Бастауыш сыныптарда информатика сабағына дайындалу және оны жоспарлау.

Сабаққа дайындықты жанама түрдегі және тікелей деп бөледі. Мұғалімнің сабаққа және жалпы оқытушылық іс-әрекетке жанама түрдегі дайындығы – бұл барлық адамдық мәдениеттің көпмағыналық ерекшелігінен туындайтын, қажетті білімді жинақтаудан құралатын тұрақты және үздіксіз үрдіс. Себебі, жалпы мәдениет – бұл педагогикалық мәдениет пен педагогикалық шеберліктің негізі.

Курсты немесе оның бөлімдерін оқытуға тікелей дайындық оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, құралдарды, білім беру стандартының талаптарын, қосымша ғылыми және танымал әдебиеттерді және озық педагогикалық тәжірибені терең оқып-үйренуден құралады.

Мұғалімнің тікелей дайындығының нақты нәтижесі болып олармен жасалған жоспарлы құжаттар табылады. Ішкі құжатта – жұмыс жоспарында – курстағы тақырыптар тізімі жалпы сағаттар санымен және оларды оқып-үйренудің күнтізбелік жоспары уақытымен көрсетіледі. Тақырыпты оқып-үйренуге дайындық барысында күнтізбелік жоспар құрастырылады, мұнда барлық сабақтардың тақырыптары мен мақсаты анықталған, қажетті құралдары мен аспаптары, ағымдық бақылау түрлері – бақылау, тест және өзіндік жұмыстар белгіленеді.

Тақырыптық жоспарлау сабақтар жиынтығын жүйеде түрлендіреді, әрбір жеке сабаққа мұғалімнің барлық келесі дайындығын ұйымдастырады және оқушыда тақырып туралы бүтіндей түсінік қалыптастыру мақсатын иеленеді.

Мұғалімнің өз дайындығының қорытынды кезеңі болып сабақты жоспарлау табылады. Сондай-ақ, жылдар бойы жинақталған тәжірибеден бұл жұмысты жасау салыстырмалы түрде үйренбелі, сабақтың толық жоспарының қажеттілігі әрқашанда мұғалімге байланысты болады. Мұғалім сабақ жоспарында сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын жазады. Олар көп аспектілі болуы мүмкін — білімділік, тәрбиелік, дамытушылық. Бұл құжаттың қағидалық бөліктерінің бірі — оқу уақытын сабақ кезеңдеріне үлестіру. Сабақ жоспарында оқу ақпараттарын және ақпараттарды тасушылар, сабақты ұйымдастыру тәсілдері, өзіндік жұмыстар мен үй тапсырмаларының түрлері мен толықтырулар көрсетіледі. Жоспардың жоғары сапасы сабақ барысындағы әртүрлі даму мүмкіндіктерін қарастыруы, яғни оның вариативтілігі.

Жоспар — бұл мұғалімді көп нәрсеге міндеттейтін құжат. Сонымен қатар, шығармашыл мұғалімнің арсеналынан тосыннан шығару жағдайы болуы мүмкін: нормативті сабақ барысынан ауытқу әрқашан мүмкін, осындай түрдегі ауытқуды мұғалімдер сабақ жоспарына енгізбеген жағдайларда құралсыз жасауына болмайды.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында тұратын маңызды міндеттер тақырыптық жоспарлар, күнделікті сабақ жоспарларын жасай білуді дамыту, сабақтарды өткізу және талдау болып табылады. Әрбір мұғалім өзінің күнделікті жұмысында білімділік, дамытушылық және тәрбиелік міндеттерді шешеді. Әрбір нақты оқу пәні үшін бұл міндеттер байытылған формада пән бойынша оқу бағдарламасында тұжырымдалған. Мұғалімнің жұмысы барлық оның оқу-тәрбиелік іс-әрекетін нақты жоспарлау негізінде тұрғызылады. Студенттердің бастауыш сынып информатика пәні бойынша жылдық, тақырыптық және сабақ жоспарларымен танысуы керек. Содан кейін бастауыш сыныпта информатикадан пайдаланылатын оқу және әдістемелік құралдар, қосымша әдебиеттер, бағдарламалық қамтумен танысулары қажет. Одан кейін оқытушымен бірлесе отырып тақырып атаулары көрсетілген өзінің тақырыптық жоспарын; әрбір тақырып бойынша сабақтар жүйесінің жалпы дидактикалық мақсаттарын; сабақтар тақырыптары, олардың типтері, оқытудың жалпы әдістері, жабдықтар, мұғалім мен оқушыға арналған негізгі ақпарат көздерін құрастыруы керек (Кесте 1).

Тақырыптық жоспарлау Кесте 1.

Тақырыптар атауы, сабақтар атауы мен нөмірі Сабақтар жүйесінің жалпы дидактикалық мақсаты Сабақтың типі Оқытудың жалпы әдістері Жабдықтар және негізгі ақпарат көздері (мұғалім мен оқушыға арналған)

Әдебиеттерде берілген тақырыптың мазмұндалуын оқып-үйренген кейін оқулықтар мен оқу құралдары негізінде берілген бөлім бойынша «Базалық ұғымдар» кестесін толтыру қажет (Кесте 2).

Базалық ұғымдар Кесте 2

Ұғым, оның анықтамасы Пәнішілік байланысқа мысалдар Пәнаралық байланысқа мысалдар Оқытудың әдістері мен құралдары

Осыдан кейін берілген бөлім бойынша сабақтардың толық жоспарлары жазылады:

ـ сабақ №;

ـ оның мақсаты

ـ міндетттері (білімділік, дамытушылық және тәрбиелік);

ـ сабақтың типі (жаңа материалмен таныстыру бойынша сабақ; оқып-үйретілгенді бекіту бойынша сабақ; білім, білік және дағдыны тексеру сабағы; оқып-үйретілген материалды жүйелеу мен жалпылау бойынша сабақ);

ـ уақыт бойынша сабақтың негізгі кезеңдерін үлестіру;

ـ мазмұны;

ـ базалық ұғымдарды қалыптастыру кезеңдері (ұғымды енгізу; берілген ұғым ұсынылған мысалдар келтіру; ұғымның маңызды және маңызды емес белгілерін ерекшелеу; маңызды белгілеріне негізделген ұғымды анықтау);

ـ оқыту әдістері: ауызша (жеке, фронтальдық) немесе жазбаша (өзіндік, бақылау жұмыс, информатикадан сын жұмысы), сұрау; дәріс, түсіндіру, проблемалық түсіндіру, әңгіме, сөйлесу, сөйлесу элементтерімен әңгіме, ақпарат көздерімен өзіндік жұмыс, жаттығу, рөлдік ойындар, кәдімгі және ойындық формада жаттығулар мен тапсырмалар орындау және т.б.;

ـ жұмыс тәсілдері: схемалар жасау, кестелермен жұмыс, оқулықтың мәтіндерімен жұмыс және т.б.

Құрылған сабақтарға демонстрациялық және дидактикалық электрондық материалдарды дайындау (немесе таңдау) қажет.

Мұғалімнің жаңа сабаққа дайындалуы 2-ден 3 сағатқа дейінгі уақытты алады, сонымен қатар бағдарламалық қамтуды меңгеруге тура келсе, онда дайындық едәуір ұзаққа созылады. Студентке сабаққа дайындалуға бұдан да көп уақыт жұмсауға тура келеді. Сабақ сапалы болуы үшін бұл уақыт алдын ала жоспарлануы қажет.

Сабақтың жоспарын жасауға кіріскенде жеке сабақтардың жоспарланатын міндеттері информатика бойынша оқып-үйретілетін тақырыптың жалпы міндетінің құрамдас бөлігі ретінде болуы қажеттігін есте сақтаған жөн. Сабақта шешілетін білімнің компоненттері осы немесе басқа бүтіндей міндеттің шешілу бөлігін қамтамасыз етуі қажет. Жеке сабақтардың нақты міндеттері басқалармен өзара байланысты қарастырылуы қажет.

Сабақтың күнделікті жоспарын ол тек оқушыларға белгілі бір білімді хабарлауға, біліктерін дамытуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге олардың беріктігін қамтамасыз ететін, кейбір біліктерден дағдылар «жасауға» мүмкіндік беретіндей түрде құрастыру қажет.

Жеке сабақтардың жоспарларын құрастыруда материалмен танысу барысында ойлану әрекетінің белсенділігі жоғарылайтынын ескеруі қажет. Оқушылар бірден берілген материалды терең түсінуге көмектесетін нақты тапсырмаларды орындайды және сонда ғана келесі шарттар орындалады: 1) қойылған тапсырма оқушылардың күш жігерін белгілі бір ойлану тәсілін пайдалануға бағыттайды; 2) оқушылар осы тапсырманы орындауға қажетті білімдерді және берілген тәсілдерді қолдану дағдыларын игереді; 3) бұл тәсіл материал мазмұнына сәйкес келеді және қаншалықты үлкен өлшемде сәйкес келсе, соншалықты әрекетті белсендіреді.

Жеке сабақтарды жоспарлауда сабақтың келесі құрылымдық бірліктерін пайдалануға болады:

1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру.

2. Бар білім, білік және дағдыларды анықтау.

3. Оқып-үйретілетін материалмен жұмыс.

– Жаңа материалмен танысу.

– Жоспарланған білім деңгейімен қамтамасыз ету (қайталау, білім мен білікті жетілдіру және қолдану).

4. Білімді жүйелеу және жалпылау.

5. Үй жұмысын ұйымдастыру.

Әрбір сабақтың жоспары мұқият жасалуы қажет, сонымен қатар дидактикалық материал дайындалуы, тапсырмалар ойластырылуы қажет. Әрбір сабақтың жоспарында оқытудың формасы мен әдісін, оқу әрекетін ұйымдастыру формасы, мұғалім және оқушы іс-әрекетінің формасы мен бақылау құралы көрсетілуі қажет.

Тақырыптық және сабақ жоспарларын құрастыруда әртүрлі әдістерді қолдану қажет, сонымен қатар оларды ауыстырып отыру керек.

Пропедевтикалық курста информатиканы оқыту үшін қабылдау мен алғашқы бекіту кезеңінде сөйлесу, әңгімелеу, түсіндіру, оқытушылық мультимедиялық бағдарламалар; меңгеру мен қайталау кезеңінде – дәптермен жұмыс, тренажерлар, жаттығулар, тірек конспектілері, ойындар; шығармашылық жұмыс кезеңінде – жобалар, ойындар қолдану қажет. Әрбір сабақтың жоспарын жасауда оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке алып жоспарлау қажет.

Наши рекомендации