Созылмалы миелолейкоз кезінде науқасты жүргізу тактикасы » медициналық симуляция бойынша жауаптар эталоны

Оқу жылындағы ЖТД бағытында дайындау үшін 6 курс интерндерінің Қорытынды бақылауға арналған медициналық симуляцияның сценариі

(2 этап – клиникалық дағдыларды бағалау)

Клиникалық жағдай:«Созылмалы миелолейкоз кезінде науқасты жүргізу тактикасы». (ұзақтығы 15 мин)

Жағдай: Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Қабылдауға наукас келді.

Ø Анамнез жинаңыз және науқасты қарап-тексеріңіз.

Ø Лабораторлық-аспаптық зерттеулердің нәтижелерін талдаңыз.

Ø Диагноз қойыңыз

Ø Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз.

Ақырғы нәтиже (outcomes):

Ø Созылмалы миелолейкозбен сырқаттанған науқасты сұрастыру және физикалық тексеру.

Ø Созылмалы миелолейкоздың клиникалық диагностикасы.

Ø Жалпы қан анализін, сүйек кемігінің пунктатын талдау.

Ø Созылмалы миелолейкозбен сырқаттанған науқасты жүргізу тактикасы.

«Созылмалы миелолейкоз кезінде науқасты жүргізу тактикасы » медициналық сценарий бойынша

бағалау парағы (check-list)

Қадамдарды бағалау критерийлері Балмен бағалау  
 
Шағымдары мен анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? 1,0 0,5  
Қауіп-қатер факторларын бағалау 1,0 0,5  
Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – жалпы қарап-тексеру 1,0 0,5  
Жүрек-қан тамыр жүйесін физикалық тексеру 1,0 0,5  
Асқорыту жүйесін физикалық тексеру 2,0 1,0  
Болжама диагноз 2,0 1,0  
Зерттеу жоспарын тағайындау 1,0 0,5  
Салыстырмалы диагностика 1,0 0,5  
Гемограмманы талдады 1,0 0,5  
Құрсақ қуысы мүшелерін УДЗ нәтижесін талдады 1,0 0,5  
Стерналды пункция нәтижесін талдады 1,0 0,5  
Rгр көрсеткіштерін талдады 1,0 0,5  
Мамандар кеңесі 1,0 0,5  
Қорытынды диагноз 2,0 0,5  
Емдеу тактикасын анықтады 2,0 0,5  
Науқаспен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын сейілтуі 1,0 0,5  
ҚОРЫТЫНДЫ БАЛЛ    

Максимальді балл - 20

Актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:

Шағымдары: әлсіздік, шаршағыштық, терлегіштік, дене температурасының 37,50С, сол жақ қабырға астындағы ауыру сезімі, дене массасының азаюы.

Сұрақтың мәні Актер үшін сұрақ құрастыру Актердің жауабы
Әлсіздік қашан пайда болды? Әлсіздік қанша уақыт бойы мазалайды? Қатты әлсіздік 6 ай бойы мазалайды
Дене массасы азайды ма? Қанша уақытта қанша салмақ жоғалттыңыз? Мен бір жыл ішінде шамамен 10 кг арықтадым
Дене температурасы жоғарылады ма? Дене темпаратураңыз шамамен қаншаға және қанша уақыт бойы жоғарылады?   Температура 37,50С дейін және 3 ай бойы жоғарылады
Ауыру сезімінің локализациясын нақтылау Ауыру сезімі қай жерде: сол әлде оң қабырға астында ма, не эпигастрий аймағында ма? Ауыру сезімінің сипаты қандай: сыздаған, тұрақты, жедел? Сол жақ қабырға астында ауырлық және ауыру сезімі бар, сыздайды, тыныс алған кезде күшейеді.
Ауыру сезімінің ұзақтығы? Ауыру сезімі қанша уақыт бойы мазалайды? Ауыру сезімі 3 айдан бері мазалап жүр.

Анамнезінен:Созылмалы миелолейкоз диагнозы алғаш рет 2 жыл бұрын қойылған, тұрғылықты жері бойынша емханада қаралып жүр. 4 ай бұрын ошақты пневмониямен ауырған, стационарда емделген, жағдайының жақсаруымен шығарылған, бірақ ЖҚА-де ЭТЖ жоғары 52мм/сағат күйінде сақталып тұр. Осыдан кейін екі рет ЖРВИ ауырған. Соңғы 3 айдан бері айқын әлсіздік, терлегіштік, температурасының жоғарылауы, сол жақ қабырға астындағы ауыру сезімі мазалайды. Соңғы жылда 10 кг салмақ тастаған.

Тұқым қуалайтын аурулар: анасы жағынан атасы қан рагынан қайтыс болған.

Объективті:

Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Астения. Дене температурасы 37,20С. Лимфа түйіндері үлкеймеген. ТЖ – минутына 18 рет. Аускультацияда өкпесінде везикулярлы тыныс. АҚҚ 130/70мм сын. бағ. Жүрек үндері әлсіреген, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ минутына 88 рет. Іші жұмсақ, сол жақ қабырға асты сезімтал. Бауыры қабырға доғасы жиегінен 3,5 см шығып тұр, қыры тегіс, дөңгеленген, ауыру сезімінсіз, консистенциясы тығызданған. Көк бауыры қабырға доғасы жиегінен 6-7 см шығып тұр, қыры тегіс, пальпацияға сезімтал. Үлкен және кіші дәреті қалыпты.

Зерттеу нәтижелері:

Жалпы қан аналізі

Көрсеткіштер Нәтижелер
Гемоглобин, г/л
Эритроцит х1012 3,0
ЦП 0,9
Тромбоцит, х109
Лейкоцит, х109 56,0
Нейтрофил %
с\я %
т\я %
Эозинофил
Базофил
Моноцит%
Лимфоцит %
ЭТЖ, мм/сағ
промиелоциттер 3%
миелоциттер 4%
микроциттер - ++ пойкилоциттер - +, анизохромия - +  

ЖАЛПЫ ЗӘР АНАЛИЗІ

Көрсеткіштер Нәтижелер
Түсі сабан түстес сары
Реакция қышқыл
Салыстырмалы тығыздығы
Ақуыз жоқ
эпителий жасушалары 1-2 к/а
Лейкоциттер 0-1-2 к/а
Оксалаттар ++
Урат ++

3. Қанның биохимиялық талдауы:

Көрсеткіштер Нәтижелер
жалпы белок, ммоль/л
Глюкоза, ммоль/л 4,0
Билирубин, ммоль/л 14,0
креатинин, ммоль/л 90,3
АСТ, ммоль/л 0,38
АЛТ, ммоль/л 0,54
Триглицериды, ммоль/л 1,4

4. кеуде торының рентгенограммасы: Өкпе аймағында ошақты инфильтрациялық өзгерістер жоқ. Түбірі құрылымды, синустары бос. Төс аралығы ығыспаған.

Созылмалы миелолейкоз кезінде науқасты жүргізу тактикасы » медициналық симуляция бойынша жауаптар эталоны - student2.ru

5. Стерналды пунктатты зерттеу: Сүйек кемігі алыпжасушалы. Гранулациялық өсінді тітіркенген - 87,6% жасушалар, нейтрофилдер жетілуі миелоциттер деңгейінде кідірген. Эритропоэз нормобласттық, төмендеген. Мегакариоцитарлы өсінді тітіркенген.

6. Құрсақ қуысы мүшелерін УДЗ: Гепатоспленомегалия. Бауыр және көк бауыр паренхимасында диффузды өзгерістер.

Созылмалы миелолейкоз кезінде науқасты жүргізу тактикасы » медициналық симуляция бойынша жауаптар эталоны

Наши рекомендации