Сұрақ: Өзін-өзі тәрбиелеудің әдістемесін ұсыныңыз

Адамның өмірдегі орнын өзі белгілеу мәдениеті тәрбие мазмұнының маңызды бөлігі болып саналады. Адамның өмірдегі өз орнын өзі белгілеу мәдениеті оны жеке өмірінің және жеке бакытының жауапты субъектісі ретінде сипаттайды.

Мақсат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру - өзін-өзі тәрбиелеудің міндетті элементтері.
Өзін-өзі тәрбиелеу — адамның өз тұлғасын қалыптастыруға, өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде өздігінен жүргізетін іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу тәрбие процессінің құрамды белігі және тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы ең маңызды күш болып саналады.
Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу бір педагогикалық өрісте орналасып, тұлғаны қалыптастыру деген тұл-ас процесстің екі жағы болып саналады. Әрбір педагог тек тәрбиенің заңдылықтарын біліп қана қоймай, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеудің әлеуметтік-психологиялық механизмдерін жақсы түсінуі керек.
Өзін-өзі тәрбиелеу өте ұзақ және адамның бүкіл өмірі бойы жалғасатын процесс екенін айта кету қажет.
Өзін-өзі тәрбиелеу адамның жеке «Мендігін»- жүйелі түрде зерттеуін, қажымас қайраттылықты, үлкен ерік-жігерлік күшті қажет етеді. Өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері томендегідей болып келеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі бағалаудан басталады. Өзін-өзі бағалаудың негізін жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі құрайды. Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдармен салыстыру арқылы қалыптасады, және осындай салыстыру табиғи түрде жүргізіледі де өте қызықты болды.
Өзіне-өзі бұйыру дегеніміз адамның өзіне-өзі берген қысқа, үздік-үздік үкімі.
Өзіне-өзі бұйыруда жаттығу үшін адам өзіне дауыстап бұйырық беріп оны қайта-қайта қайталап орындап отыруы қажет. Өз бұйырыгын екі апта аралығында орындап жүрген адамда өз бұйырығын автоматты түрде орындау әдеті пайда болады.
Адамның өзін-өзі тәрбиелеуде өзін-өзі құптаудын маңызы зор. Әр адамның есінде өздерінің үлкен жетістіктерге жеткен кездері жақсы сақталып қалады. Адамның жетістіктері оған рухани, интеллектуалдық, күш-жігерлік қорларының ішкі мүмкіншіліктерін байқатып, өмірдің жаңа белестерін жеңе алатынына сенімділік тудырады.
Өзін-өзі түзету адамға өз мінез-құлқын, кемшіліктерін, қателіктерін және басқа адамдарға деген қарым-қатынасын өзгертуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі түзету адамның өзіне сын тұрғысынан қарауына байланысты болады.

41 сұрақ: Куратор- эдвайзердің жұмыс жоспарын құрастырыңыз
Куратор (лат. Curator - қамқор, тәрбиеші) - 1. Берілген жұмысты бақылайтын адам; 2. Тұрлаусыз , конкурсты басқару құрылтайшысының мүшесі;

Эдвайзер– кафедра оқытушысы, әр мамандық бойынша топтарда болады, білімгерге жеке оқу жоспарын толтыруға көмектеседі.

Куратор-эдвайзерлердің басты мақсаты жастардың тұлғалық дамуының үйлесімділігін қалыптастыру, студенттерді азаматтық белсенділікке тәрбиелеу, білім алушылардың мамандықтың жұмыс оқу жоспары аясында білім алу траекториясының таңдамалығы негізінде өзін-өзі қалыптастыру және өзін-өзі көрсету қабілеттерін дамыту.

Куратор-эдвайзерлердің негізгі міндеті оқу тобында тәрбие жұмысын ұйымдастыру, өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және студенттерді университеттің қоғамдық және шығармашылық өміріне біртіндеп тарту, оқу траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын құрастыру) ықпал ету және білім алу кезеңі барысында білім алу бағдарламаларын меңгерту болып табылады.
Куратор-эдвайзер оқу жылы барысындағы өзінің қызметін нақты жоспарлауы тиіс. Жұмыс жоспары бүкіл оқу жылы барысына құрылады. Жоспардың негізгі құрылымдық элементтері төмендегідей аспектілерден құралуы тиіс:

·жеке жұмыс;

·кураторлық сағаттар;

·ата-аналармен өзара қарым-қатынас;

университеттің, факультеттің іс-шараларына топтың қатысуын қамтамасыз ету.
Куратор-эдвайзер сағаты екі аптада бір рет өткізілуі тиіс. Алайда оқу кезеңінің немесе топтағы жағдайға байланысты аптасына бірнеше рет те өткізілуі мүмкін (әсіресе, оқу жылының алғашқы айларында). Куратор-эдвайзер сағаттарының тақырыптары:

·топта туындайтын күнделікті мәселелер мен сұрақтарды шешу;

·қазіргі заманғы (заманауи) өзекті мәселелерді талқылау (өзінің құқықтарын білу және қорғау; салауатты өмір салтын бағалау; құқық бұзушылықтың алдын алу; белсенді азаматтық ұстаным, патриотизм және жоғарғы моральдық қасиеттерді қалыптастыру; аса маңызды мемлекеттік экономикалық және саяси оқиғаларды және т.б. талқылау);

·факультеттің түлектерімен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен және т.б. кездесу;

·студенттердің бір-біріне деген сенімдерін, ұжымдық бірлікті дамыту мақсатында іскери ойындар өткізу;

оқу жұмысына қатысты туындайтын мәселелер туралы студенттермен жеке-дара әңгімелесу.

Куратор-эдвайзер университетте және факультетте өткізілетін іс-шараларға топпен бірге қатысуы тиіс.

Куратор-эдвайзер оқу жылы барысында топтар және курстар арасында, топ ішінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырады. Мұндай іс-шаралардың бағыттары:

·қаланың көрікті жерлерін аралау: театрлар, көрмелер, музейлер;

·спорттық шаралар;

·жаяу қыдыру, табиғатқа шығу;

·тарихи орындарға сапар шегу;

·интеллектуальдық (зияткерлік) ойындар;

·атаулы күндерге, мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған іс-шаралар;

пікірсайыс алаңдары және т.б.

Куратор-эдвайзердің студенттік топпен жүргізетін тәрбие жұмысының үлгі жоспары:

Наши рекомендации