Некробактериоздің бактериологиялық зерттеу әдістері

Зерттеуге арналған материал:

Төлдің тұтас өліксесі, зақымданған тері аумақтарының бөлікшелері, тері астындағы ұлпалар, ас қорту ағзаларының кілегейлі қабықтары, қабынуға шалдыққан жекелеген мүшелер - көк бауыр, бүйректер, бауыр, жүрек, лимфа түйіндері,т.б.

Зерттеу әдістері     Нәтижелері      
Микроскопиялық зерттеу   Қоздырушы үрілген шар
(жағындыларды метилен көгін сияқты жуандаған тұстары бар
тамызғаннан кейін 3-4 минут жіп тәріздес көп   пішінді
спиртовканың жалынына таяқшалар,     кейде
кыздыру арқылы   немесе коккобактериялар   түрінде
Муромцев әдісімен, Грам кездеседі. Грам   теріс,
әдісімен, карболфуксинмен және түйіршікті, біркелкі емес
т.б. әдістермен бояуға болады) боялады      
Себінді жасау.     Қоздырушы   облигатты
Анаэробты орталар қолданады, анаэроб, Китт-Тароцци ортасы
рН көрсеткіш 7,4-7,6, Мартен лайлануы 48-96 сагаттан кейін
ортасы, мүйізді малдың көрінеді. Мартен сорпасының
үйытылған стерилді қан сарысуы, бетінде 24-48 сағаттан кейін
қоймалжын агар және т.б.   газкөпіршіктерінен тұратын
        сақина байқалады (интенсивті
        газ түзеді). Қан сарысуда 24-48


            сагаттан кейін қоздырушы
            тығыз сұр түйіршіктер түрінде
            өседі.  
Биосынама қою (үй қояны, ақ Лабораториялық  
тышқан)           жануарлардың зақымдаған
Биосынама қоюдың мақсаты - жерінде некроз (өліеттену)
қоздырушының таза өсіндісін ошағы пайда болады
бөліп алу, диагнозды дәлелдеу.    
Ақ тышқандарды құйрық түбіне    
0,2-0,4 мл, кояндарға құлағына    
тері астына 0,5-1,0 мл    
зақымдалған ішкі ұлпаларынан    
физиологиялық   ерітіндіде    
дайындалған   эмульсия мен    
зақымдайды            
Серологиялық әдіс – комплемент Антиген ретінде
байланыстыру реакциясы   қоздырушының үш тәуліктік
            өсіндісінің сүзіндісі
            қолданылады  

Дифференциалдық диагностика

Бұзаулардың сарып ауруын балау кезінде клиникалық белгілерге сүйенген жөн. Ауыздағы терең дифтеритикалық-өліеттенген зақымдалулар бұзаудың ауру себебін қиналмай-ақ анықтауға мүмкіндік береді. Шығу тегі басқа стоматиттер өліеттену-жаралану құбылыстарына ұласпайды және жылдам жазылып кетеді. Паренхиматозды ағзалардағы, әсіресе бауыр, өкпеде кей жағдайда көк бауыр мен бүйректегі метастатикалық абсцесстер мен өліеттенген тұстар аурудың бұзау жегісі екеніне күмән туғызбайды. Ересек бұзауларда жегі аусыл ауруымен шатастырылуы мүмкін. Бірақ аусыл анағұрлым жұқпалы – басқа ересек мүйізді ірі қара малдарға тез тарап кетеді, ал сарыпта ондай жұғымталдылық байқалмайды. Аусылмен ауырған малдың ауызында афталар – жарылған кезде жан-жағында эпителий қалдықтары бар эрозиялар түзетін іші мөлдір лимфаға толы көпіршіктер пайда болады, сондай-ақ ауыздың кілегей қабығы мен оның эрозияға ұшыраған тұстары фибринозды қабыршақпен қапталмайды. Дегенмен аусыл асқынған кезде афталар мен эрозиялардың орнында пайда болатын гангренозды құбылыстар



бұл ауруды жегімен қатты шатасыруға мәжбүр етеді. Мұндай кезде барлық ауру қойларды мұқият қарап шығу керек, сол кезде егер расында да аусыл ауруы болса, онда ауруы асқына қоймаған қойлардың аузынан міндетті түрде кәдімгі аусылға тән афталы-эрозиялы құбылысты кездестіруге болады. Күмәндәнған жағдайда микроскоппен қарауға және бактериологиялық зерттеуге жүгіну керек. Жағындыны әбден тазаланған тірі және өліеттенген ұлпалардың шектескен жерінен жасап, Муромцев әдісімен бояйды. Дәншелі-дақты боялған ұзын, жіңішке таяқшалар мен жіпшелер аңғарылатын болса онда аурудың некробактериоз екені толық дерлік расталады. Бактериологиялы зерттеуге материалды зертханаға жібереді. Бөгде микрофлорадан неғұрлым таза, яғни зерттеуге ыңғайлы материал – паренхиматозды ағзалардың өліеттенген тұстары болып саналады. Паренхиматозды ағзадан (бауыр, бүйрек және т.б.) материалды алу кезінде өліеттенген тұсты айналасындағы тірі ұлпамен қоса ойып алып, глицериннің 30 %-дық ерітіндісіне орналастырады.

Наши рекомендации