Нейро-эндокриндік жүйесі.

Status praesens

Науқастың сана-сезімі дұрыс. Дене құрылымы астеникалық.Тері қабаттары құрғақ,бозғылт сары түсті, жылы, эластикалығы жақсы. Ерні ашық қызыл түсті,бет терісінің капиллярлары,кеуде және құрсақ тамырларының кеңеюі.Шаштың түсуі байқалады.Иық белдеуі бұлшық етінің атрофиясы. Көздің склерасы аздап бозарған.Теріасты май қабаты біртекті жайылған, тері қыртысының қалыңдығы кіндік аймағында 1 см сәйкес келеді.Қарағанда лимфа түйіндері пальпацияланбайды.Бұлшықеттері жақсы дамыған. Буындары дұрыс пішінді. Осы аймақтарда терісі қалыпты.Буындарды сипағанда ісіну, деформация, ауырсыну байқалмайды.

Тыныс алу жүйесі.

Ауыз арқылы тыныс алады, себебі мұрынның қисаюымен байланысты, Кеуде жасушасы астеникалық пішінді деформациясыз.Кеуденің оң және сол жақ бөліктері симметриялы.

Тыныс алуы-аралас. Кеуде жасушасының оң және сол жақ бөліктері тыныс алуға қатысады. Тыныс алу жиілігі-20 рет 1 минутына. Ритмі дұрыс.Пальпацияда ауырсыну байқалмайды. Кеуденің эластикалығы қалыпты. Дауыс дірілі өзгермеген. Салыстырмалы перкуссияда кеуде жасушасының симметриялық аймағына өкпенің ашық дыбысы.Перкуторлық дыбыстың ошақтық өзгерістері сол жақ өкпенің жоғарғы бөлімінде анықталады.

Топографиялық перкуссия.

Оң жақ өкпенің төменгі шекарасы:

L. parasternalis-6 қабырғаның жоғарғы қыры

l. medioclavicularis-6 қабырғаның төменгі қыры

l. axillaris anterior-7 қабырға

l. axillaris media-8 қабырға

l. axillaris posterior-9 қабырға

l. scapularis -10 қабырға

l. paravertebralis-11 кеуде омыртқасының қылқанды өсіндісі

Сол жақ өкпенің төменгі шекарасы:

L. parasternalis------

l. medioclavicularis------

l. axillaris anterior-7 қабырға

l. axillaris media-8 қабырға

l. axillaris posterior-9 қабырға

l. scapularis -10 қабырға

l. paravertebralis-11 кеуде омыртқасының қылқанды өсіндісі деңгейінде

Өкпенің жоғарғы шекаралары:

Алдынан бұғанадан 3 см жоғары

Артынан 7 мойын омыртқасының қылқанды өсіндісі деңгеінде

Өкпенің төменгі шегінің эксскурсиясы

Оң өкпенің төменгі шегінің активті қозғалғыштығы қолтық асты ортаңғы сызығымен: Тыныс алғанда 4 см Тыныс шығарғанда 4 см

Сол өкпенің төменгі шегінің активті қозғалғыштығы қолтық асты ортаңғы сызығымен:Тыныс алғанда 4 см Тыныс шығарғанда 4 см

Аускультацияда өкпе үстінде везикулярлық тыныс.Қосымша сырылдар, крепитация, плевраның үйкеліс шуы естілмейді.Бронхофанияның күшеуі анықталмайды.

Ан айналым жүйесі

Сырттан қарағанда жүрек аймағы ұлғаймаған. Жүрек ұшы түрткісі бұғана орта сызығымен бесінші қабырға аралықта 1 см сыртқа қарай пальпацияланады.Эпигастри аймағында пульсация анықталмайды.

Жүректің қатаңдау дыбыс шекарасы:

Оң- 4 қабырға аралық оң жақ төс қырынан 1 см сыртқа,

Жоғары- 3 қабырға аралық сол жақ төс маңы сызығы

Сол- бұғана орта сызығымен 5 қабырға аралығы

Жүректің қатаң дыбыс шекарасы:

Оң- төстің сол жақ қыры

Жоғары- 4 қабырғаға сәйкс келеді

Сол- қатаңдау жүрек шекарасынан 1 см ішке тұйықталуға қарай

Тамыр шоғырының ені 4 см

Аускультацияда жүректің тондары әлсіреген, дұрыс ритмді.Жүректің соғу жиілігі- минутына 76 рет. Пульсі ритмді, минутына 70 рет. Қан қысымы оң қолда 140/90 сын.бағ., сол қолда 140/90 сын.бағ..

Асқорыту жүйесі.

Жұтыну актісі жеңіл, ауырсынусыз. Ауыз қуысының шырышты қабаттары қызыл шырайлы ,шіріген тістері бар.Тілі ақшыл-қызыл, ылғалды, түбірі ақ қабықпен қапталған,тілде тістердің ізі анықталмайды. Іші ұлғаймаған, симмерриялы . Іштің перкуссиясында тұйықталу жоқ. Беткейлік бағдар бойынша іші жұмсақ , ауырсынусыз.Зерттегенде алдыңғы іштің қабырғасында нәзік жерлерде ( кіндік сақинасы,іштің ақ сызығының апоневрозында,шат аймағында) өзгерістер жоқ.Терең сырғымалы методикалық пальпацияда Образцов-Стражеско-Ваниленко әдісі бойынша мынандай нәтижелерге қол жеткіздік.Сигма тәрізді ішек: сол жақ бүйір аймақта l.umbilicoiliaceae sinistra ортаңғы және сыртқы үшіншіде бірінде 15 см, цилиндр пішінді, диаметрі 2 см, тығыз эластикалық консистенциялы, беті тегіс, ауырсынусыз.Соқыр ішек: оң жақ бүйір аймақта l.umbilicoiliaceae dextra сызығының ортаңғы және сыртқы үшіншіде пальпацияланады, ауырсынусыз, әлсіз шұрыл,диаметрі 2 см, тығыз консистенциялы, беті тегіс, қозғалмалы 1 см аралығында. Жіңішке ішек: жіңішке қабырғалық цилиндр түрінде 15 см аралықта сипағанда білінеді, диаметрі 1 см, жұмсақ эластикалық консистенциялы,ауырсынусыз, пальпацияда перистальтикасы жақсы білінеді,шұрыл естіледі.Өрлемелі тоқ ішек:оң жағында пальпацияланады,ауырсынусыз, диаметрі 1,5 см, тығыздау консистенциялы, беті тегіс, қозғалмалы 2 см аралығында, шұрыл естілмейді.

Көлденең тоқ ішек: кіндікдің деңгейінде орналасқан,көлденең орналасқан цилиндр тәрізді пальпацияланады, қозғалмалы ауырсынусыз, диаметрі 3 см, бірқалыпты тығыз консистенциялы, шұрылсыз.

Төмендемі тоқ ішек: сол жағында пальпацияланады,ауырсынусыз, диаметрі 1,5 см, тығыздау консистенциялы, беті тегіс, қозғалмалы 2 см аралығында, шұрыл естілмейді. Науқастың сол уақытта тамақтануына байланысты, асқазан пальпацияланбайды.Іштің аускультациясында қалыпты ішектердің перистальтикалық шуларын тыңдау аламыз.Бауырдың пальпациясында: тығыз, шеті үшкір, беті ауырсынусыз,;қабырға астына. Курлов бойынша бауырдың өлшемдері: 9-8-7.

Курлов бойынша көкбауырдың өлшемдері: тығыз консистенциялы,

шеттері жұмыр,ұзынынан 12 см, көлдеңінен 8 см. Нәжісі тұрақты, патологиялық қосындыларсыз.

Зәр шығару жүйесі.

Бүйректі жалпы қарағанда ешқандай патологиялық өзгерістер анықталмайды, бүйрек пальпацияланбайды.Пальпацияда жоғарғы және төменгі несепағар нүктелерінде ауырсыну байқалмайды.

Екі жағынан да тоқылдату симптомы оң. Пальпацияда қуық симфиздегі қасағадан шықпайды.

Нейро-эндокриндік жүйесі.

Науқас сана-сезімі қалыпты, айналадағы құбылыстарды айыра алады,барлық сұрақтарға дұрыс жауап береді. Дәм, иіс, көру, есту сезімдері өзгермеген. Ромберг жағдайында тұрақты.

Есте сақтау қабілетінің, сезімталдылықтың төмендеуі анықталмайды. Қалқанша безін пальпациялағанда ұлғаймаған.

I Алғашқы диагнозды негіздеу:

Науқаста жөтел қақырық бөлінумен жүретін. Тершеңдікке, кеудесінің ауырсынуына, аздап физикалық күш түскендегі ентігудің болуы сонымен қоса дене температурасының ұзақ уақыт субфебрильді болуы. Манту сынамасының оң нәтижелі болуына байланыты диспансерлік баұылауда болғанын ескере отырып мен алғашұы диагнозымды:сол жақ өкпенің инфильтративті туберкулезі, ыдырау фазасын қоямын.

Зерттеу жоспары:

1. Жалпы қан анализі

2. Жалпы зәр анализі

3. Биохимиялық анализ ( билирубин және оның фракциялары, жалпы белок және оның фракциялары, мочевина, креатинин,триглицириды, липопротеиндер фракциялары, зәрдің қышқылдығы,тиамин сынамасы).

4. Бактериограмма

5. Обзорлы рентгенограмма

6. Қандағы глюкоза мөлшері

Наши рекомендации