Серологиялық әдiс.

Пастереллалардың серотипiн анықтау үшiн бiрнеше реакциялар қолданылады: АР (агглютинациялау реакциясы), ГАР (гемагглютинациялау реакциясы), ДПР (диффузды преципитациялау реакциясы).

Ажыратып балау.Сиырдың пастереллезін қараталақ,қарасан,сальмонеллез, диплококк инфекциясы, пироплазмидоздар және респираторлық вирустық инфекциядан ( парагрипп -3 ж.б.) ажырату керек.

Қараталақта ісік көпшілігінде жұтқыншақта болады,олсерозды емес, геморрагиялық, көкбауыр қатты үлкейген, қан ұйымаған ішектерінде көр шиқан болмайды.

Қарасан пастереллезден қоңыр-қызыл түсті,сықырлайтынісігімен, бұлшық еттерінің құрғақтылығымен ажыратылады.

Төлдің сальмонеллезі ішектің дифтериялық қабынуы, көк бауырдың үлкеюімен сипатталады.

Диплококк инфекциясында жақ астынан,мойын маңынан теріасты ісігі болмайды, бактериологиялық зерттеумен септикалық диплококкті табады.



Бабезиозде көкбауыр қанға толып үлкейеді,қанжұғындысындағы эритроцит ішінен жеке немесе екіден орналасқан паразиттер табылады.

Диктиокаулезде жөтел болады,кейде екі жақтың ортасы іседі,бірақ дене қызуы нормасында, кеңірдек және бронхтардан паразит табылады.

Шошқада пастереллезді оба,тілме,сальмонеллезден ажыратукерек.

Құс пастереллезін Ньюкасл ауруы, стрептококкоз,эшерихиоз,пуллороз-тиф, респираторлық микоплазмоз, спирохетоздан ажыратукерек.

Қымбат терілі аң пастереллезін сальмонеллез,оба,Ауески ауруы,ботулизмнен ажырату керек.

Ажыратып балауда – қоздырушыны табу және идентификациялау шешуші орын алады.

Пастереллездің емдеу және дауалау шаралары.Малдыңпастереллезіне қарсы гипериммунді сарысуды пайдалану жақсы қорытынды береді. Оның емдік қасиеті антибиотик, сульфаниламидтерді қосса күшейеді.

Аурудың алдын алу үшін ауыл шаруашылық малдарына және құстарға вакцина егуге болады, тиісті нұсқау бойынша.

Шаруашылыққа пастереллез қоздырғышының ауру малмен енбеуін мұқият қадағалау керек. Малдың күтімі, азықтандыру және түртігудің алдын алуда ветеринаиялық –санитариялық ережелерге ерекше көңіл аудару керек.

Бақылау сұрақтары:

1. Пастереллез ауруына сипаттама беріңіздер.

2. Жануарлар пастереллездың негізгі қоздырғышын айтыңыз.

3. Пастереллалардың морфологиялық белгілерін сипаттаныз.

4. Пастереллаларды өсіру үшін қандай қоректік орталар қолданылады?

5. Пастереллалар қандай ферментативтік қасиеттерге ие?

6. Пастереллездың патогенезі қандай?

7. Ауру қандай формада өтеді?

8. Ауру негізгі клиникалық белгілерін атаңыз?

9. Пастереллезды қандай аурулардан ажырату қажет?



Тест сұрақтары:

1. Жануарлар пастереллезінің қоздырушысы?

А) B. аnthracis

B) C. septicum

C) B. аbortus

D) P. multocida E) E. Сoli

2. Пастереллез қоздырушысының пішіні қандай? А) таяқша В) элипс тәрізді

С) шар тәрізді Д) иректелген Е) ромб

3. Пастереллез қоздырушысының тинкториалдық қасиетіндегі ерекшелігі А) грам оң боялады

В) бояу қабылдамайды С) Козловский әдісі бойынша боялады

Д) Циль-Нильсен бойынша боялады Е) Романовкий –Гимза бойынша биполярлы боялады

4. Пастереллез қоздырушысының патогендігі неге байланысты? А) спора түзуіне байланысты В) жіпшелерінің түзуіне С) капсула түзуіне Д) пилидің түзуіне

Е) спора мен жіпшесіне байланысты

5. Пастереллалар қандай орталарда өседі?

А) Құрамы күрделі жасанды орталарда В) Китт-Тароцци С) сабуро, Чапек

Д) жылқы қан сары суы қосылған ЕПА,ЕПС, қантты сорпа т.б. Е) Терских, Коргофф 6. Пастереллалар тығыз ортада қандай тізбек (колония) түзеді?

А) арыстанның жалына ұқсас В) құрғақ, қатпарлы С) ұсақ, тегіс, мөлдір, көгілдір

Д) сары түсті, S-формалы Е) R-формалы



7. Ірі қара пастереллезін басқа қандай аурулардан ажырату керек? А) туберкулез, бруцеллез В) эшерихиоз, қатерлі ісік

С) сібір жарасы, эмкар, сальмонеллез, стрептококкоз Д) энтеротоксемия, брадзот Е) листериоз, бруцеллез

8.Шошқа пастерелезін қай аурулардан ажырату керек? А) туберкулез, бруцеллез, сіреспе В) эшерихиоз, қатерлі ісік

С) сібір жарасы, эмкар, сальмонеллез, стрептококккоз Д) энтеротоксемия, брадзот Е) оба, сальмонеллез

9.Құс пастереллезін басқа қандай аурулардан ажырату керек? А) туберкулез, бруцеллез В) эшерихиоз, листериоз С) туберкулез, бруцеллез Д) эшерихиоз, қатерлі ісік

Е) Ньюкасл ауруы, стрептококкоз, эшерихиоз, пуллороз 10.Пастереллез ауруына негізгі балау әдісі?

А) аллергиялық В) серологиялық С) клиникалық

Д) бактериологиялық Е) патологиялық анатомиялық

Серологиялық әдiс. - student2.ru

30 сурет.

P.multocida Романовский-Гимза әдісімен боялған жағындыдағы көрінісі



Серологиялық әдiс. - student2.ru

31 сурет. P. multocida-ның P.multocida-ның S-формалы тізбектері биполярлы боялуы

Серологиялық әдiс. - student2.ru

32 сурет. Ет-пептонды сорпада өскен P. multocida өсіндіні шайқағанда бұрым түрiнде көтерілуі

Серологиялық әдiс. - student2.ru

33 сурет. Пастереллезбен ауырған ірі қара малдың эпикардында қанталаулар

Серологиялық әдiс. - student2.ru

34 сурет. Пастереллездің өкпелік түрі.

Серологиялық әдiс. - student2.ru

35 сурет. Пастереллезбен ауырған тауықтың бауырындағы нүктелі өліеттену ошақтары

Серологиялық әдiс. - student2.ru

36 сурет. Пастереллезбен ауырған қой ішегінің клегейлі қабығындағы геморрагиялар (қанталаулар)

Серологиялық әдiс. - student2.ru

37 сурет. Пастереллезбен ауырған бұзаудың көк бауырының капсуласының астындағы геморрагиялар (қанталаулар)

Наши рекомендации