Тақырыбы: №6 дәріс.. Сөздің лексикалық және грамматтикалық бұзылуы

Балалардың естуінің бұзылғанына байланысты оқушылар мектепке сөздік қорларында тек бір екі былдыр сөзбен келеді. Мұндай сөздік қоры бар балада дыбыс естуі бұзылыс болады. Р.М Боскис, А.Г.Зикеева, К.Г.Коровина және т.б зерттеулеріне сүйенсек нашар еститіндердің сөздік қоры шектелген. Р.М.Боскистің айтуы бойынша тек 27,7% нашар еститін оқушылар қойылған сұрақтардың тек 80 % ғана дұрыс жауап береді. Нашар еститіндермен заттардың атауларында жаттау қиынға түседі. Олардың сөздік қорының шектелгені оқушылардың көп сөздерді дұрыс айтпауына әкеліп соғады. Сондықтан нашар еститін баланың түсінігі бойынша үстел сөзін ол орындық, кресло, отыру деген сөз деп те ойлауы мүмкін. Шанар еститін балалар үшін дыбыс пен сөздің құрылысының айырмашылығы жоқ. Мұндай құбылыстар көбіне бастауыш сынып оқушыларына тән.

Қазіргі уақытта нашар еститін балаларда дислексия, дисграфия және фонематикалықбұзылыстар кездеседі. Мұндай балаларда дислексия мәселесі әлі күнге дейін толық зерттеліп біткен жоқ. Логопедиялық зерттеулер бойынша нашар еститін балаларда толық және жан – жақты дыбыстық симптомдар көрініс табады. Нашар еститін баланың дыбыс айтуының дұрыс еместігінің білген жағдайда оның экспресивті және импресивті жағынан зерртеген дұрыс. баланың сөздік қорының жетіліп, қалыптасуында ата-ананың алар орны зор.Бала ата-анасының өзара сөйлесіп қарым-қатынас жасағанын байқап, тілдік қатынас жасауға тырысады. Құлағы естімейтін баланың қажеттілігін жүзеге асыратын сөздік мәліметтер (материалдар) формасы жағынан да, мағынасы жағынан да әртүрлі болып табылады. Бала мұны бірден қабылдай алмайды. Алайда баланың қажет ететін сөздері мен сөз тіркестері оның іс-әрекетінен көрініс табатындықтан, ата-анасы оның жұмысын, іс- қимылын бақылап, реттеп оған көмек көрсете алады. Баланы үйде мақсатты түрде қалай даярлау қажет, неге көңілін көбірек бөлгені дұрыс, немен танысуы шарт- мұның барлығын ата-анаға ұстаздар айтып, бағыттайды. Сыныпта оқылған материалдарды, отбасының мүмкіндігін, баланың жеке талабын ескере отырып, мұғалім баламен сөйлесудің тақырыбын анықтайды, қандай да болмасын айналысатын іс-әрекетінің қалай ұйымдастырылатынын түсіндіреді.Алайда баланы бірден көп мәлімет беріп, шаршатуға болмайды. Ол қабылдауы тиіс материалдар, сөздер жүйелі түрде болуы шарт. Түсінбей, сөздерді құр жаттап алудың пайдасы аз екенін ескерген жөн. Сөздік материалды оқып, үйрену оңай емес.Сондықтан, көптеген сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, жаттауда мынадай кейбір әрекеттер көмектеседі. Бір сөздің, болмаса, сөз тіркесінің әртүрлі мағынада, әр түрлі жерде қолданылуының орнын білу үшін оған қажетті жағдайларды туғызу керек. Баламен сөйлесу барысында баланың әрдайым үлкендермен сөйлесуге, олардан қажеттісін сұрай білуге қабілетті болуын қаматамасыз ету керек, бір сөзбен айтқанда, баланың ата-анасы мен сөйлесуге, мектепте болып жатырған болмаса өзге де жаңалықтарын айтуға деген тілегі, құлшынысы жойылмауы тиіс. Әрине, құлағы естімейтін баланың сөздері айтылу жағынан да, грамматикалық тұрғыдан да қате болары анық, алайда оны бұл үшін кіналауға болмайды. Алдымен қатесін түзетіп, айтқан сөзін,сұрағын қайталауды өтінген абзал. Сонда бала сөздерді жақсы жаттайды, бастысы-оның қарым-қатынас жасауға деген қызығушылығы жоғалмайды. Кей кездері ата-ана баланың тілегін түсініп, алдын-ала орындауға тырысады. Мысалы бала кәмпитке қолын созса, түсінін алып береді. Егер мұндай жағдайлар жиі қайталана берсе, баланың бойында тілді, сөзді пайдалануға деген қажеттілік жойылып кетеді.Сондықтан әркез байланыс кезінде баланың сөзбен жауап қайтаратындай жағдайда болуын қамтамасыз ету керек. Бұл баланың сөйлеу қабілетін дамытып, диалог құра білуге үйретеді. Алайда әруақыт баладан толық жауапты талап етуге болмайды, жауап қысқа, болмаса толық емес сөйлем түрінде болса да жеткілікті.Мысалы: « Сен әкеңмен қайда бардың ?» - «Киноға» . «Не көрдіңдер?» – «Мультфильмдер». Жас ерекшеліктеріне орай балалардың қызығушылығы да өзгеріп отырады.Мысалы, 10-12 жас шамасындағы балалармен әдетте мұражайларға, сурет көрмелеріне барған дұрыс. Және серуен барысында үздіксіз тілдік қарым-қатынас болуы тиіс. Сол арқылы бала әр заттың мағынасын терең ұғынып, қажетті сөздер мен сөз тіркестерін үйренеді. Баланың тілдік қарым-қатынасын, сөйлеу қабілетін есту арқылы қалыптастыруды, сондай-ақ коммуникативтік қабілетін кішкентай кезінен бастап қадағалау дұрыс. Сондықтан бұл орайда ата-ананың рөлі маңызды. Олар баланың сөйлеу қабілетін арттыруға, тіл байлығын толықтыруға әртүрлі жағдайлар туғыза отырып, олардың сөйлеу және есту қабілеттерінің жақсаруын қамтамасыз етеді.Мұндай іс-әрекет естімейтін баласы бар әр отбасының маңызды жұмысына айналады. Ата-анасының тарапынан болатын жақсы үлгі-өнеге құлағы естімейтін баланың адамгершілік ережелері мен қағидаларын терең түсінуіне септігін тигізеді. Тек ата-анасына еліктеу арқылы бала мейірімділік,адалдық, тәртіп, еңбексүйгіштік секілді қасиеттерді бойына сіңіреді. Тағы бір ескеретін жайт, естуі дұрыс балалар адамгершілік ұғымдарын өздіктерінен игере алатын болса, есту қабілеті төмен балалар арнайы педагогтің жұмысынсыз мұны ұғына алмайды.

Қысқа тапсырмалар мен сұрақтар:

1. Естімейтін балаларға қандай балаларды жатқызамыз?

2. Нашар еститін балаларға қандай дыбыстық бұзылыстар тән?

3. Нашар еститіндерде фонетика- фонематикалық бұзылыстар немен сипатталады?

4. Нашар еститіндерде дыбыс шығару бұзылысының қандай формалары кездеседі?

5. Нашар еститіндеодің сөздік қорының жоқтығы жайлы баянда.

6. Нашар еститіндердің сөздік қорының грамматикалық бұзылысы туралы не білесің?

7. Нашар еститін оқушылардың жазуда жиі жіберетін қателіктері?

8. Нашар еститін оқушыларда логопедиялық бұзылыстар жайлы айтып бер.

Қолданылған әдебиеттер

1. Боскис Р. М. Глухие и слабослышащие дети. —М., 1963.

2. Зикеев А. Г. Развитие речи слабослышащих учащихся. — М.,1976.

3. Коровин К. Г. Усвоение основных грамматических понятий учащимися старших классов школы слабослышащих. — М.,1982.

4. Нейман Л. В. Слуховая функция у тугоухих и глухонемых детей. — М., 1961.

5. Парамонова Л. Г. Методические указания по выявлению и коррекции нарушений слуховой дифференциации звуков речи у слабослышащих школьников. — Л., 1981.

6. Парамонова Л. Г. Методические указания по выявлению и коррекции дефектов звукопроизношения и связанных с ними нарушений письма у слабослышащих учащихся I отделения — Л., 1984.

7. Правдина О. В. Логопедия. — М., 1973. — С. 165—169.

8. Pay Ф. Ф., Нейман Л. В., Бельтюков В. И. Использование и развитие слухового восприятия у глухонемых и тугоухих учащихся. — М., 1981.

9. Трауготт Н. Н., Кайданова С.Н. Нарушение слуха при сенсорной алалии и афазии. — Л., 1975.

10. Хватцев М. Е. Логопедия. — М., 1959. — С. 194—207.

Наши рекомендации