Тәжірибелік жұмыс.

№ 1 тапсырма. Гормондардың көмірсу алмасуыны тигізетін ықпалының кестесін құру. Сонда демейтін ықпалы (+) тежейтін ықпалды (-) ешқандай әсері болмаса (0)-мен белгілейді
Гормондар Гликогенолиз Гликогенез Глюконеогенез Гликемия Қосымша ықпалдар
Инсулин          
Глюкагон          
Адреналин          
Глюко кортикоидтар          
АКТГ          
СТГ          
Тироксин          
             
№ 2 тапсырма. Ақ тышқандарда гипогликемиялық команың үлгісін алу, оның дамуын бақылау.

Әдісі: Тәжірибе үш тышқанға жасалады. Екі тышқанның әрқайсысына инсулин 1-2 бірлік мөлшерінде енгізіледі. Олар банкаға отырғызылады. Бақылау тышқан бөлек ыдысқа отырғызылады. Екі ыдыс жылы жерге қойылады. Жануарларды бақылайды. 40 минуттан соң тәжірибелік тышқандарда гипогликемиялық команың белгілері байқала бастайды (дене қалпы әдеттен өзгеше, тыныс жиілеген, қозғалыс үйлесімдігі бұзылған). Сол кезде тәжірибелік тышқанның біреуіне іш қуысына 1,0-1,5 мл 10% глюкоза ертіндісін жіберіп, екі тәжірибелік тышқандарды салыстырып, бақылауды жалғастырады. Бақылау аяқталған соң жануарлар жағдайының айырмашылығын түсіндіреді, қорытынды жасалады.

№3 тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу

№ 1 есеп.1-сынып оқушысында дене шынықтыру сабағынан 100 м-ге жүгіруден кейін, өздігінен қайтқан тырыспа-селкілдек және әлсіздік ұстамасы дамыды. Тырыспалар «жарылыс сипаттағы» кез-келген физикалық жүктемелерге қайталанады. Инсулин сөлденісі мен ҚПГ деңгейі қалыпты, физикалық жүктемеден кейін сүт қышқылының деңгейі өзгермейді. Бұлшықеттік биоптатты бояғанда және электрондық микроскоппен қарағанда сарколемманың астында және миофибрилдердің арасында гликогеннің жиналғанын көреміз. Науқастардың бұлшықеттерінде фосфорилаза ферментінің белсенділігі қалыптағыдан 10% төмен болады. Әлсіздік және тырыспа-селкілдек ұстамасынан кейін зәрде миоглобин анықталады.

Сұрақтар:

1. Ұстамалардың себептері қандай болуы мүмкін?

2. Науқасқа қандай ұсыныстар беруге болады?

№ 2 есеп. Клиникаға түскен емшек жасындағы екі монозиготты егіздерде бауырдың ұлғайғаны (гепатомегалия), ашқарынға қан плазмасындағы глюкозаның (ҚПГ) деңгейі төмендегені (гипогликемия) байқалды. ҚПГ мөлшері адреналин енгізгенге шамалы жоғарылайды. Бауыр жасушаларында фосфорилаза деңгейі күрт төмендеп, гликоген мөлшері жоғарылаған.

Сұрақтар:

1. Егіздерде қандай дерттік үрдіс дамыды?Жауапты негіздеңіз.

2. Осы дерттік үрдістің мүмкін болатын себептері қандай?

3. Гепатоциттерде осы дерттік жағдайдың түзілу тетіктері қандай?

4. Гепатомегалия, гипогликемия және адреналинге әлсіз гипергликемиялық әсердің даму тетіктері қандай?

№3 есеп. 72 жастағы артериалық гипертензиямен зардап шегетін науқас Б.,, соңғы екі жыл ішінде аяқтарындағы мұздау, жансыздану және жүрген кездегі сосын тыныштық жағдайында мазалайтын (көбінесе түнде мазалауға байланысты, ұйқысы да бұзылды) балтыр бұлшықеттеріндегі ауыру сезіміне шағымданады. 6-шы айында оң сирағында емге берілмейтін және ауырмайтын жара пайда болды. Науқас дәрігердің қабылдауында жоғарыда аталған шағымдарға, сонымен қатар аузының құрғауына, қатты шөлдеу сезіміне, жиі және көп мөлшерде кіші дәретке шығатынын айтты.

Қарап тексергенде: сирақ терісі құрғақ, бозғылт, ұстап көргенде суық. Артерияларды (табан, шап) сипап қарағанда пульсі білінбейді. Қан талдауында: холестерин, фибриноген, тромбоцит деңгейлері жоғарылаған, ашқарынға ҚПГ деңгейі 8 ммоль/л.

Сұрақтар:

1. Осы науқаста көмірсу алмасуының бұзылысы бар екенін болжауға болады ма ?

2. Ангиопатия дамуы мен көмірсу алмасуының бұзылысы арасындағы патогенездік байланысы қандай?

№ 4 есеп. Ішімдік көп ішетін 45 жастағы науқас соңғы айларда әлсіздік, бас айналу, шөлдеу сезімін байқады. Олар таңертеңгілік уақыттарда айқын білінеді (әсіресе таңғы ас ішпегенде). Әдетте әлсіздікті ішімдік ішумен байланыстырады. Алдыңғы кеште психоэмоциялық жан күйзеліске ұшырады (отбасылық жағдайлар). Таңертең ентігу, күрт әлсіздік, тершеңдік байқады. Көлікте есін жоғалтты.

«Жедел жәрдем» бригадасы шақырылды. Науқасты тексергенде тері жабындылары бозғылт, АҚ 70/45 мм сын.бағ., тахикардия (минутына 120 соққы), тыныс алудың бұзылысы (Чейна-Стокс тынысы дамыды). Науқас ауруханаға жатқызылды.

Сұрақтар:

1. Жағдайды анықтау үшін қандай қосымша тексерулер қажет?

2. Науқаста көмірсу алмасуы бұзылысының қандай түрі дамыды? Науқаста кома және дерттің осы түрінің дамуында әлкөгөлдік уланудың маңызы қандай?

3. Осы дертті қандай жағдайлармен ажыратуға болады?

№ 5 есеп. 60 жастағы науқас аурухананың қабылдау бөліміне ес-түссіз күйде жеткізілді. Қасына еріп келген туысқанынан сұрау барысында науқастың ұзақ уақыт бойы ҚД-мен зардап шегетіні, қант деңгейін төмендететін дәрілердің аз мөлшерін қабылдайтыны және тұрақты шөлдеуге, жиі, көп кіші дәретке шығатыны анықталды. Қарап тексергенде: тері жабындылары құрғақ, көз алмасының межеқуаты және тері тургоры төмендеген, тынысы жиі, беткей, пульсі — 96, АҚ — 70/50 мм сын. бағ., ауық-ауық бет және аяқ-қол бұлшықеттерінің тырыспалық жиырылулары байқалады. Қанның жедел талдауы айқын гипергликемияны көрсетті (17 ммоль/л, рН –7,32, СҚ — 3,2 ммоль/л

Сұрақтар:

1. Науқаста қандай жағдай дамыды? Жауабыңызды негіздеңіз.

2. Осы жағдайдың негізгі патогенездік тізбегі қандай? Науқастағы қандай әйгіленімдер сіздің ойыңызға сәйкес келеді?

3. Осы жағдайдың емдеу ұстанымдары қандай? Жауабыңызды негіздеңіз.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 130 - 139.

2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 52-60.

3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 251-269.

4. Патологиялық физиология боинша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 163 – 174

Қосымша

5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 228-238.

6. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 271-293.

7. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 266-301.

8. Г.В.Зайчик и др. Основы патохимии. – М: Медицина, 2000.

9. Вагнер Ф., Роусс Г. Введение в клиническую биохимию. Санк-Петербург,1998- 402с.

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ

1. Көмірсудың ыдырауы және сіңірілуінің бұзылуы байқалады (4)

a) аш ішектің шырышты қабығының қабынуында

b) фосфорлану және қайта фосфорлану үрдістерін бөгейтін уыттар әсер еткенде

c) ішек қабырғасының қанмен қамтамасыз етілуі бұзылғанда

d) сахараза, мальтаза, лактаза белсенділігі төмендегенде

e) липаза белсенділігі төмендегенде

2. Бауырда гликогенолиздің күшеюі байқалады (6)

A) ОЖЖ қозғанда

B) гликогеноз кезінд

C) ауыр дене жұмысы кезінде

D) адреналин өндірілуі жоғарылағанда

E) симпатикалық жүйке жүйесі белсенділенгенде

F) гипоксия кезінде

G) қызба кезінде

4. Гликоген түзілуінің төмендеуі байқалады (5)

a) гепатоциттер бүлінгенде

b) төртхлорлы көміртегімен уланғанда

c) гипоксия кезінде

d) қантты диабетте

e) тиреотоксикозда

f) инсулиномада

5. Бауырда гликогенез гликогенолизден басым болады (1)

A) гипоксия кезінде

B) гепатиттерде

C) бауыр беріштенуінде

D) қызбада

E) гликогеноздарда

5. Гликогеноздың I түріне (Гирке ауруына) тән (5)

a) глюкозо-6-фосфат дегидрогеназа ферментінің тапшылығы

b) глюкозо-6- фосфатаза ферментінің тапшылығы

c) гепатонефромегалия

d) гипогликемия

e) кетоз

f) қанда сүт қышқылының көбеюі

g) гипергликемия

6. Көмірсудың аралық алмасуының бұзылуы артық түзілуіне әкеледі (2)

a) кетондық денелердің

b) БМҚ

c) лактаттың (сүт қышқылының)

d) галактозаның

e) пируваттың (пирожүзім қышқылының)

7. Гиперлактатацидемияның патогенезінде маңызы бар (4)

a) гликогенез күшеюінің

b) гликогенолиз жоғарылауының

c) анаэробтық гликолиз белсенділенуінің

d) Кребс оралымында тотығудың бұзылуының

e) В1 витаминінің тапшылығының

f) бауыр қызметінің бұзылуының

8.Сәйкестікті тап :

1.Жедел гипогликемияның себептері (2)

2.Созылмалы гипогликемияның себептері (6)

A) ауыр дене жұмысы

B) инсулинді артық енгізу

C) инсулинома

D) көмірсулық ашығу

E) гликогеноздар

F) бүйректік диабет

G) созылмалы гепатит

H) бүйрек үсті безінің созылмалы жеткіліксіздігі

9. Гиперинсулинизм кезіндегі гипогликемияның патогенезінде маңызы бар (4)

A) жасуша мембраналары арқылы глюкоза тасымалдануы тежелуінің

B) жасуша мембраналары арқылы глюкоза тасымалдануы белсенділенуінің

C) гликогеногенез белсенділенуінің

D) гликогенолиз тежелуінің

E) глюкоза тотығуы баяулауының

F) глюконеогенез тежелуінің

10.Гипогликемияға тән (5)

A) тершеңдік

B) әлсіздік

C) аштық сезім

D) жұмысқа қабілеттіліктің жоғарылауы

E) бұлшық еттік діріл

F) қанның гипоосмиясы

11. Гипогликемиялық кома патогенезінің негізгі тізбегі (1)

A) мый нейрондарының көмірсулық және қажымдық «ашығуы»

B) миокардтың көмірсулық «ашығуы»

C) қанның гиперосмиясы

D) теңгерілмеген кетоацидоз

E) сүт қышқылының жиналуы

12. Глюкозурия байқалады (3)

a) қантты диабетте

b) қантсыз диабетте

c) Фанкони синдромында

d) гиперлипидемияда

e) гиперлактацидемияда

f) бүйрек жеткіліксіздігінде

13.Эмоциялық гипергликемияның патогенезінде маңызы жоғары (1)

a) бүйректе глюкозаның кері сіңірілуі жоғарылауының

b) гликогеногенез жоғарылауының

c) глюконеогенез тежелуінің

d) жасушамен глюкозаны пайдалану бұзылуынның

e) гликогенолиз күшеюінің

f) глюконеогенез күшеюінің

14. Ауқаттық гипергликемияға тән (4)

a) тамақтан соң 30 - 60 минут кейін дамиды

b) екі сағат бойы сақталады

c) гипергликемияның деңгейі «бүйректік межеден» жоғары емес

d) тамақтан соң екі ағаттан кейін пайда болады

e) глюкоза деңгейі 3 сағаттан соң қалпына келеді

f) глюкозаға шыдамдылықтың бұзылуын анықтау үшін қолданылады

15. Гормондық гипергликемия пайда болады (5)

a) глюкокортикоидтар сөлденісі жоғарылағанда

b) адреналин сөлденісі жоғарылағанда

c) глюкагон сөлденісі жоғарылағанда

d) соматотропин сөлденісі жоғарылағанда

e) инсулиннің тапшылығында

f) тиреоидты гормондардың (Т3, Т4) тапшылығында

16. Ұйқыбездік инсулиндік жеткіліксіздік дамиды (1)

a) қанда инсулиннің антиденелермен бөгелуінде

b) инсулин плазмалық нәруздармен берік байланысқанда

c) Лангерганс аралшықтарының бета-жасушалары бүлінгенде

d) инсулинге қарсы гормондардың сөлденісі жоғарылағанда

e) бауыр инсулиназасының белсенділігі жоғарылағанда

17. Ұйқыбездік инсулиндік жеткіліксіздікке әкелуі мүмкін (5)

a) инсулинге антиденелер түзілуі

b) ұйқы безінің қан тамырларының атеросклерозы

c) пурин алмасуының (аллоксан жиналуы) бұзылу

d) организмде цинк иондарының тапшылығы

e) Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларына аутоантиденеледің түзілуі

f) панкреатит

18. Ұйқыбезінен тыс инсулиндік жеткіліксіздіктің патогенезінде маңызы бар (4)

a) Лангерганс аралшықтарының бета-жасушалары бүлінуінің

b) инсулиннің нәруздармен берік байланысуының

c) бауыр инсулиназасының белсенділігі жоғарылауының

d) инсулиндік рецепторларов бөгелуінің

e) қанда бос май қышқылдары көбеюінің

f) инсулин түзілуінің тектік ақауының

19. Ұйқыбезінен тыс инсулиндік жеткіліксіздік, салдары болуы мүмкін (3)

A) қанның протеолиздік ферменттерінің мөлшері жоғарылауының

B) ұйқы безінің өспелермен зақымдануының

C) панкреатитті бастан кешірудің

D) инсулинге қарсы гормондардың(АКТГ, СТГ, глюкокортикоидтар) мөлшері жоғарылауының

E) Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларына аутоантиденелер түзілуінің

Ғ) инсулинге қарсы антиденелер түзілуінің

20. Тәуліктік диурез - 3500 мл, қанда қант мөлшері - 3,3 ммоль/л, несепте глюкоза мөлшері - 1 ммоль, несептің салыстырмалы тығыздығы– 1030.

Сіздің тұжырымыңыз:

A) қалыпты

B) қантты дибет

C) қантсыз диабет

D) бүйректік глюкозурия

Наши рекомендации