Тыныс алу функциясының жетіспеушілік синдромы

Тыныс жетіспеушілігі негізінде не жатыр?

1 өкпе капиллярларындағы қысымның жоғарылауы

2 альвеолярлы-капиллярлы мембранадағы өткізгіштіктің төмендеуі

3 жүрек лақтырысының төмендеуі

4 гиперкапния

5 өкпедегі сұйықтық көлемінің көбеюі

Жедел тыныс жетіспеушілігіне (ЖТЖ) тән белгіні атаңыз:

1 альвеолярлы-капиллярлы мембранадағы өткізгіштіктің төмендеуі

2 өкпе капиллярларындағы қысымның жоғарылауы

3 өкпеішілік шунттау

4 өкпе серпімділігінің жоғарылауы

5 өкпедегі сұйықтық көлемінің азаюы

Науқас М. 40 жаста екі күн бұрын ауырды. Жағдайының нашарлауы үдеуде. Үдемелі ентікпе, қорқыныш, ұйқысыздық мазалайды. Объективті: ысқырықты тыныс, тыныс алуға қосымша тыныс бұлшықеттері қатысады. Аускультация кезінде құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенограммада: әр түрлі көлемді және интенсивті көп көлеңкелер. Оттегі ингаляциясы нәтижесіз. Болжам диагноз қойыңыз.

1 кардиогенді шок

2 жүректік астма

3 жедел тыныс жетіспеушілігі

4 өкпе артериясының тромбоэмболиясы

5 жедел коронарлы синдром

Созылмалы тыныс жетіспеушілігінің негізгі белгілері:

1 ентікпе, жөтел, цианоз

2 ентікпе, торакалгия, ісінулер

3 ісінулер, жөтел, акроцианоз

4 ентікпе, тахикардия, цианоз

5 тахикардия, аяқтағы ісінулер, жөтел

Тыныс жетіспеушілігі кезіндегі цианоздың негізгі себебі:

1 қандағы гемоглобин мөлшерінің төмендеуі

2 гематокриттің төмендеуі

3 қалыптасқан гемоглобиннің жинақталуы

4 қандағы СО2 концентрациясының жоғарылауы

5 қалыптасқан гемоглобиннің жинақталуы

Тыныс жетіспеушілігі диагнозын нақтылау үшін оптимальді әдіс болып табылады:

1 гематокритті зерттеуі

2 өкпе рентгенографиясы

3 ЭКГ

4 спирография

5 КТ

Созылмалы тыныс жетіспеушілігінің себебін анықтаудағы негізгі әдіс:

1 өкпе перкуссиясы

2 өкпе аскультациясы

3 өкпе рентгенографиясы

4 спирография

5 ЭКГ

Тифно көрсеткішінің қалыпты мөлшерін көрсетіңіз:

1 30-40%

2 41-50%

3 51-60%

4 61-70%

5 71-80%

Оттегінің О2 парциальды қысымын қалыпты мөлшерін көрсетініз:

1 30-40 мм.сын.бағ

2 40-60 мм.сын.бағ

3 60-80 мм.сын.бағ

4 80-100 мм.сын.бағ

5 100-120 мм.сын.бағ

Бөлімшеге С науқас 49 жаста , бухгалтер. Үйде екі сағат бұрын пайда болған тұншығу ұстамасына, аз мөлшерлі тұтқыр қақырықпен жөтелге шағымданады. Жағдайы ауыр. Мәжбүрлік жағдай: науқас төсекте қолымен тіреліп отыр. Кеуде клеткасы эмфизематозды. Тыныс қөзғалыстарының саны минутына 30 рет, тыныс шығаруы қиындаған Науқаста айқын диффузды цианоз, мойын веналарының ісінуі. Тыныс жетіспеушілігінің нақты себебін атаңыз.

1 өкпенің тыныстық беткейінің төмендеуі (бөліктік қабынулық тығыздалу)

2 эмфизема салдарынан өкпе эластикалылығының төмендеуі

3 ұсақ бронхтар спазмы

4 жоғары тыныс жолдарының механикалық кедергілері (көмей)

5 трахея және ірі бронхтар аймағындағы механикалық кедергілер

Қандағы көмірқышқыл газының парциальды қысымының қандай деңгейі гиперкапния бар екендігін көсетеді?

1 Pa CO2 >40 мм.сын.бағ.

2 Pa CO2 >50 мм.сын.бағ.

3 Pa CO2 >60 мм.сын.бағ.

4 Pa CO2 >70 мм.сын.бағ.

5 Pa CO2 >80 мм.сын.бағ.

Созылмалы тыныс жетіспеушілігінің дамуындағы негізгі патогенетикалық механизм:

1 тыныс жолдарының обструкциясы

2 жоғары вегетативті орталықтарының неврозы

3 артериальды гипертензия

4 циркулярлы-гипоксиялық синдром

5 жүрек жетіспеушілігі

Стационарда крупозды пневмониямен жатқан 50 жастағы науқаста аздаған физикалық жүктемеден кейіні айқын ентікпе, ТАЖ 34 рет/мин., тахикардия 100 рет/мин., диффузды цианоз. Қанда СО2 60 мм.сын.бағ. Тыныс жетіспеушілігінің сатысы қандай?

1 тыныс жетіспеушілігі жоқ (ТЖ0)

2 тыныс жетіспеушілігі І сатысы (ТЖІ)

3 тыныс жетіспеушілігі ІІ сатысы (ТЖІІ)

4 тыныс жетіспеушілігі ІІІ сатысы (ТЖІІІ)

5 тыныс жетіспеушілігінің сатысын анықтау мүмкін емес

30 жастағы науқас тұншығу ұстамаларына, қиындықпен бөлінетін қақырықты жөтел, жүрек қағуына шағымданады. Шамамен 5 жыл ауырады, дәрігерге қаралмаған. Объективті: ортопноэ, диффузды цианоз, қосымша тыныс бұлшықеттердің қатысуымен беткей тыныс, тыныс шығаруы ұзарған, өкпенің жоғарғы бөліктерінде құрғақ, ысқырықты сырыл, төменгі бөліктерінде «үнсіз» өкпе алаңы. АҚҚ 165/95 мм.сын.бағ. ЖСЖ 110 рет/мин. Тыныс жетіспеушілігінің негізгі себебі:

1 жедел пневмония, респираторлы дисстресс синдром

2 гипертониялық криз, өкпе ісінуі

3 өкпе туберкулезі, пневмоторакспен асқынған

4 өкпе эмфиземасы, жедел оңқарыншалық жетіспеушілік.

5 бронхиальді астма, астматикалық статус ІІ дәрежесі

Созылмалы өкпе текті жүрек

Созылмалы өкпелік жүрекке тән симптом:

1 жүректің сол жақ бөліктерінің дилатациясы мен гипертрофиясы

2 жөтел

3 брадикардия

4 аяқтағы ісінулер

5 тері беттерінің бозаруы

Созылмалы өкпелік жүрекке келесі аурулар әкеледі:

1 өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

2 артериальды гипертензия

3 асқазанның ойық жара ауруы

4 созылмалы гломерулонефрит

5 созылмалы гепатит

Оң жақ қарыншалық жетпеушілік синдромына тән:

1 мойын тамырларының пульсациясы және ентікпе

2 семіруімен қосылған АҚ жоғарылауы

3 ентікпе, акроцианоз, артериальды гипотония

4. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы және мойын тамырларының томпаюы.

5.ентікпе, аяқтағы ісіктер, Плеша симптомы

Созылмалы өкпелік жүрек кезінде оң жақ қарынша гипертрофиясының дәржесі қандай әдіспен анықталады?

1. ЭХО-кардиографиямен

2. Спирографиямен

3. Рентгенографиямен

4. Томографиямен

5. Пневмотахометриямен

Созылмалы өкпелік жүректің болуын көрсететін ЭКГ белгілерін көрсетіңіз

1. Сол қарынша гипертрофиясы

2. Атриовентрикулярлы блокада

3. Оң қарынша гипертрофиясы

4. Брадикардия

5. Субэндокардиальді ишемия

Жедел өкпелік жүректің белгілеріне жатады:

1. А. Тахипноэ

2. Б. Тері жабындыларының сарғаюы

3. В. Шөлдеу

4. Г. Полиурия

5. Д. Диарея

Созылмалы өкпелік жүректің физикалдық зертеуінде кандай өзгерістер табыуға болады:

1. Жүректің оң жақ салыстармалы және абсолюты шегарасының кеңеуі

2. Жүректің сол жақ салыстармалы және абсолюты шегарасының кеңеуі

3. Қолқа үстінде II тонының акценты және күшеуі

4. Жүрек үшінда бірінші тонның жарықшақтануы және күшеуі

5. IV қабырғааралығында төс шетінде дөрекі систолалық шудың пайда болуы

Оң жақ қарыншаның жетіспеушілігінің үдеуі болжамдайды:

1. Спленомегалияны

2. Қан кетуді

3. Брадикардия

4. Бауыр ұлғаюы

5. Полиурия

ЭКГ-ның қандай көрінісі созылмалы өкпелік-жүректі сипаттайды:

1. Р-pulmonale

2. P-mitrale

3. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы

4. Сол жақ жүрекше гипертрофиясы

5. Гисс шоғырының сол жақ аяқшасының толық блокадасы

Науқас А. Тәулік бойы тұншығу ұстамасына, қиын бөлінетін қақырықпен жөтелге, ентігуге шағымданады. 10жыл бойы бронхтық астмамен ауырады. Обьективті: тынысы везикулярлы әлсіреген тыныс шығару ұзарған жоғарғы бөлігінде құрғақ ысқырықты сырылдар,төменгі бөлігінде «үнсіз» өкпе алаңы. ЭКГ-да жүректің электрлік өсінің оңға қарай ығысуы анықталады, P-pulmonale. Қандай асқыну жайлы ойлауға болады?

1. Пневмоторакс

2. Өкпе ісінуі

3. Өкпе эмфиземасы

4. Өкпелік жүрек

5. Жүрек астмасы

Науқас 60 жаста темекі шегеді, тыныштықта айқын ентігуге, аяғындағы ауырлық сезіміне және әлсіздікке шағымданады, көп жылдар бойы ауырады. Обьективті: диффузды жылы цианоз, мойын веналарының томпаюы, кеуде клеткасы бөшке тәрізді, перкуссия кезінде барлық аймақта қораптық дыбыс, аускультацияда тыныстың қатты әлсіреуі. Құрғақ ызыңдаған сырылдар, төменгі бөлімдерінде ылғалды дыбыссыз сырылдар. Балтырының, тобығының ісінуі. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2 см шығып тұрады, тығыз, ауырсынусыз.Науқаста ЭКГ-да қандай өзгерістер болуы мүмкін.

1. Сол жақ қарынша гипертрофиясы,жүректік өстің солға ығысуы.

2. Оң жақ қарынша гипертрофиясы, жүректің өсінің оңға ығысуы.

3. QSIII комплексі RIII тісінің болмауы

4. STII,III интервалының депресиясы

5. ЭКГ-да өзгерістер болмауы.

Науқас 60 жаста темекі шегеді, тыныштықта айқын ентігуге, аяғындағы ауырлық сезіміне және әлсіздікке шағымданады, көп жылдар бойы ауырады. Обьективті: диффузды жылы цианоз, мойын веналарының томпаюы, кеуде клеткасы бөшке тәрізді, перкуссия кезінде барлық аймақта қораптық дыбыс, аускультацияда тыныстың қатты әлсіреуі. Құрғақ ызыңдаған сырылдар, төменгі бөлімдерінде ылғалды дыбыссыз сырылдар.Балтырының, тобығының ісінуі. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2 см шығып тұрады, тығыз, ауырсынусыз. Науқаста қандай асқыну дамыды?

1. Респираторлы дисстрес синдромы

2. Созылмалы өкпелік-жүрек

3. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

4. Перикард

5. Спонтанды пневмоторакс

62 жастағы кеуде омыртқасының айқын кифосколиозы нәтижесінде дамыған созылмалы өкпелік-жүрегі бар науқасқа артериалды гипоксемия, гиперкапния әдісінің ең эффективтісін таңдаңыз?

1. оттегі ингаляциясы,

2. Бронхтардың бета- адренорецепторларын стимуляциясы,

3. М-холинолитиктерді қолдану

4. Метилксантиндерді қолдану

5. Перифериялық вазодиляторларды қолдану

60 жастағы созылмалы обструктивті өкпе ауруы нәтижесінде дамыған созылмалы өкпелік-жүрек диагнозы бар науқаста аяққы 3 күнде физикалық жүктемеге байланысты айқын ентігу, тұншығу, кеуде тұсында ауырсыну, қан түкіру. Аурудың мүмкін болатын асқынуын атаңыз?

1. ЖИА. Түрақсыз стенокардия

2. Өкпе артериясының ұсақ тармақтарының тромбоэмболиясы

3. Өкпе ісігі

4. Үдемелі бронхообструкция

5. Экссудативті плеврит

Өкпенің қатерлі ісігі

Өкпе қатерлі ісігінің негізгі себебі:

1. Науқас жасы;

2. Қақталған тағамдарды көп қолдану;

3. Аз қозғалмалы өмір қалпы;

4. Темекі шегу;

5. Ауыл шаруашылық шаңдарының әсері.

Күніне 1 қорап темекі шегетіндерде, өкпенің қатерлі ісігі даму қаупі қанша есе артады?

1. 2 есе;

2. 3,5 есе;

3. 4,6 есе;

4. 7,5 есе;

5. 16,6 есе.

Өлім көрсеткіші бойынша өкпенің қатерлі ісігі нешінші орында ?

1. Бірінші орында;

2. Екінші орында;

3. Үшінші орында;

4. Төртінші орында;

5. Бесінші орында.

Өкпенің қатерлі ісігі жалпы құрылымында ұсақклеткалы қатерлі ісік қандай орында?

1. 10%

2. 20%

3. 30%

4. 50%

5. 80%

40 жастағы науқас, Дәрігерге кейінгі уақыттарда қан түкіруімен жүретін құрғақ жарықшақты жөтелмен, салмақ кемуімен, әлсіздік және тәбетінің төмендеуімен қаралған. Өкпе үстінде бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі, жүрек тондары ашық, ырғақты. Пульсі - 80 рет мин., АҚ - 140/90 мм сын. бағ. Қанның жалпы анализі: Нв - 85 г/л, эр. - 3,6х1012/л, л - 5,18х109/л, ЭТЖ - 64 мм/час. Рентгенологиялық тексеруде оң өкпенің үшінші сегментінде орталықты орналасқан шығыңқы түрде ыдырай бастаған 3,5 см-лі домалақ көлеңке анықталды. Маңайындағы өкпе тіндері өзгеріссіз. Сіздің болжам диагнозыңыз?

1. өкпенің ыдыраулы обыры

2. деструкциялық пневмония

3. ыдыраулы туберкулема

4. аспергиллема

5. өкпе эхинококкозі

45 жастағы науқасқа рентгенологиялық тексеруде оң өкпенің үшінші сегментінде орталықты орналасқан шығыңқы түрде ыдырай бастаған 3,5 см-лі домалақ көлеңке анықталды. Маңайындағы өкпе тіндері өзгеріссіз. Дәрігерге кейінгі уақыттарда қан түкіруімен жүретін құрғақ жарықшақты жөтелмен, салмақ кемуімен, әлсіздік және тәбетінің төмендеуімен қаралған. Өкпе үстінде бірен-саран құрғақ сырылдар естіледі, жүрек тондары ашық, ырғақты. Пульсі - 80 рет мин., АҚ - 140/90 мм сын. бағ. Қанның жалпы анализі: Нв - 85 г/л, эр. - 3,6х1012/л, л - 5,18х109/л, ЭТЖ - 64 мм/час. Осы аурудың ақпаратты диагностикалық әдісін атаңыз

1. туберкулинді тері асты сынамасы

2. Спирография

3. Компьютерлі томография

4. Фибробронхоскопия

5. Флюорография

57 жастағы науқас, дәрігерге кеудесіндегі ауырсыну, құрғақ жарықшақты жөтел, ентігу, субфебрильді дене температурасымен қаралды. Аз мөлшерлі қақырық ауыр бөлінетін сирек. 26 жыл бойы Семей ядролық полигон аймағында тұрған. Ауырғанына 4 ай болған. Осы уақыт ішінде тез шаршау, үдемелі әлсіздік, салмақтың 7 кг-ға кемуі болған. Өкпе аускультациясында тынысы везикулярлы, оң жақ жоғарғы бөлігінде біраз әлсіреген. Перифериялық түйіндер фасоль өлшеміне дейін ұлғайған. Осы аурудағы тиімді емдеу тактикасы қандай?

1. Антибиотикотерапияның комбинациясы

2. Химиотерапия

3. Сәулелі терапия

4. Радикальді операция - региональді лимфотүйіндердің ревизиясын қосатын оң өкпенің жоғарғы бөлігінің резекциясы

5. Туберкулезге қарсы терапия

60 жастағы ер адам ұзаққа созылған құрғақ жөтелге, қан түкіруіне, ентігуге, кеудесінің ауырсынуына, ұзаққа созылған лихорадкаға және жүдеуіне шағымданады. Рентгенограммада оң өкпенің ателектазы белгілері анықталды. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1. Өкпе туберкулезі

2. Өкпе абсцессі

3. Саркоидоз

4. Бронхогенді обыр

5. Өкпе кистасы

60 жастағы ер адам ұзаққа созылған құрғақ жөтелге, қан түкіруіне, ентігуге, кеудесінің ауырсынуына, ұзаққа созылған лихорадкаға және жүдеуіне шағымданады. Рентгенограммада оң өкпенің ателектазы белгілері анықталды. Қорытынды клиникалық диагнозды негіздеуде келесі тексерулердің қайсысы бекітеді?

1. Гемограмма

2. Биопсиялы бронхоскопия

3. Спирография

4. Қақырықты бактериологиялық тексеру

5. Пикфлоуметрия

64 жастағы ер адамның рентгенограммасындаоң өкпенің жоғары бөлігінде орналасқан контурлары біркелкі емес 1 см диаметрлі біртекті емес және түбірге салынған жолағы бар домалақ көлеңке анықталды. Зертеу кезінде перифериялық қатерлі ісігі күмән. Ең бірінші кезекте қай аурумен ажырату керек?

1. Жедел пневмония

2. Өкпе туберкулезі

3. Пневмосклероз

4. Өкпе абсцессі

5. Өкпе эхинококкозі

70 жастағы ер адамда рентгенограммада өкпе түбірінде айқын емес контурларымен қараю анықталған, осыдан веер тәрізді сызықты көлеңклер таралады. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1. Жедел пневмония

2. Өкпе туберкулезі

3. Пневмосклероз

4. Өкпенің перифериялық қатерлі ісігі

5. Өкпенің орталық қатерлі ісігі

II сатылы өкпенің қатерлі ісігінде хирургиялық емнің нәтижесі қандай?

1. 10%

2. 20%

3. 30%

4. 40%

5. 50% ден жоғары

I стадиялы өкпенің қатерлі ісігінде хирургиялық емнің нәтижесі қандай?

1. 30%

2. 50%

3. 60%

4. 80%

5. 100%

65 жастағы темекі шегетін науқаста, жарты жыл бойы экспираторлы ентігу пайда болып асқына бастаған, сонымен қатар, 12 кг салмақ жоғалту, тәбетінің жоғалуы, әлсіздік. Дәрігер қараған кезде қосымша дауысының қырылдауы және терең тыныста, жөтелген кезде сол жақ кеуде клеткасында ауырсыну болған. Физикалық зерттегенде сол жақ жауырын асты аймағында тынысы естілмейді, перкуторлы тұйықталу естіледі. Болжам диагноз?

1. ӨСОА

2. Өкпе туберкулезі;

3. Өкпенің қатерлі ісігі;

4. Эксудативті плеврит;

5. Бронхиальды астма.

Блок гематология

Панцитопения, эритроциттердің макроцитозы, гиперхромды түсті көрсеткіш, ретикулоцитопения қандай ауруға тән:

1. темір жетіспеушілік анемия

2. аутоиммундық гемолитикалық анемия

3. В 12 жетіспеушілік анемия

4. жедел лейкоз

5. тұқымқуалаушылық микросфероцитоз

В 12 жетіспеушілік анемия кезінде сүйектің қызыл кемігінде болатын өзгерістерді көрсетіңіз:

1. сидеробласттар мөлшерінің төмендеуі

2. қан түзілуінің мегалобластық түрі

3. бластты клеткаларының мөлшерінің жоғарлауы

4. миелоидты пролиферация

5. лимфоцит мөлшерінің жоғарлауы

Есеп: Меноррагиямен ауыратын 42 жастағы науқаста гемоглобиннің 86 г/л дейін төмендеуі, эритроциттердің гипохромиясы, сары судағы темір мөлшерінің азаюы, тырнақтарының сынғыштығы, шашының түсуі, тері құрғақтығы анықталған. Болжам диагноз?

1. сидероахрестиялы анемия

2. талассемия

3. темір жетіспеушілік анемия

4. В12 жетіспеушілік анемия

5. аутоиммунды гемолитикалық анемия

Апластикалық анемияға тән тері көріністерін анықтаңыз:

1. папулалық бөртпелер

2. эритема

3. терінің сарғаюы

4. петехиалды – дақты бөртпелер

5. телеангиоэктазия

Есеп: Асқазан шырышты қабатының атрофиясы бар науқастың қанын зерттеген кезде лейкоцитопения мен тромбоцитопения біріккен себебі белгісіз анемиямен байланысты В12 – витаминін 5 рет иньекция түрінде жасалған. Бұл жағдайда қандай өзгерістерді табуға болады:

1. микроцитоз

2. эритроциттер гипохромиясы

3. ретикулоцитоз

4. ретикулоцитопения

5. лейкоформуланың солға ығысуы

Қандай ауруда сүйек кемігі май тініне ауысады?

1. жедел лейкоз

2. апластикалық анемия

3. гемолитикалық анемия

4. мегалобластық анемия

5. теміржетіспеушілік анемия

Науқас әйел 30 жаста, бұлшықеттерінің әлсіздігіне, тырнағының сынғыштығына шағымданады. Анамнезінде: 1 ай бұрын босанған, бұрын ауырмаған. Қарағанда: терісі бозарған, тахикардия. Қан анализінде: гемоглобин – 70 г/л, түсті көрсеткіштер – 0,6. Қандай ауруды болжауға болады?

1.В12-витаминжетіспеушілік анемия

2. Фолий жетіспеушілік анемия

3. Теміржетіспеушілік анемия

4. Гемолитикалық анемия

5. Апластикалық анемия

Науқас әйел адам шағымдары: басының айналуы, жүрек қағулары, тырнақ пластинкаларының сынғыштығына. Анамнезінде жатыр фибромиомасы, жатырдан қан кетулер болған. Қарағанда: науқас бозарған, тахикардия. Анализінде гипохромды анемия. Қандай ауруды болжауға болады?

1. В12-витаминжетіспеушілік анемия

2. Фолиқышқылы жетіспеушілік анемия

3. Темір-жетіспеушілік анемия

4. Гемолитикалық анемия

5. Апластикалық анемия

ЕСЕП.15 жастағы науқас бас айналуына, жүрек қағуына, бұлшық еттер әлсіздігіне, дәм сезінудің бұзылуына (бор жейді), ентігуге шағымданады. Бала кезінен анемиямен ауыратынын, семьяда 10-шы бала боп туғанын айта­ды. Қарағанда: тері жабындарының және көзге көрінетін шырыштардың бозаруы көрінеді. Қан анализінде: гемоглобин - 49г/л, эритроцит - 2,1 х 1012/л, ТК - 0,7, эритроциттердің гипохромиясы, қан сары суындағы темір мөлшері-3,8 мкмоль/л. Осы жағдайда сүйек кемігінде қандай өзгерістер болады?

1.қызыл өскіннің гиперплазиясы, эритробласттардың жетілуінің жәнегемоглобинизациясының тежелуі.

2. өзгеріссіз.

3. сидеробластардың көп мөлшерде пайда болуы.(100%)

4. эритроидты өскіннің тежелуі.

5. эритробластардың мөлшерінің көбеюі.

Науқас әйел 36 жаста, басының айналуына, бұлшықеттерінің әлсіздікке, ентігуге, жүрегінің қағуына, тырнағының және шашының сынғыштығына шағымданады. Анамнензінен 3 босану, қазіргі жүктіліктің мерзімі 30 апта. Объективті: терісі бозарған, тырнақ табақшаларының қалыңдауы, жүрек түрткісінде систолалық шу. Қан анализінде: гемоглобин-62 г/л, эритроциттер -3,1х1012г/л, түсті көрсеткіш - 0,6, гипохромия және эритроциттердің микроцитозы. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1. В-12 жетіспеушілік анемия

2. Фолий жетіспеушілік анемия

3. Темір жетіспеуішілік анемия

4. Гемолитикалық анемия

5. Апластикалық анемия

Науқас ер адам әлсіздікке, мұрыннан қан ағуға, дене температурасының 380 С дейін көтерілуіне шағымданады. Объективті: терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған, петехиялар мен экхимоздар байқалады. Қанда: эритроциттер - 1,8 млн., Нв-56 г/л, лейкоциттер - 1,6 мың, тромбоциттер -10 мың. Стернальді пунктатта ұсақ клеткалы сүйек миы анықталған. Диагноз қою үшін келесі зерттеулер жүргізу керек:

1. Коагулограмма

2. Трепанобиопсия

3. Сахарозды сынама

4. Зәрде гемосидеринді анықтау

5. Көкбауырдың биопсиясы

50 жастағы әйел әлсіздікке, эпигастриидағы ауырсынуға шағымданады. Объективті: тері және көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған және субиктерикалық рең байқалады, тілі «лакталған», спленомегалия. ФГДС көрсеткіштері бойынша асқазан шырышты қабатының атрофиясы анықталған. Зертханалық көрсеткіштер: панцитопения, макроцитоз, нейтрофильдердің полисегменттелуі, билирубин – 32 мкмоль/л, миелограммада қан түзудің мегалобластикалық тип анықталған. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1. Апластикалық анемия

2. В-12 жетіспеушілік анемия

3. теміржетіспеушілік анемия

4. тұқымқуалаушылық сфероцитоз

5. аутоиммунды гемолитикалық анемия

70 жастағы науқастың анализінде: эр-3,1 млн., Нв-93 г/л, түсті көрсеткіш - 1,1, лейк-3,8 мың, тромб- 120 мың, ретикулоциттер – 0,4%, ЭТЖ-14 мм/с нейтрофильдердің полисегменттенуі, ФГДС көрсеткіштері бойынша асқазан шырышты қабатының атрофиясы. Ең дұрыс тактиканы таңдаңыз?

1. Десферал енгізу

2. В – 12 витаминін тағайындау

3. Темір препараттарын тағайындау

4. Тромбоцитарлық массаны енгізу

5. Жаңа мұздатылған плазманы енгізу

Филаделфиялық хромосоманың анықталуы қандай лейкозға тән.

1. жедел лейкоз

2. миеломды аур

3. эритремия

4. созылмалы миелолейкоз

5. созылмалы лимфолейкоз

Қан анализінде лейкемиялық ор болуы қандай ауруға тән :

1. апластикалық анемия

2. созылмалы лейкоз

3. жедел лейкоз

4. миеломды ауру

5. эритремия

Әйел шағымданады, мұрыннан қан кету, жатырдан қан кету, тері астында қан құйылулары көрінеді және әлсіздікке.Жалпы қан анализінде: Гемоглобин – 80 г/л, эритроциттер – 2,4 х 1012/л, лейкоциттер – 22 х 109/л, тромбоциттер бірді–екілі, бластар - 10%, сегментті таяқшалары - 25%, лимфоциттер - 56%, моноциттер - 5%, эозинофилдер – 4. Қай ауру туралы ойлауға болады?

1. идиопатикалық тромбоцитопениялық пурпура

2. лейкемоидты реакция, лимфоцитарлы тип

3. жедел лейкоз

4. созылмалы лимфолейкоз

5. миеломды ауру

Есеп: 65 жастағы науқас омыртқа жотасындағы қатты ауырсынуға шағымданады. Миеломды ауру мен сенилді остеопороз арасындағы салыстырмалы диагноз жүргізілуде. Қандай белгі миеломды ауру диагнозын анықтайды?

1. гиперкальциемия

2. омыртқаның кеуде бөлігінің айқын остеопорозы

3. анемия

4. сүйек кемігінің плазматикалық пролиферациясы

5. ЭТЖ жоғарлауы

Есеп: Науқаста созылмалы лимфолейкоз. Күніне 15 мг хлобрутин қабылдайды, қалтырау байқалады. Нb төмендеуі 89 г/л, ретикулоцит жоғарылауы 40% дейін, тура емес билирубиннің жоғарлауы. Бұл жағдайда қай кеңес неғұрлым дұрыс?

1. хлорбутин дозасын жоғарылату

2. хлорбутинді циклофосфанмен алмастыру

3. қосымша преднизолон тағайындау

4. эритроциттар массасын құю

5. антибиотиктердің үлкен дозасын тағайындау

Созылмалы лимфолейкоз кезіндегі лимфоаденопатияның сипаттамасы:

1. регионалды лимфоаденопатия

2. жайылған лимфоаденопатия

3. бір лимфотүйін гиперплазиясы, оның қатаюы және қозғалмаушылығы

4. лимфотүйінінің ұлғаюы, қатты ауырсынуы

5. тесіліп, көз пайда болуымен лимфотүйінінің ұлғаюы

Есеп: Науқас 60 жаста, сүйектерде, омыртқа жотасы бойындағы ауырсынуларға шағымданады. Ауырғанына бір жыл болған. Қан анализінде: НВ 95 г/л, ТК – 0,85, ЭТЖ – 72 мм / сағ. Зәрде:белок – 50 мг/л. Қанда жалпы белок – 140 г/л, альбумин – глобулиндік коэффициент – 0,2, Электрофореграммада М – градиент анықталған. Сіздің диагнозыңыз?

1. темір жетіспеушілік анемия

2. нефротикалық синром

3. омыртқа остеохондрозы

4. миеломды ауру

5. сүйектердің метастаздық зақымдануы

Қанша уақытта ауру рецидиві болмағанда жедел лейкоздан жазылған болып саналады:

1. 5 ай

2. 2 жыл

3. 3 жыл

4. 1 жыл

5. 5 жыл

68 жастағы науқас дәрігерге қаралды. Тексеруде: НВ–100 г/л, Эр.-3,0х1012/л, Лейк.–48,0х109/л, лимфоц.-60%. Гумпрехт көлеңкелері бар. Миелограммада - 40% лимфоциттер. Төмендегі асқынулардың қайсысы берілген патология кезінде байқалмайды?

1. Жедел лимфолейкоз

2. Созылмалы лимфолейкоз

3. Лимфосаркома

4. Лимфогранулематоз

5. Миеломды ауру

62 жастағы жұмысшының профилактикалық түрде қанын тексергенде: лейкоциттер – 50,0 х 109/л, миелобластар - 1%, промиелоциттер - 1%, нейтрофильді метамиелоциттер -8%, таяқша ядролық -12%, с/я -55%, эозинофильдер -5%, базофильдер -2%, лимфоциттер -12%, моноциттер - 4%, Нв – 100г/л анықталды. Сіздің диагнозыңыз?

1. жедел лейкоз

2. созылмалы миелолейкоз

3. созылмалы лимфолейкоз

4. бауыр циррозы

5. темір жетіспеушілік анемия

Ер адам әлсіздікке, дене қызуының көтерілуіне, жүрек қағуына, мұрыннан қан кетуге шағымданады. Объективті: терісі бозғылт, денесінің терісінде петехиальді бөртпелер. Жүрек тоны тұйықталған, тахикардия. Пальпацияда көкбауырдың төменгі бөлігі пальпацияланады, ауырсынусыз. ЖҚА: эр – 2,5 млн, Нв – 85 г/л, ТК – 0,9, лейк – 14,2 мың, бластар - 40%, т/я - 5%,с/я - 34%, эоз - 1%, лимф. - 20%, тромб. – 38 мың, ЭТЖ – 40 мм/сағ. Барлық цитохимиялық реакциялар теріс. Қай ауру жайлы ойлауға болады?

1. жедел миелобластты лейкоз

2. жедел лимфобластты лейкоз

3. жедел монобластты лейкоз

4. жедел промиелоцитарлы лейкоз

5. жедел дифференцирленген лейкоз

70 жасар ер адам жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуға, аяқ саусақтарының шаншып аупуына, тері қышуына, әлсіздікке шағымданады. Қараған кезде: бет және алақан терісі, көзге көрінетін шырышты қабаттары гиперемирленген. Жүрек тоны тұйықталған, ырғағы дұрыс. АҚ 180/110 мм.счн.бағ. Көкбауыры қабырға доғасынан 3 см шығып тұр. Лабораторлық мәліметтер: эр.-6,9 млн., Нв-198 г/л, лейк.-12 мың., т/я-7%, с/я-60%, эоз-4%, лимф-25%, мон-4%, тромб-480 мың., ЭТЖ-1 мм/сағ. Қай ауру туралы ойлауға болады?

1. Эритремия

2. Пиквик синдромы

3. Эссенциальды тромбоцитоз

4. Артериалық гипертензия

5. Туа біткен жүрек ақауы. Симптоматикалық эритроцитоз.

34 жасар науқаста спленомегалия. ЖҚА: Нb-120г/л, эр-3,8х10 12/л, лейк-48х10 9/л, тр-320х10 9/л, формула: эоз-4%, баз-1%, пром-6%, миел-10%, метамиелоциты-14%, т/я-16%, с/я-30%, лимф–14, мон–5%, ЭТЖ–12 мм/сағ. Дене температурасы – 38,5 дейін жоғарлаған. Емдеу фонында бұлшықеттерінің ауырсынуы мен артралгия. Бұл белгілерді төменде аталған препараттардың қайсысы жатады?

1. Гидрооксимочевин

2. Интерферон

3. Цитарабин

4. Аллопуринол

5. Хлорамбуцил

45 жасар әйел адамда 2 жыл бойы плеторикалық синдром және тромбтың асқынусыз. УДЗ – да көкбауыр ауданы - 52 см2. Терапияның ең тиімді түрін таңдаңыз:

1. қан жіберу

2. спленоэктомия

3. сүйек миы трансплантациясы

4. Цитостатикалық терапия

5. терапия тағайындаусыз диспансерлік бақылау

Гемофилия кезіндегі клиникалық көрініс келесі симптомдармен көрінеді:

1.Папулезді бөртпелермен

2.Оң капиллярлы сынамалармен

3.Жайылған гематомалардың пайда болуымен

4.Тромбоздарға икемділік

5. Ісінулермен

Идиопатикалық тромбоцитопениялық пурпура кезіндегі мұрыннан қан кету келесі әдіспен тоқтатылады:

1. Тромбоцитарлы масса құю арқылы

2. Қан алмастырушы заттар құю арқылы

3. Кальций хлорын, аскорбин қышқылын құю арқылы

4. Адроксан, аминокапрон қышқылын құю арқылы мұрын тампонадасын жасау

5. Криоплазма құю арқылы

Бозбала тізе буынында гематоманың пайда болуына, оның ісінуі мен ауырсынуына шағымданады. Анамнезінде: бала кезінен ауырады, тісін жұлған соң қан кетудің пайда болуы байқалады. Жалпы қарау кезінде: жұмсақ тіндерге қан құйылулар, тізе буынының ісінуі мен деформациясы анықталған. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1. идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

2. геморрагиялық васкули, терілік – тамырлық формасы

3. гемофилия

4. ревматоидты артрит

5. тромбоцитопатия

19 жастағы науқас. Гематологтың диспансерлі қарауында тұрады. Қарау кезінде: балтырының терісінде папулезді көгілдір – қызғылт түсті , жиектері анық, симметриялы – шығыңқы, басқан кезде кетпейтін бөртпелер анықталады. Анамнезінде : антибиотиктер қабылдаған. Жалпы қан және зәр анализдерінде өзгеріс жоқ. Қандай ауру жайлы ойлауға болады?

1. Тромбоцитопениялық пурпура

2. Геморрагиялық васкулит

3. Түйінді эритема

4. Тұқымқуалаушы телеангиэктазиялар

5. Гемофилия

Геморрагиялық васкулит кезінде қандай жағдайда гормондық емес иммунодепрессанттар тағайындалады?.

1.нефротикалық синдромы бар бүйректік формасы

2. үрдіс белсенділігінің жоғары дәрежесі

3.айқын тамырлық синдром

4.инфекциялы – қабынбалық үрдістің болуы

5. қан кетуі бар абдоминальді формасы

45 жастағы науқас. Бас ауруына, әлсіздікке, жүрегіндегі ауырсынуға, терідегі бөртпелерге шағымданады. Анамнезінде жиі мұрыннан қан кету, жиі терідегі көгерулер, мұрыннан қан кеткеннен кейін жағдайының нашарлауы. ЖҚА: эритроциттер – 4 млрд, гемоглобин – 87 г-л.ТК – 0,6 лейкоциттер – 7,4 млрд, э – 2, п – 3, с- 70, л- 20, м- 5, тромбоциттер – 12 млрд, ЭТЖ – 18 мм/сағ. Сіздің диагнозыңыз?

1. Теміржетіспеушілік анемия

2. Гемофилия

3. Апластикалық анемия

4. геморрагиялық васкулит

5. Тромбоцитопениялық пурпура

45 жастағы науқас. Бас ауруына, әлсіздікке, жүрегіндегі ауырсынуға, терідегі бөртпелерге шағымданады. Анамнезінде жиі мұрыннан қан кету, жиі терідегі көгерулер, мұрыннан қан кеткеннен кейін жағдайының нашарлауы. ЖҚА: эритроциттер – 4 млрд/мл, гемоглобин – 87 г-л.ТК – 0,6 лейкоциттер – 7,4 млрд/л, э – 2, п – 3, с- 70, л- 20, м- 5, тромбоциттер – 12 млрд/л, ЭТЖ – 18 мм- сағ. Осы патологияға қандай асқыну тән:

1. Тромбоздар және эмболиялар

2. Аяқ – қол гангренасы

3. Ішкі мүшелерге қан кету

4. Трофикалық жаралар

5. гемартороздар

Гемофилия патогенезі келесі механизмдердің бұзылысына тән:

1. Протромбиназа түзілу

2. Тромбин түзілу

3. Фибрин түзілу

4. Тамыр қабырғасының эндотелиінің бұзылуы

5. Тромбоциттер функциясы

16 жасар бозбала оң жақ тізе буынындағы ауырсыну сезіміне және жарақаттан кейін санның терең тіндеріне қан құйылудың пайда болуына шағымданады. Бала кезінен бастап ауырады. Объективті: буыны ісінген, буын үстіндегі тері гиперемияланған, ұстағанда ыстық, қозғалысы шектелген. Қанында: эр-3,9 млн., Нв-93 г/л, ТК-0,7, ЭТЖ-15 мм/сағ, АЧТВ- 90 сек, қан ұю уақыты - 25 мин. Сіздің емдік тактикаңыз қандай?

1. эритромасса

2. криопреципитат

3. глюкокортикоидтер

4. Хондропротекторлар

5. Индометациндік май

Ер адам терісіндегі бөртпеге, буындарындағы ұшпалы ауырсынуларға, ішінің ауырсынуына, дегтетәрізді нәжіске, қызбаға шағымданады. Объективті: аяқтарының терісінде – басқан кезде жоғалмайтын папулезді бөртпелер. Қанда: лейк-12,8 мың., тромб-320 мың., ЭТЖ - 25 мм/сағ, гипер-альфа 2 және гаммаглобулинемия, фибриноген-5,2 г/л. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

1.Псориатиялық артрит

2. Виллебранд ауруы

3. Ревматикалық қызба

4. Шенлейн – Генох ауруы

5. Спецификалық емес жаралы колит

Ер адам қызыл иегінің қанталауы, петехиялардың пайда болуы, жалпы әлсіздікке шағымдарымен ауруханаға түсті. Қанында: Нв- 52 г/л, эритроциттер - 2,0∙1012/л, лейкоциттер- 1,0∙109/л, тромбоциттер - 20∙109/л. Клиникалық диагнозды қою үшін ақпаратты мол зерттеу түрін таңдаңыз?

1. сүйек миын зерттеу

2. В-12 дәруменінің мөлшерін зерттеу

3. Бауыр мен көк бауырды зерттеу

4. Ферритинді зерттеу

5. Ретикулоциттерді зерттеу

Әйел адамда алғаш рет көптеген спонтанды тері астылық қан құйылулар, мұрыннан және жатырдан қан кету пайда болған. Мүшелер бойынша өзгерістер жоқ. Жгут пен шымшу симптомдары оң, қанда тромбоциттер – 8 х 109 г/л, гемоглобин – 100 г/л. Зерттеу кезінде аурудың себебі анықталмады. Науқасты емдеуде ең дұрыс тактиканы таңдаңыз:

1. Преднизолон 1 мг/кг тәулігіне per os

2. Винкристин 2 мг 1 рет аптасына көк тамыр ішіне

3. Спленэктомия

4. Тромбоциттер құю

5. Сүйек миының трансплантациясы

16 жасар науқас қан кетумен ерте жастан бері ауырады. Тісі түскеннен кейін қан кету мен жарақат алған соң гематоманың бар екендігіне шағымданады. Ауруханаға оң жақ тізе буынының жедел гемартроз клиникасымен түсті. Қай ауру туралы ойлауға болады?

1. Гемофилия

2. тұқым қуалайтын тромбоцитопатия

3. Геморрагиялық васкулит

4. Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура

5. Виллебранд ауруы

Наши рекомендации