Иын» балалармен қарым –қатынас ерекшеліктері.

Педагогикалық қызмет барысында кезкелген ұстазға мінез –құлқы «қиын» баламен не болмаса мінез құлқы күрделі адамдармен кездесіп тұрады. Жұмыс барысында кейде келісе алмаушылықтар, ұрыс –керісті ахуалдар да туындайтын жағдайлар болады. Педагогикалық ұсталық(шеберлік емес ұсталық-деу керек, себебі ұстаз –осы ұста сөзінен шыққан) және соның аясында ұстаздық қарым –қатынас және қиын ахуалдардан шығу мәселесін де қарастырады. Атап айтсақ, ұрыс керісті ахуалдар да алдымен екі тарапты да «сабасына түсіру», мысалы, «не болып қалды кәне сабыр етіп, маған түсіндіріп беріңдер» - тоқтату, одан соң мәселенің анық –қанығына жету, және шешу секілді тиімді жолдарын ұсынады.

Зерттеулерде көбінесе «қиын» балалар туралы айтылады, бірақ мінез –құлқы күрделі адамдарға ерекше мән берілмейді. Педагогикалық, психологиялық, әлеуметтану, философиялық әдебиеттермен танысу барысында бұндай адамдар – белгілі бір ахуал туындамайынша ешкімге, ешқандай зияны жоқ, алайда қиыншылық жағдайларда ерекше мінез көрсетіп қоршаған әлеуметтік ортаға теріс әсер ететіндер. Олар ашушаң, ызақор, кекшіл, өкпешіл, қызғаншақ, қулық істейтін, өтірікші, алдамшы, қырсықты не болмаса керісінше бұйығы, оқшауланғыш, тартыншақ, қорқақ, жеңілтек, ұшқалақ, саяқ т.б. белгілі бір ахуалдарда эмоциясын ақылмен басқара алмайтын адамдар. Олар белгілі бір жағдайларда басқалармен қарым –қатынасқа түсуге кедергі келтіріп мәселені екі жаққа да пайдалы шешуге зиянын тигізеді. Осындай мінез құлық салдарынан адамдар кейде бір-бірімен «қырғый қабақ» болып қалады.

Бұдан басқа педагогикада «қиын бала» не болмаса «қиын адам» ұғымы қалыптасқан. Бұл ұғымға Қазақстанда қиын балал мәселесін зерттеген ғалымдар Г.А.Уманов пен Л.Керімовтер анықтама берген.

Осы мәселелерді зерттеуші ғалым А.В.Морозов бұндай ахуалдардан шығудың бірқатар ұстанымдарын қарастырады. Осындай адамдармен қарым –қатынасқа енуде педагог алдымен олардың ерекшеліктерін біліп алуы керек екенін атап кқөрсетеді ғалым. Олар өз басында көптеген проблемалардың болуы; ойлау мен қабылдауының теріс сипатта болуы мен өзгеше сыншылдығы; ой жүргізуінің асығыстығы мен қате шешімге келуі; өзін басқаларға көрсетуі мен өзін дәріптеуі(самоутверждение); сөйлешіге қарсы пікірде болуы мен теріс пікірдің орнығуы; Бұларды біліп алу осы типтегі адамдармен қалайша қарым –ұқатынас орнатқанда мақсатқа қол жеткізуге болатынын септігін тигізеді.

Жекеменшік ұйымдарда қызмет атқару нәтижесінде психолог М.Бремсон осындай теріс мінездерде топтастырған:

- басқыншылық(агрессия), оның өзі мынадай типтерге бөледі:»шерман танктері», «мергендер», «жарылу». Бұндай адамдар басқалардың жүйкесін жұқартатын сөздер айтып, тисіп тұратындары, Егер оны тыңдамаса ашуланып қалады;

- арызданғыштар, үнемі бір нәрсеге риза бюолмай жүретіндер. Олар өз проблемаларын шешу үшін ештеңе істемейді, өйткені өзін әлсіз сезінеді, не болмаса жауапкершіліктен қашқалақтайды;

- үндеместер, қазқата бұны «тұйық» адам дейді. Олар салмақты, көп сөйлемейді. Олардың не ойлып тұрғанын нені қалайтынын біле алмайсыз;

- ерекше тілалғыүштар(сверхпокладистые), қандай жағдайда болмасын «ия» деп келісіп әр қашан қролдауға дайын екендігін білдіретіндер. Бірақ олардың сөзі, ісімен сәйкес келмейді, айтқанын орындамайды, сатып кетуі ықтимал;

- мәңгі уайымшыл, әр қашан жеңілісті көріп тұрады, істеген ісінен ешнәрсе шықпайды деп отырады. Олар ылғи да «жоқ» дейді, егер «мақұл» десе, мазасы кетеді;

- білгішсінетіндер, олар басқалардан өздерін жоғары санайды, өйткені өз пікірінше білмегені жоқ. Осы білігіштігін басқалар да білсе кен деп тұрады. Олар өз жолындағыларды басып-жаншып өтуге дайын. Өзін басқалар үшін маңыздымын деп ойлайды, әдетте олар қателеседі, өйткені рөл ойнайды;

- жасықтар, тартыншақтар, немесе «к..нен кейін кеткендер», қателесуден қорқып белгілі бір шешім қабылдаудан тартынатындар. Олар шешемді басқалар қабфылдағанаша созып жүре береді.

Қиын адамдардың басқа да түрлері баршылық, мысалы, басқаларды күттіріп қойып өзіне пайдалы іске ғана баратындары; өзінен күткен ұмітті ақтамай басқалардыф «жынды» қылатындар, т.б. Сөйтіп оларға басқалардың сенімі таусылады, нәтижеде қарым –қатынасы бұзылады. Бұдан басқа ісі мен сөзі қайшылықтарға толы адамдар да басқаларды жынды қылады., кебірлері бір өтініш айтады да оны оырндауға кедергі болатын жағдай жасап қойып басқаларды жандандырады, т.с.с.қарым –қатынасына кедергі келтіретін басқа типтегі мінез- құлық иелері де бар, мысалы мыналар:

- ұшқарылар (максималисты) әсір сенімділерқажет болмасада әр нәрсенің дәл қазір бола қалуын қалайды;

- «тұйық мінезділер», өкпе, назын ішіне сақтап жүретіндер және барлығы жақсы болып келе жатқанда аяқ астынан беттен алады;

- жалған қайрымдылық істейтіндер, олар жақсылық жасаған боалып көрінеді, бірақ ішінде оған өкінеді. Бірақ бір де болмаса бірде осыны келіспеушілік, қарсы шығу, орнын толтыруды талап ету арқылы көрсетіп қарады.

Бұлардан басқа «қалжыңбас, қылжақтау, » ісі мен іштей келіспейді, Не болып жатқанын білдермей тұзаққа түсіреді. «Қыңыр» мінезділер, қазақ мұны «өзі білмейді, білгеннің тілін алмайды» дейді. Бұндай мінездердің сипаттамысы толып жатыр. Бірақ осыларды білу ондайлармен қарым –қатынасты нәтижелі орнатуға көмектеседі.

Бұндай мінездер ұстаздің да эмоциячсына қозғау салып ашу, ыза, торығу, амалсыздық секілді басқа да реакцияларды шақыруы мүмкін. Онда өзін қолға алу, өзін басқару, басқаның өз эмоциясын шығарып алуына мүмкіндік беріп күту т.б. кеңестер беріледі.

Қарым –қатынас орнатудың мынадай ұстанымдары бар:

- олардың түпкі қажеттенуі мен мақсатын пайымдауға ұмтылу;

- оны қалай қанағаттандыруға болатынын іздестіру;

- дұрыс шешім табу жолдарын қарастыру;

Осыған орай мынадай орнықтырулар бар(установка):

- басқаныың сөзі мен ісін өзіне қабылдамау.Өз мақсатына жету үшін қиын адам әдейлеп сөйтеді. Осыны еске алып кері эмоциядан сақтану;

- басқалар мен салыстырмалауға болмайтыны. Осы адамның мінезіне сәйкес қарым-қатынас жасау;

- эмоцияны басқару үшін әр түрлі тәсілдер қолдану;

- басқаның эмоциясын шығарып алу тәсілдерін қаолдану;

10. Педагогикалық қарым-қатынас қалыптастырудың формасы мен әдістері.

Педагог мамандығы адамды оқыту және тәрбиелелуге бағытталғандықтан, әр қашан осы мәндегі іс-әрекетке ділгір болуы тиіс. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік ерешеліктер бар екендігі белгілі. Сондықатн оны арнайы оқып, үйрену бүгінгі күн талабы.

Қазіргі адам, әсіресе мектептегі оқушы бала, басқаша. Олар көп нәрсені біледі, соның ішінде қоғамдық ерекшеліктерді білмесе де сезінеді. Демек олармен қарым – қатынас орнату біліггірлікті, педагогикалық сауаттылықты талап етеді.

Осыған орай бірқатар еңбектер бар, мысалы, Зазюннің «Основы педагогического мастерства(1989 ж.)», Б.Елкановтың «Основы педагогичсекого самовоспитание( )», Кан-Калык « » т.б. Олар қарым –қатынастың педагогикалық тұатсрын ашып көрсетеді. Ал психология осмы қарым –қатынасқа енішу әріптестердің ішкі сырын , жандүниесіне бір-бірінің ықпалын терістіреді.

Әлеуметтік психологияның теориясы мен практикасын жасаушы ресейлік ғалымдар Ю.Н.Емельянов және Е.С.Кузьмин т.б. орта кәсіптік оқу орнында (СПТ-да) қолданылатын топтық әдістерді үш бағытта жіктеп біріктірді.

1.Пікірталас әдісі-топтық пікірталас, тәжірбедегі жағдайларды талдау, моральдық таңдаудағы ситуациялар анализі, тәжірибелік ситуацияларды модельдеу,кейс әдісі және т.б.

2. Ойын әдісі – дидактикалық, шығармашылық және имитациялық ойындар, рольдік ойындар ( интонациялы- сөздік және видеотренинг ),( ойын психотерапиясы, психодраматикалық коррекция),милық шабуыл, контрлық ойын (коммуникативті әрекеттерді түсінудегі трансакты әдіс);

3. Сенситивті тренинг – тұлғалық сезімталдық және қарым-қатнастағы обьектіге эмпатиясы, түсіне алушылық қасиетін қалыптастыру.

Тренинг жүргізуші мамандар арасында оқытудың барлық бағдарламасы барысында бір әдіспен шектелмеуді талап ететін құпия ереже бар.

Оқыту әдістерінің таңдауы мынадай болуы тиіс:

- Бағдарламаның мақсаты

- Бағдарламаның ұзақтығы

- Қатысушылардың дайындық деңгейі

- Ескі тәжірибесі

- Жинақтаған тәжірибелік қоры

- Қажетті құрал-жабдықтар

- Қатысушылардың қарым-қатнас деңгейі

- Қатысушылардың күткен белсенділіктерінің деңгейі

- Топтық оқыту мөлшері

- Қол жеткен көмекші әдістер

Қарым-қатынас педагогикасы жаттығуларының тиімді өтуіне қатысушылардың зейіні және топтық жұмысқа қабілеті, өмірлік жағдайлары тренингте бір уақытта іс-әрекетінің бірнеше моделін қолдануға алып келеді.Түрлі оқу мақсаттарына модельдеу әдісі, кейс әдісі, ситуациялық –рольдік ойындар және мидық шабуыл тиімді болуы мүмкін.

Наши рекомендации