Креативті ойлау әрекетінің диагностикасына кесте құрастырыңыз.

Креативтілік немесе жай ғана қиялдау күші – образдарды, елестерді, идеяларды тауып, оларды өз қажетіңе байланысты басқару. Жаңа нәрсе адамға бұрыннан белгілі образдардың, елестердің, идеялардың бірігуінен келеді. Креативтілік – бқл жаңа тұғырлар және жаңа өнімдерге қажеттіліктерге дұрыс бағытталуға қабілеттілік. Креативті ойлау – бұл ерекше идеяларды тудыруға, ойлаудың дәстүрлік сызбасынан ауытқуға, мәселелік жағдайларды тез шешуге қабілеттілік; креативті шығармашылыққа қабілеттің дамуы үшін қажетті ойлаушылық және тұлғалық қасиеттердің жиынтығы. Креативтілік пен креативті ойлаудың ғылыми әдіснамалық негіздерін шетел ғалымдарының ішінде Е.Р.Торренс жалпы адамдағы креативтілік алдында кездескен қиыншылықтарды жеңіл шешуге көмектеседі десе, Ф.Баррон кретивтілік пен интеллект арасындағы байланыстарға тоқталады, ал Д.Векслер вербальды емес креативтілікті зерттеу әдістемелерін қолдануға баса назар аударады . М.Вертгеймер креативтіліктегі өнімді ойлаудың маңызы зор екенін ескертеді, ал, Дж.Гильфорд тұлға дамуындағы интеллектінің алатын орны мен креативті ойлауды дамытуда ойлаудың оперативтік типтерін бөліп көрсетеді, С.Медник кретивті ойлауды әдістемелер арқылы анықтау жолдарын ұсынса, ал Л.А.Тейлор креативті ойлаудың пайда болу табиғатына тоқталады. Г.Ю.Айзенк тұлғаның креативтілігін танымдық ҥрдістерге зерттеулер жүргізу арқылы анықтайтын әдістемелерді қарастырды, ал Х.Трик креативті ойлаудың танымдық үрдіс ретіндегі маңызын көрсетсе , М.Уоллах креативтілік пен интеллект байланысына тоқталды.

Қазіргі уақытта әртүрлі ғылым салаларында креативті мәселесін жан-жақты зерттеп, креативті білім беру парадигмасын жасауға бағытталған зерттеулер: Д.Б.Богоявленская қоғамдағы ғылым мен техникаларды жаңаша жасау креативтілікке әкеледі десе , Ч.К.Борисов креативтілік әдіснамасының парадигмалық моделін ұсынады , А.В.Брушлинский

креативтілікте танымдық үрдістердің маңыздылығына тоқталады , ал Н.В.Вишнякова кәсіби акмеологиядағы креативті ойлауды дамытудың психологиялық негіздерін ашып көрсетеді , М.С.Каган адамның іс-әрекетін жүйелі талдау креативтілікке жол ашады десе, А.М.Матюшкин жоғары мектептердегі психологияның өзекті мәселесі деп түсіндіреді , ал

Я.А.Пономарев креативтілік психологиясы мәселелерінде шығармашылық

үрдістердің кезеңдерін көрсетеді . Шет елде шығармашылық психологиясын зерттеуде іргелі зрттеулер жүргізілгін. Жеке ерекшілектердің генетикалық алғышарттары да зерттелген. Дегенмен кешенді жалпы диагностикаға және арнайы дарындылыққа арналған әдістеме жасалмаған. Шығармашылық ойлау әлі күнге дейін толық зерттелмеді.

Креативтілік ойлау әрекетінің бастамасы жай ойлаудан басталады. Оларға пікір, тұжырым, түсінікті, индукция, дедукцияны анықтау жатады. Пікір – бұл нақты ойдан тұратынды айту. Тұжырым жаңа білім шығарылатын логикалық байланысқан айтуларды кӛрсетеді. Түсінікті анықтау нәрселердің (құбылыстардың) жалпы ұқсастығын бөлетін кейбір топтары туралы пікірлер жүйесі ретінде қарастырылады. Индукция және дедукция – бұл жекеден жалпыға немесе керісінше бағытталғанды бейнелейтін тұжырымдарды еске түсіру тәсілі. Индукция жалпыдан жеке пікірлерді шығару, ал дедукция керісінше – жекеден жалпы пікірлерді шығаруды болжайды. Бірақ логикалық операция ойлау құрамына кіреді, ол кейде ғана логика мен сана әрекет ететін үрдіс ретінде көрінеді. Ойлау үрдісінде кейде ғана оны ауыстыра отырып эмоция байқалады. Бұл туралы Рубинштейн: «Соқыр сезімнің жетегінде кете отырып, ойлау кейде объективті шынайылықпен емес, субъективтік сезімге сәйкес ұмтылумен басқарылады..., «қанағаттану қағидасына» ереді «шынайылық қағидасы»... эмоциональдық ойлау қатты немесе жай құштарлықпен ұмтыла отырып қалаған шешімнің пайдасы туралы айтатын дәлелдер жинайды» - деп жазады.

Адам ойлауының екі негізгі түрін бөлеміз, бұл теориялық және тәжірибелік – олардың әрбірі өз кезегінде тағыда екіге бөлінеді.

Ойлау түрлері
теориялық
тәжірибелік
түсініктік
бейнелік
Көрнекі-бейнелік
Көрнекі-әрекеттік

Б.М. Тепловтың пікірі бойынша ойлаудың теориялық және тәжірибелік түрінің арасындағы айырмашылық, «олар тәжірибемен әртүрлі байланыста, теориялық ойлау негізінен жаңа заңдылықтарды табуға бағытталған кезде тәжірибелік ойлау негізінен нақты тапсырмаларды шешуге бағытталуынан» тұрады. Нәтижесінде теориялық және тәжірибелік ойлауда тәжірибемен байланысты, бірақта кей жағдайларда тәжірибелік ойлау бұл байланыс тура, тікелей сипатта болады.

Ойлаудың ерекше түрінің бірі аутизм деген атқа ие болды. Ойлаудың бұл түрін зерттеуші танымал Э. Блейлер ол туралы «түс көрудің шизофрениялық әлемі Явада өзінің ойлау түрі бар,... өзінің ерекше ойлау заңдары бар,... қарапайым түс көруде..., ұстамалы аурулар, сондай-ақ сау адамдар қиялдануында, халықтық сенімдер аңыздарында және ойлаудың шынайылықтан ауытқуы болатын басқа да жағдайларда бұл механизмдердің әрекетін біз бақылаймыз» - деп жазады. Аутистік ойлауда адам ойлары логика мен санаға бағынбайды, ал оларға ілесетін аффектілік қажеттіліктер олардың күшін, қозғалыстарын бейнелейді.

«Креативтілік – шығармашылыққа жалпы қабілет, тұлғаны тұтастай сипаттайды, белсенділіктің әртҥрлі сферасында пайда болады. Аталған анықтамадан шыға отырып, бҧны В.Н. Дружинин, креативтілік бұл қабілет, ал қабілет - өмірлік әрекет барысында дамитын қасиет, және креативтілік – көлемі тұрақты емес, «белсенді креативтілік» қалпында пайда болатын дамушы деп анықтайды.

Адамға креативті тұлға болуға және ойлаудың шынайылығын көрсетуге не нәрсе кедергі келтіреді? Тек қана дамыған креативтілік қабілеттердің, жоғарыда айтылған кемшіліктер немесе креативтілікке тікелей қатысы жоқ басқа нәрселердің болмауы ғана ма? Бұл сҧрақтарға Г. Линдсей, К. Халл және Р. Томпсон жауап берді. Олар креативті ойлау жолына тек қана қабілеттердің дамуының жеткіліксіздігі ғана емес, жекелік те кедергі келтіреді деп есептейді: 1. Басқа адамдар сияқты болуға ұмтылу, олардан өзінің пікірлері мен әрекеттері бойынша бөлінбеу арқылы шығармашылықты басуда көрінетін конформизмге бейімділік. 2. Адамдар арасында «ақ қарға» болудан, өз пікірлері бойынша ақымақ немесе күлкілі болудан қорқу. Ұсынылған екі тұжырымдама да балада, егер оның алғаш рет өзбетімен ойлауы, алғашқы рет шығармашылық пікірі өзін қоршаған ересектер адамдар тарапынан қолдау таппаса, оларда күлкі шақырса немесе жазалаумен аяқталатын ескерту немесе балаға ересектер тарапынан жалғыз «дұрыс» кең таралған, жалпы қабылданған пікір ретінде түсіндірілсе, онда ол ерте балалық кезден туындауы мҥмкін. 3. Өте экстравагантты болып көрінуден, басқа адамдардың пікірін өзі сынау және қабылдамау тіпті агрессиялы болудан қорқу. Біздің мәдениет жағдайымызда төмендегідей пікірлер кең таралған: адамды сынау – яғни оған қарым-қатынаста сыпайы болмау, оны құрметтемеу болып табылады. Өкінішке орай мұнымен біз балаларымызды балалық кезден бастап үйретеміз, мұндай жағдайда ізеттілікті, орнықтылықты, түзетушілікті және басқа да пайдалы қасиеттерді басқасын, солармен барабар құнды қасиеттер: пікірі айналадағыларға ұнай ма немесе ұнамай ма ол туралы ойламай-ақ өз пікірінде тұра алу және жасай алу, ашық айта және қорғай алу сияқты қасиеттерді жоғалта отырып жинақтайтынымызды ойламаймыз. Мұнда адамға әрқашан әділ және ашық болу талаптарынан тұрады. 4. Өз тарапымыздан көзқарастарын сынаған адамдардың жазалауынан қорқу. Адамды сынай отырып біз оның тарапынан қарсы реакцияны тудырамыз. Өзіндік креативті ойлауды дамыту жолында жиі кедергі келтіретін мұндай реакциядан қорқу. 5. Өзіндік идея мәнін тым жоғары бағалау. Кейде басқа адамдардың айтқан ойлары бізге көбірек ұнайтынын біз өзіміз жасаймыз немесе ойлап табамыз, оның ішінде бізде өзіміздікін ешкімге көрсетпеу, ешкіммен бөліспеу және өз ішімізде қалдыру тілегі туындайды . 6. Жоғары дамыған дүрбелеңдік. Бұндай қасиеті бар адамдар өзіне сенімсіздігі жоғары болады, өз идеясын ашық айтудан қорқады. 7. Өзара бәсекелестікке түсетін ойлаудың екі тәсілі: сыни және креативтілік бар. Сыни ойлау басқа адамдардың пікірлеріндегі кемшіліктерді ашумен байланысты. Креативті ойлау басқалардың ойларын бағалау емес, шынайы идеяны қозғау, жаңа білімді ашумен байланысты. Сыни тұжырымы басым адам өзі жаман жасамаса да сынға баса назар аударады, керісінше құрылымдық ойлауы басым адам сынилықты басып кетеді, өзінің пікірлері мен бағалауындағы кемшіліктерді көруге жиі қабілетсіз болып келеді.

Креативті ойлауды дамыту кезеңдері.

Креативті ойлау әрекетінің диагностикасына кесте құрастырыңыз. - student2.ru

Наши рекомендации