Блок. 1 сұрақ Жіпті иіру схемасын құрыңыз.

Блок 12сұрақ.Полиамидты талшықтарды өндіру мен өңдеу. Қасиеттері мен қолданылуын қарастырыңыз және бағалаңыз.

Полиамидті талшықтарЕң берік талшықтар, ылғал күйінде де беріктігін сақтайды. Қолмен сипағанда қаттылау, өң жағы тегіс, беріктігі жоғары, жууға төзімді, өңі кетпейді, аз қыртыстанады, күйе түспейді, өтектеуді қажет етпейді. Берік, жұмсақ және иілмелі талшықтар, қыртыстанбайды, оларды маталардың беріктігі мен созылғыштығын арттыру үшін әртүрлі талшықтармен жиі араластырады. Бұйымдағы қатпарлар жуу мен тазалаудан кейін де сақталады. Негізгілері: капрон, нейлон.

Капрон талшықтары жоғары молекулалық зат капрон смоласынан щығарылады. Смола макромолекулаларының сызықтық стуктурасы бар екенін формула көрсетіп тұр. Олар шамамен 200 аминокапрон звеноларынан тұрады. Капрон смоласы алынатын бастапқы өнім капролактам деп аталады. Оны әр түрлі оңай қосылыстардан: фенолдан, аниленнен, циклогексаннан алуға болады.

Таза капролактам кристалдық ақ зат, қалыпты қысымда қайнау температурасы 258C, балқу температурасы 69-71C. Барлық дерлік еріткіштерде ериді. Капрон амид байланысы деп аталатын байланыстары бар полиамид талшықтары тобына жатқызылады.

Капрон талшығы өте бағалы механикалық қасиеттерімен белгілі және кеңінен қолданылады. Бірқатар техникалық мақсаттардан басқа, ол әр түрлі тігін және трикотаж бұйымдарын: шұлық және басқалар, сонымен қатар, балық аулауға қажетті заттар, жасанды талшық және т. б. даярлау үшін қажет. Капрон талшығы мақтанікінен екі есе берік, суда ісінбейді, қара күйеге желінбейді. Одан жасалған жасалған бұйымдарды өтектемесе де болады: тез кеуіп, олар фабрикада берілген бастапқы қалпына келеді. Капроннан иірілген жіп табиғи жібек жіптен 15-20 есе иілгіш. Капрон пластмасса түрінде де пайдаланылады, одан механизмдер үшін тетіктер жасайды. Капрон талшығы негізінде алынған маталардың кемшілігі, олардың ылңал сіңіре алмайтындығы. Соның салдарынан терінің тершеңдік ауруы және аллергиялық реакция туындайды.

Ерекшеліктері: капрон талшықтардың қалыпты ылғалдылығы 4%, өйткені оның құрамында гидрофильдік функционалдық топтар аз, ка- прон талшықтары өте жоғары кристалиттік талшықтар қатарына жа- тады, беріктігі жағынан 1-ші орын алады, жоғары температуралык өңдеуге төзімді келеді, капрон талшықтары ультрокүлгін сәулелеріне төзімсіз келеді, тотығады, сондықтан тез сарғайып түрін өзгереді; әртүрлі микроорганизмге өте төзімді, капрон талшықтары құмырсқа және фенолда жақсы ериді. Капрон талшықтары таза түрде, сонымен қатар мақта, жүн, зығыр, жібек, ацетат талшықтармен араластырылып қолданылады.

блок. 1 сұрақ Жіпті иіру схемасын құрыңыз.

Жіп иіретін ерітінділерді алу үшін: 1.Полимерді ерітпейтін және ісіндірмейтін сұйылтқыш; 2.Тек полимердің ісінуін тудыратын еріткіш; 3.Полимерді шекті ерітетін еріткіш; 4. Полимерді шексіз ерітетін еріткіш. Ең маңыздысы – шексіз ерітетін ертікіш. Ол еріткіштің еріту қабілеті табиғатына ,молекулалық массасына, бинарлы қоспаларды қолдану, температураға тәуелді.

Жіп иіретін ерітінділерді дайындау. Талшықты қалыптау үшін ерітінді алдымен механикалық және ісінген қоспалардан, толық ерімеген полимерлермен (гель-бөлшектер), ауа көбіршіктерінен тазартылуы үшін бірнеше рет сүзуден өткізіледі. Жіп иіретін ерітінділердің біртектілігін арттыру үшін сүзудің алдында жақсылп араластыру қажет. Олай болса, қалыптауға жұмсалатын иіретін ерітінділерді дайындау 3 негізгі операциялардан тұрады: араластыру, сүзу, ауаны жою (ауасыздандыру).

Ерітінділерді араластыру. Араластыру көлемі 100м3 жабдықталған үлкен бакта жүргізіледі. Ерітіндіні араластыру 4-6 сағ созылып, сүзуге түседі.

Ерітінділерді сүзу.Жіп иіретін ерітіндінің тазалығы мен фильтрге қойылатын талаптар көбінесе, талшықты қалыптау жағдайы мен фильерден шығу диаметрімен анықталады.

Ерітінді тұтқырлығы. Ерітінді тұтқырлығы жоғары болса, фильтрлеу жылдамдығы нашар жүреді. Тұтқырлықты төмендетіп, фильтрлеу жылдамдығын арттыру үшін сүзу алдында қыздырамыз.

Қысым. Жіп иіретін ерітінділерді сүзуде қолданылатын ең жоғары қысым – фильтрлеуші материалды қолдану мен аппарат типіне байланысты. Қысым ерітінді тұтқырлығына орай 0,3-1,5 Мпа-ға (3-15кгс/см2) артады.

Аппараттары. Мата арқылы иіретін ерітінділерді фильтрлеу үшін әртүрлі фильтрпрестер қолданылады. Конструкция бойынша олар бір-біріне ұқсас. Айырмашылығы – тек жұмыс қысымына байланысты.

Жіп иіретін балқымаларды дайындау. Синтетикалық талшықтар балқымадан қалыптау әдісі арқылы алынады. Иіретін балқымалардың заңдылықтары өте аз зерттелген.

3блок.12 сұрақ.Мыс-аммиакты талшықтарды қалыптаудың сілтілік әдісіндегі орынды реакциялардың теңдеуін жазып көрсетіңіз.
Мыс-аммиакты талшықтарды алу өндірісі целлюлозаның куприаминогидратпен комплексті қосылыстар түзуіне негізделген. Өнеркәсіпте мыс-аммиакты ерітінділерді екі әдіспен алады: гидроксид арқылы жіне мыстың негізгі тұзы арқылы. Аммиактың концентрлі ерітіндісін мыс гидроксидіне қосқан кезде негізгі тұз – куприаммингидрат түзіледі. блок. 1 сұрақ Жіпті иіру схемасын құрыңыз. - student2.ru Аммиактың концентрлі ерітіндісін мыстың негізгі тұзымен әрекеттестіргенде куприаммингидраттан басқа куприамминсульфатқұрамды комплексті қосылыс түзіледі:

блок. 1 сұрақ Жіпті иіру схемасын құрыңыз. - student2.ru

Целлюлозамен реакцияға тек түседі. Мысты толық қолдану үшін куприамминсульфатты куприаммингидратқа айналдыру керек. Ол үшін целлюлоза еруінің бірінші сатысы аяқталғаннан кейін күйдіргіш натр қосады.

блок. 1 сұрақ Жіпті иіру схемасын құрыңыз. - student2.ru

Өнеркәсіпте мыс-аммиакты талшықты екі ванналы әдіспен алады. 1-ваннада целлюлоза қоспалары куприаммингидратпен отырғызады. Целлюлозаның куприаммингидратпен әсерлесу өнімі тек аммиак концентрлі ерітіндісінде ериді, сондықтан иіргіш ерітііндіні сумен сұйылту кезінде бұл қосылыс отырып, біртіндеп схема бойынша ыдырайды.

блок. 1 сұрақ Жіпті иіру схемасын құрыңыз. - student2.ru

2-ваннада осы қосылыстың ыдырауы жүреді, яғни, целлюлоза регенерацияланады

Наши рекомендации