Нақты қадам: Қазақстандағы білім және ғылым саласын одан әрі дамыту бойынша міндеттер

Білім беру жүйесін дамытудағы шетел тәжірибиесінің рөлі

нақты қадам: Қазақстандағы білім және ғылым саласын одан әрі дамыту бойынша міндеттер

1. Елбасының Жолдауы «Қазақстан-2050» саяси бағыты» жаңа саяси бағыт қазақстандықтардың өмірінің барлық саласын қамтиды.
Елбасының бұл жылғы Жолдауы Еліміздің алдағы жылдарға жоспарланған стратегиялық мақсаттармен міндеттерін айқындалған бүкіл халыққа, жалпы ортақ еңбек қоғамына үндеген аса маңызды құжат болып табылады. Елбасының биылғы Жолдауы - еліміздің өркендеуінің алғышарты. Әр жыл сайынғы Президент жолдауы өз жаңалықтарымен, құнды идеяларымен, еліміздің жаңғыруына, өркендеуіне негіз болатын салмақты тұжырымдармен ерекшеленеді. Өйткені Перзидент Жолдауы еліміз үшін жыл сайынғы басты құжат. Елбасы: « Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел! Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алдым. » деп ұрпаққа сенім артады.
Осыған орай бұл Жолдау бүкіл халықтың көңілінен шықты, қазір ол мемлекетіміздің барлық аумақтарында, басқару, оқу-өндірістік салаларда, мемлекеттік емес ұйымдарда кең қолдау тауып отыр.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған.Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. Орта мектеп- білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады.Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ұстаз қолында.»-деп атап көрсеткен болатын.Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану – аса маңызды міндеттердің бірі. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді.
Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50-ден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі болып отыр.[1]

2. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері он жылдан астам уақыт өтсе де, жан-жақты реформалар жүргізу үрдісі аяқталған жоқ. Тәуелсіздік жылдарының алғашқы күнінен бастап дамыған елдерден үлгі алуға тырысқан ҚР-сы өз ішіндегі жаңашылдықтарды басқа елдермен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы енгізіліп келеді. Америка Құрама Штаттары сондай елдердің ішінде ең маңызды орынға ие. Әрине, екі жақтың достық қарым-қатынастарын былай қойғанда, олардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бірақ өз дамуына септігін тигізетін мұндай қарым-қатынастарды жасаспасқа болмайды. Қазіргі таңда Америка құрама Штаттары КСРО ыдырағаннан кейінгі қалған вакуумды толтыруға белсенді түрде тырысып-ақ жатыр, оның бірнеше себебі бар, АҚШ өз ықпалын бұрынғы Ресей ықпалымен ауыстырғысы келеді, әрі стратегиялық маңызы бар энергетика қайнар көздеріне бай, әрі әлі даму сатысындағы бұл аймақ қандай да болмасын ықпалға тез іліккіш болып тұр.

Осындай жағдайларда өсіп-өрбіп келе жатқан еліміздің өз тәуелсіздігін сақтап қалуына, сонымен қатар АҚШ сияқты ірі державамен серіктестік деңгейінде қарым-қатынас жүргізуіне таңданбасқа болмайды.

Қазақстан қоғамының трансформациясы жағдайында мемлекет алдында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін қалыптастыру өзекті мәселесі пайда болды. Бұл мәселені қарастыруда Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін реформалау үрдісін зерттеу керек. Бұл жерде өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан елдер үшін білім жүйесін реформалау жаңа құбылыс болып табылмайтындығын атап кету қажет. Мұндай реформалау білім жүйесінің жақсаруын, даму динамикасын, эволюциясын көрсетеді және әрдайым болып тұрады.

Қазіргі Қазақстанда жоғары білім мәселесі экономикалық жағдайға тікелей байланысты. Бірақ, бұл мәселені шешуде тек қаржылық-экономикалық жағдаятқа ғана сүйенуге болмайды. Білімді реформалауға кешенді түрде қарап, әлеуметтік, экономикалық және мәдени факторларды да ескеруі керек.

Әрбір әлеуметтік институт, соның ішінде білім беру жүйесі қалыптасқан жағдайларға бейімделуі тиіс, өйткені ол оның өмір сүруіне қажетті шарт болып табылады. Біздің еліміздегі білім беру жүйесінің реформасы басқа да өтпелі мемлекеттердегіей «жоғарыдан» жүргізіледі.

Әлем кеңістігіндегі болып жатқан өзгермелі жағдайлар білім беру жүйесіне де өзіндік әсерін тигізіп отырғаны белгілі.

Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр.

Осы орайда Австралияда қабылданған ХХІ ғасырдағы ұлттық мектептердің «Аделаида декларациясында»: «Австралияның болашағы әрбір азаматтың білімді, әділетті және ашық қоғамда өнімді әрі толыққанды өмір сүру үшін қажетті білімдерді, біліктерді, түсінісулер мен құндылықтарды игеруіне байланысты» делінген.

Еліміздегі білім беруді дамыту ісі жаңаша көзқарастар мен сондай бағыттарға негізделіп отырғаны мәлім.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген.

Қазақстанда 12 жылдық білім беруге көшуді 6 жастан бастау көзделеді, бұл жас мектепте білім алуға неғұрлым қолайлы, адам дамуының физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес деп есептелінеді. Бастауыш мектепте оқу жүктемесін ұлғайтпай-ақ, шетел тілі мен информатика негіздері енгізіледі. Негізгі мектепте базалық білім беру 10-сыныпта аяқталады, біріктірілген курстар, алдын ала бейіндік даярлау енгізіледі.

11-12 сыныптарда әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық бағыттар бойынша бейіндік даярлау алдындағы жұмыстар міндетті болып есептелінеді. Кәсіптік мектептер мен лицейлерде білікті жұмысшы кадрларды даярлау жүзеге асырылады. Бұдан да жоғары біліктілік алу үшін қосымша бір жылдық оқу мерзімі көзделіп отыр.[2]

3. «Ұлт жоспарының 100 қадамы» Қазақстанның сыртқы қауіп-қатерлерге берген жауабы десек болады. Елбасының стратегиялық бастамасы еліміздің тұрақты дамуы мен 30 дамыған елдің қатарына енуге бағытталған. Осы тұрғыда Елбасы Ұлт жоспары аясында білім саласында бірқатар реформаларды жүргізуді тапсырды. Оның басты лейтмотиві - білім мен ғылым жүйесі уақыт талабына жауап бере алуы керек.

Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «100 қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, Қазақстанда жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу жоспарланған. Оның басты мақсаты - даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру, қазақстандықтардың әлемдік қауымдастыққа және халықаралық процестерге еркін араласуына жол ашу. Сонымен қатар бұл жаңашылдық Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеретін болады.

Сондай-ақ, осы бағыт аясында 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту, жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыруды енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру жоспарлануда.

Бұдан өзге, экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату жүргізіледі.

«Ұлт жоспарының «100 нақты қадам» бағдарламасы аясында Қазақстан - ғылыми жұмыстарды өндіріске енгізуге кіріседі. Осы бағытта біздің алдымызда 2 міндет бар. Біріншісі, ғылымға негізделген экономиканы қалыптастыруға негіз болатын 2 инновациялық кластер құру. Екіншісі, ғылыми және ғылыми техникалық жұмыс нәтижелерін коммерцияландыру жүйесін құру. Ол үшін арнайы заң жобасын жасау керек. Осы екі міндетті шешу мәселесі өте өзекті.

Жалпы ғылым саласына соңғы жылдарда көп мән беріліп келеді. Осыған дейін 2 мыңнан аса ғылыми жобалар қаржыландырылды. Бүгінде 100-ден аса ғылыми-техникалық бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Ғалымдардың ғылыми конкурстарға қатысудағы белсенділігі артып келеді. Биыл 5 мыңға жуық өтінім қабылданды. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2 есеге артық. Қазақстан ғалымдары 1,5 мыңға жуық патент алды.

Жоғарыда Қазақстанда жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу жоспарланғанын атап өттік. Бұл жұмысты Астана әкімдігі бастап та кетті. Себебі алда ЭКСПО шарасы өтуі тиіс. Ал оған ағылшынды өз ана тіліндей жақсы білетін сапалы мамандар қажет. Алдағы оқу жылында елорданың кейбір колледждерінде білім беру ағылшын тілінде жүргізілетін болады. Мамандықтар тізіміне қонақ үй шаруашылығы менеджерлері, даяшылар мен бармендер, сондай-ақ медициналық қызметкерлер енгізілді.

Елбасының «100 нақты қадам» жоспарында қазақстандық түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға зор көңіл бөлінген. Біліктілігі жоғары кадрларды дайындау процесіне басымдық беріледі, сол арқылы колледждер кезең-кезеңмен ағылшын тілінде оқытуға көшеді.

Астана қаласы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қасымхан Сенғазыев қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында мәлім еткендей, тәжірибелік жоба аясында 2015-2016 оқу жылында Астананың 4 колледжінде студенттер ағылшын тілінде білім алатын болады. Себебі елордада құрылатын жаңа қаржы орталығы мен EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу халықаралық деңгейге сәйкес дайындалған кадрлардың болуын талап етеді.

Оның үстіне Индустрияландырудың екінші бесжылдығы да басталғалы отыр. Оның аясында 2015-2019 жылдары 257 жобаны іске асыру көзделген болса, ҚР Инвестицялар және даму министрлігінің деректеріне сәйкес,оған шамамен 46 мыңнан астам маман қажет болады екен.

Мұндағы кадрларға деген жалпы қажеттілік 46 600 адамды құрайды. Мәселен, техникалық және кәсіптік білім саласына келетін болсақ, «Кәсіпқор» холдингімен колледждер арасында осы колледждерді дамыту бойынша тиісті шаралар жасалды. Екінші бесжылдыққа дайындайтын мамандар пысықталды.

«Кәсіпқор» холдингі 10 колледжбен әріптестік негізінде бірлесіп, 16 жаңа оқу бағдарламасын дайындаған. Биылғы жылы ілкі режімде екі колледжде, атап айтқанда, Көкшетау жоғары техникалық колледжі мен Ақтөбе политехникалық колледжінде осы бағдарламалардың 8-і енгізілетін болады.

2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқу процесіне енгізілетін оқу бағдарламаларын келісу бойынша жұмыс берушілер және кәсіподақтармен жұмыс жүргізілуде. Он іріктелген колледждің алтауы Дүниежүзілік банк қарызы есебінен іске асырылатын техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту жобасына грант алушылар болып табылады. Осы жоба аясында колледжер жалпы сомасы 425 млн. теңгені құрайтын заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Осы орайда, Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» ұлт жоспары мен 5 институттық реформаны іске асыруда «Болашақ» стипендиясының маңызы зор. Өйткені алға қойған міндеттерді сапалы орындауда бірінші кезекте әлемнің үздік жоғары оқу орындарын бітірген жоғары білікті мамандар қажет.[3]

Пайдаланған әдебиеттер:

Наши рекомендации