Ортнов пен В.М.Лупандиннің жіктеуі.

Бұл жіктеудің негізіне 3 аса маңызды факторлар қолданылған:

· этиологиялық факторлар;

· психопатологиялық клиникалық белгілер;

· интеллектуальды дамудың зақымдану дәрежесі.

Авторлар бүкіл кемақылдылықты негізінен 2 үлкен топқа бөледі:

1. дифференцияланған (ажыратылған)

2. дифференцияланбаған топтары

Бірінші топқа кемақылдылықтың себебтері айқындалған, патогенетикалық механизмдері зерттелген ген және хромосомалық түрлері, экзогендік факторлардың әсерінен болған олигофрениялардың клиникалық түрлері жатады.

Екінші топқа себебтері немесе қалыптасу механизмдері толық зерттелмеген олигофренияның клиникалық түрлері жатады. Мысалы бір отбасынының бірнеше мүшелерінде болатын кемақылдылық, күрделі кемістіктермен қоса болатын кемақылдылық..

Бұл жіктеудің бір артықшылығы, кемақылдылықтың олигофренияға тән ерекшеліктерін көрсетуі. Олар :

1. Ми қыртыстарының жетілмеуінің салдарынан ақыл-естің кемістігі;

2. Ми қыртысы астындағы алаптардың структуралық зақымдану салдарынан болған кемақылдылық;

3. Сезім және қимыл әрекеттерінің мидағы орталықтарының зақымдануынан болған кемақылдылық ;

4. Олигофрениялық кемақылдылыққа деменциялық кемақылдылықтың жалғасып қатар қалыптасуы.

Сонымен,олигофренияны жіктеулердің әлі аяқталмағаны және әр авторлардың өз жіктеулерін ұсынуы бұл мәселенің өте күрделі, сонымен қатар маңызды екенін көрсетеді.Жоғарыда көрсетілген жіктеулер тәсілін қолдана отырып, кемтар балаларда кездесетін кемақылдылықтың клиникалық түрлерінің диагнозын дұрыс қоюға болады.Осыдан кейін ғана көрсетілетін арнайы көмекті, әлеуметтік бейімдеу әдістерін әр кемақылдылықтық клиникалық түрлеріне және олардың этиопатогенетикалық қалыптасу заңдылықтарына сәйкес жүргізу мүмкін. Осы бағыттағы арнайы түзету, қалыптастыру және әлеуметтік бейімдеу әдістері жақсы нәтиже береді. Сондықтан, болашақ дефектологтардың бұл мәселелердің бүгінгі зерттелу дәрежесін жақсы біліп, әрі қарай дамыту үшін қажет бағыт - бағдарламаларды ойластыруы керек.

Ақыл-ой кемістігінің даму барысындағы деңгейіне және интеллектулдық, саналық дәрежесінің төмендеу ерекшелігіне қарай кемақыдлылықтың: дебилдік, (миақы),имбецилдік (милау) және идиотия(мәңгүрт, нақұрыс), деген негізгі 3 дәрежесі анықталған, ал әр дәреже ішінде: жеңіл, орташа, ауыр түрлері кездеседі.

Дебилдіктің клиникалық –педагогикалық сипаттамасы

Дебилдіктіңқазақ тіліндегі аудармасы миақы, деліқұлы, есалаң деген ұғымдарға тура келеді. Бұл балалардың ақыл - ой қабілеттерінің таяздығы жоғарыдағы қарастырылған екі топқа қарағанда әлдеқайда жеңіл. Алайда, бұл кемақылдылық та бас мидағы патологиялық кемістіктердің негізінде пайда болғандықтан, дебил балалардың қалыптасуында да ауытқулар бар.

Физикалық дамуындағы өзгерістер: жалпы дене бітімінде күрделі ауытқулар білінбейді. Бірақ тексеру кезінде кимыл - қозғалыстарында, жайшылықта біліне қоймайтын кемістіктер анықталады.Дене мүшелері икемсіздеу,олар үшін секіру, иіліп - бүгілу өте қиын.Дегенмен, арнайы түзету,тәрбие жұмыстары дер кезінде қолданылса бұл балалардың бойындағы дене кемістіктері білінбей кететіні соншалықты, оларды кез келген қарапайым қол еңбегінің түрлерімен айналысуна мүлде кедергісі болмайды.

Жүйке жүйесіндегі өзгерістер: кимыл - тірек, қозғалыс әрекеттеріне әсер ететін перифериялық жүйкелер зақымданбаған. Әйткенмен, кейбір бас -сүйек ми жүйкелері зақымданғандықтан, есту, көру, сезіну сияқты функциялар дұрыс қалыптаспаған. Осының салдарынан балалардың физикалық және психикалық дамуы төмендеген.

Психикалық дамуындағы өзгерістер: бұл дәрежедегі балалардың тіл мүкістігі өрескел бұзылмаған.,күнделікті қарым - қатынаста қолданылатын дағдылы қарапайым сөздерді ауызекі сөйлеу тілдерінде еркін меңгеріп, оңай түсініседі.Ал мазмұны күрделі, мағнасы астарлы болып айтылатын сөздерді байыптап түсінуге ақыл -ойларының зерделілігі жетпейді. Сөйлеу тілі ақыл - ойдың ең негізгі құралы болғандықтан, балалардың кемақылдылығы сөйлеген кезде байқалады. Олар берілген мәтінді қатесіз оқығанымен оның мазмұнын түсінбейді. Себебі, мәтінді оқыған кезде не бастапқы, не соңғы сөз тіркестерін ұмытып қалады, немесе тіркескен сөздердің бірімен бірі грамматикалық синтаксистік жолмен байланысып, белгілі бір мазмұнды тудырып тұрғандарын ұқпайды және өздерінің оқығандарын есте сақтай алмайды. Дебиль балалардың кемақылдылығы арифметикалық есеп амалдарында да анық байқалады. Олар бірден онға дейін санауды қиналмай - ақ тез үйренеді, бірақ олардың сандық мөлшері мен реттік қатарларының мағнасын жете түсінбейді. Ал мәселе есептің мақсаты мен шартын мүлде ұқпайды десе де болады, өйткені қосу мен алудың ( « + », « - »)арифметикалық таңбасының мағнасына зерделілігі жетпейді.

Дебиль балалар заттың не екенін және оның бейнесін дұрыс түсінеді,бірақ зат пен құбылыстың арасындағы байланысты түсінбейді.

Олигофренияның дебил тобына жататындардың өздері 3 топқа бөлінеді: ауыр, орташа және жеңіл дәрежелі.Олардың бәрі де өздеріне арналған арнайы мектептің жеңілдетілген оқу бағдарламасын меңгере алады, сонымен бірге қарапайым еңбектің түрлерін де игере алады. Әрине, кемақылдылықтың дәрежесіне сәйкес әр балаға лайықталған түзету, қалыптастыру, оқыту және тәрбиелеу әдістері қолданылады.

Бұл әдістердің нәтижесі этиопатогенетикалық диагноздың дер кеізіне дұрыс анықталуына байланысты. Олигофренияның клиникалық түрлері өздерінің дәрежесіне тән патогенетикалық өзгерістермен айқындалады. Осы жайттарды есте сақтап, балалардың жағдайын үздіксіз қадағалаған жағдайда ғана олигофрен балалардың балалардың жағдайы жақсарып, жалпы әлеуметтік бейімделуі сапалы болады.

Имбецилдіктің клиникалық –педагогикалық сипаттамасы.

Имбецилдіктің қазақ тіліндегі мағынасы әлсіз, дәрменсіз, милау, деген ұғымды білдіреді. Имбециль идиотқа қарағанда ақыл - ой кемістігі жеңілдеу зақымданған балалар тобына жатады. Олардың кемістіктерінің клиникалық белгілерін зерттеген кезде мынадай өзгерістер анықталған:

Физикалық жадайындағы өзгерістер: дене бітімдерінің құрылыстары зақымданған, бойлары аласа, аяқ - қолдары қысқа, икемсіз. Олар өздерінің дене мүшелерін кез келген нысаналы бағытқа бұрып, немесе бір - бірінен айырып қимылдатып, қозғалтуға шамалары жетпейді. Мысалы: бір көзіңді қыс десең, ол бетін тұтас тыржитып, екі көзін де қысады, кейде көздерін қолымен жабады. Толық жетілмеген дене мүшелері баланың іс - әрекетінің берекесін кетіреді: қарындаш, қаламсап ұстай алмайды, саусақтары иіліп бүгілмейді, ашылып - жазылмайды.

Жүйке жүйесіндегі өзгерістер:бас миы қыртысының астындағы тораптардың бірқалыпты жұмыс істеуінің бұзылуы, мидың қан айналысының, қабықтарының зақымдануы салдарынан әртүрлі патологиялық белгілер қалыптасады: бастың айналуы, шартты рефлекстердің дұрыс жетілмеуі, бас - сүйек ми жүйкелерінің қызметінің бұзылуы баланың жүйке жұмысының әрекетін төмендетеді, талдағыштардыңқабылдау, талдау сияқты негізгі функцияларын тежейді.

Психикалық дамуындағы өзгерістер: Имбециль балалардың ақыл - ой кемістіктері, мінез - құлқындағы өзгерістер идиоттарға қарағанда біршама жеңілдеу болғанымен, олардың ойлау, есте сақтау, қызығу, мақсатты іс атқару қабілеттірінің өте төмен екені бірден байқалады. Бұл балалардың көбінесе танып білу қызметі мен талдау, қортындылау сияқты күрделі кемістіктері олардың жалпы дамуына, қоршаған ортасына және әлеуметтік бейімделуіне кері әсерін тигізеді.

Бұл балаларға тән тағы бір күрделі, жиі кездесетін кемістік - ол тілдерінің мүкістігі: сөйлеу тілдері дамымаған, сөздік қоры аз, білетін сөздерінің өзін де бұзып айтады. Өздерінің де, басқалардың да сөйлеген сөздерінің мағынасын түсінбейді. Бұл дәрежедегі кемақыл балалардың көпшілігі арнайы түзету мекемелерінде де жеңілдетілген бағдарлама бойынша да оқи алмайды.

Идиотияның клиникалық –педагогикалық сипаттамасы

Идиотияның қазақ тіліндегі мағнасы нақұрыс, мәңгүрт деген ұғымдарға тура келеді. Демек, бұл туа біткен психикалық бұзылудың нәтижесінен болатын кемақылдылықтың ең ауыр түрі. Бұл балаларға тән өзгерістер:

Физикалық дамуының жағдайы өте қатты күйзеліп бұзылған. Олардың бас сүйектері мен дене құрлысы сүйектерінің сыртқы мүсіндік тұлғалары майысып - қисайып бүлінген, соның салдарынан қимыл - қозғалыстары жетілмеген. Кейбір балалар өз беттерімен емін - еркін отырып - тұрып, түзу жүре алмайды. Олар бүкіл денесімен аударылып - төңкеріліп, немесе шайқалып жүреді.Сондай - ақ идиот балалардың көпшілігінің дене мүшелерінің сәйкессіздігі (диспластичность), қол - аяқ саусақтары алшақ, бүгілген, быртық екені көзге түседі. Олар кейде саусақтарын сорып, ритмикалық жасанды қозғалыстармен (шайқалу, бір орында теңселу, алақандарын шапалақтау) айналысады.

Жүйке жүйесінің жағдайындағы өзгерістер: бас миының үлкен жарты шары қыртысының физиологиялық әрекетінің өрескел қатты бұзылғандығының нәтижесінен бұл балаларда тіпті жеңіл, қарапайым шартты рефлекстер сапалы орындалмайды. Оларды қалыптастыру арнайы лабораториялық жағдайларда да мүмкін емес.

Психикалық жағдайындағы өзгерістер де өте күрделі: жоғары жүйке қызметінің іс - әрекеті патологиялық өзгерістерге ұшырауына байланысты бұл балалардың мінез - құлықтары тағы тақылеттес болып кетеді. Кейбіреулері айналасындағыларға көңіл аудармастан ұзақ уақыт жатып алса, енді біреулері керіснше, тынымсыз секіреді, жүгіреді, аузына іліккенін шайнайды. Балалардың көпшілігінің сөйлеу тілдері дамымаған, жекелеген кейбір жеңіл дыбыстарды айтудан әрі бармайды. Өсе келе бір - екі буыннан тіркескен бірнеше сөздерді бұрмалап бұзып айтуға шамалары келеді, бірақ олар айтқан сөздерің мағналарын өздері түсінбейді.

Негізгі әдебиет:(1,3,4,7,10,11,15,16)

Қосымша әдебиет:(2,4,5,6,7)

№2 дәріс тақырыбы: Моногендік және хромосомдық зақымданулардың клиникалық ерекшеліктері

Лекция тезистері:

1. Тұқым қуалайтын аурулар туралы жалпы түсінік.

Наши рекомендации