Азақ мәдениетіндегі философия феномені.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Қазақ философиясы тарихын мына кезеңдерге бөлеміз:

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru Көне қазақ философиясы (б.з.д. VII – б.з.V ғ.ғ.);

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru Орта ғасырлық түркі кезеңі философиясы (VI – XIV ғ.ғ.);

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru Қазақ ақын-жырау философиясы (XV – XVIII ғ.ғ.);

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru «Зар заман», ағартушылық философиясы кезеңі (XIX – XX ғ. басы);

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru Қазіргі заман қазақ философиясы (XX ғ. 30 жылдарынан бері).

Қазақ философиясының ерекшелік сипаты:

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru тәңірге, аруаққа сыйыну, тәубелік ой-сана;

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru философиялық ой ерекше формада - әдеби шығармада, өлең-жырларда, нақыл сөздер мен қара сөздерде, айтыс өнерінде көрініс тапты;

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru қазақ философиясында экзистенциялық сарын басым;

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru болмыс пен бейболмыс, абсолюттік Жаратушы, жалған дүние мәселелері;

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru батыс философиясындағы жүйеліліктен гөрі, жеке ойшыл-тұлғалардың дүниеуи көзқарастары құндылыққа ие;

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru адам, мораль, эстетика, әдептілік тақырыптарына көп көңіл бөлінді;

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru әлеуметтік әділеттілік, еркіндік, ізгі қоғамды аңсау.

Қазақ философиясы тарихы көне дүниеден басталады. Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген Заратуштра, Анахарс, Ишпақайлардан, Әл-Фараби, Яссауи, Абай, Мағжанға дейін күректей үш мың жыл жатыр. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзге тоқтаған адамды өте жоғары бағалаған. «Аталы сөзге арсыз ғана таласады» - деген.

Ұлт өз дүниетанымын тілі, мәдениеті, рухани мұрасы, діни нанымы т.б. арқылы білдіреді. Философия пәні ойлау болса, ұлттық дүниетанымды бейнейлейтін ойлау формалары ұлттық философия болмақ.

Ұлттық философия тек философия үшін қажет емес, ол ұлттың өзін-өзі тануы үшін қажет. Өз тілінде философиясы болмаған халықты мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосу қиын. Гегель айтқандай «менің ана тілімде (неміс) жазылғанның бәрі менің байлығым».

Көне қазақ философиясында аты белгілі ойшылдар:

- Заратуштра – осыдан үш мың жылдай бұрынғы азиялық ұлы даладағы тұңғыш пайғамбарлардың бірі. Еуропаға Заратуштра есімі екі жарым ғасыр бұрын ғана белгілі болған. Ғалымдар «Авестаға» неғұрлым тереңдеген сайын айтылған жер, су аттары Заратуштраның шығу тегі Тұран даласына, яғни қазіргі Қазақстан мен Орта Азия даласына алып келеді. Лондон университетінің профессоры Мэри Бойс «ақиқатында Заратуштра Еділдің шығысынан басталатын Азиялық далада өмір сүрген» - деп тұжырымдайды.

Заратуштра қалайда адамзат тарихы үшін теңдесі жоқ жұмбақ тұлға. Немістің атақты философы Фридрих Ницшенің (1844 – 1900) «Заратуштра осылай деген» атты философиялық толғау жазу да тегін емес еді. Бұл Заратуштраның жалпы адамзат баласының алғашқы ұстазы болғандығын мойындау еді. Смағұл Елубайдың пікірі бойынша:

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru Адамзаттың алғашқы пайғамбары, соңғылықта өмірге буддизм, иудаизм, христиан, ислам діндерінің келуіне үлкен ықпал жасаған Заратуштра ұлы Тұран жерінің перзенті;

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru Соңғылықта, ең соңғы ғылыми зерттеулер Заратуштраның туған жерін қазақ даласына әкеп тіреді. «Еділдің шығысынан басталатын азиялық дала» - қазақ жері;

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru Адамзаттың алғашқы пайғамбары Заратуштраның туған жері, отаны Қазақстан екенін біздің де айта бастайтын уақытымыз жетті.

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru Заратуштра адамзат тарихы үш кезеңнен тұрады дейді. Құдай дүниені жаратқан алғашқы балауса кезеңді – «жаралу» кезеңі. Адамзат тарихының екінші кезеңі дүниеге Сайтан араласқан кезең, яғни «араласу» кезеңі делінеді. Бұл кезеңде кесапат пен шарапат ұзақ та ұлы күреске шығады. Бұл жарық дүние үшін Құдай мен Сайтанның күресі еді. Заратуштра уағызы бойынша адамзат тарихының үшінші кезеңі – «ажырасу» деп аталады. Бұл кезеңде Құдай Сайтанды жеңіп, өзі жаратқан Дозақ отына өзі күйіп, қиянат, кесапат, жамандық, қылмыс атаулы із-түссіз жоғалған күннен басталмақ. Сөйтіп, Алла тағала жаратқан жарық дүние баяғы бейкүнә, таза, ұжмақ қалпына келмек.

Сол болашақта, мәңгі ұжмақта өмір сүрмек үшін, бақытты болу үшін адам бұл фәниде Заратуштраның үш шартын орындауы керек:

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru бірінші шарт – «шарапатты ойға беріл»;

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru екінші шарт - «шарапатты сөзге беріл»;

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru үшінші шарт – «шарапатты ізге беріл»;

Анахарс, грекше – Анахарсис – Скиф жұртынан шыққан дана, тапқыр, шешен (б.з.д. VI – V ғ.ғ.). Анахарстың әкесі көшпенділердің әйгілі ханы Гнур (Күннұр) болса, шешесі Афина ақсүйектердің қызы. Анарыстың тапқырлық даналығы туралы Геродот, Платон, Аристотель, Диоген, Лукиан, Сеист Эмпирик, Плутарх, Мишель Монтень сияқты әйгілі тұлғалар ой-пікір, естеліктер қалдырған.

Диоген Лаэртский (шығармалары. М., 1975, 95-96 беттер): «Кеме ағашының қалындығы төрт-ақ елі екенін білген Анахарс, кемешілер өлімнен төрт елі қашықтықта жүреді» екен депті.

Анахарстың ескерткішіне: «Тіліңе, құлқыңа, тәніңе ие бол» деп жазылыпты. Адам бойындағы бақ пен сорға бірдей себепші болатын не? – деген сұраққа Анахарс: «Тіл» деп жауап беріпті.

Татымсыз көп достан, тартымды бір дос артық – депті Анахарс. Базар – адамдардың бірін-бірі алдап, тонау үшін әдейі ойлап тапқан орын дейді.

Плутарх (Таңдамалы өмірбаяндар, 2 томдық М., 1987, 161 бет): Анахарс Халық кеңесіне келіп отырып, эллиндер арасында сөзді ақылдылардың айтатынына, ал мәселені ақмақтардың шешетініне қайран қалыпты.

- Ишпақай – біздің жыл қайыруымыздан бұрынғы 674 жылы қаза тапқан скифтер көсемі, қазақ даласының перзенті, ғұламасы.

- Майқы би Мәнұлы – Хижра жыл санауынан 711 жыл бұрын туып, 800 жылы дүниеден қайтқан. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» өз заманында бүткіл қазақ атаулыны билеген, билеу үстіне әділдік орнатқан, қара қылды қақ жарған адам болыпты.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы(1845.10.08 – 1904 ж.) – қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер философы, қазіргі заман қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы, композитор, қазақ мәдениеті Ренессансының көрнекті классигі.

Абайдың философиялық көзқарасы дегенде, ең алдымен оның философиялық жүйе құрастырмағаны, тіптен арнайы философиялық трактат жазбағаны белгілі. Сондықтан Абайдың дүниетанымынан жүйеге келтірілген гносеологиялық принциптер мен бір негізге құрылған философиялық концепцияларды іздеудің қажеті жоқ. Абай дүниетанымын әлемдік философиялық жүйе, тұжырымдарға сәйкестірмей, өзінің шығармашылығынан қарастырған дұрысырақ болар.

Абай ғылым мен танымның мақсатын көрсетті:

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru ақиқатты тану;

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru пайдалы мен зиянды ажырата білу;

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru адамды адам ету;

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru әрдайым өлшемді, шаманы білу, сақтау;

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru ақыл-оймен Алланы, яғни Даналық – Махаббат - Әділетті тану.

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru Шәкәрім Құдайбердіұлы(1858 – 1931). Шығармалары: «Үш анық», «Шежіре», «Мұсылмандық шарты» және өлеңдері.

Үш анық:

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru Сенім ақиқаты. Алланы тану және жанның өлмеуі;

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru Ғылым ақиқаты. Сезімдік қабылдау және рационалдық ойлау;

азақ мәдениетіндегі философия феномені. - student2.ru Жан ақиқаты – ұждан. Ұждан: ынсап - әділет – мейірім.

Шәкәрім біріншіден – онтологиялық жолындығы гносеологиялық, таныммен, екіншіден, дін жолындағы теологиялық дүниетанымды екінші анық деп көрсетеді. Ал үшінші анығы Абайда кеңінен сөз болған мораль философиясындағы жан құмарына барып ұштасатын ұждан туралы күрделі проблеманы көтереді.

Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: ар-ождан, тіл, діл, қазақ мәдениет, ауыз әдебиеті және т.б.

Тақырып бойынша тест тапсырмалары:

1. Қазақ ағартушылығының негізін қалаушысы:

А) М. Қашқари.

В) Ш. Уәлиханов.

С) Ы. Алтынсарин.

D) Қ. Сәтбаев.

Е) Ж. Баласағұн.

2. Шәкәрім Құдайбердиевтің философиясының орталық мәселесі:

А) Ұлт туралы ілім.

В) Адам туралы ілім.

С) Махаббат туралы ілім.

D) Табиғат туралы ілім.

Е) Ар-ұждан туралы ілім.

3. Ш.Уалиханов философиясындағы орталық идея:

А) Ағартушылық.

В) Шаманизм.

С) Ақыл.

D) Ғылым.

Е) Дін.

4. А.Құнанбаевтің моральдық философиясындағы орталық идея:

А) Ғылым.

В) Сана.

С) Сенім.

D) Ағартушылық.

Е) Жүрек туралы ұғым.

5. Шәкәрімнің 1898-1928 жылдарда жазған негізгі философиялық шығармаларының бірі – “Үш ...”:

А) Дос.

В) Жолдас.

С) Адасу.

D) Анық.

Е) Адамгершілік заңдар.

Наши рекомендации