Тақырып № 9. Өнеркәсіптік шаңның гигиеналық маңызы. Қолайсыз әсерлерінің алдын алу. - 3 сағат.

Мақсаты: Өндірістегі шаң шығаратын негізгі көздер мен олардың жұмысшыларға әсерінің сипаты туралы түсінік беру, осы факторлардың қауіптілік деңгейін бағалауды үйрету және жұмыс істеушілерге қолайсыз әсер етуінің алдын алу бойынша шараларды дайындау жөніндегі білімін қалыптастыру.

Міндеттері:

· шаңның жіктелуін; өндірістегі шаңның негізгі шығатын көздері жөніндегі білімін қалыптастыру;

· фиброгенді әсер ететін, шаңнан болатын ауруларды, олардың дамуына әкелетін өндірістер мен мамандықтар жөніндегі білімін қалыптастыру;

· ағзаға шаңның басқа түрлерінен: жалпы токсикалық, тітіркендіргіш, канцерогендік және мутагендік әсер етуден пайда болған аурулар жөніндегі білімін қалыптастыру;

· басым түрде фиброгенді әсер ететін және шаңның басқа түрлері әсер ететін шаңдарды нормалау қағидалары жөніндегі дағдыларды қалыптастыру;

· өндірістік шаңның қолайсыз әсерінің алдын алу шаралары жөніндегі дағдыларды қалыптастыру;

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Өндірістік шаң: көздері, жіктелуі, ағзаға әсері.

2. Ағзаға өндірістік шаңның қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі шаралар.

3. Жұмыс аймағындағы шаңды және оның дисперстілігін анықтау әдістері.

Оқыту мен сабақ беру әдістері:ситуациялық есептерді шешу, аспаптармен танысу;

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Гигиена / Под ред. акад. РАМН Г.И. Румянцева. - М.:ГЭОТАР Медицина,2000. – С.514-525.

2. Гурова А.И., Гурова О.Е. Практикум по общей гигиене. М. Изд. Университет дружбы народов , 1991.С.-158-162.

3. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., Зиневич Л.С. Гигиена и основы экологии человека. – Ростов н/Д: «Феникс».2002.- С.318-360.

4. Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека. – М.:ГОУ ВУНМЦ МЗ РФ, 2001.- С. 200-214, 226-235.

Қосымша:

1. Минх А.А. Общая гигиена. М.:Медицина,1984.-С. 268-274, 285-290.

2. Пивоваров Ю..П., Гоева О.Э., Величко А.А. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене - М. : Медицина, 1983 - С. 140-147.

3. Алексеев С.В., Усенко В.Р. Гигиена труда. М.: Медицина, 1988. С. 135-166, 176-195.

4. Приказ МЗ РК № 243 «О порядке проведения предварительных и периодических медицинских осмотров работников, подвергающихся воздействию вредных, опасных и неблагоприятных производственных факторов и определения профессиональной пригодности»

5. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене труда. /Под ред. В.Ф.Кириллова. – 2-е изд., перераб. и доп. -М.: Медицина, 2001. – С. 115-149, 171-188.

6. Румянцев Н.И. с соавт. Общая гигиена. - М.:Медицина,1985- С.385-391.

7. Руководство по гигиене труда (под ред. Н.Ф. Измерова), -М.: Медицина, 1987-С. 168-205

8. Санитарные правила и нормы по гигиене труда в промышленности, часть 1, Омск – ИПК «ОМИЧ», 1995, с.479.

Сұрақтар:

1. Бақылау:

1. Еңбек гигиенасы, міндеттері. Кәсіптік аурулардың алдын алудағы шараларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша санитарлық дәрігердің қолданатын тәсілдері мен амалдары.

2. Өндірістік шаң туралы түсінік.

3. Шығу тегі бойынша, түзілу әдісі бойынша, дисперстік құрамы бойынша өндірістік шаңның жіктелуі.

4. Шаңның физико-химиялық қасиеті оның гигиеналық маңызы.

5. Өндірістік шаңның ағзаға әсері.

6. Кәсіптік шаң аурулары. Пневмокониоздарджың жіктелуі.

7. Жұмыс аймағындағы шаңды және оның дисперстілігін анықтау әдістері.

8. Шаң ауруларының алдын алу шаралары:заңдылық, технологиялық, техникалық, санитарлық-техникалық (сонымен қатар, жеке басты қорғау заттары), емдік-алдын алу.

2. Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырма:

Тапсырма N 1. Ауадан сынама алу және шаңның концентрациясы мен дисперстілігін анықтау тәсілдерімен танысу.

Тапсырма №2.Жағдайлық есептер шешу.

· шаңның жіктелуін; өндірістегі шаңның негізгі шығатын көздерімен

· фиброгенді әсер ететін, шаңнан болатын аурулармен

· ағзаға шаңның басқа түрлерінен: жалпы токсикалық, тітіркендіргіш, канцерогендік және мутагендік әсер етуде пайда болған аурулармен

· өндірістік шаңның қолайсыз әсерінің алдын алу шараларымен

· жұмысшылар ағзасына шаңның қолайсыз әсерлерінің алдын алу бойынша шаралар ретін ұсыну

Жағдайлық есептер

Есеп

Жұмыс учаскесінің шаңдануын ауадан сынама алынды. Сынама алу уақыты 15 минут, жылдамдығы 10 л/мин таза фильтрдің салмағы (АФА-10)-35 мг, шаңмен фильтр салмағы 48 мг. Берілген учаскедегі шаңның концентрациясын есептеп, ШРеК-мен салыстыру керек.

Химиялық талдауда шаңда 62 бос кремнийдің қос тотығы, дисперстікке бағалауды шаңның мөлшері 40 % -2 мк дейін, 25 % – 5тен 10 мк дейін, 5 тен жоғары 5 мк.

Есеп

Сульфадиметоксин өндіретін химиялық-фармацевтикалық өнеркәсіптің ораушы және аппаратта істеу жұмыс орындарынан аудан сынама алынды. Ауада сынама алғанға дейінгі фильтр салмағы 0,156 мг, сынама алғаннан кейін –0,325 мг. Ауа жинау уақыты –20 минут, фильтр арқылы ауаны сору жылдамдығы 3 л/минут. Сульфадметоксиннің ШРеК-0,1 мг/м3 Технологиялық үрдістердің бұзылуына байланысты көптеген операциялар қолмен орындалады. Кезекті тексеру кезінде цехтік дірігер қан формуласын тексермеген. СЭС мәліметтері бойынша сульфодиметоксин 40 мг/м3 жетеді.

Есеп

Керамикалық қоспалар өндірісі цехының әртүрлі жұмыс орындарынан ауадан АФА –В-10 фильтрмен сынама алынды. Фильтрдің бастапқы орташа салмағы 0,15 мг, сынама алынғаннан кейін –0,155 мг; фильтрдің массасы арқылы ауа сору жылдамдығы 10 л/минут, сынама алу уақыты-50 минут. Өндірістік бөлме ауасында берилий және оның қосындылары шаңы болуы мүмкін

Есеп

Катодты түтіктер өндіретін цех бақылаушысы жұмыс орынан АФА-8-10 фильтрімен ауадан сынама алды. Фильтрдің бастапқы орташа салмағы 0,158 мг, сынама алығаннан кейін-0,163 мг, фильтр матасы арқылы ауаны сору жыдамыдығы 20 л/минут. Сынама алу уақыты –5 минут. Катодты түтікшелер өндіру кезінде жұмыс аймағы ауасына берилий түседі, берилийдің ауадағы ШРЕК-0,001 мг/м 3 .

Есеп

Қорғасын кенін вагондардан түсіру кезіндегі жүк тиеушілер жұмыс орынндағы ауадан сынама алынды. Сүзгінің алғашқы салмағы-0,143 мг, ауадан сынама алғаннан кейінгі салмағы-0,196 мг; фильтрдің матасы арқылы ауа сору жылдамдығы 20 л/мин. Сынама алу уақыты 5 минут. Жұмыс бөлмесі ауасындағы қорғасынның ШРеК-0,01 мг/м3 . Вагондардан түсіру жұмысы жартылай механикаландырылған, жүк тииеушілер жұмыс уақытының 60 % қажет.

Есеп

Синтетикалық препараттар мен өсімдік шикізатының галендік-ораушы фабрикаларында таблетка, драже, экстракт түрінде дәрілердің үлкен ассортименті шығарылады. Осы үрдістердің механизациясы мен автоматизациясы нашар сипатта, дәрілік түрлерді өңдеудің аяқталу жұмыстарында жұмыс орындары ауасының ластануы байқалады. Кейбір опалайтын заттарды қолдануды, мысалы, тальк шаңының жоғары концентрациялары пайда болады.

Сүзгілердің алғашқы салмағы 0,113 мг, ауа сынамасы алғаннан кейінгі фильтрлердің салмағы 2,116 мг. Фильтр матасынан ауа сору жылдамдығы 5 л/мин. Сынама алу уақыты-5 мин. Жұмыс бөлмелері ауасындағы тальк ШРЕК-ы 2,4 мг/м3 .

Есеп

Сульфаниламидтер өнідерітен химиялық-фармацевтикалық өндірісте ораушының жұмыс орнынан ауа сынамасы алынды. Фильтрдің алғашқы салмағы-0,387 мг, ауадан сынама алғаннан кейінгі салмағы-0,895 мг; фильтрдің матасы арқылы ауа сору жылдамдығы 10 л/мин. Сынама алу уақыты 15 минут. Жұмыс бөлмелері ауасындағы ШРЕК-ы 2,4 мг/м3 .

Есеп

Фармацевтік фабриканың ең шаң шығатын негізгі операцияларының бірі-аминазинді орап салу болады. Онда өнідірістік ортаның осы дәрілік препаратпен ауаны ластауы білінеді. Анықтау мақсатында ауадан сынама АМФ-В-10 фильтріне алынған.

Сүзгілердің алғашқы салмағы 0,104 мг, ауа сынамасы алғаннан кейінгі фильтрлердің салмағы 0,477 мг. Фильтр матасынан ауа сору жылдамдығы 10 л/мин. Сынама алу уақыты-5 мин. Бір қатар операциялар қолмен істеледі. Жұмыс бөлмелері ауасындағы аминазин ШРЕК-ы 2,4 мг/м3

Наши рекомендации