Депрессивті-сандырақты синдром.

-Гипотимия

-Ойлау жылдамдығының төмендеуі

-Қимылдық тежелу

-Кінәлау сандырағы

-Цереброастения-бас ауыру,құлақта шу

Емі:

Антидепрессант (Амитриптилин,Нортриптилин)

37. 33 жастағы әйел, шаршаған, тұнжыраңқы көрінеді. Үнемі бас ауруына, үрейленуге, бектей ұйқыға шағымданады. Миында жазылмайтын ісік бар деп ойлайды. Осы ойға байланысты нашар ұйықтайды. Күндіз бұл ой жұмыс жасауына кедергі келтіреді. Дәрігерден осы ойдан құтылуға көмек сұрайды.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Обсессивті-фобиялық синдром. Жабысқақ невроз кездеседі. МКБ 10 Е4

-ауруға деген сындық көзқарас

-құтылуға талпыныстары

-күдікшіл,сенімсіз

-жабысқақ ойлар

Емі:

Психотерапия.

Нейролептик –Тизерцин, Терален.

38.20 жастағы бозбалада іс әрекеттерінің, қозғалысының және сөйлеуінің мәнерлілігімен, есерсоқтық пен бірге қозу байқалады. Науқас бетін тыжырайтып билейді, ерекше сөздер мен фразаларды айқайлап айтады. Алайда оның күлкісі, орынсыз қалжыңы, бос сөйлеуі айналасындағы адамдарға әсер етпейді.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Гебефрениялық синдром.

-есерсоқтық

-қозу

-мәнерлі сөйлеу

-бала секілді

Емі:

Нейролептик –Аминазин.

39. 25 жасар студенттің кейінгі кездері мінез-құлқы өзгере бастаған. Ол шамадан тыс баяу, сөзін созып сөйлейді. Кейде бірнеше секунд бір орнында қатып қалады. Бұл уақытта ештеңе есітпейді, ешқандай сұраққа жауап бермейді. Бірақ өзі бұны білмегендіктен есінде ештеңе қалмайды.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Эпилепсияның кіші ұстамасы (абсанс)

Эпилепсия-пароксизмалды бұзылыстармен,психикалық үрдістің торпидтілігіне және типті мнестико-интелектуальды ақыл кемдігінің дамуына тенденция мен тұлғаның өзіне тән көріністерімен көрінетін созылмалы үдемелі психикалық ауру.МКБ 10 G4

Кіші ұстама-кенеттен қысқа уақытқа сана өшуі, тырысусыз ұстама,науқас құламайды, бірнеше секудқа созылады.Толығымен амнезияланады.

Емі:

-ЭЭГ

-Антиконвульсанттар

-Транквилизаторлар

40.40 жасар әйел жұмысында үлкен мөлшердегі қаржыны орынсыз жұмсағаны үшін соттық сараптамада жатыр. Тергеушімен әңгіме кезінде көзін бақырайтады, орынсыз ыржияды, өзінің аты-жөнін, жасын айта алмайды. ­Өзін жұмыста отырмын деп ойлайды. Аяқ киімін қолына киеді, қарапайым арифметикалық есептерді шығара алмайды.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Псевдодеменция. Ганзер синдромы.

-Миморечь

Емі: Гипноз,Наркогипноз

Нейролептиктердің аз дозасы: тиоридазин, хлорпротиксен, левомепромазин, рисперидон, сульпирид,

41. 16 жасар бозбаланың кейінгі кездері мінез-құлқы өзгере бастаған. Достарынан және туған-туысқандарынан бөлектене бастаған. Көңіл күйі жабыраңқы. Уақытының көбісін айна алдында өзінің бет әлпетін қараумен өткізеді. Өзінің сырт көрінісіне, әсіресе мұрны мен құлағының формасына көңілі толмайды. Сондықтан пластикалық хирургияға қызыға бастаған. 1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Дисморфомания( Дисморфофобия) синдромы.Ойлаудың бұзылысы.

-физикалық жеткіліксіздік, ұсқынсыздық жайлы уайымдаулар

-көңіл-күйдің жабырқаулы төмендеуі

-өз күйзелістерін жасыру

-жалған ақауды түзетуге белсенді әрекет

-симптом Зеркала

-гипотимия

Емі:

Нейролептик

Антидепрессант (Амитриптилин,Нортриптилин)

42. 17 жасар бойжеткен гриппен ауырған кезде температурасы қатты көтерілген. Дәрігер көрген кезде ол тынышсыз, мазасыз, үрейлі, болған. Өзінің қайда екенін, қай уақыт екенін білмейді. Төсектен жиі ұшып тұрады да жастықтың астынан бірдеңелерді іздей бастайды, кроваттың астына қарайды. Қолымен қабырғаны сипалап көзге көрінбейтін бірдеңелерді ұстап алғысы келгендей қармайды. Өзімен-өзі сөйлесіп, жан-жағына үрейлі түрде қарайды.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Делириозды синдром. Инфекциялы ауру кезіндегі гипертермия әсерінен дамыған.

-Делирий сананың жедел күңгірттенуі.

-Уақыт, орын, кеңістік бойынша бағдар бұзылған.

-Кешкі уақытта күшейеді.

-Сахна тәрізді галлюцинациялар.

I саты. Гиперестезия, көңіл-күй өзгерісі (қорқыныш,үрей)

II саты. Көрген түс пен шындық өмірді ажырата алмау.

III саты. Шындық өмір толық галлюцинация, сандырақпен алмасады. 3 сатыдан кейін мусситирлеуші делирий дамиды (төсектік қозу). Проф.делирий.

Емі:

-Дезинтоксикациялық терапия (Тиол препараты, Гипертониялық, изотониялық ерітінділер)

-Седативті

-Нейролептик(Галоперидол)

-Антипсихотикалық ( Транквилизатор-Седуксен)

-Симптоматикалық

43. Стенокардиямен зардап шегетін 55 жасар науқасөз денсаулығын ойлап мазасызданады. Басынан жүрегі кенеттен тоқтап қалатын сияқты қорқынышты ой кетпейді. Оның негізсіз екенін, қорқынышының жөнсіз екенін түсінеді, бірақ өз бетінше ол ойдан құтылуға дәрменсіз. 1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Обсессивті-фобиялық синдром. Жабысқақ невроз кездеседі. МКБ 10 Е4 Кардиофобия

-ауруға деген сындық көзқарас

-құтылуға талпыныстары

-күдікшіл,сенімсіз

-жабысқақ ойлар

Емі:

Психотерапия.

Нейролептик –Тизерцин, Терален.

44. 30 жастағы ер адамда әр күні кенеттен қатты айқаймен басталатын ұстамалар болған. Оның алдында бірнеше сағат бұрын көңіл-күйі бұзылып, басы және асқазаны ауырып, мазасы кеткен. Соңынан 2-3 минутқа созылған тоникалық және клоникалық тырысулар болған. Бұндай тырысулардан кейін біраз уақытқа дейін өзіне-өзі келе алмай, соңынан ұйықтап кетеді. Ұйқыдан соң ештеңе есінде қалмайды.

1. Негізгі синдром

2. Дәрігердің тактикасы

Наши рекомендации