірибелік сабақтар, өздік сабақтар. Бұл сабақтың бәріне тән құбылыс - жаңа сабақ өтуге уақыттың бөлінуі, онда негізгі мақсат оқушының танымдық белсенділігін арттыруға қозғаушы күш беріп материалға маңызды деректер енгізу, мұғалімнің ашық мысалдар келтіруі, фактілерді, ой-пікірін қосу, көрнекті бейнелік материалдарды пайдалануы, техникалық құралдарды қолдануы. Мұның бәрі мұғалімнің жаңа материалды мазмұнды да терең түсіндіруіне, әзірленуіне бағытталып, сабақта оқушылардың көңіл қою қабілеті мен ойлау белсеңділігін арттыруға септігін тигізу көзделеді. Жаңа сабақты меңгеру үрдісіне қоса бұрынғы игерілген білімдерін тәртіптеу мен бекіту жұмысы жүргізіледі. Негізгі дидактикалық міндеттер, білімді, қабілет пең дағдыны жетілдіруге қатысты мыналар есте сақталуға тиісті: игерген білімді жүйелеу, жинақтау; бұрынғы білімдерін қайталау және бекіту; алған білімін тереңдету және кеңейту; қабілет пен икемділікті қалыптастыру; оқу материалын өтілуін бақылау; біліктілік, дағды, қабілетті жетілдіру. Бұл сабақтың жіктемесі бірнешеге бөлінеді: өтетін материалды бекіту сабағы, қайталау сабағы; білімді, дағдыны, қабілетті дамытудың тәсілдерін қолданылуы. Мына жағдайды ескеру керек, біріншіден, қайталау немесе қабілет пен дағдыны қалыптастыру мектеп тәжірибесінде аса тиімді. Сабақтың басқа түрлері өздігінен сабақ (репродуктивті түр — ауызша және жазбаша; жаттығу); зертхана сабағы; тәжірибе сабағы; экскурсия сабағы; семинар сабағы.

Қорыту және пысықтау сабақтары негізгі екі дидактикалық міндетті шешуге бағытталған:

1)Оқушылардың теориялық білім деңгейлерін көрсетеді.

2)Бағдарламаның өзекті мәселелерін меңгеруде танымдық қызметке қатысты әдістерді қолдануын бұрынғы меңгерген білімнің маңызын ашу амалдарын, барлық бағдарлама бойынша өткен материалдарды оқушылардың игерудегі біліктілік, икем және қабілеттілігін тексеру.

Мұның өзі тоқсандық, жарты жылдық және оқу жылында жүргізіледі.

Қорыту және пысықтау сабақтарында барлық негізгі сабақтар жүйесі қарастырылады. Арнаулы өтілетін сабақ сайын мұғалім сұрақтарды белгілеп, қайталау мәселесін айқындап, алдын ала оқу көздерін көреетіп, қажетті тұстарын дәрісте келтіріп,оқушылардың білімін толықгыру үшін сыныптан тыс жұмыстар беріп, топтық жеке кеңестер жүргізіп, өздігінен жұмыс жүргізуге мүмкіндік жасайды. Аралас сабақ — мектеп тәжірибесіиде кең таралған түрі. Мұнда жоғарыда берілген барлық сабақтың түрлерінде кездесетін дидактикалық міндеттер шешіледі. Аралас сабақтың (белгісі үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру). Бұл сабақтың әдістемелік құрылымын құрайтын негізгі элементтер болып мыналар жатады:

—оқушыларды сабаққа ұйымдастыру;

—оқушылардың біліктілігін тексеру, меңгерген білімдерінің терендігі мен тұрақтылығын бекітіп, алдағы өтетін сабақтың өзектілігін зерттей білу қызметінің тәсілдерін ширату;

—мұғалімнің жаңа сабақты құруы және окушылардың оқу еңбегін саналы меңгеруіне ыңғайлап ұйымдастыру;

—материалды алғашқы кезеңде бекіту және оқушылардың біліктілігі мен дағды, қабілетін тәжірибеде ұйымдастыру;

—үйге тапсырма беру, оның орындалуына нұсқау жасау;

—сабаққа балл қою үшін қорытындыны шығару, кейбір сабақтың барысында оқушыларға жеке баға қою.

Аралас сабақтың жіктемемен берген кіші құрылымының әдістемелік бөліктері оқыту ситуациясының жағдайына бағынышты болып келеді және мұғалімнің педагогтік шеберлігі әсер етіп, көбінесе бірінен-біріне тәжірибесі -ауысып отырады, сабақгың кейбір рет тәртібін өзгертеді, мұның өзі әр мұғалімнің танымдық үрдісін ұйымдастыру тәсіліне тәуелді. Мұндай жағдайда сабақ құрылымы оңтайлы, жеңіл болып мұғалім өз жұмысын жауапты қарайды.

XX ғасырдың 70-жылдарында отандық мектепте оқу-шылардың сабаққа енжарлығы байқалып, оқуға деген қызығушылық құлшынысы төмендеді. Бұл өзекті де өткір мәселеге тәжірибелі мұғалімдер назар аударып, сабақтың

стандартты емес түрлерін өткізуді жөн көрді, мұндағы басты мақсат - оқушылардың білімге деген құлшыныстығын тұрақтандыру еді. Стандартты емес сабақ

- оқу сабағын шығармашылық дәрежеде құрастыру, яғни

ол дәстүрдегідей емес болып келеді. Бірнеше емес

сабақтардың түрлерін атап өтуге болады: іскерлік сабағы,

консультация сабағы, компьютер сабағы, оқушылардың

өткізуімен ұйымдасқан сабақ, сынақ сабағы, пәнаралық

сабағы, экскурсия сабағы және өзара оқыту сабағы,

бинарлы сабақ, шығармашылық сабақ, рөлде ойнау

сабағы, ақиқат іздеу сабағы. Қазіргі мектепте сыныптық

- сабақ жүйесімен оқыту сабақтың көп қырлылығы мен

әртүрлілігі жағынан ерекшеленеді. Мұғалімнің бұл іс-

әрекеттегі еңбегінің қорытындысы - сабақтардың ішінара

логикалы жүйесінің ұштастығын дәйектілікпен табу және

оқушылардың өздігінен білімін қорландыра білуіне

ынталандыру, оның интеллектуалды еңбекке бейімделуіне

жағдай туғызу, ғылыми еңбегін жас ерекшелігіне сай етіп

ұйымдастыра алуына нұсқау беру.

Сабақта оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру.

Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру бұл оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі, оның өзі белгілі бір рет пен тәртіп талабынан құрылады. Мынандай бағыттарға бөлінеді: фронтальды - мұғалімнің барлық оқушылардың жеке және өздік жұмысын басқаруы, жеке - өздік жұмыс әр оқушының және топтың іс-әрекеті, оқушылардың топтық және жұптық қызметі. Мұғалімнің оқу қызметін фронтальді ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады. Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын ала болжауы, оқу ситуациясын туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқушыны

ықыласпен тыңдауы, оны мәдени тұрғыда қолдауы, мұнымен бірге қажетті сәттерде түзетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу.

Фронтальды оқытуды ұйымдастыру проблемалық, ақпараттық және түсіндірмелі иллюстративті мазмұнда және репродуктивті және шығармашылық тапсырмалармен келуі мүмкін. Мұнда шығармашылық негізге құрылған тапсырма бірнеше шағын тапсырмаларға бөлінеді, жұмыстың бұл түрі барлық оқушылардың белсенділікпен іс-әрекетте болуына жағдай туғызады. Бірақ, сабақтың бұл түрінде көптеген кемшіліктер бар, жұмыс барысында оқушылар әр түрлі деңгейде өз мүмкіндігіне қарай білімін арттыра алмайды, бәрінің білімі бір мөлшерде оқшауланбайды, әсіресе, нашар үлгеретін оқушыға мұғалімнің көмегі үнемі қажет болса, ал қабілеті өте жоғары оқушыда уақыт артық қалады.

Сол себепті сабақтың тиімділігін арттыру үшін сабақтан басқа түрлері де пайдалану керек.

Жеке жұмысты ұйымдастыру сабағында әр оқушының өздік іс-әрекеті ескеріліп, оған арнаулы әзірліктер жасалып, оқу мүмкіндіктері алдын ала есепке алынады: әдебиеттермен, анықтамалармен, энциклопедиямен жұмыс міндетін шешу, шығарма әзірлеу, реферат жазу.

Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі түрлі тапсырма орындалады: жеке және жекелендіру. Біріншісінің ерекшелігі ол: оқушы алдымен барлық сыныпқа берілген тапсырманы орындайды, басқа оқушымен қарым-қатынасқа түспейді, бірақ жұмыс қарқыны бәріне бірдей. Екіншісінің ерекшелігі, ол оқушы арнаулы тапсырманы орындауда өзінің танымдық-оқу-іс-әрекетін мөлшерлейді, атап айтсақ, әр оқушы өзінің оқу қызметінің режиміне орай жұмыс қарқынын белгілейді. Жеке жұмысты сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізу тиімді және оны бекітіп отыру көзделеді, мұның өзі оқушының бұрын меңгерген білім-дерін, қабілетін, дағдысын жетілдіріп отыруына ықпалы зор, сол секілді бақылау үшін зерттеу әдісін меңгеруге жол ашады. Сабақтың бұл түрі оқушылардың өздік іс-әрекетін тәрбиелейді, жинақылыққа, ұшқырлыққа, өзінің мақсатын айқындауға таба білуге бағыттайды, бірақ бұл сабақта оқушылардың қарым-қатынасы шектеулі, оны ұжымдық жұмыстың түрімен

толықтыруға, топтық жұмыс ұйымдастыруға болады.

Топтық жұмысты оқушылардың оқу еңбегін ұйымдастыру негізінде құруға мыналар жатады:

-оқу міндетін анықтау үшін сынып екі топқа бөлінеді;

-әр топ тапсырма орындайды (не бірдей, не саралап, даралап берілген), ол топ ішінен бөлініп шыққан топбасымен немесе мұғалімнің басқаруымен өтеді;

-топтың енгізген жаңалығына орай тапсырмалар іріктеледі;

-топтың құрамы сабақтың мазмұнына қарай өзгереді; ең жоғары деңгейдегі оқушының мүмкіндігін ескеру қарастырылады;

-топтың және құрамның әр түрлі деңгейлікке орай окушылардың қауымдастық құрамы сұрыпталады және мұның өзі оқушыларға байланысты.

Сабақтың топтық жұмыс түрінде оқушы саны көбейеді және жеке жұмыс барысында оқушыға не топ басшысының, не мұғалімнің көмегі қажет болып отырады (фронтальды және жеке жұмыс кезінде мұғалімнің окушыға көмек беруі қиындай түседі, сондықтан олар жеке жұмысқа көшкенге дейін кезек күтуге мәжбүр).

Топтық жұмыс практикалық жұмыстарды, зертханалық және жаратылыстану ғылыми тақырыптардағы практикалық жұмыстарды, сондай-ақ шет тілдерді меңгеруде, ауыз екі сөйлеуде тілді дамыту бағытында және еңбек сабақтарын өткізгенде өте тиімді. Жұмыстың бұл түрінде ұжымдық талқылау қолданыла отырып, өзара кеңес беріп, өлшемдік параметрлері күрделеніп, өздік жұмыс тиімділігі жағынан бұрынғыға қарағанда жақсара түседі.

Әрбір қарастырылған оқыту қызметін ұйымдастыру түрлері оқушылардың сабақ барысындағы өзіне тән оқу-тәрбиелік міндеттерді жетілдіре түседі. Олар өзара, бірін-бірі толықтырып, дұрыс құрылған сабақтың жақсы нәтижесін көрсетеді.

Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Мұғалімнің сабаққа дайындығы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарлауды әрбір сабаққа сәйкес нақтыландыру, әрбір жеке сабақтың жоспарын терең ойластыру мен құрастыру.

Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқыту-тәрбиелік үрдісі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет. Бұл жүйеге, негізгі дидактикалық мақсатына байланысты, сабақтың әр алуан тұрпаты және түрлерімен қоса оқушылардың сыныптан тыс және оқудан тыс жұмыстарының басқа түрлері да кіреді. Тақырыптық жоспарлаудың ойдағыдай іске асырылуы, көбінесе, мұғалімнің оқушылар нені білулері керек, т.б. деген сияқты мәселелерді қаншалықты терең ойластырғанына байланысты болып келеді. Сондықтан мұғалім тақырыптық жоспарлауды пәннің оқу бағдарламасымен, білім беру стандарттарымен мұқият танысудан, пәнді оқыту кезіндегі және берілген тақырып бойынша дидактикалық міндеттерді шешудегі негізгі тәрбиелік мақсаттарды және оқушыларды дамыту мақсат-тарын анықтаудан бастауы қажет.

Бір сабақты жоспарлау-мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру. Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне, білімдарлығына, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан, әрбір мұғалім үшін қажет. Сабақтың жоспары, тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде, мұғалімнің оқушыларды және олардың дайындық деңгейін білуінің негізінде құрастырылады. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты бөліктер бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру; арнайы дәптерге сабақ жоспарын белгілі бір түрде жазып алу.

Сабақтың мақсаты бағдарлама материалының мазмұны негізінде, мектептің материалдық базасының және оқушылардың белгілі бір оқу жағдайына сәйкес ұйымдастыруға болатын оқу материалымен жұмысының мазмұны негізінде анықталады. Сабаққа дайындалудың бұл бөлімінде мұғалім болашақ сабақтың өту барысын болжайды, оны ой-санасынан өткізіп, өзінің

оқушылармен бірлесіп жасайтын іс-әрекеттерінің өзіндік бір сценарийін дайындайды. Өзінің және оқушылардың сабақтағы әрекеттерінің негізгі мазмұны мен бағыттылығын анықтағаннан кейін барып мұғалім оқушылар меңгеруге тиісті қажет және жеткілікті материалды таңдайды, сабақта талданатын жаңа түсініктерді енгізудің жүйелілігін анықтайды. Мұғалім оқушылардың белсенділігін арттыратын қызықты материалды таңдайды, оған оқушылардың назарын жалпылама сұрақтар, есептер арқылы аудартады, сабақтың құрылысын алдағы жұмыстың көлеміне қарай алдын ала анықтайды.

Сонымен мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз -тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезендеріне сөйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы материалмен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сүрақтары, жауаптары, пайымдаулары - оны қабылдауы, түсінуі, т.б. Сабақтың осындай алдын ала талдамасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық процесте сол ғұрлым аз болады.

Осындай мұқият талдаудан кейін және сабақтың құрылысын тиянақты ойластырғаннан кейін мұғалім сабақтың жоспарын жасайды. Сабақтың конспектісі, әсіресе жас мұғалімдер үшін, толық және жан-жақты жасалады. Мұндай конспект мұғалімге тек бір сыныптағы ғана емес, сонымен бірге барлық параллель сыныптардағы жұмысы кезінде де қажет болады.

Алайда, сабақтың ойдағыдай өтуі тек мұғалімнің мұқият дайындығына ғана емес, сонымен қатар оның оқушыларды алдағы сабақтағы жұмысқа әзірлеуіне және оқушылардың өздерінің сабаққа деген психологиялық дайындығына байланысты. Ол үшін оқушыларды келер сабақтағы жұмыс жоспарымен таныстырып, оларды оқулықтың немесе әдеби шығарманың жекелетен тараулары мен тақырыптарымен алдын ала таныстыруға бағыттап, жаңа материалды меңгеруге септігін тигізетін бақылау мен күрделі емес сынақтар өткізу қажет.

Сабақтың жоспарында сабақтың тақырыбы, сабақ өткізілетін сынып бөлмесі және дидактикалық міндеттері нақтыланған сабақтың мақсаты, сабақта өтілетін материалдың қысқаша

мазмұны, оның міндеттері көрініс табады. Сондай-ақ, сабаққа қатысатын окушылардың өзара қатынасын ұйымдастыру, оқушылардың оқу-танымдык қызметін дамытатын тапсырмалар, білім беру әдістері мен дидактикалық әдіс-тәсілдері анықталады. Тапсырмалар арқылы алға қойылған міндеттерге қарай, сл ол міндеттерді орындау барысында бұған дейінгі алған білімдері толықтырылады, жаңа ғылыми түсініктер және білім жолындағы кездесетін әр түрлі жағдайларда қолданыла алатын әрекеттердің тәсілдері қалыптасады, оқушылардың оқу әрекетін бақылау мен түзету жүзеге асады, олар білімсіздіктен білімге, епсіздіктен біліктілікке қарай қадам жасайды.

Сабақтың сапасы мен нәтижелі өтуі, көбінесе, мұғалімнің өзінің және басқалардың жетістіктері мен қателерін дұрыс талдай алуына байланысты. Өз жұмысына талдауды сабақ өткізе салысымен және келесі сабақгың алдында, яғни сабақтың конспектісінің негізі дайын болған кезде жүргізу тиімді. Бұндай жағдайда мұғалім өткен сабақгың нәтижелеріне сүйене отырып, келесі сабаққа дайындығы кезінде осының барлығы ескерілуін ойластырады. Өзін-өзі бағалау өткен сабақтың талдауына негізделеді, яғни мұғалім жасаған жоспарын тағы қайтара талдап, сәтсіздіктерінің себебін табуға тырысып, дидактикалық тұрғыдан ұтымды тұстарын кайталауға тырысады.

Осылайша, қазіргі уақытта да сабақ оқушылардың мектепте білім алуын ұйымдастыру түрінің ең негізгісі болып қала береді. Сабақтың нәтижелілігі мұғалімнің дайындық деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыра алуына және ол оқу әрекеттің нәтижесін болжай алуына байланысты.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Оқу жұмысының түрлері қандай белгілермен сипатталады? "Білім беруді ұйымдастыру түрлері" деген ұғымға анықтама беріңіз.

2.Мектеп дамуының тарихында білім беруді , ұйымдастырудың қандай негізгі түрлері қалыптасты?

3.Білім беруді ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық жүйесі қандай ерекшеліктерімен сипатталады?

4.Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар қандай?

5. Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптардың мәні неде?

6.Сабақ үстінде педагогикалық үрдістің қандай білімділік-тәрбиелік, дамытушылық және білім беру қызметтері жүзеге асады?

7.Сабақтың негізгі түрлерін, сондай-ақ оқытудың басқа да түрлері мен олардың құрылысын суреттеп беріңіз.

8.Білім, білік, дағдыны бақылау мен түзету сабағының құрылысын жасаңыз.

9.Аралас сабақтардың мәні мен құрылымына анықтама

беріңіз.

10.Сабақты өткізу барысында оқушыларды дамыту мен тәрбиелеу жұмыстарын жүзеге асыру қаншалықты қажет?

11.Қазіргі уақытта мектептерде сабақтардың қандай жаңа түрлері қолданылады?

12.Мұғалімнің сабаққа дайындығының негізгі жұмыстарын анықтаңыз.

13.Оқытуды ұйымдастырудың қосымша түрлерін атаңыз.

14.Оқушылардың үлгерімін бақылауының түрлерін атаңыз.

15.Білімді тексеру, дидактикалық тест, білімді бағалау, үлгермеушілік деген сияқты түсініктерге анықтама беріңіз.

16.Оқудағы сәтсіздіктердің себебін түсіндіріңіз және оларды болдырмаудың әдіс-төсілдерін сипаттаңыз.

Наши рекомендации