Жүректің жиі соғуы.

Жүректің жиі соғуы жүректің жиырылу қабілетінің нашарлауынан ғана емес, сондай - ақ оның автоматизмдік, өткізгіштік, қозғыштық қасиеттерінің төмендеуімен байланысты. Жүрек соғуының жиілеуі - организмінің оттегі тапшылығына бейімделуін бейнелейтін процесс. Жүрек соғуының жиілеуі сау адамдарда (физиологияда) жүгіргенде, баспалдақпен шүғыл көтерілгенде және ауыр жүк көтергенде байқалады. Патологияда жүрек соғуының жиілеуі дене қызуы көтерілгенде, жүрек ауруларында (жүрек ақауларында, миокардитте, миокард инфарктынде, жемсауда) инфекциялық ауруларда кездеседі.

Кенеттен ұстамалы түрде дамитын жүрек соғуының жиілеуі пароксизмальдік тахикардияға тән. Жүрек ауруымен науқаста жүрек соғуының сиреуі және ретсіз соғуы мүмкін. Жүрек соғуының ритмі (ырғақгығы) бұзылғанда, науқас жүрегінің қатарынан бірнеше рет дұрыс соғып, содан кейін кідіріп барып қайта соққандай, кейде жиі соққандығын сезеді. Жүрек ауруының мұндай белгілері жүректің қозғыштық, өткізгіштік қызметі бұзылғанда атап айтқанда жыбырлы аритмияда, экстрасистолияда кездеседі.

Ан қақыру (haemaptoe).

Қан қақыру сол қарыншаның жетіспеушілігіне әкелетін жүрек ауруларында; митральді қақпақша ақауларында, өкпе инфарктында және миокард инфарктында байқалады.

Ісіктер.

Науқас денесінің ісінуі жүрек қызметінің нашарлағанын, нәтижесінде организмде тұздар мен су алмасу процесінің өзгергенін бейнелейді.

Жүрек қызметі әлсірегенде үлкен қан айналым шеңберінің көк тамырларында қан іркіліп, өткізгіштігі артады. Сондықтан кіші дисперсиялы белоктар - альбуминдер ұлпаларға шығып, онкотикалық қысымды төмендетеді, ұлпаларда гидростатикалық қысым өседі. Гипоксия жағдайына бейімделу үшін ми қыртысы астындағы қосалқы бездер мен бүйрек үсті безі тұздар мен сулардың сорылуын үдетеді: бұл қан қысымының жоғарылауына әкеп соғады.

Жүрек ауруында дамитын ісіктің айырмашылық белгілері: ісік біртіндеп басталады, көбіне кешкілік пайда болып біртіндеп ұлғаяды, ісінген тері көгеріп нығыздалады және ерекше жылтыр болып, пальпациялағанда теріде шұңқыр пайда болады, ісік жатқанда беліне жиналып, дене терісінде төсек іздері көрінеді, ісіктің таралуы баяу болады.

Диспепсиялық өзгерістер.

Жүрек ауруларына байланысты қан айналым бұзылғанда бауыр мен ас қорыту ағзаларында қан іркілгендіктен науқаста эпигастрийдің ортаңғы бөлігінде, оң қабырға асты аймағында ауырлық немесе ауырсыну байқалады, көңіл айну, қүсу, кекіру, іштің кебуі сезіледі.

Орталық жүйке жүйесіндегі бұзылыстар.

Жүрек ауруларының декомпенсация сатысында ұйқысыздық, бастағы шу, көңіл айну, қүсу, бас ауру, бас айналу т.б. симптомдар мида қанның іркілуіне байланысты дамиды.

Цианоз (көгеру). Тері және кілегей қабаттардың көкшіл түске енуі цианоз деп аталады. Цианоз жүрек қызметі нашарлағанда, ісіктен алдын байқалатын симптом. Цианоздың түрлері: 1. орталық. 2. шеткі. 3. аралас цианоз. 4. жергілікті цианоз. 5. бөлектенген немесе оңашаланған цианоз. Орталық цианоз (центральный). Орталық цианозсыртқы тыныс алу қызметі бұзылып, артериальдық қанның оттегімен қанығуының төмендеуіне әкелетін өкпе ауруларында, биіктікке көтерілгенде байқалады.

Орталық цианоз байқалатын созылмалы патологияларда эритроцитоз, саусақтардың дабыл таяқшалары тәрізді өзгеруі болады.

Шеткі цианоз (периферический) Артериальдық қанның оттегімен қанығуы қалыпты болуына қарамастан жүрек ауруларында қан айналудың баяулауына байланысты шеткі цианоз байқалады. Өткір панкреататпен науқастың құрсақ қуысының терісінде бірнеше бөлектенген көкшіл дақтар пайда болуы мүмкін.

Аралас цианоз- жиі жүрек ауруларына тэн. Жергілікті цианоз тромбофлебиттерде, көк тамырлар ұлғайған лимфа түйіндермен немесе тыртықпен сығылғанда байқалады.

Бөлектенген цианоз. Бас пен мойынның бөлектенген цианозы - ісікпен жоғарғы қуысты вена сығылғанда байқалады. Қорыта келе айтсақ сол қарынша жетіспеушілігінде орталық цианоз, ал оң қарынша жетіспеушілігінде шеткі цианоз белгілері байқалады

Наши рекомендации