Тапсырма. «Жазулар» тақырыбына арналған есептер

1. Фамилиясы К әрпінен басталатын оқушылар тізімін олардың туылған күндерімен бірге шығару керек.

2. Спортшылар тізімінен суға жүзетіндердің мәліметтерін шығару керек. Олардың жасы және спортпен неше жылдан бері айналысып жүргені де анықталсын.

3. Оқушылардың алгебра, физика және Қазақстан тарихы пәнінен бағалары белгілі болса, олардың орташа бағасын табу керек. Орташа бағасы сыныптың орташа бағасынан жоғары болатын оқушыларды анықтау керек.

4. Бригада жұмысшыларының фамилиясы А және С әрпінен басталатындарын айлық жалақыларымен бірге шығару керек.

5. Алматы кондитерлік фабрикасының өнімдерінің ассортиментінен бағасы 550 тенгеден 960 тенгеге дейін болатындарын табу керек. Конфеттердің жарамдылық мерзімі мен осы конфеттер сатылымда бар дүкендердің нөмірлерін шығару керек.

6. Музыка мектебінде домбырада ойнайтын оқушылар тізімін шығару керек. Олардың неше жылдан бері музыкамен айналысатыны және қандай конкурстарға қатысқаны да анықталсын.

7. Кәсіпорын қызметкерлерінің ішінде жалақысы кәсіпорын бойынша орташа жалақыға жетпейтіндерінің тізімін шығару керек. Сондай-ақ, кәсіпорында 10 жылдан астам жұмыс істегендердің аты-жөні, жалақысы, еңбек өтілі және қызметі анықталсын.

8. Мектептегі соңғы ширекте бірде-бір үштік баға алмаған оқушылар тізімі шығарылсын. Олар қай сыныпта оқиды? Олардың орташа бағасы қандай?

9. Бала бақшадағы балалардың көрсетілген айда туылғандарын анықтау керек. Олардың жасы мен тобы да анықталсын.

10. Мектепетегі математика және информатика пәндерінен сабақ беретін мұғалімдер тізімін, олардың еңбек өтілін және апталық жүктеме сағатын анықтау керек.

11. Мектеп бойынша информатика пәнінен олимпиадаға қатысып, әр түрлі 5 есептен 30 балдан артық жинағандардың тізімін шығару керек.

12. Жыл қорытындысы бойынша сыныптағы үздіктер мен екпінділердің аты-жөнін анықтау керек. Олардың әрқайсысының орташа балы сыныптың орташа балынан қанша айырмасы бар екеніні де табу керек.

13. Сыныптағы ұлдардың орташа салмағы және қыздардың орта бойын анықта. Сыныптағы бойы ең биік ұл мен қыз кім?

14. К мемлекетінде өткен халық санағының мәліметтері белгілі. Ондағы халық саны N. Мемлекеттегі жасы 100-ден асатын қариялардың аты-жөнін, олардың санын және ең жасы үлкен адамның аты-жөні мен жасын шығару керек.

15. ҚР-дағы Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің аты-жөнін, жасын анықтау керек. Олардың ішінде «Кеңес Одағының Батыры» және «Даңқ» орденінің иегерлері бар ма?

16. Жарысқа қатысушылар бірінші сынақтан 25 баллдан кем жинаса, келесі сынаққа жіберілмейді (үміткерлер саны N). Бірінші сынақтың нәтижелері бойынша жарыстың келесі турына қатысатындардың санын анықтап, олардың аты-жөнін шығару керек.

17. Келесі мәндерді қолдана отырып, сессияның нәтижесі бойынша студенттерге стипендия тағайындау бағдарламасын құру керек:

1) егер барлық баға 5 болса, жоғары стипендия тағайындалады;

2) егер барлық баға 4 және 5 болса, әдеттегі стипендия тағайындалады;

3) егер 3 деген баға бар болса, стипендия тағайындалмайды;

Нәтижесінде, экранға топ студенттерінің тізімі олардың бағаларын және орташа балын қоса шығару керек. Сондай-ақ, жоғары стипендия тағайындалған студенттердің және әдеттегі стипендия тағайындалған студенттердің тізімдері бөлек шығарылсын.

18. Кестеде оқушының мынадай мәліметтері сақталған: тегі, аты, әкесінің аты, бойы, салмағы. Оқушылардың орташа бойын, бойы ең биік және ең төмен оқушының бойын анықтау керек. Егер баскетбол секциясына бойы 170 сантиметрден жоғарыларды ғана алатын болса, онда сыныптан осы секцияға неше оқушы жазыла алады?

19. Дәрі-дәрмек қоймасында дәрілер туралы мәлімет арнайы журналда сақталады. Онда дәрілік заттың атауы, саны, бағасы сақтау мерзімі (аймен) жазылған. Ең қымбат және ең арзан дәрінің бағасын, қоймадағы жалпы дәрілер санын, қай дәрілердің сақтау мерзімі 3айдан астам екенін, қоймадағы барлық дәрілердің құнын анықтау керек.

20. Мектеп асханасында Q түрлі тағамнан тұратын N түстік ас кешені ұсынылады. Әрбір тағамның бағасы мен калориялылығы белгілі. Ең арзан және ең қымбат түстік ас кешенінің атауын және бағасын анықтау керек. Калориялылығы ең жоғары кешеннің атауы мен калория мөлшерін де анықта.

21. Тауар қоймасында заттардың бағасын төмендету басталды. Тәртіп бойынша, қоймада n айдан артық сақталған заттардың бағасы екі есе, ал сақтау мерзімі m (m<n) айдан асса – 25%-ға төмендетіледі. Тауарлардың бағасын төмендету кестесінде мынадай ақпарат болуы тиіс: тауар атауы, тауар саны, төмендетілгенге дейінгі тауар бағасы, тауардың сақталған мерзімі, төмендетілген бағасы, тауардың баға төмендегенге дейінгі және төмендегеннен кейінгі жалпы құны. Қоймада ең ұзақ сақталған тауарды анықтау керек.

22. Спорттың көпсайыс түрінен жарыс өтті. N спортшының әрқайсысы спорттың М түрінен сайысқа түскен және оның әр түрі бойынша белгілі бір ұпай жинады. Әр спортшының қорытынды ұпай санын, бірінші және соңғы орындағы спортшының ұпай айырмасын анықтау керек. Алтын, күміс және қола жүлде иелерін, олар қай елдің спортшысы екенін анықта.

23. Қызметкердің келесі мәліметтері белгілі: тегі, аты, әкесінің аты, туылған күні, білімі, мекен-жайы және мамандығы. Кәсіпорындағы жоғары білімді азаматтардың аты-жөнін, маусым айында туылған қызметкерлер тізімін (аты-жөні мен туылған күні), алдағы бір жылда зейнеткерлікке шығатындар тізімін (ерлер – 65, әйелдер – 58 жаста) жасау керек.

24. «Уақыт» атты жазудың өрістері күн, ай, жылды және сағат, минут, секундты қамтиды. Кестеде N уақыт берілген. Оны өсу ретімен, яғни алдыңғы уақыттан кейінірек тұрған уақытқа қарай сұрыптау керек.

25. Сабақ кестесінің мәліметтері белгілі:

· Апта күні;

· Осы күндегі сабақтар саны;

· Сабақтардың басталу және аяқталу уақыты;

· Пән атауы;

· Оқытушының аты-жөні.

«Информатика» пәні бойынша болатын сабақтар туралы толық мәлімет шығарылсын.

Наши рекомендации