Технологиялық карталар.

Мамыр

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: « Қайсы екен қолымыз?» Мақсаты: музыканы тыңдап, сезініп, шаттана білуге, қуана білуге баулыу.Көркем –ойындық бейнелерге тән қимылды көрсете білуге, дене мүшелерін атап, көрсете алуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі – құралдар: қуыршақ Айжан.

Сөздік жұмыс: міне, қайсы, құлақтар, аяқтар, қол, жай-жай, тез-тез.

Оқу іс әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотиватциялық-қозғаушылық «Көңілді би» ( Ө.Байділда) орындалып,балаларды көңілді әуенмен қарсы алады. Әуеннің екінші бөлімінде аяқты нық басып,адымдап жүрулерін бақылайды. Әуен аяқталысымен музыка жетекшісі қуыршақ Айжанды алып ортаға шығады. -Балалар,бүгін бізге қуыршақ Айжан қонаққа келді. Сендермен бірге ойнап,көңіл көтермекші екен. Кәне,қандай ойыннан бастайық? Бәрімізге ұнайтын «Санамақты» айтып берейік. Балалар жеңіл жүгіреді,аяқтарын ырғақпен нық басып жүреді. Қуыршаққа назар аударып,таңдана қарайды. Қолынан ұстап,амандасуға әрекеттенеді.     Санамақты бірге айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып,санамақты саусақтарын көрсете дауыстап айтьуларын қадағалайды. Қуыршақ- Айжан сендерге « Бұл не?» деген ән- ойынын ооындап бермекші. Мұқият тыңдаңдар!-деп қуыршақтың қолын қозғап,ән мазмұнын түсіндіреді. Ертемен күнде сен Қолыңа сүйкесең, Кетіп кір,ласың, Тап-таза боласың. Бұл не? -Балалар,кәне,Айжанға тап-таза қолдарымызды көрсетейікші. Біз қолымызды күнде сабынмен жуамыз. Міне,біздің қолымыз! Енді отырып ән тыңдайық. Ән тыңдау: «Қайсы екен?» (музыкасын жазған Б. Дәлденбай, сөзін жазған А. Меңжанова). Әнді екінші рет орындағанда балалар шеңбер бойымен тұрып,педагогтің көрсетуімен мәтінге сәйкес қимылдар жасайды. -Қуыршақ Айжанмен ойын ойнайық. Әуенді-ырғақты ойын « Жай және жылдам» ( музыкасын жазған Е. Хасанғалиев, сөзін жазған А.Асылбек). Балаларға әннің мазмұнына және ырғағына байланысты жай және тез шапалақтап,аяқтарын топылдату керек екендігін түсіндіріледі. Балаларға жеке сөздерге қосылып,әндете айтуды ұсынады.   -Балалар,қуыршақ Айжанның билегені ұнады ма? Қолы қалай екен?Аяқтары қалай топылдайды? Тез-тез қалай шапалақтайды екен?-деген сұрақтар қойып,жауаптарына ризашылығын білдіреді. Балаларды мадақтап,көңілдерін көтеруге тырысады. Балалар шеңбер бойымен тұрып саусақтарын ашып,бүгеп көрсетуге тырысады.   Ән мазмұнына сай қимылдарды қайталап көрсетіп « Бұл не?» деген сұраққа шамалары келгенше жауап береді.   Екі қолдарын жоғары көтеріп мақтанады.     Балалар әнді ынта қойып тыңдайды. Ән сұрақтарына жауап беруге талпынып, қолдарын,аяқтарын, құлақтарын көрсетеді.   Қуыршақпен ойынға қуана келіседі. Ырғақты көрсете жай және қатты, тез және ақырын шапалақтап,аяқтарын топылдатуға машықтанады.   Балалар қуыршақтың және өздерінің қолдарын көрсетеді. Көңілдене қол шапалақтап,аяқтарын топылдатады. Қоштасып шығады.

Күтілетін нәтежие:

Біледі: ырғақты ажыратуды,әуенді тыңдап,сезіне білуді,би қимылдарын қайталап көрсетуді.

Игереді: «жай» және «тез» ұғымын түсініп,әуенге ілесе сәйкес қимылдар жасай алуды.

Меңгереді: ән мәтініне сәйкес дене мүшелерін атап,көрсете алуды,ырғақты сезініп,тез және жай шапалақтауды,аяқтарын ырғақпен топылдатуды.

Технологиялық карталар.

Мамыр

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Ғажайып сылдырмақтар» Мақсаты: музыкаға деген қызығушылығын арттыру,ән айту іскерлігін дамыту,сылдырмақты ырғақты сезіне ойнауға дағдыландыру.

Қолданылатын көрнекі – құралдар:сылдырмақтар салынған,безендірілген қорап.

Сөздік жұмыс: сылдырмақ,сылдыр-сылдыр,әні,сәні,әдемі.

Оқу іс әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотиватциялық-қозғаушылық Үнтаспада «Айгөлек» әні орындалып,балаларды көңілді қарсы алады. Музыка жетекшісі балаларды көңілді серуенге шақырып,қол ұстап жүрулерін сұрайды. «Серуендейміз,демаламыз» әуені ( М.Красев) ойналып, 1-бөлмеде қол ұстасып зал ішінде еркін жүрулерін қадағалайды. Әуеннің 2-бөлімінде бір орында тұрып,қол шапалақтайды.     Қуанышты көңіл-күймен өз еріктерінше еркін қимылдап, билейді . Балалар зал ішінде жұптаса, шашырап жүріп «серуендейді». Ырғақты тыңдап,бірге шапалақтауға талпынады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Рефлексиялық-түзетушілік Ән аяқталысымен залдың ортасына безендірлген қорап әкелініп,балалардың көңілін аударады. -Балалар,мынау әдемі қорапта не бар екен? Келіңдер,бірге ашып көрейік,-деп балалардың қызығушылығын арттарады. Музыка жетекшісі қораптан сылдырмақтарды алып: Қызыл,жасыл сылдырмақ, Үн қатады сылдырлап,-деп, Қозғап,ойнап,көрсетеді. «Сылдырмақты серуен» ( Тезекбаев). Сылдырмақты алайық, Әсем әнге салайық! Ән тыңдау: « Сылдырмақ» (музыкасын жазған А.Тоқсанбаев, сөзін жазған И.Сапарбай). Әннің 1- шумағын қайталап, Балалардың сылдырмақты ырғақпен соғып көрсетулерін талап етеді. Әннің соңғы шумағында балаларға сылдырмақтарын жерге қойып,қолдарымен беттерін жабуды ұсынады. Ортада әлі ойын бар, Кәне,шыға қойыңдар! –деп әндетіп,балаларды келесі ойынға шақырады. « Сылдармақпен ойын» («Балалар биі» музыкасын жазған А. Майқапар) педагогтің көрсетуімен ұйымдастырылады. Екі бөлімді әуенге өз еріктерімен қимылдарды ауыстыра билеуге үйретеді. Балаларға ойын соңында шығыршықтарға кіріп,жасырынып үлгеру керек екенін түсіндіреді. Ойынды екі рет қайталауға болады.   Апайларды тыңдаймыз, Сылдырмақты жынаймыз!-деп баларға сылдырмақтарды қорапқа салуға көмектесулерін сұрайды. -Сылдырмақтың дауысы қандай? -Бүгінгі серуен ұнады ма? Сұрақтар қойылып,балалардың сөйлеп,жауап беріп дағдылануына ықпал етеді. «Серуендейміз,демаламыз» ( М.Красев) ойналып,балалар қол ұстасып шығады.   Балалар қораптағы затты көрмек болып,қызығып,жақын келеді. Балалар қуанып, қызығушылықтар артады,көңілдене түседі. Педагогтің қимылын қайталайды,бірге жасауға талпынады. Ұнатқан сылдырмақтарын таңдап алып көреді,сілкіп дыбысын шығаруға тырысады. Әуенді ұйып тыңдап,қосылып айтуға әрекеттенеді. Ырғақты сезіне сылдырмақты сілкіп ойнап,шаттанады. Балалар тізерлеп отыра қалып,беттерін жауып жасырынады. Шеңбер бойымен тұруға талпынады. Сылдырмақтарын жоғары көтеріп,сілкіп ойнап,зал ішінде шашырап жүреді. Арқаларына жасырып,ақырын басып ортаға жиналады. Әуен соңында шығыршықтарға тығылады.     Балалар сылдырмақтарды қорапқа салады.   Сылдыр-сылдыр. Иә,ұнады!     Балалар қол ұстасқан күйі көңілдене шығып кетеді.    

Күтілетін нәтежие:

Біледі:екуден қол ұстасып жүруді,айналуды,көппен бірге әнге қосылуды.

Игереді: жылдам және жай әуендерді ажыратуды, әртүрлі сипаттағы әндерді әуенімен жеке хормен айтуды.

Меңгереді: сылдырмақты ырғақпен сілкіп,қозғап ойнай алуды,ауыспалы әуенді тыңдай білуді.

Наши рекомендации