Барлығы: 2003жылы 41 мемлекет, 2006 жылы 57 мемлекет, 2009 жылы 68 мемлекет

PISA жобасын жүзеге асырудың негізгі мақсаты

Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы PISA жобасын жүзеге асыру арқылы халықаралық зерттеуге қатысушы елдер өз мемлекетіндегі білім беру сапасын басқа елдермен халықаралық деңгейде салыстыра отырып, білім сапасына ықпал етуші негізгі жағымды және жағымсыз факторларды анықтауға болады деп санайды.

Білім беру жүйесін бағалау

• Оқыту нәтижесін жалпы бағалау. «Оқушылар нені меңгерген немесе не істей алады?»,- деген сұрақтарға жауап алынады;

• Сапалы білімнің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. білімді игеру және мектептердің оқыту нәтижесіне әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ықпалы айқындалады;

• Стандарттардың нақтылығы анықталады. Мемлекеттің әр аймағында орналасқан мектептердің оқыту нәтижесі сол облыстарған тән кемшіліктер мен жетістіктерді анықтауға мүмкіндік туғызады;

• Гендерлік мәселенің шешілуі қарастыры: білім беру жүйесі ер балалар мен қыз балалардың білімге деген сұранысына сай ұйымдастырыла ма (ер балалар және қыз балалардан алынған зерттеулер жеке қарастырылады);

• Қолданылатын әдістердің тиімділігі бақыланады.

PISAзерттеулерінің бағалау бағыттары

Оқу сауаттылығы ( 2000 жылғы зерттеудің басты бағыты);

Математикалық сауаттылық (2003 жылғы зерттеудің басты бағыты);

Проблеманы шеше білу қабілеті (2003 жылғы зерттеуде қолданылды);

Ғылыми-жаратылыстану бағытындағы сауаттылық (2006 жылғы зерттеудің басты бағыты);

Оқу сауаттылығы ( 2009 жылғы зерттеудің басты бағыты).

Математикалық сауаттылық

«Адамның өзі өмір сүретін әлемдегі математиканың рөлін анықтау және түсіну қабілеті, математикалық тұрғыда ойлай білуі және математика заңдылықтарын өз қажеттіліктеріне оңтайлы пайдалануы – озық ойлы, саналы азаматтарға тән сапа»

Бұл сапа оқушылардың төмендегі қабілеттері негізінде танылады:

қоршаған ортада пайда болатын математика амалдары негізінде шешілетін проблемаларды анықтай білуі;

аталған проблемаларды математика тілінде рәсімдей білу;

аталған проблемаларды математикалық фактілер мен әдістерді қолдана отырып шеше білуге дағдыландыру;

проблеманы шешуде қолданылған тәсілдерге талдау жасау;

белгіленген проблеманы алынған нәтижемен сәйкестендіру;

проблеманы шешу нәтижесін рәсімдеу;

Сонымен қатар, математикалық ойлау, математикалық дәлелдеу, математикалық проблеманы белгілеу және оны шешу, математикалық модельдеу, математикалық тілде сөйлей білу, коммуникативтік дағдылар секілді жалпы біліктерді дамыту.

Тапсырмалардың мазмұны төмендегі дәстүрлі математикалық тараулар мазмұнымен ұштасады:

Сандар; – Алгебра; – Функция; – Геометрия; – Статистика; – Кіріктірілген есептер т.б.

Математикалық сауаттылық деңгейлері

БАСТАПҚЫ ДЕҢГЕЙ – «ҚАБЫЛДАУ»
Ақпаратты ұсынудың дәстүрлі тәсілдері; белгілі тәсілдерді сол күйінде қолдану, дәстүрлі әдістер мен тәсілдермен шектелу; танымал алгоритмдерді қолдану; таныс ақпаратпен жұмыс; есептеу тәсілдерін қолдану;

ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙ – «БАЙЛАНЫСТАР ОРНАТУ» Ақпараттың бір түрінен екінші түріне еркін алмасу; математикалық модел құру; бұрыннан таныс амалдар мен тәсілдерді таныс емес есептер мен тапсырмаларға сәйкестендіру; алынған нәтижені интерпретациялау.

ҮШІНШІ ДЕҢГЕЙ – «ТАЛҚЫЛАУ»
Күрделі проблемалар; талқылау және ойша анықтау; проблеманы шығармашылық тұрғыда шеше білу; проблеманы шешу тәсілдерін айқындау; проблеманы шешу арқылы алынған нәтижені қорыту және негіздеу;

Ылыми-жаратылыстану бағытындағы сауаттылық – ғылыми-жаратылыстану бағытындағы білімді қолдана білу қабілеті, проблеманы анықтау және шеше білуі, қоршаған ортада және адам қызметінде маңызды қажетті ғылыми-жаратылыстану білімді сауатты қолдана білуі .

Ғылыми-жаратылыстану бағытындағы сауаттылықтың салалары:
–Ғылым мен технологияға қатысты өмірлік жағдаяттарды тану;
– Техника саласындағы ғылыми білім мен қоршаған орта туралы білімнен тұратын жаратылыстануды түсіну;

Ылыми сұрақтардан тұратын құзыреттіліктерді анықтау, ғылыми және жаратылыстану бағытындағы құбылыстарды ұғыну, фактілер мен дәлелдемелер негізінде ой қорыту, нәтижені рәсімдеу.

Ылыми-жаратылыстану бағытындағы білімге, құбылыстар мен заңдылықтарға қызығушылық таныту, ғылыми-жаратылыстану бағытындағы білімге деген қызығушылықты өзіндік құндылық жүйесіне енгізу, табиғи ресурстарға немесе қоршаған ортаға деген жауапкершілікті сезінуі.

Жалпы оқу дағдылары:
- ғылыми-жаратылыстану құбылыстарын сипаттау, болжау және түсіндіру;

- ғылыми зерттеулерді ұғынуы;

- ғылыми дәлелдемелер мен нәтижелерді интерпретациялау;

Наши рекомендации