Командалық жолмен жұмыс жасау

Linux операциялық жүйесі

Linux операциялық жүйесі көптеген жерлерде, яғни ұжымдық мекемелер мен ғимараттарында оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең таралды.

Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux өзінде қамтып тұр. Оны OS/2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы жасалған.

OS Linux-тің болашағы жоқ деп айтылуда. Бірақ бұл операциялық жүйенің он бір жылдық тарихы бізге керісінше ойлануға кепілдік береді.

Linux – Unix операциялық жүйесінің толық функционалды нұсқасы. Бұл операциялық жүйеге, Unix операциялық жүйесінің ең қуатты мүмкіндіктері кіргізілген, және де Linux–ке Unix операциялық жүйесінің қазіргі кездегі қолданбалары қосылған. Бұл қолданбалар GNU тізбегімен таралып өзіне кәсіби деңгейдегі қолданбаларды кіргізеді. Linux–те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP–серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.

Linux-тің бірінші түрі шыққаннан кейін екі айдан соң Линус Торвальдс жаңа оперциялық жүйені таратты және басқаларды Linux-ті дамыту жұмысына шақырды. Сондықтан Linux операциялық жүйесі бүгінгі күнде көптеген жер шарының программистерімен дамытылуда және олардың жемісі көптеген Интернет сайттарында жазылған. Осы топтың басқарушысы әлі күнге дейін Линус Торвальдс болып саналады.

Linux Unix-тің жеңілдетілген түрінің қорында орналасқан, ол Minix деп аталады. Алғашынан бастап Linux тез бейімделген, кіші және арзан операциялық жүйе ретінде жасалады.

Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері

Толық көпқолданбалы операциялық жүйе. Ол бір мезгілде бірнеше жұмыстарды орындауда компьютердің барлық ақпараттық ресурстарын қолданады.

Виртуалдық жадының жәрдемі. Linux қатты дискінің бөлімін виртуалдық жады ретінде пайдалана алады. Операциондық жадыда активті процестерді сақтайды және дискіге програманың аз қолданылатын бөлімдерін кіргізеді. Жүйенің барлық жадысы қолданылады (виртуалдық және операциялық), Linux үшін бағдарламалармен дискінің жалпы жадысы сипатталады.

Операциялық жүйенің графиктік ортасы. XWindow – бұл стандартты интерфейс, ол Unix-те графиктік мүмкіндіктерді орындайды.

Linux барлық қолданбалы тор хаттамаларын, сонымен бірге Интернет-хаттамасы TCP/IP, желілік хаттамалары SMB* және Novell, Nis ақпараттық хаттамалары, NFS, WINS және т.б. желілік файлдық жүйенің хаттамаларына жәрдемдеседі.

Кітапхана байлығы. Әрбір жұмыстағы қайталанатын процедураларды сақтаудың орнына жүйе стандартты кітапхана жиынын береді. Олар қажет уақытта бағдарламаларға қосылады.

SysV, BSP және IEEE POSIX 1 стандарттарына ұқсас болуы. Linux көбінесе стандарттарды қолданады.

Операциялық жүйенің ашық мәтіні. Linux AT&T* сияқты саудалық дамытылуларын пайдаланбайды. Сондықтан әрбір адам өзінің OS модулін жазуға мүмкіндік алады.

Басқа операциялық жүйелерге қарағанда өте арзан.

Вирустарға толық қарсы тұруы. Қазіргі уақытта Linux-ке арналған он вирус қана белгілі. Олардың ешқайсысы операциялық жүйеге зиян келтіре алмайды.

Linux ОЖ – бірмезетте бірнеше тапсырмалар орындалуын басқара алатын UNIX операциялық жүйесі негізінде құрылған көппайдаланушылық, көпесепті, көптерминалды операциялық жүйе, Ол серверлер мен жұмыс станцияларында жұмыс жасауға арналған, қосымша терминалдарды қосуды қамтамасыз етеді және осы режимде графикалық қабықшаны қолдануға мүмкіндік береді.

UNIX-сеpвеpлер үлкен көлемді ақпараттарды сақтау және өңдеуге арналған. Әсіресе, UNIX-серверлерді, ақпараттарды бөліктерге бөліп өңдеу үшін қолдану тиімді. Осы мақсатта CORBA стандартына сәйкес бөліктерге бөліп есепетеу жүйелері құрылған. Бұл жүйелерге деректер базасын басқару жүйелері (Oracle, Informix және т.б), файл-серверлер, FTP-серверлер, WWW-серверлер және Linux ОЖ қолдайтын т.б. жүйелер жатады. Бөліктерге бөлінген жүйелерде ақпараттар әртүрлі жұмыс станцияларында, әртүрлі дисктерде сақталуы мүмкін, бағдарламалық модульдер әртүрлі компьютерлерде орындалуы мүмкін, бірақ жүйе біртұтас құрылым ретінде жұмыс жасайды. Үлкен көлемді ақпараттарды өңдеу кезінде пайдалаушыға қажетті ақпаратпен ғана жұмыс жасауға мүмкіндік беретін клиент–сервер технологиясы қолданылады. Клиент-сервер технологиясының дамыған түрі интеллектуальды агенттер технологиясы болып табылады.

Linux ОЖ - 32 немесе 64 разрядты платформаларға арналған желілік операциялық жүйе. Ол ойын (Sony Play Station) қосымшаларынан бастап Internet кластерлік серверлеріне дейінгі диапазондағы масштабды қамтиды.

Linux ОЖ компьютердің нақты бір түрімен байланысты емес. Оның ядросы жоғары деңгейлі СИ тілінде жазылған, сондықтан оны бір платформадан басқа платформаға ауыстыру мейлінше оңай. Жүйе GNU лицензиясы немесе сол сияқты еркін лицензиялар бойынша таратылады, сонымен қатар Internet арқылы еркін орнатылады. Жүйенің шығу модульдерін қолдану басқа платформаға өту кезінде қолданбалы бағдарламалардың бейімделу және рұқсатсыз қатынас құруды жүзеге асыратын кодтарды бақылау мүмкіндігін береді. Жүйені құруға өздерінің авторлық құқықтарын бекіткен өте көп мамандар қатынасты, бұл жүйенің монополизациясын болдырмауға кепілдік береді.

Дербес компьютерлерді (ДК) UNIX–сервермен есептеу желісіне қосу TCP/IP хаттамасының көмегімен жүзеге асырылады, нәтижесінде пайдаланушылар келесі мүмкіндіктерге ие болады:

1) UNIX-серверін файл-сервера ретінде пайдалану;

2) дербес компьютерге терминалды эмуляциялау (TELNET режимі);

3) клиент-сервер жүйесін ұйымдастыру (жұмыс станциясы SQL-сұраныстар құрады, сервер оларды өңдейді);

4) ДК арасында FTP хаттамасы негізінде файлдар алмасу;

5) CORBA стандарты бойынша бөліктерге бөлінген есептеулер жүргізуді ұйымдастыру.

UNIX операциялық жүйесінде барлық әрекеттер процестер ретінде құрылған. Процесс жүйелік командаларды орындау кезінде шақырылатын орындалатын бағдарламалар немесе орындалатын бір бағдарламадан тұрады. Процесс параллель орындалатын бір немесе бірнеше басқа да процестерді жүктеуі мүмкін. Linux ОЖ процестерді параллель орындау үшін көппроцессорлы архитектураны сүйемелдейді.

Linux-ті жүктеу

Компьютермен жұмыс жасау оны жұктеуден басталадтыны белгілі. Компьютерлердің жүктелу реті биртипті: қоректендіру көзін іске қосқаннан кейін BIOS құрылғыларды тестілеуден өткізеді, жүктеу құрылғысын іздейді, табылған жүктеушіге басқаруды береді, ол өз кезегінде операциялық жүйені жүктеуді бастайды.

Linux ОЖ қатқыл дисктен, дискеталардан, сонымен қатар USB-жинақтауыштардан немесе желі бойынша жүктелуі мүмкін. Linux ОЖ үшін стандартты жүктеуші ретінде LILO (LInux LOader) қолданылады, бірақ одан да басқа жүктеуіштер бар. Жүйенің әрбір дистрибутиві тағы бір-екі нұсқа ұсынады. Мысалы, ASPLinux дистрибутымен GRUB, ASPLoader и Acronis OS Selector жүктеуіштері ұсынылады. Олардың барлығының негізгі мүмкіндіктері бірдей, бірақ қосымша функциялармен ерекшеленеді. Негізгі мүмкіндіктерге мыналар жатады: компьютерде орнатылған (мультижүктеу) бірнеше операциялық жүйелерден біреуін таңдауды жүзеге асыру, логикалық бөліктерден жүктеу, конфигурацияларды өзгерту. Қосымша мүмкіндіктеріне қолдайтын ОЖ саны немес диск бөліктерін басқару және т.б. жатады.

Linux ОЖ таңдағаннан кейін жүктеуші басқаруды ОЖ ядросына береді. Ядро (kernel) құрылғыны тексереді және тексеру нәтижелері туралы ақпаратты экранда бейнелейді. Құрылғыларды тексергеннен соң Линукс ядросы интерактивті жүктеу режиміне өтуі мүмкін. Егер осы мүмкіндікті пайдаланбаса, онда жүйе конфигурациялық файлдардан ақпаратты оқи отырып, сервистік бағдарламаларды автоматты жүктеуді жалғастырады (/etc/inittab, /etc/rc.d). Сервистерді жүктеу процесі мен нәтижелері экранда бейнеленеді. Егер жүйе графикалық режимде жүктеуге негізделсе онда сервистермен қатар X-сервер жүктеледі, әйтпесе – жүйе мәтіндік режимде жүктеледі және экранда пайдаланушыны екпінді етуге шақыру пайда болады:

ASPLinux release 10 (Karelia)

Kernel 2.6.9-1.667asp on an i686

localhost login: _

Бұл жазба Linux ядросы жүктелуі аяқталғандығын және жүйе жұмысты бастау үшін пайдаланушы атын енгізуді күтетіндігін білдіреді.

Командалық жолмен жұмыс жасау

Жоғарыда орнатылған жүйеге қосыла алатын бір ғана пайдаланушы бар. Ол администраторлық құқыққа ие мүмкіншілігі зор пайдаланушы (суперпайдаланушы) root.

МАҢЫЗДЫ! Root үшін жүйе ресурстарын басқару бойынша шектеулер жоқ. Сондықтан қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында суперпайдаланушыда күнделікті тапсырмаларды орындамаған жөн.

Пайдаланушы атын енгізгеннен соң, жүйе парол сұрайды, енгізілген ақпаратты тексереді, егер бәрі дұрыс болса пайдаланушы сеансын ашады.

Осы мезеттен бастап жүйе пайдаланушылардан команда алып, оларды орындай алады. Барлық командалар орындалуға командалық жолдан (шақыру жолы) енгізіледі. Шақыру жолы жүйе қабықшасы ұсынатын пайдаланушы интерфейсіне ұқсас. Қабықша – операциялық жүйе мен пайдаланушы арасындағы бағдарлама-дәнекер. Линуксте (басқа да unix-жүйелер сияқты) қабықшалар әртүрлі болуы мүмкін, бірақ көбінесе sh (shell)-дің әртүрлі нұсқалары bash, tsh, zh және т.б. қолданылады. Қабықшалар автоалмастыру, енгізу тарихы, орнатылған скриптік тілдер сияқты мүмкіндіктер бере отырып, қандай да бір деңгейде пайдаланушы жұмысын жеңілдетеді. Олардың негізгі міндеті – пайдаланушы енгізген команданы алу және оны операциялық жүйеге орындауға беру. Барлық қабықшалар үшін командаларды енгізу форматы қарапайым: команданың атын енгізу және қажет жағдайда оның параметрлерін көрсету керек.

Наши рекомендации