Суды пайдалану және қолдану

СУ – ең маңызды экологиялық ресурс және тірі организмдердің басты құрамды бөлігі. Сутектің оттекпен жай тұрақты қосылысы. Су – жер бетінде ең көп таралған қосылыс. Ол барлық гидросфераны құрайды, байланысқан күйінде әртүрлі минералдармен тау жыныстарының құрамына кіреді, топырақта, атмосферада болады. Планетадағы судың жалпы мөлшері 1,5 *10 – 2,5 * 10 яғни жер бетінің гектарына шамамен 50 млн. тонна судан келеді. Атмосфераның жер бетіндегі қабатында және топырақта мекендейтін организмдер үшін судың басты көзіне жауын-шашын жатады. Жер бетіндегі организмдерді сумен қамтамасыз етуде грунт суы сондай-ақ су қойма суы маңызды роль атқарады. Судың маңызды сипаттамасына оның сапасы жатады. Ол ластану салдарынан бірден нашарлауы мүмкін.
Суды әртүрлі шаруашылық мұқтаждығына пайдаланады.Суды қолданудың мәнісіне қарай су тұтынушылар мен су пайдаланушыларды айыруға болады. Су тұтынушылар- шаруашылықтың су ресурстарын су көзінен тыс жерде пайдаланатын салалары (шаруашылық тұрмыстық мұқтаж үшін, өндіріс, су шаруашылығы жүйелері және т.б. үшін қажет су тоғандары ), су пайдаланушылар – шаруашылықтың су ресурстарын су көздерінен тасымалдып пайдаланатын салалары ( гидроэнергетика су транспорты, балық шаруа. т.б.) Су тұтынушылар мен су пайдаланушылардың судың сапасына қоятын талаптары әр түрлі олар судың қандай қызмет атқаруымен байланысты. Судың сапасына ең қатал талап оны ішу мақсатына, балық өсіру үшін қолданғанда қойылады. Қазіргі кезде өнеркәсіп пен Ауыл.Ш. суды пайдалану көлемі аса зор мөлшерге жетті. Жылына 150 км куб. Жуық су қайтымсыз пайдаланылады ол ағымдағы тұщы су көлемінің 1% құрайды екен. Тұщы суға деген сұраныс орташа жыл сайын 3,1 процент өсіп келеді. Қазір адамдар жылына 3000 км куб. тұщы су тұтынады. Тұщы суды ең көп пайдаланатын салаға А.Ш. жатады мысалы 1 тонна бидай өндіру барысында 1500 т су пайдаланады. Өнеркәсіптің де суға деген сұранысы жоғары.
Өнеркәсіпте су ерітінділерді дайындауға, сұйықтықтар мен газдарды суытуға және қыздыруға шикізаттарды тасымалдауға, жылу энергетика мақсаттарына, қалдықтарды жоюға, құрал жабдықтарды, ыдыстарды т.б. жуып тазалауға пайдаланылады. Мыс: 1 т болат, шойын өндіру үшін 15-20 м куб. су жұмсалады. Қуаттылығы орташа химиялық комбинат тәулік ішінде 1-2 млн. м куб су шығындайды . 1,5 млн халқы бар қалада тәулік ішінде 1 млн м куб шамасында су жұмсалады.
Сумен қамтамасыз ету жүйесі – көзден суды алуға, оны реттеуге ж/е қысммен жеткізуге арналған ғимраттар кешені С.қ.е.ж. су алу ғимараттары, сорғы станциялары, суға тұтыну қасиеттерін беру қондырғылары қосалқы ж/е реттеуші ыдыстар, су құбырлары ж/е жабу, реттеу, су алу ж/е тежегіш арматуралармен жабдықталған су құбырлары тораптары кіреді. С.қ.е.ж. жер үсті көздеріне су алу жағалық ж/е арналық әртүрлі су тартқыш құрылғыларымен жүргізілетін өзендер, көлдер, бөгендер, теңіздер жатады. Жер асты көздеріне артезиан грунтты су, арна асты суы, бұлақ көздері жатады. Олардан су алу ұңғымалар шахталық құдықтар, горизонталь ж/е сәлелік су тартқыштар, құрғату ғимараты ж/е жерасты суын жинау құрылыстары арқылы жүргізіледі.
Өнеркәсіптік кәсіп орындарда суды пайдалану сулбасына байланысты С.қ.е.ж. суды тізбектеп пайдаланатын тура ағу ж/е айналма болып жіктеледі. Тура ағу жүйесінде су технологиялық циклде пайдаланғаннан кейін суқоймаға жіберіледі қайтадан пайдалану жүйесінде су өндірістің 1 технологиялық процесінде қолданылады. Осы жүйеде технологиялық процесте пайдаланылған су суқоймаға жіберілмейді, өңдеуден өткен соң қайтадан өндірістік циклге қайтарылады.

Судың ластануы:

Әлем бойынша адамзатты толғандырып отырған мәселе ол су қорларының ластануы алаңдатып отыр. Судың ластануы су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.

Су айдындарының ластануы:

*биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар

*химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер

*физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.

Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу.

Бұған жол беретіндері:

тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;

өнеркәсіп орындары;

ауыл шаруашылығын химияландыру:

халық шаруашылығының басқа да салалары.

Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық – түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді. Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Оның негізгі ластану көздері мыналар:

өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;

химиялық заттар және тыңайтқыштар;

тұрмыстық қалдықтар;

жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;

ірі құрылыс учаскелері;

күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.'

Жер асты суларында әртүрлі жұқпалы аурулар тарататын микробтар, вирустар кездеседі. Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбіне өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.

Су тұтыну нормасы— арнайы құрылыс нормасы мен ережесі бойынша судың сапасына сәйкес тұтынушының белгілі бір уақыт аралығында суды пайдалануының сандық көрсеткіші немесе кез келген өнім түрін өндіруге жұмсалатын қажетті судың сандық көлемі.

Су тұтынудың қатаң кестесі— су көздерінде су мөлшері белгілі бір көлемнен 10 пайыздай төмендеп кеткенде, әрбір ұжымның, шаруашылықтың, жеке тұлғалардың су пайдалануын қатаң шектеу.

Наши рекомендации