Клиникалық диагностикасы. Кез келген этиологиялы шок перифериялық қанайналымның бұзылу фазасымен дамиды

Кез келген этиологиялы шок перифериялық қанайналымның бұзылу фазасымен дамиды, дегенмен шоктың нақты себебі осы фазалардың бір-біріне қатынасына және фазалардың арасындағы ұзақтығына байланысты.Шоктың ерте (теңгерілетін) фазасы балаларда тахикардия мен қалыпты немесе аздап АҚҚ жоғарылауымен, терінің бозаруы немесе «мәрмәр түстес» болуы, аяқ қолдардың мұздауы, ерін мен тырнақ қасықшаларының цианоздық боялуымен, диурезбен көрініс береді. Есі анық кейде қорқынық сезімі, психомоторлық мазасыздану.
Шоктың айқын фазасында бала тежелген, систолық АҚҚ 60 мм сын.бағ төмен, пульс жіп тәріздес, тахикардия 150 дейін, тахипное, жедел терінің бозаруы, айқын акроцианоз, олигурия.
Кеш (декомпенсациялық) фаза систолық АҚҚ 60 мм сын.бағ төмендеуі, терідегі және шырышты қабаттардың жайылған цианозы, «гипостаз», ануриямен сипатталады. Науқас селқоздық жағдайда, ешнәрсеге қатыспайды, естің бұзылуы тіпті кома жағдайына дейін дамуы мүмкін. Осы жағдайдан кейін агональді жағдайдың клиникасы дами бастайды.
Шок фазаларының реттілігі әрдайым бір қалыпты бақыланбау мүмкін. Кейде ерте фазадан белгілерінен кейін бірден кеш фазасы тіркеледі. Шоктың ерте фазасын анықтау «шокқа сақтықпен» қарауды, шоктың дамуына қауіп төндіретін патологиялық жағдайларды дұрыс клиникалық бағалауды талап етеді. Мұндай жағдайда шоктың түрлерін және түрлі қарқынының күшеюін ескеру қажет. Ерте фазасы қантамырлық генезді шокта айқын білініп, ал алғашқы гипотония кезінде аздап білінеді. Анафилактикалық шоктың ауыр ағымында сонымен қатар кенеттен басталған инфекционды-токсикалық шок формасында шоктың ерте фазасы мүлдем болмайды.
Жүргізілетін терапия шоктың түріне байланысты болып, негізгі ауруды қалпына келтіруге негізделген. Тез арада емді қажет ететін алғашқы кезекте қанайналымның декомпенсация сатысы болып табылады.Оған келесі белгілер жатады: терінің бозаруы, салқын жабысқақ тер, аяқ-қолдарының температурасының төмендеуі, жіптәріздес пульс, артериялық гипотензия, диурездің азаюы.
Жедел медициналық көмек көрсетудің педиатр тәжіребесінде ең жиі кездесетін шоктардың өзіндік ерекшеліктері бар. Токсикоз бен эксикоз кезіндегі гиповолемиялық шок, диебеттік кетоацидоздық комада, геморрагиялық, анафилактикалық, менингококцемия кезіндегі инфекциондық-токсикалық шоктарды сәйкес бөлімдерде жедел медициналық көмек көрсетеді. Бұл бөлімде жалпы шоктың барлық түрінде кездесетін алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

Жедел жәрдем:

1. Науқас аяқтарының 15-20 градус бұрышында көтерілген қалпында горизонтальді жатқызамыз.
2. Жоғары тыныс жолының еркін өтімділігін қамтамасыз етеміз.
3. Мұрын катетері немесе қатты жанасатын бетперде арқылы 100 % ылғалды оттегі береміз.
4. Мүмкіндігінше негізгі себепті жою(себепті аллергеннің енуін тоқтатамыз, сыртқы қан кетуді тоқтатамыз, ауырсыну сезімін басы, күштемелі пневмоторакс, перикардиальді тампонада және т.б)
5. Қанайналымның декомпенсация белгілерінде көктамырға катетор салып, өкпе ісіну белгілері болмаған жағдайда және ОВҚ төмен болуында инфузионды терапияны кристаллоидтармен (Рингер ерітіндісі, 0,9% натрий хлорид ерітіндісі) және каллоидты ерітінділір (реополиглюкин, полиглюкин, 5% альбумин).
Препараттың старттық таңдауын, ерітіндінін көлемі мен қатынасын шоктың патогенетикалық нұсқасына және негізгі ауруына байланысты жүргізеді. Инфузионды терапия АҚҚ, ЖСЖ, өкпенің аускультациясы мен, диурезді бақылай отырып жүргізеді.

Егерде осы көрсеткіштер жақсарса, тамыр ішіне ерітінділерді еңгізуді жалғастыру керек.

Егер де инфузионды терапия процессинді өкпеде сырыл пайда болса, тахикардия мен ентігу күшейсе тез арада инфузионды терапияны тоқтатып, коррекция жүргізу керек (өкпе ісінуі)

6. Инфузионды терапияны бастағаннан кейін артериялық гипотензия болса т/і допаминді 6-8-10мкг/кг дозада минут ішінде АҚҚ, ЖСЖ бақылай отырып енгіземіз.

Алдымен «матрицалық» ерітіндіні дайындау керек: фармакопиялық ерітінді (1 мл 40мг) 100 рет 10,мл 100 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісін 5% глюкоза ерітіндісімен араластыру. Бұл препарат тамыр ішіне тамшылатып инфузионды насос арқылы енгізеді. Дозасы (жылдамдық т/і енгізу) терапияның мақсатына және жеке адам басына тәуелді болып келеді. Ерітіндінің дозасы 0,3 мл/кг сағатына (1-2 мкг/кг мин) допаминнің перифериялық қантамырларын кеңейтетін эффектпен қамьамасыз етеді(диурезді жоғарылатады). Ерітіндінің 0,6 мл/кг сағатта (3-5 мкг/кг минутына) картиостимуляциялық эффект береді (қанның минуттық көлемін жоғарылатады), ал 1,2 мл/кг сағатына (8-10 мкг/кг минутына)- қантамыр тарылтатын эффект береді.

7. Ілеспелі жағдайлардың коррекциясын жасау керек (олар нақты анықталмаса да, бірақ болу қаупі жоғары болса) гипоглкемия т/і 20-40 % глюкоза ерітіндісін 2 мл/кг дозасында енгізу, метаболитикалық ацидозды қышқыл негіздік жағдайн бақылай отырып, бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі.
8. Қажет болған жағдайда жүрек-өкпе реанимациясы комплексін жүргізу.
Жансақтау бөліміне госпитализациялау.

Өкпенің кардиогенді ісінуі
_____________________________________________________________
Өкпе ісінуі (кардиогенді) - кіші қан айналым шеңберінде гипертензияға алып келетін және өкпенің іркілуімен жүретін үдемелі сол жақ қарыншаның жетіспеушілігімен сипатталатын критикалық жағдай.
_____________________________________________________________

жедел қарыншалық жетіспеушілігінің әсерінен дамитын өкпенің іркілуінің негізгі себептері:
1. Декомпенсация сатысындағы миокард аурулары (миокардит, әр түрлі генезді кардиомиопатиялар)

2. Жүрек ақау кезіндегі жүректің сол жақ бөлімдерінде гемодинамикалық күштеменің көлемінен: жүрекшелік және қарыншалық аралықтың дефекттері, ашық аорталық өзек, қолқалық және митральді қақпақшаның жетіспеушілігі.
3. Жүрек ақау кезіндегі жүректің сол жақ бөлімдерінде гемодинамикалық күштеменің қысымынан: қолқанық коарктациясы, митральді және қолқа қақпақшасының стенозы, гипертрофиялы кардиомиопатиялар; жүрек ісіктері, жүректің қатерлі гипертензиясы
4. Жүрек ырғағының бұзылысында (пароксизмді тахикардия, жыпылықты аритмия)

Наши рекомендации