Топ «Жерге орналастыру» мамандығына берілген психология – педагогикалық мінездеме

Педагогикалық тәжірибе сағаты

ЕСЕБІ

Тәжірибе орны : С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Магистрант: Қали Бекзат Берікұлы

Тәжірибе жетекшісі:

«Жерге орналастыру» кафедрасы Қырықбаев Ж.Қ.

Астана 2016

Мазмұны

Кіріспе……………………............................................................................. 3

Педагогикалық тәжірибе сағаты негізі......................................................... 4

«Аймақтық жерге орналастыру» пәні бойынша тапсырмалар...........…………………………………………….…………...........5

1. Оқу үрдісі………….................................................................................... 7

Тәжірибе сағаттың психологиялық талдамасы........................................... ..9

Топтың психология – педагогикалық мінездемесі ...................................... 10

Қорытынды………………………………………………………………....……11

Мінездеме ...............................…................................................................. 12

Кіріспе

Педагогикалық тәжірибе сағаттары 05.09.2016 ж. – 19.09.2016 ж. аралығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ___ топ «Жерге орналастыру» мамандығында жүргізілген болатын.

Тәжірибе өту уақыты 3 негізгі кезеңнен тұрды: белсенді кезең, белсенсіз кезең және нәтижелі кезең болып.

Тәжірибе өту кезінде ең басты жұмыс түрін орындау керек болатын: Оқу үрдісі, тәжірибелік жұмыс және әдістемелік жұмыс.

___ топта, тәжірибе бағдарламасына сәйкес маған оқу - әдістемелік жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Практика барысында негізгі міндеттер болып:

- Пән бойынша бірқатар оқу жоспарымен танысу;

- Дәрістер мен семинарлар сағаттарына қатысу;

Магистранттың тәжірибе сағаты бойынша жоспары

Педагогикалық тәжірибе сағатында келесі белгіленген жұмыстардың орындалуы қарастырылды:

- педагогикалық тәжірибе сағаты жоспарының құрылуы;

- «Аймақтық жерге орналастыру» пәні бойынша оқу – үрдіс жұмыстарымен танысу;

- дәріс сағаттарына қатысу;

- семинар сағаттарына қатысу;

- жетекші мұғаліммен бірге пәннің жоспар, қысқаша дәрістерін жазу,талқылау.

Аймақтық жерге орналастыру» пәні бойынша жоспар

Сабақ тақырыбы: «Қазақстан Республикасының суармалы жерлері». Өткізілу уақыты және күні: 9.09.16 (401 тобына )

1) (2 сағат 401 тобы ) 10:00 – 10:50, 11:00 – 11:50,

10:00-10:15 – топппен танысу, студенттерді түгендеу

10:20-10:50 - «ҚР суармалы жерлері» тақырыбы бойынша дәріс сағатын өткізу және келесі сұрақтарды қарастыру:

1. Қазақстан Республикасындағы суармалы егіншіліктің қазіргі жағдайы және болашақта дамуы

2. Суармалы егіншілік аймағындағы жерге орналастыру ерекшеліктері

11:40-11:50 – дәріс сағатының қорытындысын шығару, дәріс бойынша ұсынылған әдебиеттердін атауларына шолу жасау:

11:00- 11:50 – «ҚР суармалы жерлері» тақырыбы бойынша дәріс сабағын толық қорытындылау, негізгі түсініктер мен анықтамаларды топпен бірге қайталау және бекіту

Оқу үрдісі

Оқу үрдісі өзіне, сабаққа дайындық жұмыстары ретінде және тікелей тренинг жұмыстары компоненттері енгізген болатын. Сабаққа дайындық процесі тақырыбы «ҚР суармалы жерлері» бойынша «Жерге орналастыру» мамандығы оқытушылардың бөлімі, сондай-ақ оқыту үшін әдебиет іріктеу және зерделеу ашық дәрістер мен семинарлар жүйесін қамтиды.

Оқу үрдісі жұмыстарын жүргізу үшін, сабақтың мақсаттары мен оқыту мазмұны, студенттердің білімін бақылауға арналған тест тапсырмалары түрінде материалдарды дайындады.

Педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінде «Аймақтық жерге орналастыру» пәні бойынша 401 тобына 2 дәріс сағаты, барлығы 2 сабақ сағаты өтті.

«Аймақтық жерге орналастыру» пәні бойынша ең бірінші дәріс сағаты 9.09.2016ж. 401 тобы. Топта 24 адам, сабақта барлығы болды. Дәріс сабақта ең басты 2 сұрақ қарастырылды. Тыңдаушылардың мінез – құлқы «жақсы» деп бағаланды.

Тәжірибе сағаттың психологиялық талдамасы

15.09.2016 ж., күні 2сабақта «А» тобына, 16.09.2016 ж., күні «Б»тобына жүргізілді.

Мамандығы: «Жерге орналастыру»

Тәжірибе өтуші: 2 курс магистранты Әбдіғали М.Е.

Сабақ тақырыбы: «Жер бедерін морфометрикалық талдау»

Ұсыныс пен ескерту: Жұмыс барысына жоспар сәйкес келеді. Тақырып бойынша магистрант сұрақ – жауап тест жүргізген болатын.

Сұрақ – жауаппен сабақтың басты деген бөлігі қамтылды. Студенттер тақырыпқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Студенттердің сұрақ - жауаптары тыңдалынды, және талқыға салынды. Студенттер сұрақ қойып, материалды толықтырды.

Студенттерге дәріс оқу барысында тыныш болып, сұрақ – жауап барысында шулы болды және осыған қарап қорытынды шығаруға болады. Жалпы сабақ жоғары теориялық деңгей белсенділігінде жүргізілді.

топ «Жерге орналастыру» мамандығына берілген психология – педагогикалық мінездеме

401 топ 24 адамнан әр топ «А» тобы 12 адамнан, «Б» тобы 12 адамнан тұрады. Студенттер ішінде ата – аналарымен тұратындары бар және де жатақханада тұратындары да аралас бар.

Студенттердің сабаққа деген дайындықтары олардың көңілінен шығады. Барлығында бірдей сабақ үлгерімі десе де болады.

Өзімнің көзқарасымнан қарағанда, таным кезінде және де сұрақ – жауап кезінде топтың белсенділігі байқалады.

Топпен әңгімелескен кезінде көзқарас жағынан алар болсақ топта студенттер бір – бірімен жақсы қарым – қатынаста, ұрыс – керіс түсініспеушілік байқалмайды. Бір бірімен өте жақсы қарым – қатынаста десе де болады. Топ өте жақсы, бірқалыпты, тәрбиелі студенттер дей аламын. Барлығын айта келе топ өте жақсы қаситеттермен, әр сабақты меңгере алатын дәрежеде деуге болады.



Орытынды

Педагогикалық тәжірибе сағатын қорытындылай келе төмендегідей ұсыныс шешімдер шығаруға болады:

- Таным белсенділігі көп студенттерде ішкі факторлардан әсер етеді;

Мысалы өз мамандықтары бойынша қаншалықты мәлімет алғандарына байланысты.

- Сонымен қатар, 401 топ мамандық бойынша белсенді ғылыми жұмыстарға қатысады.

- Педагогикалық тәжірибе сағаты арқасында педагогикалық оқу – тәрбие жұмыстары жағынан көп мәліметтер, тәжірибе алдым.

Наши рекомендации