Taқыpыбы: МЕНІҢ КІШКЕНТАЙ ДОСТАРЫМ

Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- үй жануарларына қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту;

- үй жануарларына қамқорлық жасай білу дағдыларын дамыту;

- қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: Ит - жеті қазынаның бірі. Нақыл сөз

  Ic-әpeкeт бөлiмдepi Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy Шаттық шенбері Тәрбиеші балаларға кішкентайжұмсақ ойыншық күшікті ұсынады. Әнгімелесу • Балалар, сендер қандай үй жануарларын жақсы көресіңдер? • Оларға қандай камкөрлық жасауға болады? Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды: - Дұрыс айтасыңдар, балалар, бәріміз үй жануарларын жақсы көріп, оларға қамқорлық жасай алады екенбіз.   Балалар күшікке деген өз сүйіспеншіліктерін білдіреді. - Сен қандай сүйкімдісің. - Сен қандай әдемісің. - Сен менін досымсың.  
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy Әнгімелеу Тәрбиеші балаларға «Жеті қазынаның бірі»аңызын әңгімелеп береді, аңыз желісі бойынша сұрақтар қояды. Жеті казынанын бірі Аңыз Баяғыда аң патшасы арыстан өзінің қызметшісі жолбарысты шақырып, ормандағы барлық аңдарды жина деп бұйырыпты. Арыстан патша әлемде ең қайратты, ең ақылды әрі епті кім екенін білгісі келіпті. Лезде арыстанның апанының алдына аңдар жинала қалады. Арыстанның сөзін естіп болған соң түлкі алға шығып: - О, әлемдегі теңдесі жоқ патшам! Бұл өмірде Сізден қайратты, ақылды, епті жан жоқ. Сондықған да біз сізді патша етіп сайлағанбыз! Сіздің қайырымыңыз шексіз, -депті. Барлық аңдар өз пікірлерін айтып арыстанды дүниедегі ең күшті, ақылды деп мақтайды. Мақтау сөздерге мәз болған арыстан бір бұрышта кұлағы салбырап, өзі маужырап жатқан итті байқайды. Дереу гүрілдеп итке төне түседі: -Әй, сен, мыналардын не айтып жатқанын естіп отырсың ба өзі? Неге сен үн катпайсың? - дейді. Ит салмакты калпын бұзбастан: -Ә, сен бе едің... Сонша неге орманды басыңа көтересің? Менің де сені мақтауым керек пе? - деп, басын көтерместен тәқаппарлана қарсы сөйлейді. - Ал сонда, - дейді арыстан, - дүниеде ең қайратты, ең ақылды, әділ әрі епті кім? - Мен үшін дүниеде қайратты әрі ақылды да тек - адам. Арыстан одан бетер ысқырып, дереу жолбарысқа: - Ит адамды мадақтады. Біздің арамызда оған бұдан былай орын болмауға тиіс, - дейді. Бұл сөзден соң ит мүлде көңілі қалып, олардың арасынан біржолата кете барған екен. Содан бері ит адамның досы, көмекшісі болыпты. Адамдар оларға үйшік салып беріп, тамақтандырып, қамқор болған екен. Бертін келе иттің адамға адалдығынан «Ит -жеті қазынаның бірі» деген қанатты сөз қалыптасыпты. • Ит неліктен достыққа адамды таңдады? • «Ит - адамның досы» деп неліктен айтады? Балалардың жауаптары тыңдалады. Педагог бұл тақырыпты өткен кезде балалардың әрқайсысының өз «кішкентай достары» жайлы әңгімелетуіне болады. Бұл балалардың өз таңдаулары мен қызығушылықтарымен бөлісулеріне мүмкіндік жасап, балаларға үлкен қуаныш әкеледі. Балалардың әңгімелеріне орай төмендегі мәтіндерді қосымша пайдалануға болады. Дәйексөз Тәрбиеші балаларға «Ит- жеті қазынаның бірі»деген нақыл сөзді бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. Сергіту сәті «Шоқ гүл» қимылды ойыны. Ойынның тәрбиелік мәні - балаларды шапшаңдыққа, икемділікке, тапқырлыққа баулу. Ойынның шарты: Тәрбиеші топ ішінде бес жапырақты үлкен екі гүлдің суретін салады да гүлдердің әрбір жапырағына екі-екіден шеңбер, ал ортасына бір үлкен шеңбер сызады. Бұл ойынды ойнау үшін тәрбиеші әрқайсысында он бір адамнан екі топ құрайды. Әрбір 11 баланың біреуі топ басқарушы. Ол бала басқалардан ересек болуы керек. Егер бала саны 11 ге жетпесе, жапырақтардағы шеңберді азайтып, кішкене топтар құруға болады, әрбір топ тақ саңдардан құрылуы тиіс. Ойын музықамен сүйемелденеді. Музықа нотасы қосымшада берілген. Музықа басталғанда балалар топ ішінде жай қыдырып жүреді. Музықа кілт тоқтағанда ойынға катысушы балалар музықа қайта басталғанша жапырақтарға салынған шеңберлерге бірімен-бірі иықтасып. екі жаққа қарап, қол ұстаса тез орналасулары керек. Албаскарушы бала гүлдің ортасындағы шенберге тұрады. Топ баскарушы баланын жанында түрғаңдар, оған қолдарын сөзып ұстаскан жөн. Қай топ бес жапыракты гүлдерге бұрын және дұрыс орналасса, сол топ жеңген болып табылады. Ойын осы тәртіппен жалғаса береді. Балалар, біз кішкентай достарымызға қамқорлық жасау керектігін үйрендік. Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше, сәтті болды деп ойлаймын. Өйткені біз өзіміздің кішкентай досымыз ит жайлы теренірек білдік, олар біздің досымыз екенін түсіндік   Ақ лақ С.Оңғарбаев Жүні жібек шудадай, Ай мүйізді аппағым. Үстіңді жүр былғамай. Баспа жердің батпағын. Аяғыңды аңдап бас, Тізеңді тас тілмесін. Бөрі көрсе аямас, Сайға сүйреп жүрмесін Қөзы М.Әлімбай Кіп-кішкене, момақан Қошақанды ұнатам. Сүйеді апам: «Қөзым, -деп, -Қошақаным - өзің!» - деп. Күшігім Ж. Кәрбөзин Қаппайтын итті басынып, Ойнайды, Қоймайды. Мойнына асылып, Түспейді, Тістейді. Шөжелерім А. Торғаев Қып-қып, қып, қып, Шөжелерім, Сары алтындай балапаным. Тез жетіңдер, жем беремін, Дәнге толы алақаным! Ақ бұзау   Ақ бұзауым ұнайды, Келеді өсіп күн санап, «Мө-мө», - деп сүт сұрайды. Қоямын ба тұмшалап... Ақ бұзау жақсы фермада, Тұмсығын сөзып қарайды, Апарамын көрмеге. Тілімен мұрнын жалайды     - Үй жануарлары адамның пайдасына жарайтын досы, көмекшісі екен. Ит адамдардың жанында жүріп қорғайды, үйлерді күзетеді. Ал біз итті қамқорлыққа алып, жақсы көреді екенбіз. Сондықтан да «Ит - жеті қазынаның бірі» - деп бекер айтпаған.     Дәптермен жұмыс Өздеріңнің кішкентай достарыңның суреттерін салындар. Тыныштық сәті Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырындар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алындар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Ғажайып сөздер Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. - Ит - адамнын досы, көмекшісі.
Қорытынды. Түзету жұмыстары. Жүректен жүрекке Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып, «Мен кішкентай достарымды жақсы көремін, өйткені...»деп өз ойаарын айтады. - Мен күшікті жақсы көремін, өйткені ол кішкентай. - Мен күшігімді жақсы көремін, өйткені олменің Досым.

Kүтiлeтiн нәтижe:

Бiлyi тиic:«Қамқорлық» ұғымы туралы.

Tүciнiгi:Үй жануарларына қамқорлық жасай білуді.

Kөpceтe бiлyi: Жануарларды күтіп баптауды.

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.

Бiлiм бepy салаcы:Таным.

Наши рекомендации