Фил тарихдағы адам, тұлға мемлекет туралы идеялар

Философия адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Ол біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді.Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Адам баласының қй-өрісі кеңіген сайын философияда тереңдей түсті. Философия – дүниетанымдық, теориялық, методикалық ғылым. Философия бүкіл әлемді, оның ьасты салалары – табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады. Философия адамдарды көкжигі кең, шаңыраіы биік дүниетанымдық көзкарастармен қаруландырып бүкіл болмысқа көзін ашады. Адамдар өздерінің ақыл-ойларының өсу дәрежесіне сәйкес өздерін табиғаттан, қоғамнан ажырата алатын, өздерінің дербес тіршілік иесі екендігін пайымдай алатын, мақсат-мүдделерінің табысқа жету-жетпеуі табиғат күштерін өз қалпында танып біліп іс жүзінде иегеру дәрежесіне тікелей тәуелдің екендігін түсінді. Конфуцийшылдардың мемлекет – үлкен отбасы, оның басшысы – халықтың әкесі десе, ал легистер мемлекет - өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші өзін ата-баба аруағына да, халықтан да, аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: 1. ұскақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан асындағы (Қытай) мемлекет құру; 2. осы мемлекетке халықты бағындару.Мемлекеттегі қызмет орындары адамдардың жұмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі тиіс. Конфуцийшылдар мен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға созылды. Тіпті қазірдің өзінде де саяси топтардың арасында қарсы шығушылар мен жақтаушылар да кездеселді.

81. М.Шаханов поэзиясындағы «рухани құндылықтар» мәселесі. М. Шаханов поэзиясы өз халқының тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, бүгінгі таңдағы аса ділгер, жан толқытар проблемаларға жаңа кілт таба білуімен қуантады.Мұхтар шығармаларының негізгі лейтмотиві – адамдықты, адалдықты, әділдікті, тазалықты, пәктікті паш ету; ездікті, зұлымдықты әшкерелеу. Тегінде, бұл – бүкіл ақ ниетті өнер атаулының мұраты болса керек. Бірақ, Мұхтар осы жайларды ешкімге ұқсамай, өз даусымен, өз дәлелімен өрнектеуге тырысады. Мұхтар Шаханов сонау поэзияға алғаш келген кезінен бастап ел тағдырын жырлаудан жалыққан жоқ «Сейхундария», «Күре тамырды іздеу», «Сенім патшалығы» секілді философиялық поэмаларында ақиқат пен жалған, сенім мен күдік, махаббат пен қызғаныш, адалдық пен арамдық, ізгілік пен қиянат, ерлік пен сатқындық секілді рухани өмір өлшемдерінен болмыс заңдарына бойлай отырып, бар жақсылықтың басы – туған анаға, туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталатынын дәлелдейді.Ол ой маржанын бүкіл әлемнен, ал поэзияның басуларын халықтық жырдан іздейді. Мұхтардың «Жеңілген жеңімпаз хандығы Отырар дастаны немесе Шыңғысханның қателігі» атты шағын поэмасындағы қираған қаланың тағдыры бүгінгі халық тағдырымен тікелей астасып, ұрпаққа ауыр да абыройлы жауапкершілік жүктелгендей болады. Сатқындықтың құрбаны болған Отырар ойран болды. Осы кезге дейін дауасы табылмаған сатқындық туралы, адам бойындағы ең жек көрінішті қасиетті ақын осылайша өз жырына арқау етті.Қазір адамның ақыл-парасатымен бірге нәпсісі үстемдік құрған кезең. Нәпсі қуаты бүгінгі жылтырақ «бұқаралық мәдениетті» туғызады. Адамды өлтіру, қорлау, зорлау, азаптау, міне қазіргі күннің қызықтырар басты тақырыптары. Ал, қазір жер жүзі «соғыс алаңына» (ойындар, кинофильмдер арқылы) айналды. Мұның бәрі жас ұрпақ санасына мысқалдап сіңе бермек. «Нәпсі философиясынан Рух философиясын жоғары қою адамзат мүддесіне сай екенін Мұхтар Шаханов тамаша дәлелдеп шыққан және ол Рух болмысын қорғауды проблема етіп көтерген. Бұл биік гуманистік позиция автордың әлемдік деңгейдегі ой-санасының көрінісі».Жалпы байқап отырсақ нені жырласа да – достықты ма, махаббатты ма, табиғатты ма – тереңнен тартып, философиялық ойға құру, күтпеген тың байламдар жасау – Мұхтар творчествосына тән бір ерекшелік. Мұхтар Шахановтың «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғысханның пенделік құпиясы) атты поэмасы екі жыл бұрын оқырман қолына тиген «Өркениеттің адасуы» атты кітабымен үндес, бір-бірін толықтырып тұрған, терең философиялық астары бар, мәңгілік өмір айналымының сыры мен жұмбағына үңілген, оқырманның алдына түйіні күрделі сауалдар тастап, терең ойға тартатын дүние екеніне көз жеткіздік.Мәңгілік өмір айналымының қозғаушы күші не? Ақ пен қара... Оң заряд пен теріс заряд… Жарық пен қараңғы… Періште мен шайтан… Махаббат пен зұлымдық… Міне осылай жалғасып кете береді…Мәңгілік өмір осылай жалғасып кете бермек пе? Егер қозғалыстың қозғаушы күші қарама-қарсы екі күш дейтін болсақ, онда зұлымдықтың да азаматтың дамуына қосқан өзіндік үлесі болғаны ғой, деген заңды сұрақ туындайды. Иә, белгілі бір дәрежеде солай екені рас. Екі күштің күресі қалай, қашан басталды десек түп тамырымызға үңілуге тура келеді.Құл сырттай ғана бағынышты болуы мүмкін. Ішкі байламы берік, рухы мықты болса ол адамдық қалпын жоғалтпайды. Ал ішкі «Менінен» айырылған адам рухсыздық дертіне шалдығады. Рухсыздық – барлық бақытсыздықтың бастауы. М. Шаханов адамзатты осы РУХСЫЗДЫҚ АПАТЫНАН сақтандырды…Әуел баста Алланың рухынан жаратылған Адам өмір айналымына не үшін жіберілді. Әрине, эволюциялық жетілу жолынан өтіп, өсіп, өркендеп, пенделіктен періштелік биіктікке дейін көтеріліп, тазалап барып Ұлы Рухқа – Аллаға қайта қосылу үшін жіберілген деп түсіндіреді қазіргі заман ойшылдары. Адамзаттың эволюциялық даму жолына көз жіберетін болсақ, талай тар жол, тайғақ кешуден өтті. Мың өліп, мың тірілді.Қазір біз компьютер, интернет дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Шегімізге жеттік, енді Жерді қойып, Ғаламның тағдырына да жауаптымыз біз! Біз енді Мейірім мен Махаббатты төрге шығаруымыз керек. Біз сонда ғана Ұлы Мейірімге, Ұлы Махаббатқа қосыла аламыз. Онсыз тұйыққа тірелеміз.

Шаханов «Өркениеттің адасуында» маңызды мәселені көтерген, ол – адамзаттың қазіргі адасуы. Енді оның екінші проблемасы бой көрсетпек, ол – адасқан цивилизацияны жөнге салу. Міне, осы тұста жалған пайғамбарлар, әуесқой әулиелер, дүмше саясаткерлер көптеп өсіп-өніп кетсе, сөйтіп олар жығылған үстіне жұдырық дегендей, суға батар–батпас болып тұрған жанды мүлдем батырып жіберсе не болмақ? Шаханов сага поэмасын оқығанда осындай терең ойларға ақынмен бірге сүңги бересің, ол адамды ой тұңғиығына батыртып, санаға салмақ, ойға өріс береді.

82 XX ғ қазақ фил.ның даму кезеңдері.Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерекшеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. Қазақ философиялық ойларының қалыптасу бастаулары хронологиялық және мәндік жаңынан үш кезеңнен тұрады:1) ру құрылысы үстем болып тұрған уақытты және соған сәйкес келетін алғы философиялық сананы қамтиды;2) XX ғ. басына дейінгі ойшылдардың, философтардың ілімі, мұрасы мен еңбектері. Негізгі көксеген мақсаттары – әр қилы әлеуметтік топтардың мүделерін жоқтау, жақтау, көздеу немесе жою.3) XX ғ. басынан қазіргі уақытқа дейінгі қазақ философиясының негізгі принциптері, даму жолдары, жеткен биігі мен алынбай қалған шындары.

83.О.Сулейменов шығармаларындағы адам және қоғам туралы ойлар. Олжас Сүлейменов 1936 жылы Алматы қаласында әскери қызметкердің отбасында дүниеге келген. Алдымен әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университетін, сонан соң Мәскеудегі М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. Орыс тілінде жазады. Тұңғыш өлеңдер жинағы "Арғымақтар" 1961 жылы жарық көреді. Осы жылы шыққан "Адамға табын, жер, енді" поэмасы О. Сүлейменов есімін әлемге паш етті. "Нұрлы түндер" (1962), "Шапағатты шақ" (1964), "Мешін жылы" (1967), "Қыш кітап" (1969), т.б. өлеңдер жинақтары жарық көрді. Оның таңдамалы шығармалары қазақ тіліне аударыльш, "Атамекен" деген атпен басылып шықты (1986). Ақынның балалық шағы қаһарлы соғыс кезіне тап келген. Бүкіл ел басына түскен қиыншылық, ауыр жылдар оны ерте есейтеді. "Атам қырық төртінші жылы көкірек ауруынан қайтыс болды. Жастығының астынан қиын-қыстау қаралы күндері жесін деп маған сақтаған бір үзім қара нанды тауып алдық", — деп ақын өзінің балалық шағын еске алады.Оның жастайынан кітаппен достасуы, көп уақытын кітапханада өткізуі зерттеушілік қабілетін шыңдай түседі. 1961 жыл жас талапкер үшін әдеби ғарышқа самғау жылы болды. "Арғымақтар" және "Адамға табын, жер, енді" атты жинақтары жарық көріп, бүкіл жұртты елең еткізді. Қай тақырыпта сөз қозғаса да, Олжас туындылары өткір тартысқа құрылып отырады. Осыдан келіп ақынның биік азаматтық үні, белсенді позициясы анық байқалады. Өзіндік асқақтық, шынайылық, сезім астасуы, ойнаңылыққа ойыса білу, т.б. ерекшеліктерімен көзге түседі. Лирикалары. О. Сүлейменов қазақ өлеңіне өзіндік өткір тартыс, сезім күрделілігін әкелумен бірге, оның уақытқа және кеңістікке тән аясын кеңітудің үлгісін көрсете білді. Ол лаулаған алауды, ұшқынды сүйеді. Туындыларының өне бойында — далада да, тауда да, ежелгі керуен сүрлеуінде де — лаулаған алау.Олжас — қазақ ақындарының ішінде саяхатқа ең көп шыққандардың бірі. Ол Азияда, Таяу Шығыстағы араб елдерінде, Еуропада, Америкада, т.б. елдерде Қыл өтпестей тату болсын арасы... — деп, көрегендік танытып, азамат ұрпағын бірлікке, татулыққа шақырып, философиялық ой толғанысын білдіреді. Қазақстанды суреттегенде Олжас Сүлейменов халықтың өзіне ғана тән қасиеттерін шебер суреттеп, даралай көрсетеді. "Ақсақ құлан" атты өлеңінде жүген-құрық тимеген асау тағылар жүйткиді, бірақ негізгі тұлға — адам. "Құланды да қан майданға ерттейді", — дейді ақын.болды. "Кешіп келем, кезіп келем, кезіп келем, шым-шытырық жолдарыңмен", — деп үн қатады ол Жерге.Ақын өлеңдерінде шьнайылық, дөп басып суреттеулер басым келеді. Қазақ халқының ұлттық ойындарын көрсетіп, жанды бейнелі суреттерді дамыта отырып, бір сәт көрініс арқылы ақын халық өмірін, оның мінез-құлқын соншалықты шеберлікпен дәл бейнелейді. Мысалы: Олжас Сүлейменовтің өлеңдері орысша жазылғанымен, қазақтың ұлттық шығармасы больш табылады. Ақын өзінің туған халқының эстетикалық дәстүрлерін үлгі тұта отырьш, әлем поэзиясының образдарынан алған тағылым, оның ойы мен сезіміндегі ұлттык рухты, ұлттык характерді дамытып байытады.

84.Неотомизм философиядағы адам мәселесі. Неотомизм-католик шіркеуінің діни философиясы.Негізін салғандар:XIII ғасырда өмір сүрген әулие Августин және Фома Аквинский.Өкілдері:ЖанМаритен,Э.Жильсон,Г.Марсель,В.Соловьев,Н.Бердяев,И.Бохенский,т.б. Бұл діни философиның мақсаты-адамдар жүрегіне жол салу.Неотомистер ғылымды жоққа шығармайды,бірақ оны дінге қарсы қоймайды.Тек ғылымдардың адамзатқа тигізіп отырған кейбір жарамсыз ықпалын сынайды.”Өйткені адамдар жаратушы Құдайды ұмытқан.Барық қатер содан”дейді олар.Неотомизм философиясы екі жұп категорияларға негізделген:потенция және акт,эссенция және эккзистенция.Неотомизмнің басты мәселесі үшеу-Құдай,адам,адамгершілік.Жаратушы жайындағы проблемаға келсек,бірінші болып қозғалыс берген күш ойға келеді; а)қозғалысты алсақ,алғашқы күш,бірінші болып қозғалыс берген күш ойға келеді;ә)қажеттілік пен кездейсоқтықты билейтін Құдай; б)барлық салдардың да,сәйкестіктің де –Құдай; в)дүниеде бәрі де жарасымды жаралған,оның себебі-Құдай,ал жамандық пн жақсылықты жасайтын-адамдар. Дегенмен,қоғамдағы түрлі қайшлықтарды шешу басшыларға байланысты. Олар бағынушылардың жағдайын ойлауы керек деген де пікір айтады.

Наши рекомендации