Клиникалық жағдайы бойынша жауап нұсқасы

Оқу жылындағы «Жалпы тәжірибелі дәрігер» дайындау

бағыты бойынша 7 курс интерндердің

Ортынды мемлекеттік аттестацияның медициналық симуляциялар сценариі

(2 этап – клиникалық дағдыларды бағалау, «Шұғыл көмек»)

Клиникалық жағдай: «Жоғарғы тыныс жолдарының жедел өткізгіштігінің бұзылуы кезіндегі көмек»

ЖТД мен терапевт дәрігерлерге арналған жағдай:Сіз жедел жәрдем дәрігерісіз.Жоғарғы тыныс жолдарының жедел өткізгіштігі бұзылған науқасқа шақырды. Қарап тексергенде науқас ессіз, бет-әлпеті көкшіл, тынысы жоқ, тамыр соғысы әлсіз.

Шұғыл түрде көмек көрсетіңіз

Хирургтар мен акушер-гинеколог дәрігерлерге арналған жағдай: Сіз қабылдау бөлімшесінің дәрігерісіз. Сізге жоғарғы тыныс жолдарының айқын ісінуі бар науқасты жеткізді. Интубацияға келмейді. Қарап тексергенде науқас ессіз, бет-әлпеті көкшіл, тынысы қатты қиындаған, тамыр соғысы әлсіз.

Шұғыл түрде көмек көрсетіңіз

«Жоғарғы тыныс жолдарының жедел өткізгіштігінің бұзылуы кезіндегі көмек»

клиникалық жағдайы бойынша жауап нұсқасы

Қадамдар Жауап нұсқасы
1. Науқасты манипуляцияға дайындады Науқасқагоризотальды қалып беріңіз,жауырын астындаваликті қойыңыз, бастымаксимальды түрдеартқажатқызыңыз.
2. Надел стерильные перчатки   Қажетті құралдарын дайындады. Стерильді қолғапты кию техникасы: · залалсыздандырылған медициналық қолғабты алу, ашу; · оң қолдың қолғабын бүктеулі жерінен алу, саусақтарыңыз қолғабтың ішкі жағына тиіспеу керек; · оң қолдың саусақтарын жиып, қолғабқа кіргізу; · қолғабты киді, бүгілген жерін бұзбай, саусақтарын созды; · сол қолға арналған қолғабты оң қолдың екінші, үшінші, төртінші саусақтарымен бүгілген жерінен алды (қолғабта), саусақтарыңыз қолғабтың ішкі жағына тиіспеу керек; · сол қолдың саусақтарын жиып, қолғабқа кіргізу; · бүгілген жерді алғаш сол қолғабта, содан кейін оң қолғабта жазды. Қажет құралдарын дайындады: - Бір рет пайдаланылатын қолғаб; - 70% спирт ерітіндісі; - Труссо кеңейткіші; - трахеостомикалық канюля (коникотомиялық түтік); - скальпель; - басы иілген қысқыш; - трахеальды ілшек; - қайшы; - қажетсіз материалға арналған пластикалық пакет; - бинт (орташа); - медициналық мақта; - лейкопластырь; - фонендоскоп.
3. Ота жасалатын жерді өңдеу   Коникалық байламды пальпациялап тапты Мойынның алдыңғы бетінің терісін70% спирт ерітіндісімен сүртті. Пинцетпен мақталы шарикті алып, спиртке салып, ортаңғы сызық бойынша вертикальды сызықпен төмен өделетін қозғалыспен сүрту керек, сосын сондай қозғалыстармен ота жасалатын орынның перифериясында өңдеу керек. Өңдеуді 2- 3 рет қайталауға болады. Қалқанша шеміршегін доминантты емес қолының үлкен және орташа саусақтарымен пальпациялап тауып, ұстап тұр. Сұқ саусағымен қалқанша шеміршегі мен сақинатәрізді шеміршектің ортасындағы коникалық байлам –мембрананы пальпациялап тауып алды (осы мембрананың үстінен тілу қажет болады). Сұқ саусағымен кадыктан (ер кісілердегі «Адам алмасы») орташа сызықтықың бойымен төмен қарай сырғып түсті. Қалқанша шеміршегі мен сақинатәрізді шеміршектің ортасындағы шұңғыл жер осы байламның проекциясы болып табылады.
4. Скальпельмен теріні және тері асты шел майын тілді - Доминантты қолмен скальпельді ұшынан екі сантиметр жоғары жерден ұстады (трахеяның артқы қабырғасын перфорациядан қорғау үшін) - Мойынның ортаңғы сызығының бойымен тері мен тері асты шел майын 2,5 см шамасында вертикальды тілді. (жоғарыдан төмен қарай немесе төменнен жоғары қарай). - Қысқыштың иілген ұшымен шел майды ажыратты.
5. Қалқанша шеміршегі мен сақинатәрізді шеміршектің арасындағы шұңғыл жерді пальпациялап, коникалық байламмен жабылған жерді тілді - Қалқанша шеміршегін ұстап тұрып, доминантты емесқолының сұқ саусағын жараға енгізді,коникалық байлам –мембрананы тауып алды. - Доминантты коникалық байлам-мембрананың үстінен көлденең тілім жүргізді. Скальпельді қолына ұстағанда, жұмысқа арналған скальпель аймағы бар болғаны 1,3 см қалу керек. - Тілімді латералды екі жағынан кеңейтті. Коникалық байламның тілімі 1,3 см аспау керек. Егер интерн трахеяға кіргенде науқас дем алса, онда ауаның ағымы естіледі. (Трахеяға кірген кезде скальпельді тілімде сақтаңыз, өзге жағдайда тілімді жоғалтып аласыз). - Трахеалды ілгекті алғашында ілгегімен тілімге параллель бағытта қойды. - Трахеяға кіргеннен кейін ілгек жағымен қалқанша шеміршегінің жағына қарай бұрды ( тілімнің дистальды жағына қарай) және көмейді тарту үшін айтылған шетінен тартты. - Скальпельді шығарып алды.
6. Жараның шеттерін бір бірінен ажыратып, трахеостомикалық канюляны енгізді - Тілімнің шеттерінТруссо кеңейткішімен ашып, коникалық мембрананы вертикальды кеңейтті - Трахеостомикалық канюляныенгізді.Канюля Труссо кеңейткіштерінің ортасымен тілімге кесе көлденең енгізіледі. - Труссо кеңейткішін тыныс түтігімен бірге бұру. Кеңейткіштің тұтқасы төске қарап тұру керек. - Содан кейін Труссо кеңейткішін алып тастады, ал тыныс түтікшесі трахеяға енді.
7. Канюляның орналасуын бағалап, өкпенің желденуін тексерді Канюляның орналасуын бағалап, өкпенің желденуін тексерді. (Манипуляция дұрыс жүргізілсе конюля арқылы ауа ысқырықты кіріп шығады, муляжда –«түсіп кеткендей» сезім байқалады.)
8. Канюляны бекітіп, асептикалық таңғы салды Канюляны бекітіп, асептикалық таңғы салды

Жағдайды жабдықтандыру:

1. 70% спирт ерітіндісі, 50 мл; 2. Бір рет пайдаланылатын қолғаб; 3. Скальпель үшкір ұшты; 4. Скальпель брюшистый; 5. Труссо кеңейткіші; 6. Ұшы иілген қысқыш; 7. трахеальды ілшек; 8. медициналық мақта; 9. қайшы; 10. қажетсіз материалға арналған пластикалық пакет; 11. бинт (орташа); 12. лейкопластырь (2*500 см); 13. Люэр конюлясы, трахеостомикалық канюля (коникотомиялық түтік); 14. Коникотомияны жүргізуге арналған манекен; 15. фонендоскоп  
 

Наши рекомендации