Технологиялық карта 6

Технологиялық карта 2

Ортаңғы тобы: 8

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлім: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Жүру.

Мақсаты: Жаттығуларды орындау барысында бір-бірден тізбекпен және жан-жаққа шашырап жүгіруге жаттықтыру. Шыдамдылыққа, ептілікке баулу. Еденге қолымен сүйеніп, шығыршықтың ішінен өту, тақтай бойымен жүру барысында тепе-теңдікті сақтап жүруге бекіту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: 4 шығыршық (диаметрі 50 см), екі тақтай (ені 20 см), баланың санына қарай жалаушалар.

Үш тілдік компонент: Сәлеметсіздер ме -Здравствуйте-Hello,Сау болындар-До свидания- Goodbye

Оқу іс-әрекетінің түрлері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Бір-бірден сапқа тұрып, жүру. Нұсқаушының белгі беруіне қарай жаттығуларды орындай отырып, жан-жаққа шашырап жүгіру. Балалар бір қатар тізбекпен жүріп келеді, «қояндар» деген белгіден кейін секіреді, «құрбақалар» дегенде отыра қалады. Сонан соң жан-жаққа жүгіріп, бір қатар тізбекпен жүреді
ЖДЖ(заттарсыз орындалатын жалпы даму жаттығулар): Б.қ.: аяқтары иық деңгейінде, қолдары кеуде тұсында, шынтақтары бүгілген, саусақтары жұдырыққа түйілген. Осы күйінде қолдарын айналдыру. Қолдарын кезек-кезек айналдырады. Б.қ.: аяқтары сәл алшақ , қолдары артқа қарай жіберілген. Отырып, қолдарымен тізесін құшақтау, тұру, қолдарын артқа жіберу және т.с.с. Жаттығулар педагогтен кейін орындалады. Жаттығулар 3-4 рет қайталанады. Балалар залдың екі жағынан өз орындарына отырады. Педагог екі жолға екі
Ұйымдастыру кезеңі Б.қ: аяқтарын ашып отыру, қолдары артқа жіберілген. Еңкейіп, аяқтарының ұштарына қолдарын тигізу, тік тұру, қолдарды артқа қарай жіберу, қайтадан алғашқы қалыпқа келу. Б.қ.: аяқтарын тік түзеп отыру, қолдарын артқа тіреу. Оң аяқты көтеру, түсіру. Сол аяқты көтеру, түсіру. Б.қ.: аяқтарды қосу, қолдарын беліне қою. Өзінің айналасында екі аяқпен секіру. . Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары: Еденге қолымен сүйеніп шығыршық ішінен өту, тақтай бойымен жүру барысында тепе-теңдікті сақтап жүру. Тақтаймен жүру. Одан кейін балалар едендегі тақтай бойымен жүреді     «Өз орныңды тап!»ойыны:     Шығыршықты қояды және олардан әрі қарай 2 м қашықтықта екі тақтайды қояды. Жаттығуларды екі бала көрсетеді, ал педагог түсіндіреді. Бір шығыршыққа жақындайды, отырады, еденге қолды тіреп, шығыршықтан өтеді. Қолдарын екі жаққа созады. Балалар екі сапқа тұрып, жаттығуларды 3-4 рет орындайды. Балаларға екі түсті жалаушалар беріледі. Нұсқаушының белгісі бойынша олар белгілі бір түстегі жалаушамен педагогке қарай жүгіреді.
Рефлексиялық түзетушілік Қорытынды бөлім. Жалауша ұстап, бір-бірден бір сапқа тізіліп жүреді. Жалаушаларды бұлғайды.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:қолын еденге тигізбей шығыршық ішімен өтуді.

Түсінеді:ойынның шарттарын.

Қолданады:жаттығуларды орындау барысында бір-бірден тізбекпен және шашырап жүгіреді.

Технологиялық карта 4

Ортаңғы топ тобы: 8

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлім: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Кішкентай доппен орындалатын жаттығулар.

Мақсаты: Кішірейтілген тірек алаңы бойынша тепе-теңдікті сақтауға жаттықтыру. Алға жылжу арқылы екі аяқпен секіруге үйрету. Ойындарға және жаттығуларға оң көзқарасты және оларды қажетсіну дағдысын қалыптастыру. Кішкентай допты еденге ұрып және жоғары лақтыруға, оны қағып алуға жаттықтыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: бала санына қарай доп, тақтай(ені 20 см, биіктігі 30 см), орындықтар, төсеніштер, текшелер.

Үш тілдік компонент: Сәлеметсіздер ме -Здравствуйте-Hello,Сау болындар-До свидания- Goodbye, Жалауша-флажок-small flagДоп-Мяч-boll

Оқу іс-әрекетінің түрлері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Амандасу рәсімі. Бір-бірден сапқа тұру. Екі сапқа тізіліп тұру.   Нұсқаушы балаға әңгімелеуі: -доптардың түрлі өлшемі туралы; -доп қолданылатын спорт түрлері туралы. Топтардағы жүгіру жаттығулары.(Ысқыру бойынша қарқынды өзгерту). Ысқыру бойынша қайта құрылып тұру. Балалар баскетбол, волейбол, футбол ойындарын ойнауға арналған доптармен танысады. Жылдам қарқынмен жүгіру Баяу қарқынмен жүгіру.
Доппен орындалатын ЖДЖ: Б.қ: негізгі тұрыс, доп оң қолда. 1-қолдарымызды екі жаққа созамыз; 2- қолдарымызды жоғары көтереміз, допты екінші қолға ауыстырып қоямыз; 3- қолдарымызды екі жаққа созамыз; 4- бастапқы қалыпқа. Б.қ.: аяқты екі иықтың деңгейіне қойып, допты оң қолға аламыз. 1- оң қолға қарай иілу; 2-3- допты оң аяқтан сол аяққа қарай домалату және керісінше Балалар тапсырманы педагогке қарап қайталайды.   Жаттығуларды 6-8 рет қайталау.
Ұйымдастыру кезеңі орындау; 4- алғашқы қалыпқа келу, оң аяқтан сол аяққа қарай домалату. Б.қ.: тізерлеп тұру, екі қолмен допты ұстау. 1-2- отырып, кеудені оңға бұрып, Допты еденге тигізу; 3-4- алғашқы қалыпқа келу. Осыны оң жаққа қайталау. Б.қ: еденде отырып, допты табанмен қысып, қолды артқа қарай тіреу. 1-2- аяқты түзу ұстап көтеру,допты түсірмеуге тырысу; 3-4- алғашқы қалыпқа келу. Б.қ.: етпетінен жатып, басынан асыра қолдарын созып,допты ұстау. 1-2- қолдарын және оң аяғын алға қарай түзу созу, допты аяққа тигізу; 3-4- алғашқы қалыпқа келу. Осыны сол жаққа қарай қайталау. Б.қ.: аяқтардың арасы сәл ғана ашылған, доп оң қолда. Допты оң қолмен еденге созу, ыршыған допты қағып алу. Б.қ.: допты жоғары қарай оң қолмен лақтырып, екі қолмен қағып алу. Секіру. Ені 20 см, биіктігі 30 см болатын тақтай бойымен тепе-теңдікті ұстап жүру, секіріп, қос аяқпен тұру. Қос аяқпен текшенің үстінен аттап, алға секіру.     «Аюлар және аралар» ойыны:       Жүру кезінде қолды екі жаққа созу, алға қарау. Қолдарын беліне қою, аяқтарын біріктіру. Ұзынырақ секіруге тырысу. Ал ол үшін еденнен күш салып секіруге тырысу, секірер алдынан жартылай отырып барып секіру. Тізені бүгіп, аяқтың ұшымен еденге жаймен отыру. Бір топ гимнастикалық сатыға шығады. Ысқыру белгісімен «аралар» алаң ішінде ұшады. Нұсқаушының белгі беруіне қарай «аюлар» «аралар» орындықтарда қуалайды. Ал аралар тездетіп, гимнастикалық баспалдаққа шығулары керек.
Рефлексиялық түзетушілік «Үлкен және кішкентай дөңгелек» ойыны. Балалар екі шеңбер құрып тұрады: сыртқы және ішкі. Музыкалық сүйемелдеумен балалар біршеңбер бойымен оңға жүреді, екіншісі солға жүреді, ысқырық бойынша бағыттарын өзгертіп отырады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:тақтай бойымен тепе-теңдікті сақтай отырып жүруді.

Түсінеді:жаттығуларды дұрыс орындау керектігін.

Қолданады:кішкентай допты еденге ұрып және жоғары лақтыру, оны қағып алу дағдыларын.

Технологиялық карта 6

Ортаңғы тобы: 8

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлім: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: орында тұрып ұзындыққа секіру.

Мақсаты: орнында тұрып ұзындыққа секіруге жаттықтыру. Балаларға көшеде лақтыруға болатын бірнеше қимыл-қозғалыс ойындарын жаттықтыру. Допты жоғары лақтыруға және қағып алуға жаттықтыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: бала санына қарай секіртпе, бау, қалта жіне доптар.

Үш тілдік компонент: Сәлеметсіздер ме -Здравствуйте-Hello

Сау болындар-До свидания- Goodbye, Текшелер-кубики-blocks, Бау-шнур-cordДоп-Мяч-boll

Оқу іс-әрекетінің түрлері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Бойына қарай бір-бірден сапқа тізіліп тұру. Сәлемдесу. « Орындарына бару» ойыны. Педагог орындарына өзгелерді итермей, жылдам барған балаларды атап өтеді. Ойын 2-3 рет қайталанады.     Бір бағытта бүкіл топпен жүгіру. Сапта бірінші ең ұзын бала тұрады. Балалар өздерінің орындарын және көршілерін есте сақтайды. Нұсқаушының белгі беруіне қарай балалар зал ішінде жан-жаққа шашырайды және оның ішінде дабылдың соғуына қарай жүреді. Белгіден кейін олар өз орындарын жылдам барып тұрулары керек.
Доппен орындалатын ЖДЖ: Б.қ: аяқтары иық деңгейінде, қолдары кеуде алдында, шынтақтары бүгілген, саусақтары жұдырыққа түйілген. Осы күйінде қолдарын айналдыру қимылдарын орындайды. Қолдарын кезек-кезек айналдырады. Б.қ.:аяқтары сәл ашылған, қолдары артқа қарай жіберілген. Отырып,     Барынша жоғары тартылу. Тізені бүгпеу. Денені түзу ұстау.
Ұйымдастыру кезеңі қолдарымен тізесін құшақтау, тұру, қолдарын артқа жіберу және т.с.с. Б.қ.:аяқтарын ашып отыру, қолдары артқа жіберілген. Еңкейіп, аяқтарынаң Ұштарына қолдарын тигізу, тік тұру, қолдарын артқа қарай жіберу, қайтадан алғашқы қалыпқа келу. Б.қ: аяқтарын тік түзеп отыру, қолдарын артқа тіреу. Оң аяқты көтеру, түсіру. Сол аяқты көтеру, түсіру. Б.қ.: аяқтарды қосу, қолдарын беліне қою. Өзінің айналасында екі аяқпен секіру.     Бір орынан ұзындыққа секіру. Педагог бір орынан ұзындыққа секіруді көрсету.     Допты еденге ұру және екі қолды жоғары көтеріпқағып алу, 8-10 рет жерге түсірмей қағып алу.     «Төбеге қапшық қойып жүр» ойыны:     Осыдан кейін аяқтарын бүгіп, еденнен күштеп тіреліп, бір сәтте қолдарын алға қарай сермеп, екінші жіптің арғы жағынан тізесін бүгіп, жеңіл секіріп өту. Жіпке жақындау, аяқтарын бір-бірінен шағын қашықтықта қою.   Әрі қарай қолдарын алға қарай сәл көтеріп, аяқтың ұшымен тұру, одан соң қолдарын төмен түсіріп, артқа жіберіп, жартылай отыру. Допты кеуденің тұсына келетіндей етіп, еденге қатты ұру, допты екі қолмен қағып алу. Егер доп домалап кетсе, оның артынан жүгірмеу, өйткені өзгелерге кедергі келтіреді. Басқа қапшықты қойып, нысанаға жету, жартылай отыру, тұру, айналып бұрылу және қайтып оралу.
Рефлексиялық түзетушілік Жүру: сегіз рет санағаннан кейін қолдың қалпын өзгертіп отыру, әрбір төртінші санақта шапалақтау.     «Алыптар мен құртақандар» ойыны. Қолдарын белге қою, артқа жіберу, төмен түсіру. Балалар «алыптар» деген белгі бойынша аяқтың ұшымен жүреді, «құртақандар» деген белгі бойынша жартылай отырып жүреді.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды:бір орынан ұзындыққа секіруді.

Түсінеді:ойынның шарттарын.

Қолданады:допты қағып алу дағдыларын.

Наши рекомендации