Асқазан мен 12 елі ішектің жара аурулары

Гастроэзоыагеалы рефлюкс ауруы

ГЭРА мен ЖИА екшеу диагностикасы:

Белгілер ГЭРА ЖИА
Жас Кез келген Жиі егде жас
Жыныс Еркектермен әйелдерде бірдей жиелікте кездеседі Еркектерде жиі кездеседі
Ауырғандықтың орны Жиі эпигастрий мен төстің төменгі үштен бірі мен семсер тәрізді өсіндіде Әдетте төс артында( жоғарғы үстен бірінде), сирек эпигастрий аймағы
Иррадиациясы Жауырын арасына, мойынға, төменгі жаққа, кеуденің сол жағына. Сол жақ қолға, сол жақ иыққа, сол жақ жауырынға.
Ауырғандықтың жұтынумен байланысы Байланысты болу мүмкін Байланысты емес
Ауырғандықтың тамақ ішумен байланысы Көбіне тамақ қабылдау кезінде, сирек – тамақтан кейін Жиі тамақтан кейін, көбіне тамақты мол ішкеннен кейін
Ауырғандықтың денеге күш түсумен байланысы Онша тән емес, кейбір науқастарда денеге күш түскенде пайда болады Денеге түскен күш көбейген кезде пайда болуы өте тән  
Диспепсиялық белгілер Тән Тән емес
ЭКГ Қалыпты күйде Ишемиялық өзгерістер (ST төменгоризонтальды ығысуы, теріс мәнді симметриялы T тісшесі)
ФГДС (алдында ЭКГ жасау керек) Эзофагит, өңештің кілегей қабығының эрозиясы, пепсиндік жара болуы мүмкін Өңештің кілегей қабығы қалыпты күйде

Жетекші симптом дисфагия болғанда ГЭРА қылтамақтан, өңеш ахалазиясынан, истериялық невроздан, өңеш дивертикулдарынан, склеродермиядан, төс артында орналасқан жемсаудан ажырата білу керек.

Қылтамақ үдемелі дисфагиямен, төс артының және семсер тәрізді өсінді аймағының ауыруымен, ісіктің көрші мүшелерге таралу белгілерімен ( дауыстың қарлығуы, медиастенит, плеврит, өңеш-бронх жыланкөзі), рак интоксикациясының белгілерімен сипатталады. Диагнозды рентгенологиялық тексерудің мәліметтеріне (өңеш шетінің тегіс еместігі, толу кемістігі, өңештің деконфигурациясы, кілегей бедерінің өзгеруі) , ЭФГДС, биопсияға қарап қояды.

Өңеш ахалазиясы жұтынған кезде кардияның рефлексті ашылуының болмауымен сипатталадды. Триада тән: дисфагия, тамақ регургитациясы, криз түріндегі, көбіне түнде төс артының ауруы. Ауырғандық өте қатты болады, арқаға, өңеш бойымен жоғары, мойынға жаққа тарайды. Ауырғандық бірнеше минуттан бірнеше сағатқа созылады. Екшеу диагнозына нитроглицерин қолданған фармакологиялық сынама көмектеседі: кардиалық сфинктер босап, барийдің асқазанға өтуін жеңілдетеді. Уақытша дисфагия жойылады. Диагноз қоюға фиброэзофагоскопия көмектеседі.

Истериялық неврозда төс артында бірдене тұрған сияқты болып көрінеді. Аурудың белгілерінің пайда болуы көңіл-күй күйзелістерімен байланысты болады. Истериялық неврозда сұйық тамақ жақсы өтеді, қою тамақ қиналып өтеді. Науқас адам тамақ қабылдаудан қорқады, сондықтан жүдейді. Истерияның басқа да белгілері болу мүмкін: ларингоспазм, бұлшықеттердің құрысуы. Диагнозды рентгенологиялық тексеру жолымен қояды.

Өңеш дивертикулдары. Дивертикулда болатын дисфагияда тамақ ауру адам денесінің белгілі бір қалпында жақсы өтеді. Пульсиондық дивертикулдарда тамақ регургитациясы болады, тракциялық дивертикулдарда регургитация сирек болады. Рентгенологиялық және фиброэзофагоскопиялық тексеру әдістері көмегімен дәлелденеді.

Склеродермияда өңештің зақымдануында дисфагия, төс артының ауруы, лоқсып құсу болады. Дисфагия жиі Шегрен синдромымен, терінің зақымдануымен (тері өте тығыз, ағаш тәрізді ісіну мен атрофиясы). Рейно синдроымен қоса кездеседі. Бет пішінінің өзгергені байқалады: бет пішіні маска тәрізді, мұрын қыры үшкірленген, еріндері жұқарып, ауыз тесігі тарылады. Өкпенің, перикардтың, бүйректердің зақымдануы мүмкін. Диагнозды биопсия тәсілімен дәлелдейді.

Төс артында орналасқан жемсауда дисфагиямен бірге қалқанша без функциялары бұзылуының белгілері болады. Төс артында орналасқан жемсау кейде күшенген кезде, жөтелгенде көрінетін болады. Диагноз қоюға рентгенскопия мен рентгенография көмектеседі: көкірек аралығының жоғарғы бөлігінде дөңгелек көлеңке көрінеді. Йод131 қолданып орындалған радиоизотопты сканерлеуде изотоп ісік аймағында жиналады және қалқанша безбен байланысты болады.

Асқазан мен 12 елі ішектің жара аурулары

Асқазан мен 12 елі ішектің жарасын клиникасында эпигастрий маңында ауырғандық болатын аурулардан айыра білу керек.

Асқазанның функциялық бұзылыстары. Науқасты нақтылап сұрастырғанда эпигастрий маңының аурының және оның өңеш бойының, тілдің ауруымен, тамақта бірдене тұрған сезімнің, респираторлыө белгілердің психогендік себебі болатынын анықтауға болады. Ауырғандық онша күшті болмайды, тамақ қөаблдаумен айқын байланысты болмайды, бірнеше минуттан бірнеше күнге дейін созылады. Тамақ және антацидтерді қабылдау ауырғанлықты тимайды, түңгі және аш қарынға ауыру болмайды. Пальпацияда барплық іш аймағы ауырады. Рентгенологиялық тексергенде асқазанның моторлы-эвакуациялық дисфункциясы анықталады. Эндоскопияда патология болмайды.

Созылмалы холецистит. Жиі толық келген, 40 жастан жоғарығ көп босанған әйелдер ауырады. Тесіп, жаншып ауыру болады, аурудың жараға тән ырғағы болмайды, майлы тамақтан кейін пайда болады, негізінде оі жақ қабырға астында орналасады, оң жақ жауырын аймағына тарайды, жиі диспепсиялық шағымдар болады. Дене қызуы көтеріледі. Өт қабы нүктесінде ауырғандық болады, оң мәнді френикус симптомы анықталады. 12 елі ішек қүрамының В порциясында лейкоцит көп болады. УДЗ: өт қабы қабырғасының қалыңдауы, жиырылуының бұзылуы.

Өт тас ауруында майлы тамақтан кейін, алкоголь қабылдағанда және тынышсыз көлікпен жүргеннен кейін оң жақ қабырға астының ұстама ауруы болады. Ұстамадан кейін сарғыштық пайда болады. УДЗ бен холецистограммада өт қабы мен өт жолдарында тас (конкременттер) бар екені көрінеді.

Созылмалы панкреатиттің жиі себебі – ішімдікті көп қабылдау, панкреатит жиі холециститпен қоса кездеседі. Ауырғандықтың сол жақ қабырға астында болуы тән, сонымен қатар эпигастрий аймағының ауырсынуы және «орама» ауырғандықтар болады. Ауырғандықтың туындауында майлы тамақ пен алкоголь түрткі болады. Ауырғандықтың жараға тән ырғағы болмайды. Жиі ұйқы без функциясының жетіспеушілік белгілері байқалады: жүдеу, панкреотогендік іш өту (креаторея, стеаторея), гипергликемия. Ұйқы безі тұсында ауырғандық анықталады. Қанда альфа – амилазаның, трипсиннің, қан сарысуы эластазасының, несепте – альфа амилазаның активтілігі көтеріледі. УДЗ-де ұйқы безі тінінің тығыздалуы, кейде панкреатолитиаз белгілері көрінеді.

Диафрагма жарығы. Эпигастрий мен семсерше тәрізді өсінді арасында болатын ауырғандық науқас адамның горизантальді күйінде және тамақтан кейін күшейе түседі, тік қалыпта жойылып кетеді, тамақтан кейін кекіру болады. Диагнозды науқас адамның горизантальді күйде басын төмен жіберіп жатқан қалпында асқазанды рентгенологиялық тексеру арқылы қояды.

Асқазан мен он екі елі ішектің симптоматикалық жаралары басқа ауыр аурулар фонында (миокард инфарктісі, қолқаның атеросклероз текті құрсақ бағанының стенозы, өкпенің созылмалы аурулары, бауыр циррозы, активті гепатит, уремия, панкреатит, ревматоидтық артрит, эритремия, гиперпаратиреоз, Золлингер-Эллисон синдромы), экстремальды жағдайларда (жарақат, күю, операция) және «ульцорегендік» дәрілерді (стероидтар, аспирин т.б.) қабылдау және басқа жағдайларда туындайды. Симптоматикалық жараға жедел даму (жедел жаралар), асқазанның кілегей қабығының көптеп зақымдануы, жаралардың асқазанда басым орналасуы, жараның көлемінің аумақты болуы, клиникалық белгіліерінің айқын еместігі және қан кетуге бейімділік тән болып келеді.

Наши рекомендации